Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Төртінші. Мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара



Pdf көрінісі
бет6/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77

Төртінші. Мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара 

іс-қимыл жүйесін құруы керек.

Біз бизнеске араласпауға жəне «бəрін қолынан жетелеп жүрмеуге» тиіспіз. 

Біз  бизнеске  ертеңгі  күнге  деген  сенімділік  сіңіруге  тиіспіз,  кəсіпкерлер 

өздерінің күшіне сенуге жəне мемлекет оларды алдамайтынын, қорғайтынын 

білуге тиіс. Олардан тек адал жұмыс істеу ғана талап етіледі.

Бұл  үшін  біз,  біріншіден,  жекеменшік  құқығының  беріктігін  іс 



жүзінде қамтамасыз етуге кепілдік беруге тиіспіз деп санаймыз. Екінші-

ден, шарттық міндеттемелерді қорғауға кепілдік беру керек.

Мемлекеттің  міндеттемесі – азаматтарға  олардың  іскерлік  белсен-

ділігін  жүзеге  асыруға  барынша  мүмкіндік  беру.  Ал  бұл  дегеніміз – 

отандық бизнес үшін инфрақұрылым құрудың қамын ойлау.



(1) Осы мақсатта жаңа 2013 жылдың өзінде ұлттық құқықтық жүйені 

жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керек.

Заңнама тек ұлттық мүдделерді ғана қорғап қана қоймай, қарқынды да-

мып  отырған  халықаралық  құқықтық  ортамен  де  үйлесуге  тиіс.  Үкіметке 

жария, сондай-ақ жеке құқықтың барлық базалық салаларында біздің құқық 

жүйеміздің  бəсекелестігін  арттыру  жөнінде  жүйелі  шаралар  қабылдауды 

тапсырамын.



(2) Үкіметке 2013 жылы менің Əкімшілігіммен бірлесіп атқаратын мына-

дай тапсырма беремін:

•  Қылмыстық жəне Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформа-

лауды  бастау керек. Ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық 

бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру керек;

•   Парламентке 4 жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, 

Қылмыстық-орындаушылық жəне Əкімшілік құқық-бұзушылық тура-

лы кодексті əзірлеп, енгізу керек.

Бұл өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді жəне, 

ең  алдымен,  қылмысқа  қарсы  мемлекеттің  күрес  саясатын  тұжырымдық 

тұрғыдан  жаңғыртады,  біздің  құқықтарымызды  қазіргі  сын-қатерлерге  өз 

дəрежесінде əрекет жасайтындай деңгейге көтереді.

Бесінші.  Мемлекет  тəртіпсіздікке  мүлдем  төзбеушілік  принципін 

ұстануға тиіс.

Дамыған  қоғам  барлық  жерде  тəртіп  пен  реттілік  орнатудан,  жайлы

подъезден,  жинақы  ауладан,  таза  көшеден  жəне  жарқын  жүзді  адамдардан 

басталады.

Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мəдениетсіздікпен 

ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, 

өмірдің сапасына селкеу түсіреді.

Тəртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға 

жол ашады.

Ұсақ    құқық  бұзушылыққа  төзбеу  ахуалы – қоғамдық  тəртіпті 

нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.

Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тəртіпті қорғау ісіне 

тартуымыз керек.

Біз  əлеуметтік бүлдіргі пиғылды  жұмысқа орналасу мəселесімен байла-

ныста  қарауымыз  керек.  Біз  қоғамдық  орындардағы  бұзақылық  əрекет 



Мемлекеттік тіл саясаты

42

үшін жеке іс қағазында жəне резюмеде міндетті түрде көрсетілетін жəне 

жұмысқа қабылдау, қызмет сатысы бойынша өсіру кезінде ескерілетін жаза 

қолдануды енгізуіміз керек.

Мұның бəрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс.

Алтыншы. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір 

күш болуға тиіс.

Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне 

деген сенімді сетінетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер 

болып саналады. 

Біз  түпкі  мақсатымыз – жемқорлықты  құбылыс  ретінде  жою  үшін 

жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті 

қатты күшейтуіміз керек. 

Жетінші. Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің ре-

формасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тəртіпсіздікке мүлдем төзбеуді 

қалыптастыру  жəне  жемқорлықты  түбірімен  жою  жөніндегі  міндеттерді 

шеше алмаймыз.

(1) Соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің 

бірқатар маңызды реформалары жүргізілді. Бұл – мемлекеттікті нығайтудың 

маңызды  қадамы.  Олардың  жұмысының    құқықтық  базасы  жақсартылды. 

Функциялары  нақты  айқындалды.  Қызметтің  қайталануы  жойылды. 

Қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілді.

Барлық құқықтық құрылымдардың қызметкерлері түгелдей аттестаттау-

дан өткізілді. 100 мыңнан астам адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан өтпей 

қалды жəне органдардан босатылды.



(2) Біз бұл жұмысты одан əрі жалғастыра береміз.

Менің  Əкімшілігім  мен  Қауіпсіздік  Кеңесіне  жəне  Үкіметке  бірлесіп 

атқаратын мынадай тапсырма беремін:

•  Құқық    қорғау  органдары  қызметкерлерін  ақшалай  қамтамасыз  ету 

жəне  зейнетақымен  қамсыздандыру  деңгейін  арттыру  жөніндегі  іс-қимыл 

жоспарын дайындау керек.

Осы 2013 жылдан  бастап  арнайы  атақтар  үшін  төленетін  қосымша 

ақы  мөлшерін  əскери  атақтар  бойынша  төленетін  жалақы  деңгейіне  дейін 

көтеруді тапсырамын.

•  Құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлеу 

керек.

•  Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарын-



дағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құрылым құру ке-

рек.


•   Құқық қорғау жəне арнайы органдар жетекшілерінің Президентік ре-

зервін қалыптастыру керек.

(3)  Менің  Əкімшілігіме,  Қауіпсіздік  Кеңесіне  Үкіметпен  бірлесіп, 

ведомствоаралық  жұмыс  тобын  құруды  жəне 2013 жылдың  екінші 

тоқсанының  аяғына  дейін  Құқық  қорғау  жүйесін  одан  əрі  жаңғырту 

бағдарламасының жобасын əзірлеуді тапсырамын.

(4) Құқықтық саясаттың маңызды мəселесі азаматтардың Конституция 

кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табы-

лады.


Мемлекеттік тіл саясаты

43

Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық 



бюрократиялық рəсімдерден арылту керек. Жаңа ақпараттық технологиялар-

ды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес.

Сонымен  бір  мезгілде  соттардың  жұмысын  жеңілдету  мақсатында  дау-

ларды  соттардан  тыс  реттеу  институттарын  дамытуды  жалғастырған  жөн. 

Болмашы  мəселелер  бойынша  дауларды  шешу  соттардан  тыс  тəртіппен 

жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет.

Сот  билігінің  беделі  орындалмаған  сот  шешімдерінен  төмендейді. 

Осыған  байланысты,  бұл  жағдайды  түбегейлі  өзгерту  жөніндегі  шаралар 

қабылдануға тиіс.

(5)  Шекара  қызметінің  ауқымды  реформасын  жүргізу  керек.  Міндет –  

оның тиімділігін түбегейлі арттыру, материалдық-техникалық базасын 

жаңғырту.

Бұл  үшін  Қауіпсіздік  Кеңесіне  менің  Əкімшілігіммен  жəне  Үкіметпен 

бірлесіп,  Шекара  қызметін  дамытудың  жəне  мемлекеттік  шекараны  орта 

мерзімді  кезеңде  орнықтырудың  арнайы  Кешенді  жоспарын  əзірлеуді  тап-

сырамын.

 

6. ДƏЙЕКТІ ЖƏНЕ БОЛЖАМДЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ – ҰЛТТЫҚ 



МҮДДЕЛЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУ МЕН АЙМАҚТЫҚ ЖƏНЕ ЖАҺАНДЫҚ 

ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ

 

Қазақстан  тəуелсіздік  жылдарында  халықаралық  процестердің  тең 



құқықты  қатысушысы  болып  қалыптасты  жəне  біз  қолайлы  сыртқы  ахуал 

құруға қол жеткіздік.

Біздің  басымдықтарымыз  өзгермейді  –  көршілеріміз – Ресеймен, 

Қытаймен,  Орталық  Азия  елдерімен,  сондай-ақ  АҚШ-пен,  Еуроодақпен, 

Азия елдерімен серіктестікті дамыту мəселесі болып табылады.

Біз Кеден одағын жəне Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын 

боламыз.

Біздің  таяудағы  мақсатымыз – Еуразиялық  экономикалық  одақ 

құру.  Осыған  орай  біз  мəселелердің  консенсус  арқылы  шешілетінін  нақты 

мəлімдейміз. Саяси егемендікке қысым көрсетілмейді.



Сыртқы  саясатымызды  теңдестіру  əлемдік  істерде  елеулі  рөл 

атқаратын  жəне  Қазақстан  үшін  практикалық  қызығушылық 

туғызатын  барлық  мемлекеттермен  достық  жəне  болжамды  қарым-

қатынастарды дамыту дегенді білдіреді.

Алайда халықаралық ахуал жəне геосаяси орта қарқынды  өзгеруде жəне 

əрқашан жақсы жағына қарай ойыса бермейді. Солтүстік Африка мен Таяу 

Шығыстан  Солтүстік-Шығыс  Азияға  дейін  тұрақсыздықтың  алып  белде-

уі  созылып  жатыр.  Күштердің  ара  салмағы  жаһандық  деңгейде  де,  соны-

мен  қатар,  Жер  шарының  жекелеген  аймақтарында  да  елеулі  өзгерістерге 

ұшырауда. Соған сəйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК жəне 

басқа  аймақтық  қауіпсіздік  тетіктерінің  рөлі  арта  түседі.  Орталық  Азияда 

ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер пайда болды.

Мұндай  ахуалда  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  ішкі  саясаты  сияқты 

жаңғыртылуға тиіс.


Мемлекеттік тіл саясаты

44

Сыртқы саясатты жаңғыртудың басымдықтары:

•  аймақтық жəне ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту;  

•  экономикалық жəне сауда дипломатиясын белсенді дамыту;

•  мəдени-гуманитарлық,  ғылым-білім  жəне  басқа  шектес  салалардағы 

халықаралық ынтымақтастықты арттыру;

•  азаматтарымызды  құқықтық  қорғауды,  олардың  шетелдердегі  жеке, 

отбасылық, іскерлік мүдделерін қорғауды күшейту.



Біріншіден,  ұлттық  мүдделерді  сыртқы  саясатта  ілгерілету  айрықша 

прагматикалық принциптерге негізделген. 

Біздің  міндеттеріміз:  сыртқы  саясатты  əртараптандыру,  ұлттық 

экономикалық  жəне  сауда  мүдделерін  ілгерілету  үшін  экономикалық  жəне 

сауда дипломатиясын дамыту.



Екіншіден,  біз  əрі  қарай  да  аймақтық  қауіпсіздік  үшін  өз  жауапкер-

шілігімізді сезінуге жəне Орталық Азияны тұрақтандыруға өз үлесімізді 

қосуға тиіспіз.

Біздің  міндетіміз – аймақтағы  тартысты  жағдайдың  алғышарттарын 

жоюға барынша көмектесу.

•  Орталық Азияны тұрақтандырудың озық тəсілі – аймақішілік бірігу. 

Нақ осы жолмен біз біздің аймақтың тартыстық əлеуетін төмендетіп, толғақты 

əлеуметтік-экономикалық  проблемаларды  шешіп,  су-энергетикалық  жəне 

басқа да қайшылықтардың түйіндерін  жаза аламыз.

•  Біздің дауысымыз барлық əлемге естіліп тұруға тиіс. Сондықтан мен 

Астана  Экономикалық  форумында  өзіміз  G-Global    деп  атаған  диалогтың 

жаңа түрін ұсындым.

Əлемде бірде-бір ел бастан кешіп жатқан дəуірінің қатерлерін жалғыз өзі 

жеңе алмайды. Менің бастамамның мəні – əділ жəне қауіпсіз əлем орнықтыру 

үшін баршаның күшін біріктіру.



Үшіншіден,  біздің  еліміз  халықаралық  прогрессивті  бастамаларды 

бəрін одан əрі қолдап, жаһандық қауіпсіздікке үлесін қоса беруі керек.

•  Қазақстан барлық мүдделі серіктестермен жəне біздің көршілерімізбен 

бірге Ауғанстан мəселесін тезірек саяси реттеуге жəне қайта қалпына кел-

тіруге қол жеткізетін болады.

•  Қазақстан  ИЫҰ-ның  белсенді  қатысушысы  бола  отырып,  Таяу 

Шығысты реттеу процесінің бейбіт сипатына шын жүректен мүдделілік та-

нытады.  Араб-ислам  əлеміндегі  халықтық  толқудан  босаған  күш-қуаттың  

жасампаздық арнаға бағытталып, аймақтың  əлеуметтік-экономикалық про-

блемаларын шешуге қызмет етуі маңызды.

•  Біз  озық  қарқынмен  Азия-Тынық  мұхиты  аймағының  елдерімен 

экономикалық  тұрғыдан  жақындасуға  тиіспіз.  Бұл  бізге  тек  экономикалық 

дивиденд беріп қана қоймайды, сыртқы саясатымыздың теңгерімділігін де 

нығайта түседі.

Төртіншіден, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеті мен əскери доктрина-

сын нығайтуға, түрлі қорғаныстық тежеу тетіктеріне қатысуға тиіс.

•  Біз  ұлттық  қорғаныс  моделін  əзірлей  отырып,  түрлі  елдермен  жəне 

ұйымдармен ынтымақтасуға тиіспіз.

•  Қазақстан  ҰҚШҰ  бойынша  одақтастармен  тығыз  жұмыс  істейтін 

жəне  жедел  қимылдайтын  Ұжымдық    күштердің  əлеуеті  мен  жауынгерлік 

қабілетін арттыруға көмектесетін болады.



Мемлекеттік тіл саясаты

45

 7. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – БІЗДІҢ КӨПҰЛТТЫ 



ЖƏНЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ҚОҒАМЫМЫЗ ТАБЫСЫНЫҢ

НЕГІЗІ

 

Біздің  бұл  бағыттағы  басты  мақсатымыз  қарапайым  жəне  түсінікті:  біз 



қоғамдық келісімді сақтауға жəне нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемле-

кет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты.

Қазақстан  патриотизмінің  іргетасы – барлық  азаматтардың  тең 

құқылығы  жəне  олардың  Отан  намысы  алдындағы  жалпы  жауапкер-

шілігі.

Биыл  Лондон  Олимпиадасында  біздің  спортшыларымыз 205 ұлттық 

құрама арасынан 12-орын алды.

Біздің  команда  көпұлтты  Қазақстанның,  көптеген  этностардың  берік 

жəне ынтымақты шаңырағының біртұтас жасағы ретінде сайысқа түсті.

Олимпиададағы  жеңіс  салтанаты  халқымызды  одан  əрі  біріктіре  түсті, 



патриотизмнің  ұлы  күшін  танытты.  Бұқаралық  спорт  жəне  жоғары 

жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тəсілді талап етеді. Тек сала-

матты ұлт қана бəсекелестікке қабілетті болмақ.

Үкіметке  əлемдік озық тəжірибені есепке ала отырып, Бұқаралық спорт 

пен жоғары жетістікке жеткізетін спортты дамыту бағдарламасын əзірлеуді 

тапсырамын.



Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.

Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. 

Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сəйкес келуі 

өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы.

Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке жəне кəсіби 

тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.

Мемлекет жəне халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.

Өз бойымызда  жəне балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық па-



триотизмді тəрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге жəне оның игіліктері-

не деген мақтаныш сезімін ұялатады.

Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің 

өзі жеткіліксіз. Біз бұл мəселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек.

Егер  мемлекет  əр  азаматтың  өмір  сапасына,  қауіпсіздігіне,  тең 

мүмкіндіктеріне  жəне  болашағына  кепілдік  беретін  болса,  біз  елімізді 

сүйеміз, онымен мақтанамыз.

Осындай  тəсіл  ғана  патриотизмді  жəне  оны  тəрбиелеу  мəселесіне 

прагматикалық жəне шынайы көзқарасты оятады.

2050  жылға  қарай  біз  Қазақстанның  кез  келген  азаматы  ертеңгі  күнге, 

болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.

Біздің балаларымыз бен немерелеріміз  сырт елден гөрі Отанында өмір 

сүргенді  артық  көретіндей,  өйткені,  өз  жерінде    өзін  жақсы  сезінетіндей 

болуға тиіс. Біздің еліміздің əрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретін-



де сезінуге тиіс.

Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.

Біз – бəріміз  тең  құқықты,  тең  мүмкіндіктерді  иеленген  қазақстандық-

тармыз.


Мемлекеттік тіл саясаты

46

Жаңа  қазақстандық  патриотизм  барлық  қоғамды,  барлық  этностық 



əркелкіліктерді біріктіруге тиіс.

Біз – көпұлтты қоғамбыз. Жəне де ұлтаралық қатынастар мəселесінде 

ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс.

Мемлекетте бəрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер 

бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс.

Бұл мəселе мен үшін декларативті емес. Егер біреуге этностық белгісі 

бойынша  қысым  жасалса,  онда  бүкіл  қазақстандықтарға  қысым  жа-

салды деп есептеу керек.

Ешқандай этносқа ешқандай артықшылық болмайды жəне болмауға 

тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.

Біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бəрі заң алдында бірдей болатын қоғамды 

құрудамыз.

Біз ешқашан оқуға түсу, жұмысқа тұру жəне қызмет бабында өсу этностық 

белгі арқылы шешіледі дегенді ойға да алмауға тиіспіз.

Мен Үкімет пен əкімдердің еңбек саясатына тəртіп енгізуін талап ете-

мін.  Жұмысқа,  əсіресе  жергілікті  билік  органдарына  этностық  ерекшелік-

теріне қарамастан, үздіктер алынуы керек. Өлшем біреу ғана – өте жоғары 



этика  жəне  кəсібилік.  Министрліктер  мен  əкімдіктердің  барлық  буында-

рында кадр таңдауда байқалатын біржақтылықты түзеу керек. 

Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі 

емес» деген болмауға тиіс. Біз еліміздің бірде-бір азаматын сыртта қалдыра 

алмаймыз. Əрбір қазақстандық  биліктің қолдайтынын жəне тірек екенін 

сезінуге тиіс.

Ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың 

барлығы да заңмен қудаланады.

Мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылады.



Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз.

Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады.

Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс ау-

дарды.

Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық.



Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды.

Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз.

Жаһандану дəуірі – көпұлтты мемлекеттер дəуірі.

Бұл – əлемдік үрдіс.

Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты.

Ендеше,  тəуелсіз  қазақ  елінің  азаматтарын  алалауға,  бауырластығын 

бұзуға ешкімнің хақысы жоқ.

Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тəтті, бейбітшілік пен келісім-

де өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.

Өз  халқын  сүйетін  адам,  өз  жұртына  жақсылық  тілеген  жан  өзге 

халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз.

Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан əрі 

ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс.

Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді ша-

раларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.



Мемлекеттік тіл саясаты

47

Кез  келген  тіл  өзге  тілмен  қарым-қатынасқа  түскенде  ғана  өсіп,  өркен 



жаятынын əрдайым есте сақтаған жөн.

Осы  заманғы  ғылыми  терминологияның  негізін  латын  тілінен  енген 

сөздер  құраса,  ақпараттық  технология  дамыған  қазіргі  дəуірде  күн  сайын 

дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен 

ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз 

керек.


Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық 

қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар 

саласына батыл енгізуіміз керек.

Мемлекеттік  тілмен  қатар  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлттар  мен 

ұлыстардың  тілін,  мəдениетін  жəне  салт-дəстүрін  дамытуғабарынша 

жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз.



Үшінші. Қазақ тілі жəне тілдердің үштұғырлылығы.

Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың 

бірі болып табылады.

(1) Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.

Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамы-

ту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен 

өтіп,  біздің  де  үйлесімді  үлесімізбен  толыға  түсетін  қазіргі  тілді  мұраға 

қалдыруға  тиіспіз.  Бұл – өзін  қадірлейтін  əрбір  адам  дербес  шешуге  тиіс 

міндет.


Мемлекет  өз  тарапынан  мемлекеттік  тілдің  позициясын  нығайту  үшін 

көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді 

шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.

•  Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне 

көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. 

Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.

Балаларымыздың  болашағы  үшін  осындай  шешім  қабылдауға  тиіспіз 

жəне  бұл  əлеммен  бірлесе  түсуімізге,  балаларымыздың  ағылшын  тілі  мен 

интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай 

туғызады.

•  Біз  қазақ  тілін  жаңғыртуды  жүргізуге  тиіспіз.  Тілді  заманға  сай 

үйлестіріп,  терминология  мəселесінен  консенсус  іздеу  керек.  Сонымен 

қатар, əбден орныққан халықаралық жəне шет тілінен енген сөздерді қазақ 

тіліне  аудару  мəселесін  біржола  шешу  қажет.  Бұл  мəселе  оқшауланған 

қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн.

Бүкіл  əлемде  бірдей  қабылданған  терминдер  бар.  Олар  кез  келген  тіл-

ді  байытады.  Біз  өмірді  өзіміз  күрделендіре  түсеміз,  түсінбестікке  бой  ал-

дырып,  ақыл-ойды  сапырылыстырамыз,  көнерген  сөздердің  шырмауынан 

шықпаймыз. Мұндай мысалдар аз емес.

Мен қазіргі тілде жазылған кемінде жүздеген қазіргі кітаптардың тізімін 

жасап,  қазақ  тіліне  қазіргіше  аударуды  ұсынамын.  Бəлкім,  жастар  арасын-

да конкурс жариялау керек шығар: өздеріне не нəрсе қызықты əрі пайдалы 

екенін олар да айтсын.


Мемлекеттік тіл саясаты

48

***

Қазақ  тілін  дамыту  саясаты  одан  жерінуге,  тіпті  қазақтардың  өздерінің 

бойды  аулағырақ  ұстауына  ықпал  етпеуі  керек.  Керісінше,  тіл  Қазақстан 



халқын  біріктіруші  болуға  тиіс.  Бұл  үшін  тіл  саясатын  сауатты  жəне 

дəйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу 

керек.

Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 



95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер.

Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған.

Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекет-

тік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер 

бала  биыл  мектепке  барса,  енді  он-он  екі  жылдан  соң  жаппай  қазақша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет