Әдістері: қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттық- аналитикалық,
әлеуметтік және статистикалық әдістер қолданылды.
Нәтижелері: Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес аталған ауданда
жарақат салдарынан болатын өлім деңгейі 25,7% болса, ауруханадағы өлім
көрсеткіші 5%-ға тең. Медициналық көмекке жүгінген науқастарды алған
жарақат түріне байланысты қарастырар болсақ, басым бөлігі (75,9%)
тұрмыстық жарақаттармен шағымданған. 13,8% науқас көшеде жарақат алса,
8,4% науқас жол-көлік оқиғаларына ұшыраған. Жарақаттанған науқастардың
62,7%-ы 18-59 жас аралығындағы ер адамдар, осы жас тобындағы әйел
адамдар 37,2%-ды құрайды. Ал 60 жастан асқан ерлер мен әйелдер,
сәйкесінше, 53,4% бен 46,6%-ды көрсетті. Аурушаңдық құрылымы бойынша
ең жиі кездесетін қол-иық жарақаттары (38,9%) және аяқ пен төменгі буын
жарақаттары (22,5%).
Аталған медициналық ұйымның травматология бөлімінде 1 дәрігер-
травматолог, 3дәрігер-хирург және 1 реаниматолог, 7 орта медициналық
қызметкер жұмыс жасайды. Дәрігермен қамтамасыз етілу деңгейі 10 мың
тұрғынға шаққанда 0,3-ке тең.
Қорытынды: Жарақаттанудың алдын алу және травматологиялық
көмекті ұйымдастыру қоғам үшін өзекті мәселе болып табылады, себебі бұл
өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді.
Қазақстанда травматолог-ортопед мамандары санының жыл сайынғы
өсуіне қарамастан, ауылдық жерлерде мамандардың тапшылығы байқалады.
Бұл проблема кадр тапшылығы байқалатын ел өңірлеріне травматолог-
ортопед мамандарын тарту тетіктерін әзірлеу бойынша бірқатар
басқарушылық шешімдер қабылдауды талап етеді.
УДК: 616 МРНТИ: 76 THE LEVEL OF EMOTIONAL BURNOUT OF MEDICAL STUDENTS Osykina A.S.
1
, Vasilyeva L.P.
2
1
Federal State budgetary educational institution of higher Education Izhevsk State Medical
Academy
98
2
The State Autonomous Healthcare Institution of the Republic of Tatarstan "Emergency
Hospital", Naberezhnye Chelny