Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет3/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77

рысы.

Əлем ауыр дүниетанымдық жəне құндылық дағдарысты бастан кешіріп 

отыр.  Өркениеттер  қақтығысы,  тарихтың  ақыры,  мультимəдениеттің 

күйреуін  жариялайтын  үндер  жиі  естіледі.  Жылдар  бойы  сыннан 

өткен  құндылықтарымызды  қорғай  отырып,  біз  үшін  осынау  кертартпа 

көзқарастан  тартынуымыздың  принципті  маңызы  бар.  Өз  тəжірибемізден 

білетініміз,  біздің  «осал  тұсымыз»  деп  атаған  көпэтностылығымыз  бен 

көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық.

Біз мəдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп 

үйренуіміз  керек.  Біз  мəдениеттер  мен  өркениеттер  диалогына  бейілді 

болуға тиіспіз.

Тек  басқа  ұлттармен  жарастықта  ғана  біздің  еліміз  болашақта  та-



быс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік 

көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен 



өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.

Оныншы сын-қатер –əлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.

Əлемде не болып жатқанын біздің бəріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың 

жаңа толқыны емес, əлемдік экономика əлі еңсере алмай отырған 2007-2009 

жылдардағы дағдарыстың жалғасы.

Жаһандық  экономикалық  жүйе 2013-2014 жылдардың  өзінде  елеулі  ір-

кіліске  ұшыратып,  атап  айтқанда,  шикізатқа  əлемдік  бағаның  құлдырауын 

туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.

ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурс-

тарына қажеттілігін төмендетуге əкелуі мүмкін.

Еуроодақтағы  жоқ  дегенде  бір  мемлекеттің  ықтимал  дефолты  «доми-

но  əсерін»  тудырып,  біздің  халықаралық  резервтеріміздің  сақталуы  мен 

экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмəн туғызуы мүмкін.

Валюталық  резервтердің  қысқаруы  валюталық  бағамдар    мен 

инфляцияның  қысымын  күшейтіп,  бұл  қайтадан  əлеуметтік-экономикалық 

ахуалға кері əсер етуі мүмкін.

Осыған  байланысты  біз  халықаралық  ахуал  дамуының  кез  келген 

көрінісіне  жан-жақты  дайын  болу  үшін  биліктің  барлық  тармақтарының, 

мемлекет  пен  қоғамның  ойластырылған,  келісілген  жəне  үйлестірілген 

бағытын тұжырымдауға тиіспіз.


Мемлекеттік тіл саясаты

19

 ІІІ. «Қазақстан-2050» Стратегиясы -  тым құбылмалы тарихи 



жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт

 

Құрметті қазақстандықтар!



Қымбатты отандастар!

1.  Біз  шешуге  тиісті  міндеттер  парадигмасы    сапалық  тұрғыдан 

өзгерді.

        


Жаңа  сын-қатерлерді  лайықты  қабылдау  үшін  ендігі  жерде 2030 

Стратегиясының аясы жеткілікті емес. Біз жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, 

15 жыл бұрынғыдай кезекті дүниетанымдық серпіліс жасауымыз керек.

Біріншіден,  Қазақстан - қазіргі  заманғы  мемлекет.  Біздің  мемлекетіміз 

кемелдікке жетті. Сондықтан да бүгінгі күн тəртібі мемлекеттің қалыптасуы 

кезеңіндегіден өзгеше.

Дүниеде  болып  жатқан  өзгерістердің  сипаты  мен  тереңдігі,  жаһандық 

өзара  іс-қимыл  ұзақ  мерзімді  дамуды  талап  етеді.  Көптеген  елдер  қазірдің 

өзінде 2030-2050 жылдардың  арғы  жағына  көз  жіберуге  тырысады. 

«Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының 

маңызды тетігіне айналуда.



Екіншіден,  «Қазақстан-2030»  Стратегиясы  біздің  мемлекеттілігіміздің 

қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша 

ол орындалды.

Үшіншіден, біз жаңа шындық тудырған сынақтар мен қауіп-қатерлерге 

кезігіп отырмыз. Олар жалпылық сипат алып, барлық елдер мен өңірлерге 

əсерін тигізуде.

Біз  «Қазақстан-2030»  Стратегиясын  тұжырымдаған  кезде  нəтижесінде 

жаңа, мүлдем күтпеген, экономикалық жəне геосаяси жағдаяттар туындай-

тын, өз көлемі жағынан теңдесі жоқ əлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс 

төнеді деп ешкім күтпеген еді.

2030  стратегиясы 1997 жылы  ашық  құжат  ретінде  жасалды.  Біз    о 

бастан-ақ оған түзетулер енгізу мүмкіндігін ескердік.

Əлемдегі  жағдай  өзгеретінін  жəне  өмір  өз  түзетулерін  енгізуі  мүмкін 

екенін  түсіне  отырып,  менің  тапсырмам  бойынша  жаңа  жағдайдағы  біздің 

орнымыз  бен  біздің  мүмкіндіктерімізді  ой  елегінен  өткізе  отырып  жұмыс 

істейтін жұмыс тобы құрылды.

Олардың  талдау  жұмыстарын  ескере  отырып,  мен  ұлттың  2050  жылға 



дейінгі  жаңа  саяси  бағытын  жасауды  ұсынамын,  оның  ішінде 2030 

Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табатын болады. Уақыт пен 

жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін ен-

гізетінін нақты түйсінуіміз керек.



2050 жыл - жай бейнелі дата емес.

Бұл бүгінде əлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім.

БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы 

əзірленді.

2050  жылға  дейінгі  болжамдық  баяндаманы  Дүниежүзілік  азық-түлік 

ұйымы жариялады.



Мемлекеттік тіл саясаты

20

Қазір  елдердің  дені    осындай  ұзақ  мерзімді  стратегиялар  əзірлеп, 



қабылдауда. Қытай өзі үшін дəл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін 

айқындап алды.

Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму страте-

гияларын əзірлеуде.

Он бес жыл бұрын, 2030 Стратегиясы қабылданғанда біздің жаңа мемле-

кетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектеп-

ке баруға даярланып жатты.

Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда.

Енді екі-үш жылдан соң Тəуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бас-

тайды.


Сондықтан  қазірдің  өзінде  оларға  дұрыс  бағдар  нұсқау  туралы 

ойланғанның маңызы зор.

Біздің  басты  мақсатымыз 2050 жылға  қарай  Жалпыға  ортақ  еңбек 

қоғамын құру.

Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемнің ең дамыған 30 елінің 

қатарында болуға тиіс.

Біздің  жетістіктеріміз  бен  қазақстандық  даму  үлгісі  Жаңа  саяси 

бағыттың негізі болуға тиіс.

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы – «Қазақстан-2030»  Стратегиясының 

жаңа  кезеңдегі  үйлесімді  дамуы.  «Біз  кімбіз,  қайда  барамыз  жəне 2050 

жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас 

ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.

Осыған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жо-



басын ұсынамын. Бұл менің Қазақстан халқына жолдауым болады.

***


2. Біз қайда бара жатырмыз?

Қазақстан 2050 жылға қарай əлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында 

болуға тиіс.

Дамушы  елдер  арасында  осы  клубтағы  орынға  бəсекелестік  қатал 

болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне 

отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. 

Біз  бірінші  дəрежедегі  мынадай  мақсаттарымызды  назардан  шығармастан, 

нысаналы əрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

•  Мемлекеттілікті одан əрі дамыту жəне нығайту.

•  Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

•  Ұлттық экономиканың жетекші күші – кəсіпкерлікке жан-жақты қолдау 

көрсету.


•  Жаңа əлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

•    Білім  беру  мен  денсаулық  сақтаудың  қазіргі  заманғы  жəне  тиімді 

жүйесін құру.

•  Мемлекеттік 

аппараттың 

жауапкершілігін, 

тиімділігі 

мен 

функционалдығын арттыру.

•  Халықаралық жəне қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне па-

рапар саясат құру.


Мемлекеттік тіл саясаты

21

Бүгін,  сонымен  қатар,  мен 2050 жаңа  саяси  бағыттың  табысты  бас-



талуын  қамтамасыз  ететін  2013  жылғы  бірінші  кезектегі  міндеттерді 

атағалы отырмын.

Осы міндеттерге сəйкес Үкімет шұғыл түрде 2013 жылғы жалпыұлттық 

іс-қимыл жоспарын əзірлеуі тиіс.

Осынау аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы жəне биліктің 



атқарушы, заң шығарушы жəне сот тармақтары басшыларының дербес 

жауапкершілігін көздеуі тиіс. Президент Əкімшілігі оны дайындау жəне кей-

іннен іске асыру барысын ерекше бақылауға алуға тиіс.

Енді мен «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі бағыттары туралы 



өз пайымдауымды алға тартқым келеді.

 

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестиция-



лар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген 

түгел қамтитын экономикалық прагматизм

 

1. ТҮГЕЛ ҚАМТИТЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРАГМАТИЗМ

Жаңа бағыт экономикалық саясатының мəні – түгел қамтитын эконо-

микалық  прагматизм,  шын  мəнінде  бұл  біздің  бүгінгі  көзқарастарымыз 

бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту.

Бұл нені білдіреді?

Бірінші. Экономикалық жəне басқару шешімдерін түгелдей экономикалық 

мақсаттылық жəне ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау.



Екінші.  Қазақстан  толыққанды  бизнес-серіктестік  ретінде  қатыса  ала-

тын  жаңа  нарықтық  тауашаларды  айқындау.  Экономикалық  дамудың  жаңа 

тіректерін құру.

Үшінші.  Экономикалық  əлеуетті  арттыру  мақсатында  қолайлы 

инвестициялық  ахуал  құру.  Инвестициядан  алынатын  кірістілік  пен 

қайтарым.

Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру жəне мемлекеттік-

жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру.



Жаңа кадр саясаты

Жаңа  экономикалық  саясат  табыстылығының  басты  шарты  кадрлар 

арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз:

•  Басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз əрі бұл үшін бізде ре-

зервтер бар.

Менеждменттің жаңа құралдарын жəне мемлекеттік сектордағы корпора-

тивтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет.

•  Мұнымен бір мезгілде халықаралық еңбек бөлінісінен пайдалы жағын 

алуымыз,  атап  айтқанда,  біздің  жаңа  бағытымыздың  бірқатар  міндеттерін

іске асыру үшін аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурс-



тарын тартуымыз керек. Біз сонымен қатар ашық нарықтағы ең үздік шетел 

мамандарын тартуға жəне оларды елімізге жұмысқа шақыруға тиіспіз.

Кең  көлемді  халықаралық  тəжірибесі  бар  əрі  білімді  басқару  кадрлар-

ды  пайдалану  екі  бірдей  нəтиже  береді:  біз  өндірісіміздің  менеджментін 

жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл - біз 

үшін жаңа тəжірибе.


Мемлекеттік тіл саясаты

22

 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу прин-



ципті маңызды:

Біріншіден,  мемлекеттің  макроэкономикалық  саясаты  жаңғырты-

луы тиіс.

Бюджет саясаты

•   Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкін-

діктеріміз  шегінде  ғана  шығындануға  жəне  тапшылықты  барынша

мүмкіндікте  қысқартуға  тиіспіз.  Ұзақ  мерзімде  олардың  сақталуын  қамта-

масыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет.

•  Бюджеттік-қаржылық  процеске  деген  көзқарас  жекелей  салымдарға 

көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, 

бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс.

•  Мемлекет  бюджеті  ұзақ  мерзімді  перспектива  тұрғысынан  қарағанда 

өнімді, мəселен, экономиканы əртараптандыру жəне инфрақұрылымды да-

мыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.

Инвестициялар  үшін  объектілерді  олардың  мақсаттылығы  жəне 

қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің 

өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер əкелмейтін 

болса жəне ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке 

масыл боларын есте сақтаған жөн.



Салық саясаты

•   Өндіріс жəне жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері 

үшін қолайлы салық режімін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны 

жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ре-

визия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек.

•  Біз салық əкімшілігін ырықтандыру жəне кеден əкімшілігін жүйелендіру 

саясатын жалғастыруға тиіспіз. Салық есептілігін жеңілдетіп əрі мейлінше 

азайту қажет.

Біз  нарық  қатысушыларын  салықтан  жалтару  жолдарын  іздеуге  емес, 

бəсекелестікке ынталандыруымыз қажет.

•  Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъекті-

лерінің салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағы бес жылда бəріміз 

онлайн-электрондық есептілік режіміне көшуіміз керек.

•  2020 жылдан бастап біз салықтық несиелендіру практикасын енгізуіміз 

керек. Басты міндет – кəсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталан-

дыру.


•  Жаңа салық саясаты əлеуметтік бағыт алуға тиіс. Бұл үшін 2015 жыл-

дан бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, 

өз  отбасын,  қызметкерлерін  медициналық  сақтандыруға  қаражат  салатын 

азаматтар мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ын-

таландыру кешенін əзірлеу қажет.

Осылайша, бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді ын-

таландыруы  жəне  сыртқы  нарықтарға  отандық  экспортты,  ал  азаматтар

деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын жəне салымдарын ынталанды-

руға тиіс.

Ақша-кредит саясаты


Мемлекеттік тіл саясаты

23

•    Əлемдік  экономикадағы  қолайсыз  ахуалды  ескере  отырып,  біз 



инфляциядан  əрбір  қазақстандықтың  кірістерін  қорғауды  қамтамасыз 

ететін жəне экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын бо-

ламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мəселе емес, бұл елдің əлеуметтік 

қауіпсіздігінің мəселесі. Жəне де бұл – 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық 

Банк пен Үкімет жұмысының басты мəселесі.

•  Қазақстандық  банктер  өз  кезегінде  өзінің  мақсатын  орындауға  жəне 

нақты  экономика  секторының  кредиттік  ресурстарға  деген  қажеттілігін 

қамтамасыз  етуге  тиіс.  Бұл  ретте  қаржылық  жүйеге  бақылауды  əлсіретуге 

болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту жəне қорландыру 

мəселелерімен тығыз айналысу қажет.

Бұл  үшін  Ұлттық  Банк  пен  Үкіметке  Президент  Əкімшілігінің 

үйлестіруімен  экономиканы  қажетті  ақша  ресурстарымен  қамтамасыз  ету-

ге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін əзірлеу 

қажет болады. 



Мемлекеттік жəне сыртқы қарызды басқару саясаты

•    Біз  елдің  мемлекеттік  қарызының  деңгейін  тұрақты  бақылауда 

ұстауға тиіспіз.

•  ІЖӨ-ге  қатысты  бюджет  тапшылығын  2013  жылғы  2,1%-дан  2015 

жылы 1,5%-ға дейін төмендету керек.

Мемлекеттік  қарыз  аз  мөлшерлі  деңгейде  қалуға  тиіс.  Бұл  қағидатты 

міндет, өйткені, біз əлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақ-

тылығын жəне ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете ала-

мыз.

•    Экономиканың  квазимемлекеттік  секторы  борышының  деңгейін 



қатаң бақылау қажет.

Екіншіден,  біздің  инфрақұрылымды  дамытуға  деген  қағидатты 

түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.        

Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.

Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық 

ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау 

қажет.

•   Өз пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс 



өндірістік  көліктік-логистикалық  объектілер  құру  үшін,  елден  сыртқа 

шығуға  назар  тіктеудің  маңызы  зор.  Біз  қазіргі  түсініктерімізден  ары-



лыпөңірде жəне барша əлемде – Еуропада, Азияда, Америкада, мысалы, 

теңізге тікелей шыға алатын елдердің порттары, əлемнің тораптық транзит-

тік  нүктелеріндегі  жəне  тағы  басқа,  көліктік-логистикалық  хабтар  секілді 

қазіргі  заманғы  кəсіпорындар  құруға  тиіспіз.  Осы  мақсатта  «Жаһандық 



инфрақұрылымдық  интеграция»  арнайы  бағдарламасын  əзірлеу  қажет 

болады.


•  Біз өз транзиттік əлеуетімізді дамытуға тиіспіз. Бүгінде нəтижесінде 

2020  жылы  Қазақстан  арқылы  транзиттік  тасымалдау  екі  есеге  ұлғаюы 

тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асу-

да. 2050 жылға қарай – бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс.

•  Осының бəрі басты мақсатқа – экспортымызды тек біздің өніміміз бен 

қызметтерімізге деген ұзақ мерзімді сұраныс болатын əлемдік нарықтарға 

қарай жылжытуға бағынуға тиіс.



Мемлекеттік тіл саясаты

24

•  Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар, табыстылық заңына бағынуға 



тиіс. Жаңа бизнестерді дамытуға жəне жұмыс орындарын ашуға бастайтын 

жерде ғана құрылыс жүргізу қажет.

•  Шалғай  өңірлерді  немесе  тұрғындарының  тығыздылығы  жеткілікті 

емес өңірлерді өмірлік маңызды жəне экономикалық қажет инфрақұрылым 

объектілерімен қамту үшін біз «инфрақұрылымдық орталықтар» құруға 

тиіспіз.  Бұл  үшін  көлік  жүйесінің  озыңқы  инфрақұрылымын  құруды 

қамтамасыз ету қажет.

•  Үкіметке 2013 жылы Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік 

бағдарлама əзірлеп, қабылдауды тапсырамын.

Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту.

Қазақстан - əлемдік ауқымда көлемі шағын экономика. Сондықтан оны 

өте тиімді басқару қажет. Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс, 

ал мемлекет оның өзегі болуға тиіс.

Корпоративтік  ойдың  қуаты  барлық  процестердің  біртұтас  алып 

қаралуында жатыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарушылар осындай 

бизнес-пайымға үйренуге тиіс.

Қайталап айтамын: елдің бюджетін жай бөліп қана қоймай, ойлы да 

салмақты инвестициялау қажет.

Тиімділіктің  басты  өлшемі – біздің  салымдарымыздан  түсетін 



қайтарым  деңгейі.  Елдің  өндірістік  əлеуетін  қаншалықты  еселей  алсақ, 

Қазақстан  халықаралық  нарықта  қосалқы  емес,  солғұрлым  тезірек 



əлеуетті ойыншыға айналады.

•    Ұлттық  қор  жаңа  экономикалық  саясатқа  көшудің  «локомотиві» 

болуға  тиіс.  Ұлттық  қордың  қаражатын  бірінші  кезекте  ұзақ  мерзімдік 

стратегиялық жобаларға бағыттау керек. 2013 жылы Ұлттық қорда қаражат 

жинақтау жалғасуы тиіс, бірақ бұл қаражатты мейілінше тиімді де ойласты-

рып пайдалану керек.

•  Мемлекет  Үшінші  индустриалдық  революция  нəтижесінде  пай-

да  болатын  секторларды  ескере  отырып,  ұлттық  компаниялар  арқылы

болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыруы тиіс. Ұлттық индус-

трия  біз  өз  елімізде  өндіруге  тиіс  ең  жаңа  композиттік  материалдарды 

тұтынуы керек.

•  Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік əлеуетті 

дамытуды  ынталандыруы  тиіс.  2030  жылға  қарай  Қазақстан  арқылы  біз 

əлемдік ақпараттық ағындардың кем дегенде 2-3%-ын өткізуге тиіспіз. 2050 

жылға қарай бұл цифр кем дегенде екі еселенуге тиіс.

•  Сонымен  қатар,  жеке  компаниялардың  өз  қаражатын  зерттеулер 



мен  инновацияларға  салуын  ынталандыру  керек.  Мына  нəрсені  баса 

айтқым келеді: инновацияларды енгізудің маңызы зор, бірақ бұл басты ны-



сана емес. Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда, олар нарықта 

қажет болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде 

инновация – ақшаны босқа шығындау деген сөз.

•  Жекелеген компаниялар мен салаларды іріктеп қолдау тəжірибесін 

тоқтату  керек.  Біз  əлеуметтік-маңызды  стратегиялық  функцияларды 

атқаратын  жəне  өзінің  тиімділігін  дəлелдейтін  салаларды  ғана  қолдауға 

тиіспіз.


Мемлекеттік тіл саясаты

25

Төртіншіден,  табиғи  ресурстарды  басқарудың  түбегейлі  жаңа 



жүйесін енгізу қажет.

Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси жəне сыртқы 

экономикалық  уағдаластықтарды  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстанның 

маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз.

•  Қазірдің  өзінде  шикізаттың  жаңа  қаржылық  күйреу  жағдайында 

тұрақсыздандыруға  ұшырайтын  халықаралық  нарықтарға  шығуын 

барынша жеделдету қажет. Біздің негізгі импорттаушыларымыз шикізат са-

тып алуды елеулі қысқартуы, ал баға күрт төмендеуі мүмкін. Ал біздің озыңқы 



стратегиямыз  кейіннен  елге  ықтимал  жаһандық  дағдарыс  кезеңінен  аман 

өтуге көмектесетін қаражатты нарықтардың тұрақсыздануы басталғанға 



дейін өте тез жинақтауға мүмкіндік береді.

•  Технологиялық  революция  шикізат  тұтыну  құрылымын  өзгертеді

Мысалы, композиттер технологиясын жəне бетонның жаңа түрлерін енгізу 

темір кені мен көмірдің қорларын құнсыздандырады.

Бұл – қазіргі жоғары əлемдік сұранысты елдің мүддесіне пайдалану үшін 

табиғи  ресурстарды  өндіру  мен  əлемдік  нарыққа  жеткізу  қарқынын 

арттырудың тағы бір факторы.

•  Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, 

біз  энергияның  баламалы  түрлерін  өндіруді  дамытуға,  күн  мен  желдің 

энергиясын  пайдаланатын  технологияларды  белсенді  енгізуге  тиіспіз.  Бұл 

үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның  ба-

ламалы жəне жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы  барлық энергия 

тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс.

***

Егер  ұлтымыз  шикізат  ресурстарынан  түсетін  кірістерді  35  жылдан 



кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен бастап дайындалу керек. Біз-

ге арнайы стратегия əзірлеу – барлық ірі корпорациялар мен концерндер 

тəжірибесіндей алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспар-

лау үшін басымдықтарды, серіктестерді айқындап алу қажет.

Бұл – біздің  төл  тарихымыздың  басты  сабағы:  Қашаған  бойынша 

келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл бұрын дерлік бастадық, ал 

нəтижесін тек қазір ғана алуға кірістік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет