білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп,
кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Осылай тəуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз
– туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
Тəуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе
41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты.
Қазақтың саны 4 миллионға артты.
Егер əрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз əлдеқашан Ата
Заңымыздағы мəртебесіне лайық орнын иеленер еді.
Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі
ұмыт қалады.
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, алдымен өзін
қамшылауы тиіс.
Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне
айналады.
Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.
Сондықтан оған бей-жай қарамайық.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік
тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атай-
тын боламыз.
(2) Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс жəне ағылшын тіл-
дерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатыр-
мыз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.
Орыс тіліне жəне кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен
қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің
ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі.
Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша
білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласа-
тын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі əлемнің
осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің əрбір азаматына өмірдегі
шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Мемлекеттік тіл саясаты
49
Төртінші. Мəдениет, дəстүр жəне даралық
Дəстүр мен мəдениет – ұлттың генетикалық коды.
Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы
мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын
қазақтар жəне басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мəдени ерекшелік-
терін сақтай алды.
Тəуелсіздік жылдарында, жаһандану мен вестернденуге қарамастан,
біздің мəдени іргетасымыз беки түсті.
Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда əртүрлі мəдени элементтер бір-
бірімен біріккен жəне бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нəр беріп
тұрады.
Біз өзіміздің ұлттық мəдениетіміз бен дəстүрлерімізді осы
əралуандығымен жəне ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мəдени
игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
Бұл – тарих заңы.
Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мəселесі.
Ел бірлігі – ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге –
қазақтарға керек.
Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.
Қазақ əлсіресе, алауыздықтан əлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.
Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен,
отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.
Мемлекет те солай.
Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына
бізден – қазақтардан артық мүдделі кім бар?!
Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, жершілдік
əңгімемен ел бірлігін бүлдіргісі келетін күштердің пайда болуы Елбасы
ретінде мені алаңдатпай қоймайды.
Ондай жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен
жан əр атаның шежіресін əспеттеп, əр жаққа тартқанын аңдамай қалуы
мүмкін.
Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте
қауіпті түрі.
Қазақ шежіресінің түпкі мəнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары
сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға
– қазақ деген ұлтқа барып тіреледі.
Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын
əйгілейді.
Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым.
Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың ше-
жіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын əрбір қазақ жүрегінің төрінде
ұстауға тиіс.
Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз
алға баса аламыз.
Мемлекеттік тіл саясаты
50
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы
мен табысы мол болмақ.
Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
Біз мемлекеттілігіміздің рухани мəселелер экономикалық, материалдық
мəселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз.
Рухани дамуда негізгі рөлге əрқашан интеллигенция ие.
2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс.
Біздің қоғамымыздың қазіргі көзқарастарының негізін дəл осы интелли-
генция беруі керек.
(1) Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық
құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай
жəне болашаққа құлшынысты болуға тиіс.
Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа
қаһармандарын көрсету жəне жасауымыз керек.
(2) Интеллигенция менің пайымдауымдағы Қазақстан-2050 Жаңа саяси
бағыты негізінде ел болашағының ментальді, дүниетанымдық үлгісін жоба-
лауда негізгі рөлді қолға ала алады жəне алуға тиіс.
(3) Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын
жалғастыруымыз керек.
Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының
өзегіне айналуға тиіс.
Бүгінде кез келген этносқа жататын немесе дінді ұстанатын қазақстандық
– өз елінің тең құқықты азаматы.
Қазақ халқы жəне мемлекеттік тіл даму үстіндегі қазақстандық азаматтық
тұтастықтың біріктіруші ұйытқысы болып келеді.
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік
ашық!» – деп айта алатын əділетті қоғам құрып жатырмыз.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық
жол ашық.
Біз көппіз жəне бəріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – əрбір
жауапты саясаткер үшін, əрбір қазақстандық үшін парыз жəне абырой.
Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына,
қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың əрбір болашақ буыны-
на аялай ұсынуымыз керек.
Алтыншы. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін
Бүгінде біздің халқымыз үшін дəстүрлі емес діни жəне жалған діни
ағымдар мəселесі өткір тұр.
Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз
қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған
діни əсерлерге иммунитеті əлсіз.
Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт.
Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз –
хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.
Əркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен
қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл
өмірі соған байланысты.
Мемлекеттік тіл саясаты
51
Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар
тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек.
Ішкі «сүзгі» сұрақтар қойып отыруға тиіс: аналарымыз, əпке-
қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың
киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге
тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бəрі – басқа елдердің орныққан
дəстүрлері, біздің даламызда ондай дəстүрлер ешқашан болған емес. Класси-
каны оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер.
Біздің əйелдерде ұлттық тəкаппарлық, қалыптасқан киіну стилі бар, оны
олар ибалылықпен ұстана біледі жəне біз, ерлер, əйелдердің осы қасиетін
жиі теріс пайдаланамыз.
Біз мұсылманбыз, оның ішінде Əбу Ханифа мазһабын ұстанатын
сүнниттерміз.
Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дəстүрді, ата-ананы сыйлауға
негізделген.
Ендеше, бүгінгі ұрпақ та əлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей оты-
рып, ата дəстүрін ардақтағаны абзал.
Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан
адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда.
Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ
салуымыз керек.
Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол –
біздің дəстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дəстүрлері де бар екенін,
Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек.
Біз елдің дəстүрлері мен мəдени нормаларына сəйкес келетін діни
сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін өзі ұстаудың ерекше үлгілерін
алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта
ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды.
***
Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің жəне
терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп
құруға тиіс.
Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар
да ортақ алаңдаушылық білдіруде.
Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы жəне қырып-
жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек.
Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен
діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи
мазһабына қарама-қайшы.
Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық
негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан
еткісі келетін қылмыстық іс-əрекет жасырынып жатыр.
Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл –
біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға
түсуі.
Мемлекеттік тіл саясаты
52
• Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптанды-
ру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы
заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радика-
лизм мен экстремизмнің жолын кесу керек.
• Біз əлеуметтік, этностық жəне діни шиеленістер мен қақтығыстарды
еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек. Дəстүрлі емес сек-
талар мен күмəнді жалған діни ағымдардың іс-əрекетін қатаң түрде тыйып
отыру қажет.
• Біз қоғамда, əсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактика-
сын күшейтуіміз керек.
• Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі беретін
артықшылықтарды да пайдалануымыз керек. Осы əңгімелесу алаңының ба-
засында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын жасауымыз
қажет.
• Біз діни жəне этностық дауларды шешу үшін аймақтағы ыстық
нүктелерде, Үлкен Таяу Шығыс аясында, тіпті одан да ауқымды деңгейде
араағайындық жасауға дайын болуымыз керек.
Біздің мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табысты
дамуының маңызды шарты.
Мұны Қазақстанның қазіргі жəне болашақ саясаткерлері, барлық
қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс.
Үкіметке менің Əкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизммен жəне
терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тап-
сырамын.
Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес
əйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге жəне дінмен күреске
жалғасып кетпеуге тиіс.
Дін мəселелерінде ойластырылған қадам жəне өте мұқияттылық
қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят,
толеранттылық жəне төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз
керек.
Құрметті қазақстандықтар!
Менің отандастарым!
Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің əрқайсыларыңызға сөз арнаймын.
Ел алдында ірі мəселелер тұр. Мен біздің табысты болатынымызға
сенімдімін.
Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?
Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін
адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – əлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім
меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.
Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне
сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы
Мемлекеттік тіл саясаты
53
мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік.
Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін жəне тең
құқықты, ал билігі əділ. Онда заң үстемдік етеді.
Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін жəне
бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды.
Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.
Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол
жеткізген жетістіктерімізді жоғалтып аламыз.
Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.
***
Қымбатты отандастар!
«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге –
қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар
тəлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры – бірлікте,
Жүдеудің сыры – алауыздықта.
Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабалары-
мыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дəлелдеген.
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бəрінен биік қоя білген.
Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді
бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жо-
лында төгілген осы қаны деп білемін.
Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік əрқашан аталарымыздың бойынан
табылған.
Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз əрдайым ірі болу үшін бір бо-
луымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей
өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бəріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бəріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тəуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат
қылдық.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар
бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Тəуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі
ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кəміл сенемін.
Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың
жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» бо-
ламыз.
Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!
Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын!
Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тəжірибелеріңіз кейінгі буынның
ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
54
Ортаңғы буын отандастарым!
Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тəуелсіз
мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді.
Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз
тəжірибелеріңіз – қиындықтардан қыңбай өтуімізге қажетті баға жетпес
қазына.
Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі
үмітіміздің тірегісіңдер.
Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жа-
салуда.
Сендер тəуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.
Тəуелсіз елде туып, тəуелсіз елде тəрбие алдыңдар.
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге
көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын
құдіретті күш.
Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адам-
зат баласының мəңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік,
мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тəу етер тəуелсіздігіміз баянды болсын!
Мəңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дəуірлерге жол ашсын!
Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Астана, Ақорда, 2012 жыл
Мемлекеттік тіл саясаты
55
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Конституция 1995 жылы 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданды
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы
№ 4, 217-құжат (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басылымы)
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк жəне татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi
жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне оты-
рып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституция-
ны қабылдаймыз.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
2. Мемлекеттiк ұйымдарда жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын-
да орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн
жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
11-бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе,
Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға
жəне оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
93-бап
Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкiмет, жер-
гiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар, арнаулы заңға сəйкес, Қазақстан
Республикасының барлық азаматтары мемлекеттiк тiлдi еркiн əрi тегiн
меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдастырушылық, материалдық жəне техникалық
жағдайдың бəрiн жасауға мiндеттi.
Мемлекеттік тіл саясаты
56
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ
75-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны
үшiн жауаптылық
1. Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уəж етіп жеке жəне заңды тұлғалардың
құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мəнi
бойынша қарамауы – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға əкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер – қырық айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
3. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптар-
ды бұзу – ескерту жасауға əкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет – лауазымды адамдарға,
шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
он, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
5. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлдік белгілері
бойынша кемсiту – лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер – қырық
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 415 жəне 416-баптарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, дара кəсіпкерлердің жəне сауда қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе са-
тушы туралы қазақ жəне орыс тiлдерiндегі мəліметтер не тауар (көрсетілетін
қызмет) туралы анық жəне жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз са-
туы – шағын кəсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кəсіпкерлік субъек-
тілеріне – жетпіс, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет – шағын
Мемлекеттік тіл саясаты
57
кəсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
738-бап. Iс жүргiзу тiлi
1. Қазақстан Республикасында əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған
кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең
қолданылады.
2. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уəкiлеттiк берілген
судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет
болған кезде əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу
тілін өзгерту туралы уəжді қаулы шығарады.
3. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті
бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа
тiлде мəлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар
мəлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде
сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тəртіппен аудармашының қызметтерiн
тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi жəне қамтамасыз етiледi.
4. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге
қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс
материалдарын iс жүргiзу тiліне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
5. Құқық бұзушы мен жəбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік
құжаттар олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
6. Аударма бойынша шығыстар жəне аудармашының көрсеткен
қызметтерi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.
Мемлекеттік тіл саясаты
58
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |