Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығы-
мен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біз-
дің дəстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін əлдебір қоғамдық нор-
маларды тықпалайтын əрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.
Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы
жəне тəуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет.
Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын
қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сəнденуге тиіс жəне біздерде
ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс.
Біздің халқымыздың өз мəдениеті, өз дəстүрі мен салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мəн беріп айтады.
Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжет-
кен, əйел заты əрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның
ең ардақты тұлғасы болды.
Біз əйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта
оралтуға тиіспіз.
Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында əйелдер мен
балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі
алаңдатады. Əйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай
зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс.
Мемлекет əбден асқынған жыныстық құлдыққа, əйелге тауар ретінде
қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң түрде тыйым салуға тиіс.
Біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет баланы жалғыз
тəрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз əйелдер үшін икемді еңбек
түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз ке-
рек. Заң, мемлекет жəне мен біздің ханымдарымыздың жағындамыз.
Біз бұдан əрі де елімізде əйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды
жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы қазақстандық əйел қызмет істеуге
ұмтылуы керек.
Əйелдерді мемлекеттік жəне қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан
жөн, əсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны
жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал.
Баланы қорғау
Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар үйлері
толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпыəлемдік үрдіс жəне жаһанданудың сынағы.
Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз
жетімдерді асырап алуды жəне отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын
көтермелеуі қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
34
Ерлердің əйелдер мен балаларға мүлдем жауапсыз көзқарас танытқан оқи-
ғаларының саны өсуде. Бұл біздің дəстүрімізге, мəдениетімізге тіптен жат.
Балалар – қоғамымыздың ең əлсіз жəне қорғансыз бөлігі жəне олар
құқықсыз болуға тиіс емес.
Елбасы ретінде мен əрбір сəбидің құқығы қорғалуын талап ететін бола-
мын.
Біздің топырағымызда туған кез келген сəби – қазақстандық. Жəне мем-
лекет оны қамқорлығына алуға тиіс.
Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың
қасірет екендігі рухында тəрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең ал-
дымен, балалар зардап шегеді. «Əкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға
білмейді». Бала тəрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті.
Ал болған іс болған екен, онда əке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет
жалғызбасты аналарды қолдауы жəне алимент төлемегені үшін жазаны
күшейтуі керек.
Бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мəселеге осы-
лай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.
Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш
жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, На-
зарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар жəне дарынды балалар
ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.
«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы
қажет.
Үкіметке:
• ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы жəне неке саласында
заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;
• ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ,осы
саладағы ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;
• туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалау-
ды – жеңілдетілген салық, медициналық жəне əлеуметтік қызмет, еңбек
нарығында жаңа мүмкіндіктер беру жəне сол сияқты материалдық жəне
материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін əзірлеуді;
• елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу жəне
іс жүзінде гендерлік теңдік пен əйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші жұмыс бе-
рушілерге арнаймын.
Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында
біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай
стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-
техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
Негізгі басымдықтар:
• Сапалы жəне қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен
қамтамасыз ету.
Мемлекеттік тіл саясаты
35
• Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау жəне емдеу-
мен қамтамасыз ету.
• Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға
айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса
ден қою.
• «Смарт-медицина», қашықтан профилактика жəне емдеу, «элек-
трондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа
түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
• Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тəсілдер
енгізу мəселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі ба-
лаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп
ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан
бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес
болады.
• Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық
жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру
мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.
Күнделікті тəжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс.
• Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тəжірибелік
ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білім-
дері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орын-
дары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі жəне тиімділігі жоғары медициналық
орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді
келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік əріптестігін
дамыту керек.
• Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған əлемде
медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз
жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.
• Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен
мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.
Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп
сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.
Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.
Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып санала-
ды. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-
жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет жəне жергілікті орган-
дар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту жəне типтік жобадағы
денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары
құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ
бастау керек.
4. БІЛІМ ЖƏНЕ КƏСІБИ МАШЫҚ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ, КАДР ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒДАРЫ
Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек.
Мемлекеттік тіл саясаты
36
Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы
қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи
өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз
қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
(1) Бүкіл əлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа
əдістеріне көшу керек.
Сіздер білесіздер, мен басты міндеті балаларымыздың бастапқы
мүмкіндіктерін теңестіру болған «Балапан» бағдарламасы бастамасын
көтердім.
Ол жүзеге асырыла бастаған сəттен бері 3 956 жаңа балабақша мен шағын
орталықтар іске қосылды.
Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық
өсімді ескере келе, мен «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін
ұзартуға шешім қабылдадым. Үкімет пен əкімдердің алдына балаларды
мектепке дейінгі білім беру жəне тəрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу мін-
детін қоямын.
(2) «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013
жылдан бастап халықаралық үлгідегі куəліктер беру арқылыинженерлік
білім беруді жəне заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды
қамтамасыз етуді тапсырамын.
Кəсіби-техникалық жəне жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық
экономиканың мамандарға деген қазіргі жəне келешектегі сұранысын
барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен
қамту мəселесін шешіп береді.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс.
Олар қолданбалы жəне ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы жəне да-
мытуы қажет.
Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары
тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-
зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс.
(3) Жеке бизнестің, үкіметтік емес жəне қайырымдылық ұйымдарының,
жеке адамдардың əлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында
айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу
ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беругеқатысты.
Ол үшін қажетті шаралар:
• Жоғары жəне орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жеке-
меншік əріптестігі желісін құру.
• Көпсатылы оқу гранттары жүйесін əзірлеу.
• Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік жəне қолданбалы білім
берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орында-
ры жүйесін құру.
• Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кəсіп-
орындардағы міндетті өндірістік тəжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.
Мемлекеттік тіл саясаты
37
(4) Бізге оқыту əдістемелерін жаңғырту жəне өңірлік мектеп
орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене да-
мыту керек болады.
• Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды жəне он-
лайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық
əдістерді, шешімдерді жəне құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.
• Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми жəне білім пəндерінен арылу,
сонымен бірге, сұраныс көп жəне болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.
• Орта жəне жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы
мен басымдықтарын оларға тəжірибелік машықтарға үйрету бойынша жəне
тəжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту.
• Кəсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курста-
ры мен институттарын құру.
Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
Бүкілəлемдік тəжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік
циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу – велосипед ойлап шығару
деген сөз. Бұл – өте қымбатқа түсетін жəне əрдайым нəтижелі, жемісті
бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының
тəжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат
жəне білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база
қажет болады.
Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инно-
вациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете
түсінуге тиіспіз.
Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия
құрғанымыз жөн.
Біз шығыны көп емес зерттеулер мен əзірлемелерге ден қоюға тиіспіз.
Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану
үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп,
бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап
алуға көмектесуі тиіс.
Біз – жас ұлтпыз жəне бұл біздің қолымыздан келеді.
Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына
əбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін
шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық
бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз –
жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.
• Біз 2013 жылдың өзінде-ақ ғылым мен бизнестің толыққанды коопе-
рациясы жөнінде шаралар қабылдауға тиіспіз. Үкіметке технология транс-
ферті мүмкін болатын салааралық секторларды анықтауды жəне оларға жер
қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялар тарапынан сұраныс ту-
дыруды тапсырамын.
• Болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыру жөнінде нақтылы
Жол карталарын əзірлеу аса маңызды.
• Мемлекеттік-жекеменшік əріптестігі үшін құқықтық базаны
анықтауды да тездету қажет. Міндет – мұндай əріптестіктің бүгінгі күнгі ең
озық құралдары мен тетіктерін енгізу.
Мемлекеттік тіл саясаты
38
• Авторлық құқықтар мен патенттер мəселелерін реттейтін заңнаманы
қайта қарау. Үкімет 2014 жылдың соңына дейін бұған дейін берілген барлық
патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды олардың коммерциялануының
ықтималдығы жөнінен талдаудан өткізуі қажет.
Құрметті отандастар!
Мен сөзімді, əсіресе, жастарымызға арнағым келеді.
Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси жəне экономикалық бағыт сіздерге
жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.
Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа
бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.
Мемлекет басшысы ретінде мен əрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-
өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Əлемдік деңгейдегі
университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын
құрдым.
Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы əзірленуде.
Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін
барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген
мүмкіндіктер.
Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табы-
сы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табы-
сы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы.
5. МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ƏРІ НЫҒАЙТУ ЖƏНЕ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ
Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін
қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың
жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.
Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау жəне болжау жүйесін одан əрі
жетілдіре түсу керек.
Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар əзірлеуде мемлекет-
тік органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке
беретін тапсырмам:
• Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стра-
тегиясын ескере отырып, жұмыста жəне өмірде еліміз басшылыққа алатын
стратегиялық құжаттарды қайта қарау.
• Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын əзірлеп, келесі жылы
Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық
əлемдік тəжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет.
• Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет
дағдарыстық жағдайларды күні бұрын тиімді түрде біліп, оларға қарсы
шара қолдануы тиіс. Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы əрекет етудің
көпдеңгейлі жүйесін құру қажет.
Бізде ықтимал дағдарыстық жағдайларға арналған стандартты іс-
əрекеттер жиынтығы болуы керек. Бұл, əсіресе, өңірлер үшін маңызды. Ол
жүйені əзірлеу барысында мен айтқан барлық қатерлерді ескеру қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
39
Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз
керек.
Орталықсыздандыру идеясының мəні – шешім қабылдау үшін құқықтар
мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру.
Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер
арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет.
Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық жəне
кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады.
Қоғам жəне азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен
олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті
басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мəселелерді өз
бетімен жəне жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.
Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол
ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды
жəне азаматтардың жергілікті маңызы бар мəселелерге қатысуын кеңейтеді.
Біз селолық əкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз жəне олардың
ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз.
Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлер-
дегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен
мəслихат арқылы ауыл əкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім
қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.
Барлығы 2533 əкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің
жəне аудандық маңызы бар 50 қаланың əкімі сайланатын болады.
Бұл барлық деңгейдегі əкімдердің жалпы санының 91,7%-ы!
Осылайша, біз азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын жəне мəселені
жергілікті жерде шешетін барлық əкімдерді сайланбалылықпен
қамтитын боламыз.
Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мəселелерді шешуге, жер-
гілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты
туды.
Үкіметке менің Əкімшілігіммен бірлесіп, қажетті заңнамалық ак-
тілер əзірлеуді тездетуді, ал Парламентке олардың басымдық тəртібімен
қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Біз бүкіл əлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге жəне қоғамның одан
əрі демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз.
Парламенттің өкілеттіктерін күшейту жөніндегі саясатымызды
жалғастыру керек.
Сонымен бірге, орталықсыздандыруға тек жергілікті деңгейде белгілі бір
өкілеттіктер беруге болатын жаңа билік органдарын құру процесі ретінде
қараудың керегі жоқ.
Орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің
сапалық өзгерісі, мəселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту.
Бұл орайда орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару
билігінің əлсіреуіне, орындаушылық тəртіп мен реттіліктің төмендеуіне
апарып соқтырмауы тиіс. Оған жол беруге болмайды. Жергілікті жерлерде
əкімдер, Үкімет мұны ерекше бақылауда ұстауға тиіс.
Мемлекеттік тіл саясаты
40
Үшінші. Алдымызда, мен бүгін жариялаған қағидаларға сəйкес,
халыққа жəне мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын
кəсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр.
Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу жəне кəсіби
даярлықтың жетілдірілген əдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде
жақсартуымыз керек.
Басқарушылық шешімдер мемлекет деңгейінде төмендегідей талаптарға
сай болуы тиіс:
• Тек қысқамерзімді ғана емес, ұзақмерзімді нəтижелерді де есепке алу.
• Басқарушылық шешімнің мультипликативті əсерін есепке алу.
• адал бəсекелестік жəне кəсіпкерліктің еркіндігі ережелерін қамтамасыз
ету.
• Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерінің екі түрлі
түсіндірілуін болдырмау. Олардың қызметінің заңнамалық тұрғыдан дəл ре-
гламенттелуі.
Жаңа талаптарды ескере отырып, біз əкімшілік реформасының екінші
кезеңін бастап кеттік.
Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мем-
лекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым. Ол сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді
іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни
жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
Біз Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия құратын боламыз. Мем-
лекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кəсіпқой
басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы құрылады.
«А» корпусына бірінші кезекте жауапты хатшылар мен облыс əкімдерінің
аппарат басшылары, комитет төрағалары, қалалар мен аудандар əкімдері
кіреді. Өзімнің Əкімшілігіме «А» корпусына үміткерлерге қойылатын білік-
тілік талаптары туралы Жарлық жобасын дайындауды тапсырамын.
Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен,
билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре
жəне кəсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Белгіленген
көрсеткіштерді асыра орындағандар мен өзінің тиімділігін көрсеткендерге
жəне жоғары нəтижеге қол жеткізгендерге ғана ерекшелік жасалуы керек.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке 2013 жылдың соңына
дейін мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуінің осындай мүлде жаңа
тетігін енгізуді тапсырамын.
Ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға
аудару қажет. Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-
қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мем-
лекеттік қызметтерді тиімді жəне жедел түрде көрсетуге көшу.
Қазір Парламентке «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы енгізілді.
Оны 2013 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін қабылдау керек.
Біз мемлекеттік органдарды оларға тəн емес функцияларды орындау-
дан босатып, мемлекеттік институттардың дербестігін сапалық тұрғыдан
кеңейтуге тиіспіз. Үкімет оның орындалуын 2014 жылдан бастап жергілікті
бюджет қалыптастырудың жаңа тетігін енгізумен ұштастыруы керек.
Мемлекеттік тіл саясаты
41
Достарыңызбен бөлісу: |