Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет68/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   123
6. Жаратылыстану ғылыми еңбектері
.
 
Жаратылыстану ғылымдарының санатынан 
көрінетін армян-қыпшақ ескерткіштерінің бірі, құнды қолжазба – 1626-1631 жылдары жазылған 
Львовтық Андрей Торосовичтің «Философия тасының құпиялары (Тайны философского 
камня)» еңбегі. Бұл қолжазба қазіргі таңда Киев қаласындағы Украина мемлекеттік мұрағат 
қорында №250 нөмірмен сақтаулы. Еңбектік поляк нұсқасында Сократ, Аристотель, Авиценна, 
Демокрит, Платон және өзге де философтардың шығармаларынан үзінді берілген және алхимия 
жөнінде Гермес Трисмегист, Скайд Гебер, Арнольдо де Вилланов, Альберт секілді ғалым-
дардың тәжірибесі кеңінен сипатталған. Еңбек Андрей Торосович тарапынан еңбекке армян-
қыпшақ тілінде бірқатар түсініктемелердің жазылғанымен де құнды саналады. Қолжазбаның 
қыпшақ нұсқасында бағбандық туралы жеке талдамалар, тәжірибелер кеңінен сөз болады
шөптік дәрілердің де таптырмайтын сызбасы көрсетіледі, мәселен бас ауырған кездегі жақпа 
май компрестерінің рецебі былайша ұсынылады: 
«Baš ahrïχïna hakimlik: al 2 lot temyan, 2 lot 
mira, 2 lot burč, 2 lot šalviya, 4 lot sïrkä, 4 lot oliva. Bu barčanï ezip igi sïrkä bilä olivaga qatïštïrma 
da biširmä igi, ki mast kibik bolgay. Soŋra čöpräk üsnä kendin sïlama da anïŋ bilä basin čürgämä kečär 
ahrïma baš».
Бұл қолжазбада көптеген ғалымдардың химия бойынша, жеміс-жидек өсіру, 
будандастыру (селекция) жайындағы тәжірибелері, сонымен қатар көне және орта ғасырлардағы 
көрнекті ғалымдардың туындыларынан үзінділер мен жазба ескертпелер келтірілгендігімен 
құнды болып саналады [11, с. 18]. 
Байқап отырғанымыздай, орта ғасыр туындылары саналатын армян-қыпшақ жазба мұра-
ларының жанр алуандылығы ерекше, көлемі жағынан мейлінше көп. Бүгінде әлем мұрағатта-
рында сақтаулы, түрлі жанрда жазылып, тарихи, сот ісі, діни, филологиялық еңбектер, көркем 
әдеби, жаратылыстану сынды әр алуан тақырыпты қамтитын армян-қыпшақ қолжазбаларының 
мәдени құндылығы жоғары. Аталған мақала AP13068438 «Армян-қыпшақ ескерткіштері 
тіліндегі әмбебаптық пен ерекшелік» жобасы аясында дайындалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет