Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Қазақстан  күн  сайын  дамып,  көркейіп  жатыр.  Осындай  елмен 

әрине  мақтанасын.  Қазақ  елі  мақтанышқа  тұрарлық  ел.  Әрине,  осы  

жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.

Отаным – Қазақстан туған елім,

Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.

Өсе бер өркендей бер, Елім менің,

Ардақтап мәңгі мен сені  өтермін.

Отаншыл  болу  –  ең  алдымен  өткенді  білу.  Осынау  қойнауы 

қазынаға  толы  байтақ  даланың  әр  пұшпағын  бабаларымыз  ақ 

найзаның ұшымен,  білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз. 

Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суы-

нан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны мал-

мен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді.

Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. 

Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе 

отаншыл  болып  жарытпайды.  Қай  жерде  «қарны  тоқ,  көйлегі  көк» 

болса, сол жерді жайлы мекен санайды.

Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай 

сыйла, жат жанынан түңілсін», - дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, 

бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос», - дейді кемеңгер Абай. Ынтымағы 

жарасқан  елді  көргенде,  жаудың  құты  қашады.  Бірлігіміз  барда  тас 

қамалдай берікпіз.

Қай кезде де азаматтың өз Отанының алдында парызы болады. 

Азаматтың  қасиетті  борышының  бірі  –  Отан  алдындағы  парызын 

өтеу.  Кез  келген  адам  бейбіт  заманда  да  Отанын  қорғай  алады.  Ол 

дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, сала-

уатты перзенті  бола алу.



Қайдарова Жансая

8 сынып, М. Арын атындағы №24 лицейі Талдықорған қаласы



Менің Отаным – Қазақстан

Менің  Отаным  –  егеменді,  тәуелсіз  Алтаймен  Атыраудың,  Арқа 

мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Қазақстан мемлекеті. 

Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері мекендеген, төрт түлігі маңыраған, 



225

Сочинения школьников Алматинской области

өндірісі  өркендеген  кең  байтақ  Қазақстан  елінде  тұрғаным  –  мен 

үшін мақтаныш! Қазақстанымның айта кететін ерекшелігі ол - дүние 

жүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алады және пайдалы 

қазбаларға бай.

Мен  үшін  және  басқа  да  отандастарым  үшін  халқымызға 

ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік ұстанымын биікке көтеретін 

Тәуелсіздік күні – қастерлі мереке. Өйткені бұл Тәуелсіздік күні бізге 

оңай жеткен жоқ. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмтылмас оқиғалар – 

ұлт-азаттық көтерілістер, соғыстар бұлардың бәрі ел жүрегінде өлмес 

мұра ретінде сақталып қалуы керек. Елімнің тәуелсіздігін алып беру 

үшін  барын  салған  хан-сұлтандарды,  батырларды,  ірі  тұлғаларды 

тарихқа  өлшеусіз  үлес  қосқаны  үшін  ардақтап,  олар  жүрегімізде 

ұлт  мақтаныштары  ретінде  сақталуы  керек.  Қазағымыздың  ежелгі 

шежірелері – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайы-

нан сіңірілуі керек.

«Қазақстанның  болашағы  жастарда»  демекші  әрбір  қазақ 

жастарының сана-сезімінде отансүйгіштік, елжандылық сезім болуы 

тиіс. Сондықтан жастарға артылатын талаптар да көп. Қазақ жастары 

яғни,  біздер  мал  шаруашылығымен  айналысқан  ата-бабаларымыз-

дан  қалған  алтындай  қымбат  салт-дәтүрлерімізді  бағалауларымыз, 

ежелгі шежіремізді білуіміз, ірі тұлғаларымызды ұмытпауымыз керек. 

Ата-бабамыз ежелден «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбы-

ра»,- деп домбыраны ерекше бағалап, тіпті әрбір үйде домбыра ілініп 

тұруы керек және ол осы үйге тек бақыт алып келеді деп те санаған. 

Қазақтарда сол кезде суырып-салмы ақындар қатысуымен өткізілетін 

айтыс  дамыған.  Және  қазақта  мағынасы  өте  терең,  жүрекке  жылы 

бірнеше күйлер бар.

Менің  ойымша,  осындай  күйлерді  естіп  өскен  балада  міндетті 

түрде  отансүйгіштік  сезім  қалыптасады.  Еліміздің  ары  қарай 

өркендеуіне  ат  салысқымыз  келсе,  алдымен  тарихымызды  білуіміз 

тиіс.  Бізді  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  осы  күнімізге 

жеткізген ірі тұлғаларымызды өлді деуге келмейді. Өйткені олардың 

өзі  өлгенімен,  олардың  есімі  біздің  жүрегімізден  ешқашан  өлмейді. 

Сондай  ата-бабаларымыздың  жолын  біз  де  жалғауымыз  керек. 

Бірлік,  береке  –  біздің  басты  байлығымыз,  құн  жетпес  қазынамыз, 

тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз татулық 

болса еліміздің тарихы төрінен табылады.



226

Казахстан, армия, патриотизм

Қайырсапина Индира

9 сынып, №2 орта мектебі Қапшағай қаласы 



Батыр туралы

 Батыр қол бастар,

Көсем жол бастар

 

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан баста-



лады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері 

отбасында  қалыптасады,  сондықтан  да  туған  үйдің  жылуы  –  оның 

көкірегінде  көпжылдар  бойы  сақталып,  мәңгі  есінде  жүреді.  Ақын 

сөзімен  айтқанда:  «Отбасы  –  табиғат  сыйлаған  кереметтердің  бірі», 

-  десек  артық  емес.  Жеке  адамның  бойындағы  ар-ұяты,  ақыл-ойы, 

адамгершілігі,  басқа  адамдармен  қарым-қатынаста,  мәдениеттілікті 

тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, 

басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. 

Отбасы  –  сыйластық,  жарастық  орнаған  орта.  Отбасы  –  бала 

тәрбиесінің  ең  алғашқы  ұжымы.  Отбасының  басты  қазығы,  ал-

тын  тіреу  діңгегі  –  бала.  Баланың  тәрбиелі  болып  өсуіне  берекелі 

отбасының  әсері  мол.  Отбасының  әрбір  мүшесі,  өзара  сөйлесіп,  не 

болмаса  ата-  ананың,  баланың  міндетін  атқару  ғана  емес,  береке-

бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік от-

басына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, 

батылдыққа,  батырлыққа,  ерлікке,  табандылыққа,  отанды  сүюге 

тәрбиелей отырып үлкен үміт күтеді.Сол сияқты отанын қорғаған ба-

тыр бабамыз Бөгенбай батырды барлық қазақ баласы біледі.

Бөгенбай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгенбай (1680-1775 кейбір де-

ректерде  1776-1778)  –  қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына 

қарсы  азаттық  күресі  тарихында  ерекше  рөл  атқарған  батыр, 

қолбасшы.  Қаратау  бөктеріндегі  Бөген  өзені  бойында  туған.  XVIII 

ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы болғандықтан 

оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп 

атап  кеткен.  Қарабалта  түбінде  қырғыздармен  болған  шайқаста 

Бөгенбай  батыр  77  жаста  болған  деседі.  Арғынның  қанжығалы  ру-

ынан,  батырлар  әулетінен  шыққан.  Атасы  Әлдеуін  батыр  Есім  хан 

әскерінің қолбашысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын 

басқарғансардар болған. 


227

Сочинения школьников Алматинской области

Бөгенбай 1708 жылы (кейбір деректерде 1709 жылы) Әз Тәукенің 

бұйрығымен  30  мың  жасақты  бастап,  қазақ  елінің  берекесін  ала 

бастаған казак-орыстарды түре қуып, Еділден әрі асырып тастағаны 

туралы деректер сақталған. Осы ұрыста Бөгенбай алғаш рет ерлігімен 

көзге  түскен.  Батыр  жоңғарларға  қарсы  100-ден  астам  шайқасқа 

қатысқан.  «Қазақтың  қамал-қорғаны»  (Бұхар  жырау)  баһадүр 

Бөгенбай  қазақ  халқының  Абылай  хан  бастаған  ұзақ  жылдарғы  ұлт 

бірлігі күресінің ұйытқысы болған. 

1710  жылы  Қарақұмда  өткен  үш  жүз  қазақтарының 

құрылтайында  бүкіл  қазақтық  жасақ  құрылып,  жоңғар 

шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланды. Бұл жиын-

да көшіп кетіп жан сақтауды ұсынғандар да болған, бірақ сол кезде 

ерлігімен әйгілі болған рубасы Бөгенбай бұндай әрекеттердің бәрін 

тыйған. Осы құрылтайда Бөгенбай батыр үш жүздің бас сардары бо-

лып сайланған. 1726 жылы Бөгенбай бастаған қазақ қолы Бұланты 

өзенінің бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берген. 1727 

жылы көктемде Қожаберген бастаған қазақ-татар жасағымен тізе 

қосып,  Бөгенбай  бастаған  қазақ,  ноғай,  қарақалпақтың  біріккен 

әскері  Нияз,  Аюлы  тауларының  етегінде  жоңғарлармен  болған 

шайқаста жеңіске жеткен. «Аңырақай шайқасында» Орта жүз қолын 

басқарған Бөгенбай батыр Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, 

керей  Жәнібек  батырлармен  тізе  қоса  отырып,  қазақ  елінің 

тұтастығын сақтап қалуда ерекше ерлік көрсеткен.

Бөгенбай  Жайық,  Ойыл,  Жем  өзендері  бойы  мен  Ереймен-

тау,  Қарқаралы,  Аягөз,  Түркістан,  Шу  бойы,  Жетісу  өңірі,  Қырғыз 

жерлеріндегі шайқастарда қол бастаған. 1756-1758 жылдары бірінші 

рет Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы 

соғысында қытай әскеріне қатты соққы беріп, оларды Үрімшіден асыра 

қуған. Батыр жорықтарын, қоғамдық істерін 1696-1697 жылдардағы 

жоңғар  қалмақтарымен  шайқастары,  1710  жылғы  Қарақұмда  бүкіл 

қазақ  елі  жасағының  қолбасы  болуы,  1723-1729  жылдардағы  қазақ 

елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан кейінгі халқымыздың 

сыртқы  жауға  берген  тойтарыстарын  ұйымдастыруы,  1731-1735 

жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру ша-

раларын  жүзеге  асыруы,  1750-1760  жылдардағы  Алтай-Тарбағатай, 

Жетісу жорықтарын ұйымдастыруы деп 5 кезеңге бөліп қарастыруға 

болады. XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай ба-

тыр, көрші елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. 


228

Казахстан, армия, патриотизм

1761 жылы Абылай ханның ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы мен 

Қазақ хандығы арасындағы келісімге қатысқан.

Бөгенбай жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Мәйітін 

Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  мешітіне  жерлеу  үшін  батырдың 

денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. 

1776  жылы  көктемде  баласы  Тұраналы  мен  қанжығалы  Айтбай 

Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға 

теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Яссауи мешітіне жерлеген. 

Бөгенбай батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ерей-

мен  өңірінде  «Бөгенбай  сөресі»,-деп  аталады.  Бөгенбай  батырдың 

ерлігін  Қожаберген  жырау  «Елім-ай»  атты  тарихи  дастанында  жыр-

лап, «Ер Бөгенбай» аталатын қисса шығарған. Бұқар, Үмбетей, керей 

Жанкісі, Сегіз сері Бөгенбай батырға дастандар арнаған. Батырдың ба-

ласы Тұраналы, немересі Бапан би, оның баласы Сәбден (Саққұлақ би) 

де өз заманында атақты адамдар болған. 1991 жылы Астана-Павлодар, 

Ерейментау-Павлодар тоғысқан жол торабында Бөгенбай батырға ар-

нап  ескерткіш  орнатылды.  2007  жылы  Астана  қаласында  Бөгенбай 

батыр мен Сарыарқа даңғылдарының қиылысына ескерткіш ашылды.

Менің тұжырымым бойынша барлық қазақ батырлары тәуелсіздік 

жолында  көп  ерліктер  көрсеткен.Бөгенбай  батыр  ел  рухы  мен  ба-

тыр  рухының  биіктігін  барлық  құндылықтан  жоғары  қояды.  Елдің 

мүддесі  Бөгенбай  үшін  қымбат,  халқының  тағдыры  жау  табанына 

басылмауы  жолында  жан  аямай  күрескен  Бөгенбай  батыр  ерліктің, 

отаншылдықтың үлгісі.

Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін 

қорғап қалған. Отан – өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, 

мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың са-

палары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасады. 

Балалық  шақтан  кішкентай  балаға  отаншылдыққа,  құрметке 

тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу 

керек ғой! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: «Ер жігіт ел үшін туады, 

ел үшін өледі», «Ер барда – ел қор болмас» және тағы басқалар. 


229

Сочинения школьников Алматинской области

Құмар Әсемгүл

10 сынып, № 3 орта мектебі Жетіген ауылы

Жетекшісі: Жексетова Ә.С.

Қазақстан – кеше және бүгін

Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінен бастау 

алар қазақ халқының тарихы тереңге жайылған. Егеулі найза қолға 

алып,  атқа  қонған  батыр  бабаларымыз  «Ақ  найзаның  ұшымен,  Ақ 

білектің  күшімен»  осы  бір  ұлтарақтай  жер  үшін  қан  майданда  қан 

кешіп, қасық қаны қалғанша тәуелсіздік жолында құрбан болды. ХVI-

XVII ғасырларда жоңғар қыспағынан қашып, көршілес жатқан Ресей 

мемлекетінен пана іздей барған аңғал да аңқау, еңбекқор қазақ елін 

орыс  басшылары  біржола  қол  астына  алуды  көздеп,  сол  мақсатына 

жетеді. Сол кезеңнен бастап қазақ халқы ІІ ғасырға жуық тәуелсіздік 

аңсап,  сол  жолда  қанша  қазақ  боздақтары  қыршыннан  қиылды. 

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме 

бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер 

кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы 

Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. 

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, 

ежелден-ақ  ру-тайпаларымыздың  өз  жерін  еш  жауға  бастырмаған, 

ұлын  құл,  қызын  күң  еткізбеуге  батырлық  ержүректігін,  жауына 

қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол 

күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының 

жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Ел басына күн туғанда халықты жаудан аман алып, еркіндік жо-

лында  жанын  пида  еткен  жаужүрек  батырларымыз  елдің  елдігін, 

ердің ерлігін сақтап калды. Бабамның қаны сіңген киелі топырақ сол 

қазақтың  ержүрек  перзенттерінің  арқасында  осы  күнде  бізге  жетіп 

отыр.


Абай,  Шәкәрім,  Ыбырай  дәуірі  қылыштан  гөрі  қаламға  жақын 

болды десек артық айтпағанмымыз болар. ХХ ғасырдың бірінші жар-

тысында тарих беттерінде қазақ зиялылары жарқырап көріне баста-

ды. Солардың бірқатары Алаш үкіметін құрып, жан-жақта шашырап 

жүрген қандас бауырларды бір шаңырақ астына жинауға талпынған 

«Алаш» деп халыққа ұран тастап, жеке мемлекет болуды армандаған 

Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сей-

фуллин, Жүсіпбек Аймауытов тағы да басқа қазақтың зиялылары еді. 



230

Казахстан, армия, патриотизм

Қазақ  елі  өзінің  автономиясын  жариялағанда  Жеке  ел  болдық  деп 

қуанған қазақтардың бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Сол кезеңдегі 

Кеңес  өкіметі  алаш  туының  астына  біріккендердің  бәрін  біртіндеп 

құртты. Ең алдымен құрбан болған – Жүсіпбек Аймуытов еді.

Ал,  1937-1938  жылдары  125  мың  қазақ  зиялыларының  көзін 

жойған.  Олардың  бар  кінәсі  өз  ұлтының  мұңын  мұңдап,  жоғын 

жоқтағандығы, көзінің ашық болғандығы, жоғары білімді, бетке ұстар 

азаматы болғандығы. 

Осынша  болған  әр  түрлі  қиыншылықтың  ең  сорақысы  –  1949 

жылдан  қазақ  халқы  атом  полигондарының  сынағына  тасталды. 

Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел 

қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным Қазақстан – ядролық 

қарудың  қасіретін  әлем  бойынша  ең  көп  тартқан  ел.  Оның  талай 

ғасырға  жететін  тарихын  қозғасақ,  бабалардың  басынан  кешкенін 

көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз.

1991  жыл...  16  желтоқсан...  Бұл  күн  қазақ  тарихының 

парақтарында  алтын  әріптермен  жазылды.  Дәл  осы  күні  сан  ғасыр 

армандаған  бабаларымыздың  арманы  орындалды.  Қазақ  елі  өзінің 

тәуелсіздігін жариялады. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы 

қайта  қисайған,  қаншама  мемлекеттің  құрамында  болып,  қаншама 

рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік 

дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресті. XX ғасырдың сүргінін 

бастан  кешіп,  жаңа  мыңжылдықтың  табалдырығын  жаңғырған 

қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын 

да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, 

қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып са-

лып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен 

мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы 

үшін, жаппай келісімі жарасқан адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша 

өмірге қадам басты. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың 

даңғыл  жолына  түсті.  Өлшеусіз  табиғат  байлығымен  ғана  емес,  ең 

алдымен  сан  түрлі  ұлттардан  құралған  халқының  ауызбірлігімен 

аты шықты. Бүгінгі Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың ғана емес, 

бүкіл  әлемдік  проблемаларды  талқылауда  және  шешуде  ықпалды 

рөл  атқаратын  ел.  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  пікіріне  әлем  саясаткерлері  ықылас  қоятын  болды. 

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі 

табыстарға  қол  жеткіздік.  Бұл  Президентіміздің  жүргізіп  отырған 

парасатты  көреген  саясатының  нәтижесі  –  Еліміздің  тыныштығы 



231

Сочинения школьников Алматинской области

мен  қауіпсіздігінің,  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының  жарастығы  мен 

ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

Қазақстанның  табиғаты  таңғажайып.  Аспанмен  тілдескен 

мұзарт  шыңдарды,  тұңғиығы  тұнжыраған  жұмбақ  көлдерді,  ақ  жал 

толқындары  асау  арғымақтардай  көкке  шапшыған  шалқар  теңізді, 

күні  от  шашқан  шөлейтті,  арналы  өзен,  ну  орманды  көруге  болады. 

Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы 

қасиетті,  қойнауы  қазыналы.  Қазынаның  барлығы  да  қазақ  жерінің 

топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі. 



Мамытбай Асқар

11 сынып, Қ.Байғабылұлы атындағы орта мектеп Райымбек ауданы,

Тоғызбұлақ ауылы

Жетекшісі: Бөтеева Салтанат



Тәуелсіздік-тұғырым

Қарт  тарихпен  тілдессек,  ұлы  дала  қазақ  деген  халықтың  жер 

бетіндегі ізі үш мың жылдың төңірегінен көзге түседі екен. Арғы тегі 

ғұндар мен сақтардан құралған халық содан бері-ақ жерін жатқа жай-

латпай, елінің еркіндігін қорғап келеді. Әлемге апат әкелген Шыңғыс 

шеруді де, жоңғарлардың жойқын шабулы да оның атын жер бетінен 

өшіре алмады. Өте арыға бармай-ақ «Ақтабан шұбырынды» заманы-

ны үңілсек, тұлпар мініп, беліне қылыш байлаған батырлар еркіндікті 

бәрінен де қымбат санағанынан көз жеткіземіз. 

Ел мен жердің жел жағына шығып, қар жастанып, мұз төсеніп жүріп, 

елін,  жерін  басқыншы  халықтардан  тазартып,  қорғап  қала  береді. 

Шалқар  сахарада  еркін  өмір  кешкен  ежелгі  халықты  ХХ  ғасырдың 

ғаламат  сойқаны  тас-талқан  етті.  Жоңғар  шапқыншылығынан 

кейін қазақ жеріне енді патшалық Ресей ауыз салды. Қазақтар сәнді 

көштері  қаздай  тізілген  жазиралы  мекенінен  ығыстырыла  бастады. 

Бұлақты, көгалды, шұрайлы қоныстарды шақырылмаған қонақ «қара 

шекпенділер»  иемденді.  Соған  қарап  «Кеттің  ғой  тым  болмаса  мал 

баға алмай» деп, - күңіренді Абай.

Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы ұжымдастырудың солақай 

соқпағына  ұрынды.  Голощекиннің  қансоқты  қақтығысын  бастан 

кешті, әлемде ала бөтен жұтқа жалықты. Отыз жыл бойы сталиндік 

ылаң жайлады. Осының бәрі еңсені еңкейтіп, ұлттық дәстүрден, ізгі 



232

Казахстан, армия, патриотизм

мәдениеттен,  тіпті,  туған  тілді  де  айыру  апатына  дейін  алып  келді. 

Ұлттық байлықтар сыртқа қарай ағылып, табиғаттан түс, көлден су, 

дәннен дәм қашты. Атамекен отан ошағына айналды.

Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны 

ақиқат.  Иә,  бостандыққа  жету  жолының  ауыр  болғаны  талай  өмір 

сабағынан жұлынып, талай боздақтардың басы кеткенінен аңғаруға 

болады.


Ғасырға  бергісіз  жыл  бар.  Күллі  ғасырдың  арман-тілегін 

аспандатқан,  абыройымен  жүзеге  асырған  талай  істер  бар.  мұның 

алғашқысы  бірнеше  ғасыр  бабаларымыз  бен  әкелеріміздің  аңсаған 

арманы  орындалған  1991  жыл  болса,  ал  соңғысы  ұлт-азаттық 

қозғалысының  асау  арнасы  тәуелсіздіктің  тұғырына  табан  тіреген 

жылдар.  Біз  үшін  тәуелсіздіктің  алғашқы  тың  жылы  –  тәуелсіздікті 

қызықтаған  желпінісінің  емес,  оның  қиын  да  күрделі  тағдырын 

ойлаған  тебіреністің  жылы  болды.  тәуелсіздіктің  он  жылы-

жоғалғанымыздың  көзі,  іздегеніміздің  өзі  екені  ақиқат.  Үшінші 

мыңжылдық  табалдырығынан  дүние  жүзінің  айтулы  елдерінің 

қатарында  Қазақстан  Республикасының  аттап  тұрғаны  да  қандай 

мақтаныш!

Осы жылдар ішінде біз неге жеттік? Өз жағдайымызды тәуелсіздік 

жолындағы  қиын  күреспен  салыстырғанда  жеткен  жетістіктеріміз 

көп.  Өз  елдігіміздің  белгісі  рәміздерімізді,  Ата  Заңымызды  енгіздік. 

Экономикалық  даму  жолын  таңдап,  бірте-бірте  нарықтық  жолға 

түстік. Мәдениетте, өнер салалары табыстарға жетіп, қазақ жастары 

шетелдерде оқып жатыр. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық салалары 

да қарыштап, дамып келеді. Оған Қазақстанның көп жерінде ашылып, 

салынып жатқан зауыт, фабрикалар дәлел бола алады. тәуелсіздіктің 

соңғы жылдарында Түркістанның 1500 жылдығын мерекелеп, Мұхтар, 

Абай, Қаныш сияқты азаматтарымыздың мерейтойларын атап өттік. 

Елорданы жаңа астанаға көшіріп, тұңғыш рет ел астанасын Астана деп 

атадық. Ең бір қуанатын жағдай – ежелгі ата-бабалар мұрасы Күлтегін 

ескерткіштерінің көшірмесі Қазақстанға әкелінді. Осындай табыстар 

сыйлаған тәуелсіздікке ешбір өкпеміз жоқ. 

Қорыта  келгенде,  мен  болашақта  жақсылықтар  көп  болады 

деп  сенемін.  Себебі,  біз  талай  қиындықтарды  жеңген  алыптардың 

ұрпағымыз.  Барлық  әніміз  де,  жырымыз  да  Отан  үшін,  туған  жер 

үшін арналады. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен 

қиындықты  жеңу  үшін  білектің  күші  ме  найзаның  ұшы  керек  емес. 

Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Тәуелсіз өркениетті 



233

Сочинения школьников Алматинской области

елімізге  білімді  мамандар,  елі  мен  жері  үшін  тәуекелге  бара  ала-

тын  нағыз  отансүйгіш,  адал,  «желтоқсан»  жастарындай  азаматтар 

мен  азаматшалар  керек  екенін  түсіндік.  Қазақ  елінің  абыройын 

асырап,  мерейін  үстем  етер,  әлем  таңқалар  талай-талай  жаңалық 

ашар білімділер керек екенін түсіндік. Осы тәуелсіз еліміздің намы-

сын  қорғайтын,  бүгінімізді  ертеңге  жалғайтын,  қазақ  елінің  ертеңі, 

боалшағы үшін жауап беретін біздер екенімізді сезіндік. 



Мұхаметжан Бегайым

11 сынып, № 12 орта мектеп Іле ауданы, Байсерке ауылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет