Казахстан, армия, патриотизм
ұлы ойшыл. Ахмет Байтұрсыновтың ақын, көсөмсөз шебері, ғалым,
қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі , тартқан қорлық,
көрген азабы, болашаққа деген үміт-арманы-баршасы ұлы міндетті
орындауға, туған халқы үшін қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Кеңес империясы кезінде Ахмет Байтұрсынов есімін атаудың өзі
қылмыс саналса еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз
өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр. Тау сілеміндей мол
мұра болып оқырман қолына тие бастады. Баспалар ақын, ғалым
зерттеушінің біртомдық, көптомдық шығармаларын басып шығарды.
Қазақстан өкіметінің арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың
әр жерлерінде шаруашылықтарға мектептерге көшелерге және
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі инстутына
Ахмет Байтұрсынов есімі берілді.
Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды, халқының
бостандығы тәуелсіздігі еркіндігі үшін тар заманда жан аямай
күрескен ұлы азамат Ахмет Байтұрсынов ұлт күрескерлерінің сапына
келіп қосылды.
Журсынбай Зияда
11 сынып, Созақорта мектеп Созақ ауданы, Созақ ауылы
Жетекшісі: Нұрбекова Г.
Мен – ұлттық бояуы сіңген елімнің перзентімін
Қызық... Бұл жолы жан дүниемді белгісіз ойлар арбап, жүрегімнің
дүрсілі әлденені сезгендей ме? Бұрындары ойыма келген әр нәрсені
ақ қағазға түсірудің өзі мен үшін бір ләззат болса, ал бүгінгі сезім одан
да күштірек, одан да беймәлім болады- ау. Кеудемдегі жүрек дүрсіліне
құлақ салсам «жаза түс және тағы жаз» дегендей үн қататын секілді.
Осы үнмен жалғасқан ойды мына параққа түсірмесем сірә, мұным
тағы әбестікке жатар.
... Анам тілі – қазақ тілім. Сен менің жүрегімнің бөлшегісің,
бөлінбейсің. Сен маған ана сүтімен дарып, бірде бойымды да, бірде
ойымды да, ал бірде жан дүниемді жандандыруға өз септігіңді
тигіздің. Алғаш анамның бауырынан шыққан сәттен бастап- ақ сенің
тынысыңмен күн кештім, сен арқылы тіршіліктің тіліне түсінісіп, тіл
қаттым, анашымның әлдиін естіп, әлдимен өсіп жетілдім. Сен маған
жарық дүниенің жанарына қадам тастаған кезден бастап, ерекше
525
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
ыстық, ерекше қымбат қазына болып табылдың. Мен сенің әліге дейін
перзентіңмін. Сенің алдыңдағы борышымды қай жағынан өтемек бол-
сам да өтелмесіне сенімдімін. Өйткені мен саған бәрібір қарыздармын,
ал сені қорғау мына менің парызым. Анамды ренжітуден қорықпадым,
өйткені ол кісі менің қателігімді түзеп, жол сілтеп, ақылымен мені
кешіп, өмірдің қиынынан сүрінбеуге үйретті. Бірақ та мен тек қана сені
ренжітуден сескенемін. Өйткені, сені ренжітсем бәрін қайта бастай ал-
мас едім. Саған титтей де жауыздық жасау менің қолымнан келмес те
еді. Себебі, сенің алдыңдағы сенің азаттығың үшін күрескен қаншама
жанның қаны мен көз жасы сені ренжітуге жібермес те еді.
Тіл, тарих, дін, мәдениет тұрғанда қай елдің болмасын өзіндік
ерекшелігі мен ұлттық құндылығы болады. Сондай құндылықтарымыз:
әуені көркем, сөзі үстем – Әнұран, мағынасы терең, суреті көркем –
Елтаңба, қалқыған қыраны бар шалқыған байрақ – көк Ту. Міне, осы
үш-ақ нәрсе біздердің ең басты рухани қазынамыз болмай ма? Егер
бұлар болмаса мемлекеттің аты шықпайды да. Көк аспанның бұлтсыз
бейнесінде емін-еркін қалықтаған қыранның суреті, шетіне көрік бер-
ген қазақилықтың көрінісі –ою-өрнектің бейнеленген бейнесі, сары
түсті шапағатын шартарапқа шашқан алтын күннің шуағы айтпасақ
та біздерге ұлттық тәлімнің бастамасы болып табылмай ма? Күннің
бейнесін көріп-ақ бейбіт өмірдің болашақ ұрпағы болғанымызға,
болашақта сол бейбіт тұрмысты жандандыру туралы ойлағанда шыны
керек ерекше бақытқа кенеліп, қай-қайсымыздың болсақ та жүрегіміз
дуылдап кете барары анық. Ту дегенде тұғыры еске түсетін еліміздің
еңсесін биіктен көтертетін осы байрақтың өзі емес пе? Байқайсыз ба,
жүлделі жарыстарда әлем туларының ішінен біздің көк туымыз үстем
тұрса қандай бақытты күйде боласыз? Тіптен бақытыңыз сізге ерекше
қуат беріп, бір үлкен мақтанышпен жүретініңіз де ақиқат қой. Әсіресе,
теледидардан туымыздың ең жоғары дәрежеде көтерілгенін көріп
отырып, өзге емес өзім сол жарыста болып қайтқандай күй кешемін.
Меніңше, осының өзінен-ақ мен өз ұлтымның болашағы Аллаһ
бұйыртса, бұдан да биіктерден көрінеді дегенге сенемін!
Әнұраным – мақтанышым. Өйткені сол мәтіндердің ішінен өз ба-
сым айтып тұрып бар қазақтың тынысын көріп, барлық тіршілік ата-
уымен танысқандай күй кешемін. Әр мәтіннің мағынасы үстем, айтар
ойы өзге. Әнұранды айтып тұрып-ақ «мен қазақтың патриотымын!»
деп бар дауыспен бітіргім келеді.
Ал Елтаңбаға келгенде, оның орны тым бөлек қой. Онда бейне-
ленген екі пырақтың бейнесі, қара шаңырақтың көрінісі, ондағы
526
Казахстан, армия, патриотизм
дәл ортада жарқыраған жұлдыздың бейнесі кімді де болмасын өзіне
елітірері хақ. Бұл Елтаңбадан түйерім, қазағымды әсемдік пен еңсесі
биік ел екенін, жұлдызы жарық тату шаңырақ екендігін бір көргеннен
түсіндірер осы деп түйемін.
Қанша қайнап тасыса да берекесі бұзылмаған, ар-ожданын,
қанын төксе де таптатпаған, қаншама ұлт өкілдерін бір шаңырақта
тату ұстап, елімізді жандандырған, әр сөзімен нұр игілік істердің ба-
стамасы жасаған, осы елдің басшысы ғана емес үлкен әкесі атанып
отырған президентімізді шығармама жазбай кетсем, бұл тағы күнә
болар. Өйткені, біздің осылай еркін күліп, терең біліп, ғажап өмірде
бейбіт кешуіміздің өзі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірден-
бір септігі ғой. Елім деп еміренген әр азамат өз басшымыздан, мықты
саясаткер ағамыздан, құрметті азаматымыздан үлгі алып жатса, бұл
жақсылықтың жаршысы емес пе? Отанына адал ұл болып, еліне ақылы
арқылы тамсандырған қыз балалар өсіп жатса, еліміздің әл- ауқаты,
қарым-жігері, экономикасы мәңгі биікте тұрады. Болашақта еліміз
үшін күресер, Отанымызға қызмет етер, келешегі айқын, дәрежесі
үстем жұртымыздың жолын ақ қылып арманына, діттеген мақсатына
жеткізу жас ұрпақ, мына біздердің парызымыз.
Казанфарова Минара
11 сынып, С. Рахимов атындағы орта мектеп Сайрам ауданы
Манкент ауылы
Жетекшісі: Давлетова Д.
Білімнің қайнар көзі мектеп дегенді сонау «Кел, балалар,
оқылық!»- деп ұран салып, далада шапқылаған жастың бәрін оқуға
шақырған Ыбырай Алтынсарин атамыздың өшпес өнегесінен жақсы
білеміз.
Мектеп – білім ордасы. Мектебім генерал-майор Сабыр Рахимов
есімімен аталады. Әрине, бұл есімді естіген кісі «Бұл- қазақтан шыққан
тұңғыш генерал ғой» дегенді есіне алады.
Жалпы генерал жайында тоқталатын болсам, Сабыр Рахимов –
Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Қазақстан мен Орталық Азия-
дан шыққан тұңғыш генерал.
Сабыр Омарұлы Рахимов 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы Көкбел ауылында дүниеге келіп, 1945 жылы 25 на-
урызда Польша, Данциг (қазіргі Гданск қаласы) қаласы маңындағы
527
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
қанды-қырған шайқаста қаза болды. Сүйегі Ташкенттегі бауырластар
зиратына жерленген. Ол – әскери қайраткер, генерал-майор. Әкесі ерте
қайтыс болып, жас қалған Рахимовты шешесі (өзбек қызы Бахарайым)
Өзбекстанға алып кеткен. 1922 жылы әскер қатарына шақырылған.
Бакудегі әскери училищені бітірісімен, Самарқанд қаласындағы атты
әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болды. 1941 жылға
дейін түрлі әскери мекемелерде қызмет істеді. Соғыс басталғанда полк,
кейін дивизия қолбасшысы болды. 1941 жылы шілдеде жау қоршауын
бұзып шыққандағы батылдығы үшін 2-рет Қызыл Ту орденімен ма-
рапатталып, полковник шенін алды. Оның дивизиясы Дондағы Ро-
стовта, Кавказда ұрыс жүргізді. 1943 жылы Мәскеудегі Бас штаб ака-
демиясына оқуға жіберілді. Академияны бітірген соң Белоруссияны,
Польшаны азат етуге қатысты. Рахимов Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл
жұлдыз , 2-дәрежелі Суворов, Кутузов ордендерімен, медальдармен
марапатталған.Сабыр Рахимовқа 1965 жылы 6 мамырда КСРО Жоғары
Кеңесі Президумының Қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен
ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Әскери қолбасшылар генерал Рахимов туралы: «Инабатты да
ұстамды, тактикалық бiлiмдi, тәртiптi офицер. Шешiмдi де iзденгiш,
ойы терең, қайсарлығы мен жүректiлiгiнен бiз алатын үлгi ұшан-
теңiз»,-деп естелік қалдырыпты. Ия, Сабыр атамыз әлсізге медет,
күштіге айбар, шарасызға қол, амалсызға жол беретін ержүрек,
көреген қолбасшы болды.
Елімізде генерал Сабыр Рахимов есімімен аталатын көше, мек-
тептер, әскери-училищелер бар. Генералдың асқан ерлігін өте жоғары
бағалаған Польша республикасы бір траулерін генерал Рахимов
есімімен атап, суға түсірген. Ал қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан
облысы Шымкент қаласында Тәуке хан көшесінің бойында Жеңіс
саябағында генерал Сабыр Рахимовтың еңселі ескерткіші бой түзеді.
Сонымен қатар, 2012 жылы мамыр айының 8 жұлдызында мен білім
алып отырған мектепте С.Рахимовтың 110 жылдығын кеңінен тойла-
нып өтілді. Осы мерекеде мектепке генерал-майор Сабыр Рахимовтың
бюсті орнатылды.
Мектебіміз генерал атына лайықты, дамыған заманға сай тұлға
қалыптастыратын нұрлы шуақ келешек азаматын жетілдіретін
құзіретті орта. Ал ұстаздарымыз сол ортаның қозғаушы күші. Ұстаз
сөзіне лайықты болу- заман талбына сай жаңашыл, ізденімпаз,
шығармашыл, әрі өз мамандығын шексіз деген сөз. «Ұстазы
жақысының ұстамы жақсы»- деген сөз бар. Баршамызға белгілі
528
Казахстан, армия, патриотизм
болғандай, ХХ ғасыр технологиялар ғасыры болса, ХХІ ғасыр интел-
лектулды ғасыр болып отыр. Интеллектісі жоғары адамның білім-
парасаты, таным-тағылымы, түсінігі кез келген сыртқы ықпалға
орнықты тұра алады. Осындай мәдени құндылықтарды бойымызға
дарыту үшін мектебіміздің жаңашыл, тәжірибелі ұстаздары аянбай
еңбек етуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың таяуда
халықымызға жолдаған жолдауында мектеп түлектеріне мол сенім
артып, 3 тілді меңгерген интеллектуалды оқушылардың сындарлы
ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игер-
ген болуы тиіс екендігін мәлімдеді. Осы жолдауға қолдау көрсете
отырып, мектебімізде оқушының интеллектуалдық белсенділіктің
жоғары деңгейіне шығуға шабыттандыратын, жаңаны түсіне
білуге деген құштарлығын оятуға бағытталған «7х7» білгірлердің
интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып отырылады. Бұл ойын-
да топ мүшелері өзін-өзі дамыта отырып, түйткіл мәселені шешудің
ең тиімді жолдарын табуға ұмтылады. Бұл шара мектебіміздің білім
дәрежесінің көтерілуіне игі ықпал жасауы сөзсіз.
Өмірге тек тәрбиелі әрі білімді жастар ғана емес, ең алдымен дені
сау ұрпақ қажет. Дені сау бала – ең жоғарғы әлеуметтік құндылық.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектебімізде
түрлі спорттық байқаулар, жарыстар ұйымдастырылып отырыла-
ды. Теннис, валейбол, баскетбол, дойбы үйірмелері үздіксіз жұмыс
жүргізуде. Оқушылардың да белсенділігі жоғары деңгейде. Жас спорт-
шыларымыз аудандық футбол, валейбол жарыстарында жүлделі І, ІІ
орындарға иеленіп келеді. Ал 10- сынып оқушысы таэквандо бойын-
ша Азия чемпионаттарына қатысып, талай рет жүлдені қолқалады.
Бұл мектебіміздің атағын одан әрі асқақтатты.
Мектебіміздегі ән-күй үйірмесінің мүшелері «Гүлдер» биші
қыздары өткізілетін әр іс- шараның көркі десем, қате болмас. Мың
бұралған сұлу қыздарымыз өз өнерімен мерекелік шараларда көптің
көңілін тәнті етеді.
Генерал-майор Сабыр Рахимовтың 110 жылдық мерейтойы
мектебімізде ерекше тойланды. Облыс көлемінде өткен өткізілген бұл
салтанатты жиында өте көп қонақтар болды. Оқушылар тамылжыта
ән айтып, күмбірлете күй төкті, сахналық қойылымдар көрсетті. Кел-
ген қонақтарды генерал-майордың асқан ерліктері, майдандағы әккі
офицер екендігін дәлелдейтін көріністер қатты тебірентті. 11 сынып
529
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
оқушылары жаттаған өлеңді естіген кезде жылтылдап жанарына жас
үйірілді, жүректер лүпілдеді.
Аяусыз ғой қу соғыстың ызғары,
Талай жүрек сұм соғыста мұздады.
Ерлігіңді есте сақтап Ел іші
Ұмытпайды бейбіт күннің ұлдары.
Әбден риза болған қонақтар жаңа ашылған Сабыр Рахимов
бюсті қасына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұл шара көпке
шейін шәкірттердің жүрегінде қалып, генералдың есімімен аталған
мектептің оқушысы екендерін мақтаныш етті.
Жаза берсем, жүрегі нәзік, бір бойынан ерлік те өрлік те табылатын
генерал- майор Сабыр Рахимов есімімен атлатын менің мектебімнің
жетістіктері ұшан-теңіз. Ұстаздары ақ жүзді,абыройлы, жаңашыл әрі
тәжірибелі. Олардың нәтижелі еңбегі шәкірттер жетістігінен көрініп
тұр. Біз, оқушылар, келешекте Отанымызға, туған жерімізге мол пайда
келтіретін, озық ойлы азамат болып, белгілі бір мамандықтың шебері
болуды мақсат еткенбіз. Осындай салмақты жауапкершіліктің ішінде
біздің нақты үлесіміз әрі міндетіміз – терең білім алып, шынайы
шығармашылық қабілеті қалыптасқан, интеллектуалды шәкірт болу.
Қаратай Айдана
11 сынып, Қ.Әбдәлиев атындағы орта мектеп Шымкент қаласы
Бірлігі жарасқан қасиетті мекенім
Қазақ елі – Еуразияның жүрегінде орналасқан, тарихы бай үлкен
мемлекет. Қазақ халқы жүзі жайдарлы, пейілі кең, қонақжай халық
екені бүкіл әлем жұртшылығы үшін аян шығар. Барша халыққа тари-
хымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де, салт-дәстүрімен де үлгі бо-
латын тұғыры биік алып мемлекет. Қазақ жерінде туып-өскен әрбір
қазақ баласы – біреуде болса біреуде болмайтын үлкен бақыт иесі.
Құс ұясыз болмайтын сияқты, адам отанынсыз болмайды. Каспий
теңізінен Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қасиетті өлке – қазақ
жері. Қазақ елі десе, ең алдымен, бірлігі жарасқан халқы, шалқыған
көк теңіздей жайлауы, түтіні бұрқыраған ауыл көрінісі, бағында
бұлбұл құсы сайраған, көгінде қыран құсы самғаған, көлінде аққу
530
Казахстан, армия, патриотизм
құсы қиқулаған бақыт мекені елестейді. Қазақ елі – бүкіл әлемге
үлгі болатын мемлекет. Қарап отырсақ, қазақ елінің мәдениеті, салт-
дәстүрі де өзгеше. Адамды адал жолға жетелейтін, ақ пен қараны
ажыратуға, қараңғылық уақытта күндей жарқ етіп, үнемі тура жол-
да жүруімізге басты бағыт, бағдар беретін салт-дәстүріміз- қазақ да-
ласында туған ата-бабаларымыздың бізге ана сүті арқылы берген
үлкен тәрбиесі, ата-бабаларымыздан келе жатқан мәдениеті. Бұлбұл
құсының даусымен барабар әнші апаларымыздың ерекше даусы,
қос ішекті аспаптың қоңыр сазды үні - қазақ даласына тән ерек-
ше құбылыс. Мен қазақ елінде, қазақ жерінде туғаныма қуанамын.
Дана да дара халқымның ұрпағы болу – мен үшін нағыз бақыт. Ке-
лешек қазақ жастары қазақ екенін әрқашан мақтан тұтады. Себебі,
біз – тарихы мен тұғыры биік Қазақстан дейтін алып мемлекеттің
ұрпағымыз!
Бүгінде міне, тәуелсіздіктің нұрлы таңы атты. Тәуелсіздік алып,
еліміз ірге тасын калап, егеменді ел болдық. Арқамызды кеңге жай-
ып, бақытты елге айналдық. Көк туы көкте желбіреген, ынтымағы
мен бірлігі жарасқан, көп ұлт өкілдері баянды ғұмыр кешуде. Барша
ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді
кем деп көрмеген. Татулық пен достықты серік еткен. Тәуелсіздік
алу жолында есімі ерекше аталатын тұлға Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіз
ел болып, басшысы ретінде осы Н.Ә.Назарбаев атамызға үлкен сенім
артып, міндет жүктеді. Елімізді өркендету, еліміздің болашағын
айқындату – бұл кісінің басты арманы, басты бағыты болды.
Н.Ә.Назарбаев – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытыр-
маны жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегендігімен са-
ралап, болжай білетін азамат. Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген саясаты
бойынша елдің экономикасы жақсарып, өзге де саладағы тың жоба-
лар жүзеге асырылып, қарқынды дамыды. Бұл игі істер көзі ашық,
көкірегі ояу азаматтың елі үшін жасаған, көшбасшы бола білген ұлы
тұлғаның ұлы ісі.
Еліміз әлемдік деңгейге көтеріліп, дамыған елу елдің
қатарына қосылдық. Н.Ә.Назарбаев жасаған «Қазақстан-2030»
стратегиялық жоспары елдің экономикасын көтеріп, қазақ елінің
қарқынды дамуына үлкен септігін тигізді. Бұл жоба тәуелсіз
елімнің сол кезеңде болашағын айқындап, ілгері жылжытты.
«Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарында көрсетілген міндеттер
мен тың жобалардың мезгілінен бұрын аяқталуының өзі қазақ елінің
еңбексүйгіш, соның ішінде көшбасшының даналығын көрсететін
531
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
ғажайып көрініс болды.Ендігі кезекте елімнің дамуын қарқынды
үдететін ел басшының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты жоспары. Бұл жоспар бойынша дамыған отыз ел
қатарына қосылу – басты нысанада. Жасалынып жатқан бұл жо-
балар, бұл идеялар – ұлт қамқоршысы ретінде жасаған игі істер.
Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-2050» стратегиялық бағытын жүзеге
асыруда бізге, қазақ халқына, айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен
алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің
сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта. Бейбіт күндегі
белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең ал-
дымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз
бір атаның қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз
біреу- ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана От-
анымыз бар ол-тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп,тәуелсіз
елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» стра-
тегиясы – осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар
сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан
басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына
кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және
жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз
«Мәңгілік ел» боламыз»- дейді осы жолдауында. Ия, ата-бабамның
бізге тарту еткен сыйын өз уысымыздан шығармай, елдің ертеңін
жақсартатын біз-мына жастар. Елбасы айтып өткендей бірлік бар
жерде еліміз «Мәңгілік ел» болмақ. Ел ағаларының үмітін, кейінгі
ұрпақ ақтай білейік!
Осындай бірлігі жарасқан елде туған әрбір қазақ баласы қандай
бақытты десеңші? Тарихымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де бүкіл
әлемге үлгі болатын бақытты ел. Бақыт құсы қонған, көгінде көк туы
желбіреген бақыт мекені. Алдыңғы буын ағаларымыздың ақ үмітін
міндетті түрде біз, жастар, ақтаймыз! Біз көздеген мақсатымызға
міндетті түрде жетеміз! Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер
тәуелсіздігіміз баянды болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын!
532
Казахстан, армия, патриотизм
Қаспақбайтегі Әйгерім
11 сынып, Кемелұлы атындағы орта мектебі Созақ ауданы,
Жартытөбе ауылы
Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер –
ел рәміздері
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл
болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байла-
ныс мұратын білдіретін белгі. 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған
мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде
жатыр. Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас
бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз
Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан
тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!
...Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек
кездеседі десек те, артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды
аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!»-деп тебіренді.
Нұрға малынған күн оның аясында еркін қанат қаққан дала қыраны
және қазақы оюдан жасалған тік жолақ тудың шымқай зерен көк түсіне
көлеңке түсіріп тұрмағандығын да айтқан жөн. олардың бәрі бірдей ал-
тынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемі зерленген. Өзара әсем
үйлеседі.
Халқымыздың талантты ұлдарының бірі – Шәкен Оңласынұлы Ни-
язбеков ұсынған жоба. Негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз,
тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай!
Мемлекеттік елтаңба Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман
Уәлихановтың ой-қиялы, маңдай терімен дүниеге келген. Елтаңба
толық шеңберге сыйып тұр. Әрі мән-мағынасы да тереңде жатыр.
Тіршілік, шексіз өмір нышаны. Шынайы шеберлікпен шендестірілген
түндігі – аспан күмбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе,
уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады.
Қисынын тауып, керегелердіңкөрінісін де бере алған. Әр бөлшегі
әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар
тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп,
күш-жігер жұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз
– тәуелсіз мемлекетімізді мегзегендей болады да тұрады. Келесі бір
құранды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Елдік ны-
шандарда арғымақ бейнесін пайдалану – өте ертеден келе жатқан үрдіс.
533
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
Ал жылқы – түлік біткеннің төресі. Оның жолға беріктігі мен жүрдектігі,
еті мен қымызының қоректік және шипалық қасиеттері жанға дәру бол-
са, ойыңды айтпай көзіңнен ұғатын қасиеті мен талғампаз кірпияздығы
мінез-құлқындағы тектілік ретінде жоғары бағаланады.
Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы бес
бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес
құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді
сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бес бұрышты
жұлдыз бізге бұрыннан таныс.
Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат
іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да со-
дан.
Алуан әуеннің арасында жаңылыспай таныр, бойымызға ата-баба
қанымен қоса дарыған ажарлы айшығынынан музыкалық сиволымыз
жүректерге жол тапқан өнер туындысы екенін соңғы сынақта тағы
біррет дәлелдеп шықты.
Әрине, Әнұран жеке адам тіршілігінен гөрі, бүкіл бір қауымның
өмір салтына, мемлекеттік іс-қимылына көбірек қатысты. Әнұран тек
әуеннен ғана тұрмайтыны белгілі. Оның өлеңі де қасиетті.
Бойтұмар жырда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры
терең болмысы, еңселі ертеңіне бағышталған арманы жақсы көрініс
тапқан. Сол сияқты төл рухани қазынамызды танытар халықтық
қасиеттер, бейбіт пейіліміз бен досқа ашық құшағымыз туралы
толғаныс та орынды шыққан.
Туға тағзым – тарихқа тағзым, туға құрмет – елге құрмет. Елтаңба
мен Әнұран жөнінде де осылай деуге болады. Өйткені олар – біздің
елдік белгіміз, елдің құты, қасиеті. Ал елін сүйген оның бойтұмарларын
да қасиеттер болар.
Қосмырза Жансая
10 сынып, №25 «Ә.Молдағұлова» ЖОМ Сарыағаш ауданы
Жетекшісі: Мусаева Б.
Достарыңызбен бөлісу: |