Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет55/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Қазақ КСР Халық комиссарла кеңесі төрағасының орынбасарлығына 

жоғарылатылады.  1944  жылға  дейін  осы  қызметте  мәдениет 

мәселелеріне жетекшілік жасады. Мәдениет жанашырлары мен май-

талмандары  туралы  айтқанда,  жалпы  мәдениет  мәселесінде  билік 

басындағылардың  ішінде  Т.  Тәжібаев,  І.  Омаров  сияқты  ұлтжанды 

кісілердің бола бермегені рас. Оқу, білім саласы бойынша да осыны ай-

тар едік.

Төлеген  Тәжібаевтың  дипломатиялық,  халықаралық,  саяси 

қызметі мен қабілетіне белгілі кеңес, мемлекет қайраткері А. Моло-

тов жоғары баға берген болатын. Т. Тәжібаев Конституция бойынша 

егеменді мемлекет болып есеп телетін Кеңестік Қазакстанның сыртқы 

саясатының  іс  жүзінде  негізін  қалап,  БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясының 

биік мінберінен көптеген көкейтесті мәселелерді көтере білді. Бұл ту-

ралы таяуда Сыртқы істер министрі қызметінде болған Қасым-Жомарт 

Тоқаев өз еңбектерінде атап өтіп, жоғары баға берді. Т. Тәжібаевтың 

бұл қызметінің жемісті болуына оның ағылшын тілінде жақсы сөйлей 

білгендігі де әсер етсе керекті. 

Төлеген  Тажибаевтың  жарқын  бейнесі  туралы  айтқанда,  оның 

тамаша  ұстаздық,  тәлімгерлік,  дәріскерлік  қасиеттерін  ерекше  атап 

көрсеткен  дұрыс.  Белгілі  ғалым-профессор  Мәулен  Балақаевтың 

естелігінде  көрсетілгендей,  Толеген  Тәжібайұлының  психология  са-

ласында  оқыған  дәрістерінің  мазмұны  аса  терең,  ғылымы  өрісі  кең, 

тыңдаушыға  тартымды  да,  әсерлі  болған.  Ғалым-ұстаз  лекцияның 

жинақы, логикасы көкейге қонымды, мазмұнды, ғылыми құндылығы 

жоғары болуына баса назар аударады екен. Аудиторияны бірден бау-

рап алатын, мейлінше байсалды да байыпты, биязы, майда қоңыр да-

уыс ырғағы да оның ұстаздық тұлғасын даралай түскен. Бұл туралы 

профессор М.Балақаев былай деп жазады: «Үлкен дипломат әрі ғалым, 

академик  Толеген  Тажибаевтың  жүзі  қандай  жарқын  болса,  ойы  да 

сондай айқын, сөзі де сондай сыпайы, әрі салмақты болатын, біреумен 

сөйлесе келгенде оның сөзінен білімді, мадениетті адам екені бірден 

сезілетін.  Бірқатар  кісінің  әдептілігі  бойына  біткен  қасиет  болмай, 

жасанды, бірде олай, бірде бұлай болатыны да бар, ал Т.Т.Тажібаевтың 

ізеттілігі оның әбден қанына сінген қасиет болатын» 

Төлеген  Тәжібаев  тақырыбын  тереңірек  қаужап  келе  жатқан 

ғалым, Төлегеннің шәкірті Құртқа Тәуіп атындағы академияның вице-

президенті, Қазақ ұлттық университетінің психология кафедрасының 

профессоры, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі 

Жолмұқан Түрік ұлымен журналистер тілдескен еді.



565

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

«Ұстаздардың ұстазы атанған турашыл тұлға Төлеген Тәжібаевпен 

ең алғашқы таныстығым – мектепті бітіріп, С.М.Киров атындағы Қазақ 

мемлекеттік университетінің студенті атанған кезімнен бастау алды. 

Өзім физик-математик болуды қаладым. Оқуға түссем де, жатақханаға 

жайғаса алмай әбден қиналдым. Ол кезде Т.Тәжібаев осы оқу орнының 

ректоры  әрі  педагогика-психология  кафедрасының  меңгерушісі 

қызметін атқарады екен. Ол кезде шыны керек халықтың әлеуметтік 

жағдайы  нашар  болатын.  Менің  оқуға  жағдайым  болмай,  кетуге 

мәжбүр болдым. Өзіміздің курстас балалармен бірге барып, ара-ара-

сында жатақхана жатып тұратынмын. Менің хал-жағдайыммен етене 

таныс достарым маған ректордан көмек сұрауға кеңес берді. «Ректор 

ағай  сондай  қарапайым  кісі.  Алдына  барған  студенттерді  бір-бірлеп 

қабылдап, оларға қолынан келген көмегін аямайды»,-деді балалардың 

бірі. Басқалары да маған ректорға түрлі жағдайлармен барып, көмек 

алғандығын жарыса айтып жатты.Содан не керек, ректордың алды-

на баруға тура келді. Ол кезде шыны керек, ауылдан енді ғана келген 

жасқаншақ  бозбаланың  бірі  болатынбыз.  Ауылда  профессор,  ректор 

дегенді көрмегендіктен болар, білдей бір оқу орнының басшысының 

алдына кіруге қатты жүрексіндім......



Тай Әсем 

8 сынып, «Шолаққорған» жалпы орта мектеп

Сузак ауданы, Чулаккорган қаласы

Жетекшісі: Қозыбақова А.



Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі

Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  16  желтоқсанда  өзінің 

тәуелсіздігін  алған  болатын.  Қазіргі  кезде  тыныш  әрі  бейбіт  өмір 

сүрудеміз.  Сонымен  қатар,  ел  тәуелсіздігінің  белгісі  –  мемлекеттік 

рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп 

жатқан  әр  адам  мемлекеттік  рәміздерді  құрмет  тұтып,  сыйлайды. 

Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек 

пішінді және ортасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. 

Шаңырақ – елтаңбаның жүрегі. Ол – кун тәрізді. Шаңырақ – отбасының 

белгісі  және  көшпелі  түркілердің  ұғымы  бойынша  үйдің,  ошақтың 

және  бірліктің  белгісі.  Сонымен  қатар,  айналған  Күн  шеңберінің 



566

Казахстан, армия, патриотизм

қозғалыстағы суреті іспетті. Етаңбаның сол және оң жағында қанатты 

тұлпар  бейнеленген.  Тұлпар  –  дала  дүлділі,  ер-азаматтың  сенімді 

серігі, ешқашан налымайтын, тек алға ұмтылатын жануар бейнесі. Ал 

қанатты тұлпар – аңыз-әңгімелердегі және қазақ поэзиясындағы кең 

тараған  бейне.  Ол  уақыт  пен  кеңістікті  білдіреді.  Қанатты  тұлпар  – 

асқақ мақсаттың, асыл арманның, ұшқыр ойдың белгісі. Елтаңбаның 

жоғарғы  бөлігінде  бес  бұрышты  жұлдыз  бейнеленген.  Ол  елдің 

жарқырап,  жоғарыдан  көрініп  тұрғанын  көрсетеді.  Еліміздің  арман-

мақсатынан, асқақ рухына хабар беретін ұлттық елтаңбамыздың ав-

торлары -Жандарбек Мәлібеков және Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  –  көгілдір  тусті 

тік  бұрышты  кездеме.  Оның  ортасында  нұрын  шашқан,  арайлы  күн 

орналасқан. Күн – бейбітшіліктің, тәуелсіздік пен еркіндіктің, өмірдің 

белгісі.  Сондай-ақ,  күн  бейнесі  уақыт  пен  мәңгілік  қозғалыстың, 

жаңарып  өсу  мен  дамудың,  батыс  пен  шығыстың,  сол  күннің  ұр 

шұғылалы  алтын  түсі  –  байлық  пен  берекенің,  тыныштықтың  ны-

шаны.  Күннің  астында  қанатын  жайған  қыран  құс  бейнеленген. 

Қыран  құс  –  қазақ  халқының  жан-дүниесінің  кеңдігін  паш  етеді, 

еркіндік сүйгіш асқақ рухын көрсетеді. Мемелекеттік тудың ағаш са-

бына  бекітілген  тұсында  –  қазақтың  ою-өрнектерімен  кестеленген 

тік  жолақ  өрнектелген.  Ою-өрнек  –  еліміздің  салт-дәстүрін,  рухани 

байлығын,  мәдениетін  көрсетеді.  Күн,  арай,  қыран  және  ою-өрнек 

алтын түспе бейнеленген. Ежелгі түркі халқы көк тусті аспан сөзіне 

байланыстырған.  Бірыңғай  көгілдір  түске  қарап  бұлтсыз  аспанды 

көруге  болады.  Бұлтсыз  аспан  –  ынтымақ  пен  бірліктің,  адалдық 

пен  сенімділіктің,  еркіндік  пен  тәуелсізділіктің  белгісі.  Мемлекеттік 

тудағы  көгілдір  түс  Қазақстан  халқының  жаңа  мемлекеттілікке 

ұмтылған  ниет-тілегінің  тазалығын,  асқақтығын  көрсетеді.  Көк  түс 

біздің  ата-бабаларымыз  үшін  қасиетті  ұғым.  Геральдика  тілінде 

–  көк  түс  және  оның  турлі  реңкі  адалдық,  сенімділік,  үміт  сияқты 

адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ел көгінде желбіреген көк туы-

мыз суретші Шәкен Ниязбековтың төл туындысы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны – халқымызды 

бірлікке, ынтымақтастыққа шақырады. Әнұранды әрбір қазақ қолын 

журегіне  қойып,  жан-тәнімен  ынталана  шырқайды.  Мемлекеттік 

әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев 

және әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Мемлекеттік рәміздер – әр елдің тәуелсіздігін білдіретін, өзіндік 

ерекшелігін  аңғартатын  басты  белгі  болып  саналады.  Біз,  қазақ 



567

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

елінің  халқы  -  мемлекеттік  рәміздерімізді  сыйлап,  құрмет  тұтамыз. 

Еліміздің  көк  байрағы  көгімізде  желбіреп,  әнұраны  әр  қазақтың 

жүрегінде  шырқалып,  елтаңбасы  елдіктің,  бірліктің  белгісіндей  бо-

лып, жүректерінің тұсына бекітілген.

Қасиетті де қастерлі саналатын рухани байлығымыз мемлекеттік 

рәміздер  –  елдігіміздің,  тәуелсіздігіміздің  басты  белгісі  болып  сана-

лады. Ел рәміздерін құрмет тұтып, қастерлеу – еліміздің Отансуйгіш 

әрбір азаматы үшін міндет әрі үлкен мәртебе.

Тәттібек Индира

10 сынып, №25 «Ә.Молдағұлова» ЖОМ Сарыағаш ауданы 

Жетекшісі: Мусаева Б.

Қазақстан – мәңгілік ел!

Қазақстан  –  ұшқан  құстың  қанаты,  шапқан  аттың  тұяғы  талар-

дай,  кең  –  байтақ,  дархан  даланы  мекен  еткен  жаны  жомарт  қазақ 

халқының Отаны.

Бүгінгі таңда, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздік – қазақ 

жұртына  оңай  келген  жоқ.  Сан  ғасырлардан  бері  дербес  ел  болуды 

көксеген  халқымыз  мұра  болып  келе  жатқан  кең  байтақ  жерді,  ақ 

білектің  күшімен,  найзаның  ұшымен  келген  ұлан-ғайыр  өлкемізді 

өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті, 

жері, елі үшін талай күнәсіз жастардың қаны төгілді.

Айтып  өткеніміздей  бостандық,  теңдік,  тәуелсіздік  өз  бетімен 

келген  жоқ.  Қаншама  адам  құрбан  болды.  Дүниені  дүр  сілкіндірген 

1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы! Осы бір жан түршігерлік оқиға 

қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан көтерілісі – елімнің 

болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес. Ежелден еркіндік 

аңсаған халықтың асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп « 

Егемен болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас »,- деп жырлап 

өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас – тарты-

спен асыл арманы тәуелсіздікке қол жеткізді. Дербес мемлекеттердің 

қатарына  қосылу  жолында  Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  16 

желтоқсанда  «Тәуелсіз  мемлекет»  деп  жарияланды.  Міне,  осы  сәт, 

дәл  осы  мезеттен  бастап  қазақ  халқының  70  жылдан  астам  уақыт 

бойы КСРО-ның құрамында болып, қаншама ауыр да қиын сәттердің, 


568

Казахстан, армия, патриотизм

қатігездіктің, жәбір көру мен әділетсіздік атты іс-әрекеттерге нүкте 

қойылды. Себебі, бұл сәтте Қазақстан – тәуелсіз мемлекет атанған еді. 

Міне, тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының 

да  жаңа  беттері  ашылды.  Біз  жаңа  ғасырға,  жаңа  мыңжылдыққа 

өркениетті ұлт ретінде, тарих сахынасына егеменді ел ретінде ендік. 

Әлемдік  қауымдастықтың  көшіне  жеке  керуен  болып  қосылдық. 

Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей 

Елтаңбамызды,  желбіреген  көк  байрағымызды  көргенде,  әуелеген 

Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір азаматтың асқақ сезім 

билейді.

Хош,  еліміз  тәуелсіздік  алғалы  жеткен  жетістіктеріміз  бен  қол 

жеткізген  табыстарымызға,  бағындырған  биік  шыңдарымызға  көз 

жібертіп көрейікші.

Қазақстанның  тәуелсіздігін  алғашқылардың  бірі  болып  Түркия, 

Америка  Құрама  Штаттары,  Қытай  Халық  Республикасы,  Герма-

ния,  Пәкстан  мемлекеттері  мойындады.  Қазіргі  күнде  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсізідігін  әлем  мемлекеттерінің  барлығы 

дерліктей танып отыр. Бұл да бір үлкен жетістік.

1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді 

ұйым- Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Қазір Нью – Йорктегі 

БҰҰ-ның  зәулім  ғиамаратының  алдындағы  салатанатты  алаңында 

әлем мемелекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес 

көк туы желбіреп тұрғанын ескермей кетуге болмайды. Қазақстанның 

1992 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше болуы, ал 2010 жылы бұл ұйымға төрағалық 

болып  сайлануы  және  дәл  осы  жылы  Астанада  аталмыш  ұйымның 

саммитінің ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші өткізіп отырған 

мемлекет  болғандығы  –  біздің  еліміздің  беделінің  жоғарылай 

түскендігінің айқын көрінісі. «Азияда-2011» спорттық ойындарының 

өткізілуі Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Бұл ойындарда қазақ 

спортшылары биік нәтижелерге қол жеткізді.

Әлемдегі  126  мемлекеттің  ішінен  ЭКСПО-2017  көрмесін 

ұйымдастыруды  жеңіп  алу  –  еліміз  үшін,  Отанымыздың  әлемдегі 

беделін одан әрі бір сатыға жоғарылатты. 

Міне,  жеткен  жетістіктеріміздің  біршамасын  сараладық.  Мұның 

бәрі  алаш  асылдарының  осындай  сан  ғасырлық  армандарын  іске 

асырып  дербес  мемлекет  құрған  елі  сүйген,  елін  сүйген  Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың  кемеңгерлік  пен  ұйымдастыра  білуі  және  сан  түрлі 

ұлт өкілдерінен құралған қазақ халқын біртұтас ауызбіршілікте ұстай 

білуінде.



569

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Қазақстан  таңғажайып  табиғатымен,  аспан  тілдескен  мұзарт 

шыңдарымен,  тұңғиығы  тұнжыраған  жұмбақ  көлдерімен,  ақ  жол 

толқындары асау арғымақтай көкке шапшыған шалқар теңізімен, күні 

от шашқан шөлейтті және арналы өзен, ну орманымен әсем де әдемі.

Қазақ  даласы  дархан,  топырағы  қасиетті,  қойнауы  қазыналы. 

Осындай  көркем  табиғатымен  де  әлем  өкілдерін  таңғалдырудан 

жалыққан  емес.  Асты  мұнайға,  үсті  бидайға  толы  байтақ  Қазақстан 

–  әлемдік  алпауыт  елдермен  иық  тіресе  алатын  үздік  20  елдің 

қатарына кіру мақсатын көздеген жетекші мемлекеттің бірі. Байтақ 

ел, күн сәулелі Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолында келе жа-

тыр.  Осындай  болашақтың  жарқын  боларына  сенген,  сол  үшін  алға 

ұмтылыс үстінде жүрген мәңгілік ел болуды мақсат тұтқан Қазақстан 

біздің мақтанышымыз. 

Шығармамды аяқтамас бұрын Елбасының мына сөздерін айтқым 

келеді:  «Тағлымы  мол  тарихымызбен,  ұлы  тәлімімізбен  біз  алдағы 

асулардан алқынбай асамыз. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді 

«Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «ал-

тын  ғасыры»боларына  сенемін,  мәңгілік  ел  болу  жолындағы  ұлы 

істеріміз жаңа дәуірірлерге жол ашсын.» 

Мен  –  қазақпын!  Қазақ  болып  туғаныма  мақтанам.  Себебі  мен 

татулық  пен  достықтың,  ерлік  пен  елдіктің  мекенінде  тұрып  жа-

тырмын. Өзіміз ғана емес, өзгелер де тамсана қарайтын, ырысы мен 

ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан қазақ елінің бақыты баянды 

болғай! 

Қазақтың мәңгілік ғұмыры біздің мәңгілік болашағымызды баян-

ды етуге арналады. Дамуы жедел, келешегі кемел Қазақстанның елдігі 

мәңгілік болатынына сенемін.



Тленшин Даулетияр

7 сынып, №29 орта мектеп

Шымкент қаласы

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде 

төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 

Рәміздерін  жасау  бүкіл  халықтық  сипат  алып  көптің  ісіне  айна-

луы  да  кездейсоқ  емес.  Халық  жүрегін  желпіген  еркіндік  самалы 


570

Казахстан, армия, патриотизм

ғажайып  шағармашылық  белсенділікке  жол  ашты.  Елбасымыз  жаңа 

мемлекеттік  рәміздерді  қабылдауға  зор  мән  берді.  Егеменді  елдің 

әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. 

Қазақстан республикасының рәміздері – ту, елтаңба және әнұранының 

сипаттамалары  және  ресми  пайдаланылу  тәртібі  конституциялық 

«Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  рәміздер  туралы» 

заңмен белгіленді. Алайда Қазақстан Республикасы рәміздерінің та-

рихы  1996  жылғы  24  қаңтарда  қабылданып,  қазіргі  уақытта  күші 

жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының 

нышандары  туралы»  Конституциялық  заңынан  басталды.  Алайда 

терминнің  дұрыс  пайдаланылуына  байланысты  2007  жылғы  21  ма-

мырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауы-

стырылды.  «Рәміз»  деген  сөз  грек  тілінде  «символ»  деп  аталынады. 

Дүниежүзіндегі мемлекеттің ресми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді – 

мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран.

 Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері 

–  Шәкен  Ниязбеков.  Ол  Қазақстандағы  дизайнерлік  өнердің  негізін 

салушылардың бірі. 

Жалауды  айқындайтын  элементтерінің  бірі  оның  түсі.  Көк 

түстің  таңдалуы  кездейсоқ  емес.  Ол  адалдықтың,  мінсіздіктің, 

және сенімділіктің белгісі. Бірлік пен бірге көк түс барлық елдердің 

тыныштығы  мен  ырысын  білдіретін  бұлтсыз  аспанды  еске  сала-

ды. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табыла-

ды.  Өйткені  көшпенді  қазақтар  үшін  табиғат  мекендеу  ортасы  ғана 

емес,  сонымен  қатар  өмірлеріндегі  ажырамас  бөлігі  болатын.  «Көк» 

сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда «шығыс» мағынасын беріп, 

осылай  тудың  түсі  географиялық  ақпараттың  тасушысы  ретінде  де 

қолданылады.  Геральдистердің  сөзіне  сүйенетін  болсақ,  Қазақстан 

жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі бо-

латынын білдіреді. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  –  ортасында 

шұғылалы  күн,  оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран  бейнеленген 

тік  бұрышты  көгілдір  түсті  мата.  Тудың  сабының  тұсында  ұлттық 

өрнек  тік  жолақ  түрінде  нақышталған.  Туымыздағы  күн  бейнесі 

–  шекарамыздың  бұзылмайтындығын  бейнелейді.  Шексіз  далада 

ұшқан  қыран,  ою-өрнек  –  еліміздің  ұлттық  жиынтық  белгісі.  Күн, 

оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.


571

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

 Бүгінгі елтаңба – Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уалиханов 

секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің 

жемісі. Мемлекеттің елтаңбасыз дөңгелек нысанды. Дөңгелек, шығыс 

қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің 

белгісі.  Ортасында  шаңырақ  бейнеленген.  Шаңырақ  –  отбасы 

амандығы,  бейбітшілігі  және  ашық  аспанды  білдіреді.  Шаңырақты 

айнала  күн  сәулесіндей  тарап  уықтар  шаншылған.  Олар  өмір  мен 

жылудың  белгісі.  Оң  жағы  мен  сол  жағында  аңыздардағы  қанатты 

пырақтар бейнесі орналастырылып жауға қарсы күресте арыстанның 

үрейсіздігін  маралдың  жылдамдығын,  түлкінің  қулығын  білдіреді. 

Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық 

ырыстың белгісі. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық 

арсында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – 

халық  жүрегінің  соғуы,  армандардың  қорытпасы  болып  табылады. 

Әнұранның  авторлары:  Шәмші  Қалдаяқов,  Жұмекен  Нәжімеденов 

және еліміздің Президенті Н. Назарбаев. 

Әрбір  мемлекет  үшін  отаншылдық  рухта  тәрбие  беру  әрбір 

азаматтың  мемлекетімізге,  оның  даңқты  да  қиын  тарихына, 

алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-

мұқтаждарын  ойлануынан  басталады.  Елбасымыз  әрбір  адам  бол-

са кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені 

сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына 

сіңіріп өсетіндей еткен жөн дейді. Мемлекеттің рәміздері құрметтеу – 

елді, халықты, тарихты әдет-ғұрыпты, салт дәстүрді қастерлеу болып 

табылады.

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым. Кез келген ел 

тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. 

Жас мемлекеттің Астанасында және бүкіл Республика аумағында елдің 

елдігін  танытатын,  отаншылыдқ  пен  патриоттық  рухты  оятатын, 

әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде 

көрініс  тауып  отыр.  Мемлекеттік  рәміздердің  зор  тәрбиелік  мән, 

мағынасы  бар.  Оған  мысал,  Олимпиадада  спортшыларымыз  жеңіске 

жеткен  кездегі  еліміздің  көк  байрағының  желбіреуі  әнұранымыз 

шырқалды. Міне, осының бәрі Қазақстанның әрбір азаматы үшін зор 

мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.


572

Казахстан, армия, патриотизм

Төлеген Ұлбала

9 сынып, «Қоғам» орта мектеп Отырар ауданы, Қоғам ауылы 

Жетекшісі: Қазақбаева А.

Жырақта

Ауыл  өмірі.  Ауыл  таңы.  Ауыл  үні.  Бұл  қастерлі  атаулар  бір-

брімен біте қайнасқан ұғымдар. Ауыл өмірінің қоңырқай тіршілігін, 

ауыл  адамдарының  арман  қиялын  тек  қана  ауыл  баласы  жан 

жүрегімен ұғына алады, барша түйсігімен түсіне біледі.

Менің өлкем қашан да күн нұры азаймаған шуақты Оңтүстік, 

тарих  қойнауынан  үнсіз  ғана  сыр  шертетін  ұлы  Отырар  дала-

сы.  Ғылымның  сан  саласында  өшпестей  қолтаңбасын  қалдырған, 

әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабиді, қазақтың 

қара күшін дүниежүзіне танытқан алып Қажымұқанды,құлағында 

күй,көмейінде саз ойнаған композитор Шәмші Қалдаяқовты,барша 

түркі елдерінің ақыны Мұхтар Шахановтарды туғызған топырақтан 

болу  мен  үшін  үлкен  бақыт.  Құдды  олардың  дараланып,елінің 

елеулілері  болғанында  менің  де  бір  еңбегім  бардай  кеудемде 

мақтаныш, келбетімде қуаныш тұрады. Мұндай асқақ сезімдердің 

көкірегімде ұялауы өз туған жеріммен мақтану болар.

Адам  баласы  түрлі  себептермен  жер  шарын  шарлап  кетсе  де 

түбінде  өскен  ортасын  аңсап  қайта  оралатыны  тарихтан  айқын. 

Өйткені ол – туған жері! Қазақ халқының көп бөлігі ауылда тұрады 

ғой. Біздің халықта елінің тұтқасы болған талай марғасқалар ауыл-

дан шығып отырған. Менің мекенім –Мыңшұңқыр ауылы. Қазір сол 

ауылымды сұмдық сағынып жүрмін. Өзі Мыңшұңқыр десе дегендей-

ақ.  Оның  да  өз  артықшылықтары  бар,қазіргідей  қалаларға  айна-

лып бара жатқан поселкілердей қысылысу жоқ, ауыл іші кең үйлер 

дөңде  орналасады.  Олай  болса  онда  оның  сайында  шарбағы,  жа-

нында  гектармен  есептелетін  әжептәуір  егін  алқабы  және  үй  ал-

дында үлкен бір қорасы бар. Біздің ауылда бас-аяғы сексен шақты 

үйлер  бар.  Олар  бір-бірінен  алыстау  қоныс  тепкен.  Өзіміздің 

көзіміз үйренген, алайда сырттан біреу келе қалып, «көршіміз әне 

тұрған  үй»  деп  сайдағы  немесе  қырдағы  үйлерді  көрсете  қойсаң, 

қылжаққа басып, «тиіп тұр екен» деп күледі. Көршілердің үй арасы 

алшақ болса да жандары жақын, қуанышы мен қайғысы ортақ.

Алайда бұлай ойлауым өзімді сағыныштан жұбатуға арналған 

арзан сылтаулар ғана екен. Тып-тыныш қана тірлік етіп отырған 



573

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

ауылда  біреудің  үйіне  келін  түсе  қалса  немесе  қыз  ұзатылса 

артынып-тартынып,қолындағы барын алып, құтты болсын айты-

сып жетіп барады.Қаншама уақыт ауыл іші азан да қазан шаттыққа 

тола  қалады.  Ал  арыстандай  ақыратын  дауылын  айтсақ  ауыл 

тұрғындары  оған  үйренген.  Тіпті,  алдын  ала  болжап  та  қойып, 

қамын  жасайды.  Ол  күндері  барша  отбасы  мүшелері  үйде  болып, 

әр  кеш  сайын  дастархан  басында  өзара  рухани  әңгімелері  баста-

лады.  Әбден  жерді  құрғатып  тастаған  бұл  желден  соң,  батпағын 

былшылдатып  аспан  нөсерлетсе  шаң  басылып,  ауа  тазарып,  жер 

дүние  шомылып  алғандай  күй  кешеді.  Бір  ғаламаты  жаңбыры  да 

жылы. Салқын мезгілдерде өзге облыстарды сарышұнақ аяз аямай 

жатқанда, біз мұнда бас киімнің не екенін білмей өсіп келеміз.

Қазір  көз  алдыма  мынадай  сәт  көрініс  беріп  отыр.  Үй  ішінде 

кешкі  ас  ішіліп,  қазан-табақ  жайғалып,  әркім  өз  ісімен  бола 

бастағанда  тысқа  шыға  қалсаң  шығыстан  қарсы  алдыңнан 

толықсыған әсем ай түседі. Жер дүние ала көлеңкеленіп, тап-таза, 

өзіне ғана тән ауыл иісі танауыңды қытықтайды. Жан-жағыңа көз 

салып,жұпар ауамен кеудеңді кере тыныстайсың. Дархан далаңда 

өзіңді еркін, кең сезінесің. Сонан соң айға қарама-қарсы отырғышқа 

жайғасып,  терең  ойларға  батасың.  Дүниенің  ана  тұсы  мен  мына 

тұсын шарлап қайтасың. Арман мен қиялдың тәтті дүниесіне ене 

кетесің.

Әншейінде  назар  салмайтын  туған  жерімдегі  алтынға 

айырбастағысыз  сәттер  жырақта  жүргенде  сезіліп  жатады  екен. 

Пәленше келіпті десе жүзі күндей нұрланып,сол мезетте-ақ үйіңе 

жетіп келіп, құшақ жая амандасып,әй - шайғаға қарамастан қонақ 

етуге ерте кететін мейірімді, ақкөңіл, адал еңбек пен адамгершілікті 

ту  еткен  ауыл  халқын  сағындым!  Қызғылт  сәулесін  шашыратып 

ататын ауылымның ақ таңы мен күні бойы тіршілігімізге куә бо-

лып,  бізді  қимағандай  мұңайып,  қызарып  бататын  ауылымның 

ала кешін сағындым! Бір төмпешігіне шыға қалсаң қыр мен ойы-

сы  арасындағы  ойдақ-сойдақ  қара  жолдарын  сағындым!  Ұлттық 

тәрбиені  барлық  қасиетімен  бойыма  сіңіріп,  опалы  ұл  мен  қыз 

болуға  өз-өзінен  талпындыратын  туған  ауылымды  сағындым! 

Бүкіл Қазақстанды ауылым арқылы сүйемін. Ауылымның мерейін 

үстем ету үшін Қазақстаныма қызмет ететінім анық. Өйткені мен – 

ауылдың перзентімін!



574


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет