Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет60/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бахрадинова Арайлым



М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі.Ақтөбе қаласы,, Қазақстан

Arailim.74@mail.ru

Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған күрделі мәселенің бірі - өзімізді қоршаған тіршілік

ортасын  биосфераны  келешек ұрпаққа  бүлдірмей,  ластамай,  көркейтіп -көріктендіріп

жеткізу. Өйткені  тіршіліктің барлығы  сыртқы  ортамен  байланысты.  «Не  ексең, соны

орасың» демекші еліміздің болашағы қа зіргі жастарға байланысты, біз оларға қандай білім

беріп 


тәрбиелесек, 

олар 


да 

сондай 


жеміс 

береді.


Экология-бүкіл  адамзат  баласының шалыс  басқан әрбір  іс -әрекетіне  келешекте  шек

қоятын,  оның тыныс -тіршілігіне  тікелей  ат  салысатын ғылымның жаңа  саласы.

Жан - жақты  білімді  іскер  маман  даярлауда  мектептегі  биология  пәнінің атқарар  рөлі

зор.  Экологиялық білім  мен  тәрбиелеу  мәселелері  жалпы  білім  берудің жеке  дара құрам

бөлігі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік, қарым қатынас

қалыптастыруы  тиіс.  Мектептегі  биология  сабақтарында  оқушылардың  ғылыми

әдістемелік  көзқарасын  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді.  Сонымен қатар  жасөспірімдердің

табиғатты қорғау қабілетін,  экологиялық білім  алуына  назар  аударылады.  Оқушылардың

география  пәнінде  экол огиялық білімді  игеру  мұғалімнің басшылығымен  жүзеге  асады.

Мұғалім  сабаққа  дайындық

барысында  оның мақсатын,  мазмұнын,

құрылымын

жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады.

Экология — 200  жылдық тарихы  бар  жас ғылым.  Экология  терминін  неміс биологы

Эрнест  Геккель  (1968ж.).  "Естественная  история  происхождения"  атты  кітабында  алғаш

рет қолданған.  Экология - "ойкос"  деген  грек  сөзі,  "үй,  баспана" ұғымын  білдіреді.

Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың

органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы

жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция

туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша

экология  тірі  ағзалардың ортадағы  тіршілік әрекетін  және өзара қатынасын  зерттейтін

биологиялық  ғылым.  "Экология" ғылымы  теориялық және  тәжірибелік  маңызы  бар

барлық  ғылымның кешенді  негізінде  тез  дами  бастаған  салаға  айналды.  Экология

дегеніміз

-

табиғатты 



пайда ланудың

ғылыми-теориялық

негізі.

Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы  экологиялық апат  аймақтарының



болуымен 

тығыз 


байланысты.

Экологиялық білім  мен  тәрбие  беру  1970  жылы  БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған

(ЮНЕСКО)  «Адам  мен  биосфера»  деп  аталған бағдарламаны қабылдаудан  басталады.

Онда  алғаш  рет  халықаралық деңгейде  табиғат  ресурстарын қорғау  және  оны  тиімді

пайдалану  туралы  бағдарлама  жасалып,  кең экологиялық

сипатталған  болатын.

Экологиялық білім  мен  тәрбие  берудің мақсаты -жеке  оқушы  бойында  табиғатқа  деген

ізгілік қатынастарды қалыптастыра  отырып,  «Адам - Қоғам - Табиғат»  арасында  толық

үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру өте күрделі процесс. Қоршаған

табиғи  ортаның  өзі  мен қоғам үшін  мәңгі қажеттілігін  сезіндіре  отырып  оқу шының

дүниеге 

деген 


ізгі 

көзқарасын 

бірте -бірте

қалыптастыру 

көзделеді.

Экологиялық білім  беру  бағытында  экология ғылымында  жаңа ұғымдар  мен  түсініктер

қалыптасты.  Олардың негіздері:  «Экологиялық білім»,  «Экологиялық сауаттылық»,

«Экологиялық этика»,  «Эко логиялық мәдениет»,  т.  б.  Экологиялық  ұғымдардың мәнін

әрбір  оқушы  білуі  тиіс. Ұғымдарды  түсіну  оқушының табиғатқа  деген  көзқарасын

қалыптастырып,  экология ғылымын  меңгеруге  жол  ашады  және  пәнге  деген  көзқарасын



қалыптастырып, қызығушылығын  арттырады.  Бұл мақсаттарды  жүзеге  асыруда әрбір

география пәнінің мұғалімі сабақ кезінде және сабақтан тыс шараларда көрнекі құралдар,

диафильмдер  ,  коллекциялар,  бақылаулар  пайдаланған  жөн.  Сабақты әдебиет,  биология,

химия, саз өнері,бейнелеу пәндерімен пәнаралық байлан ыс орната отырып, бақылау және

қосымша  материалдар

қолдану  оқушылардың

табиғатқа қоршаған  ортаға  деген

қызығушылығын 

арттырады.

Халқымыздың табиғатқа  деген қайырымдылық,  қамқорлық сезімі,  аялы  алақаны,

көздің  қарашығындай қорғай  білуі  аты  аңызға  айна лған  Асан қайғы,  күй  атасы Қорқыт

бабаларымыздың  өсиетке  толы  сөздерінде  елеулі  орын  алған. Қорқыт  бабаның:  «Қара

орманың шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын» деген сөзі көп нәрсені аңғартпай ма?

География    пәнінің  әр  сабағында  табиғат қорғау,  оны  көздің

қарашығындай сақтай  білу,

көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысу оқушыларға бағыт -бағдар беріп отыру қажет.

Сабақтың  құрылымына қарай  ақын -жазушылардың  өлеңдерін,  табиғаттың  әртүрлі

суреттерін,  мақал -мәтелдер,  сөзжұмбақ, ойындарын  ведиороликтер  пайдалану

арқылы

оқушылардың



ынтасын 

арттыруға 

болады.

Қазақта «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ



құрағымен  көрікті»  деген  даналық сөздері ұрпағына  мирас  етіп қалдырып,  табиғаттың

арайлы  ажарын,  көркін,  сымбатты  сұлулығын

сақтай  біл  дегенді  білдіріп  тұр.

1892  жылы  Абай Құнанбаев  «Дала  уәлаяты»  газетінде  экологиялық мақала  жариялаған.

Онда  Шыңғыстау

өңіріндегі  ормандардың  қырқылып,

құрылысқа  пайдаланыла

бастағанын,  оның  әсерінен  сол  жердің табиғаты  тозып  бара  жатқаны  айтыл ады.  Бұл

деректің  өзі-ақ  қазақ халқының бойында  экологиялық сауаттылықтың ерте  кезден -ақ

болғанын аңғартса керек.

Экологиялық білім  беру  адамзат қауымы  мен қоғамның  үйлестігі  нәтижесінде  жүзеге

асатын  білім  беру  жүйесі  мен  оқыту үрдістерінің ең тиімді  жолд арын көрсету.  Бұл

мақсаты жүзеге асырудағы географияның рөлі мен ондағы экологиялық білімдер жүйесіне

талдау  жасалынып,  оны  сабақ  үрдісінде ұтымды  пайдалана  отырып,  экологиялық білім

мен тәрбие беру мәселелері қарастырылады.

1. География сабағын экологияландыру

2. Мектеп курсында география пәнінде экологиялық білім беру

3. География сабақтарында экологиялық білім беруде ақпараттық технологияны енгізу.

Экологиялық білім  мен  тәрбие  жас  жеткіншектердің экологиялық санасының дамуын

қамтамасыз  етіп,  жеке  тұлғаның экологиялық мәдениетінің негізін қалайды.  География

негізгі  экологиялық мәселелерді  ашу  мен  шешу  жолдарын  жан -жақты

сипаттауда

жаратылыстану пәндерінің ішінде ерекше орын алады. Экологиялық білім —экологиялық

тәрбие—экологиялық мәдениет —экологиялық сана—жалпы халықтық міндет.

География  сабағында  экологиялық

білім  беру  білім  стандартына  негізделіп

жүргізіледі.  Сабақта  экологиялық білім  берудің бірнеше әдіс  тәсілдерін;  табиғаттағы

көркемдікті  сезіне  білуге үйрету; қоршаған  ортаның  әдістерін  байқа у,  бақылау,өлкетану

жұмыстары  арқылы  зерттеу,  зерделеу; қоршаған  ортаның ластануы  жайлы ғылыми

материалды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарларды пайдалану.

География курсын экологияландырудың басты жолдары: экологияның білім жүйесі үздікіз

жетілдіру,  оқушыларға  экологиялық хабарламаларды  жан -жақты  кеңейтілген  түрде  беру;

оқушылардың ойлай  білу  жүйесін қалыптастыру  және  оған  экологиялық тұрғыдан

қорытынды  жасай  білу;  іздену  мен ғылыми -зерттеу  жұмыстарының элементтерін

меңгерту,  экологиялық

мәселелерді  шешуд е  дұрыс  шешім қабылдау;  жергілікті

экологиялық

проблемаларды 

шешуде 

оқушылардың



тәжірибелік 

іс -әрекеттерін

дағдыландыру.  Мектепте  экологиялық мәселелерді  танып  білуде  тиімді әдіс  түрі

экологиялық мәселелерді  ортаға  салып  талқылау  арқылы  пікір  алмастыру,  та нымдық



ойындар, ғылыми  конференциялар өткізу,  эколог  мамандармен  кездесу,  экологиялық

мазмұндағы қабырғалық материалдарды жинау т.б.

Экологиялық



білім 

мен 


тәрбие 

берудің


мақсаты:

қоршаған 



ортаға 

жауапсыздықпен

қараушыларға 

жол 


бермеу;

жастардың



бой ында 

экологиялық

мәдениет 

дағдысын


қалыптастыру;

• қоғамдық пайдалы  еңбек  және  еңбек  тәрбиесі  арқылы  табиғатты қорғау,  күту  және

жақсарту;

экологиялық



білімді 

насихаттау.

Экологиялық тәрбиенің негізгі  мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын,  санасын ,

табиғатқа үлкен  парасаттылық, жауапкершілік, қарым -қатынасын қалыптастыру.  Осы

тәрбие  арқылы  адамның мәдениеттілік  сезімі,  экологиялық санасы қалыптасады.

Экологиялық

тәрбиенің

басты 


міндеттері:

• өмірде  және  нақты  іс -әрекетінде  экологиялық білімді қолд ана  білу,  іскерлікке  төселу;

• табиғатты қорғау  және өзгертуге  байланысты  оқушыларды  жаппай қоғамдық пайдалы

еңбекке


қосу;

мектепте 



экологиялық

білім 


және 

тәрбие


қорамын

ұйымдастыру;

Ең басты  міндеттердің бірі - оқушыларды  табиғатты қорғау  мәселелері  т уралы ғылыми

теориялық

және 

тәжірибелік 



біліммен

қаруландыру.

Экологиялық тәрбие  еңбек  тәрбиесімен  байланысты, өйткені өндірістік  іс -әрекеттің

барысында  адам  жерді  пайдалану  негіздерін,  топырақты  эрозиядан қорғауды  игеру,

дақылдарды суару мөлшерін, минерал дық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру

мөлшерінің

мерзімін  технологиялық

талаптарға  сәйкес  есепке  алып  отырады.

Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі  жүйесін  игеруі,  табиғатты қорғауы,  жер

байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілд іріп, дүние тану көзқарасын

қалыптастырады.

Оқу-тәрбие 

процесіндегі 

экологиялық

тәрбие.

Оқыту  процесіндегі  экологиялық тәрбие.  Экологиялық білімнің



негізгі  көздері:  химия,

физика,  биология,  география,  астрономия  пәндері,  олардың бағдарламаларындағы  о қу

материалдарын  дәрістерде  терең түсіндіріп,  сыныптан  және  мектептен  тыс  экологиялық

жұмыстарда  тиімді қолдана  білуге  оқушыларды үйрету  және  дағдыландыру - мұғалімнің

басты 

міндеті.


Оқушылары  табиғат  байлығын  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  жайлы  алғашқы

ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім -кешек, тағам, т.б. жаасайтын

табиғат 

заттарын 

пайдалану 

жолдарымен 

танысады.

Бастауыш  сыныптарда  оқу  бағдарламасындағы  оқушылардың экологиялық іскерлік

дағдысын қалыптастыруға  бағытталған  жұмыс  түрлер і: өсімдіктердің даму  кезеңіне

фенологиялық бақылау  жүргізу,  мектеп  және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен  күту,

тұрмыста  электроэнергияны,  газды,  суды үнемді  пайдалану  болса,  орта  және  жоғары

сыныптар  оқушыларын  кең көлемде  экологиялық

біліммен қаруландыру қа жет.

Қазіргі  жағдайда өндіріс  табиғатқа  күшті әсер  етуші  фактор  болып  отыр.  Осыған  орай

табиғатты ұтымды  пайдаланудық  ғылыми  білімге  негізделетінін  оқушылардың түсінуі

керек. Өндірістік  іс -әрекеттің нәтижесінде  ортада әр  түрлі өзгерістер  болып  жатыр.

Экологиялық

тәрбие 


жұмыстарының

түрлері:


1.  Ауыл  мектептерінің оқу-тәжірибе  алақын  бағалы  ағаштар  тұқымының көшеттерін

өсіріп, 


көгалдандыруға 

пайдалану.

2.  Мектеп  оқушылары  мектеп  ауласына үнемі  көмек  көрсетіп  отырады.  Олардың негізгі

атқаратын  жұмыстарының түр лері:  көшет  ағаштарды  отырғызу,  оларды  күту, өрттен,

ұрылардан

қорғау, 


зиянды 

жәндіктермен 

күресу.

-

дәрі



өсімдіктерін 

дайындау, 

жидек, 

т.б. 


жемістерді 

жинау;


-

фенологиялық

бақылау 

жүргізу.


3. Оқушылар  ауылшаруашылық тәжірибе  жұмысымен  айналысады.  Тәжіри бе  жұмысы

биология,  химия  мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен  жүргізіледі.



5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар:

кештер, 


дәрістер, 

баяндамалар, 

т.б.

6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы



оқу  пәндерінің мазмұны, қоғамға  пайдалы  жұмыс  және өндірістік  еңбек  арқылы  іске

асырылады.

Экологиялық  қоғамның мақсаты: қоғам  мүшелерін өздері  тұрған  аймақтың табиғатын

қорғауға,  күтуге  тәрбиелеу,  зерттеу  жұмысына  та рту,  зерттеуді  жүргізудің  әдістері  мен

тәсілдеріне

үйрету, 


мектепті 

экологиялық

жұмыстың

орталығына 

айналдыру.

Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану

мұғалімнің

білімділігіне, 

педагогикалық

шеберлігіне, 

жоғары 

м әдениеттілігіне



байланысты.

Экологиялық тәрбие  оқушылардың - табиғатқа  жаңаша  көзқарасын қалыптастырып, әр

түрлі  нысандарда  жүргізіліп,  жеке  тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға

бағытталып, 

адамгершілік, 

жауапкершілік

қасиеттерін 

жетілдіреді.



Әдебиеттер:

1. А.Өтеева География пәнін оқытуда экологиялық тәрбие беру / Атамекен. 2000

ж.

2. Ф.  Темереева  Географиялық жаңа  ерекшеліктер  мен  мәселелер  //  География.



Биологи. Химия 2001 — №2.

3. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.

4. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САРАЛАП -ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Амиров М.С., Жетпісбаева Н.С.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

Арқалық қаласы

Қазақстан

Naz.zhetpisbaeva03@mail.ru

«Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат

баласы  мың емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын жарық

жұлдыз-оқу.  «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі  тұман», - деп М.Дулатов айтқандай,

егеменді  еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса  көлеңке  жерге  дән  ексен

өнбейтіні  сияқты,  жас ұрпақтарымызды  тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі  ме ктеп

мұғалімдерінің алдында  тұрған  басты  міндет – оқушылардың шығармашылық білім

дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат

болып өсуі үшін  сабақта  жаңа  технология  элементтердің  қолданудың мақсаты

шығармашылықпен өсу-тәрбие үрдісіне  тиімді  пайдалану әрбір ұстаздың міндеті  болып

табылады.

«Қазақстан -2030»  атты  еліміздің стратегиялық бағдарламасында  ең негізгілерінің

бірі-жоғары 

интелектуальды 

жастарды 

жан-жақтылыққа 

тәрбиелеу, 

олардың

потенциалдық деңгейінің көте рілуіне үлес қоу. Сондықтан, ұстаз -мұғалімдер қауымының



алдына өте үлкен міндет жүктелді.Жалпы, мұғалімнің оқытудағы өз міндеті оқушыларды

өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып

бойынша  деңгейлік  тапсырма  жүйесі дамыта  оқыту  жүйесін  іске  асырады. Өйткені,  ол

оқушының ойлауын,  елестету  мен  есте  сақтау  белсенділігін,  дағдысын  білім  саласының

дамуын қамтамасыз етеді.


Оқушының ойлауы  дамуының маңызды  шарты – оқушыда  ойлау  мәдениетінің

болуы.  Сондықтан  оқу  процесі  оқуш ылардың анализдеу,  синтездеу,  себеп –салдар

байланыстарын  табу,  жалпылау, қорытынды  жасау,  түрлерге  бөлу,  салыстыру –сияқты

интелектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс[1].

Қазіргі кезде  оқыту үрдісін  жоспарлаудың,  қолданудың және  бағалаудың жүйелі

әдісі,  адамдардың техникалық ресурстардың білімді  игеру  жолында өзара  тиімді әрекет

етуінің негізі  ретінде  жаңа  педагогикалық технологиялар  түрлері  көбейе  түсуде.

Сондықтан  жаңа  педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін  таңдап  алу

- әр

мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Бес бағытқа бағдарланған елуге жуық



технологиялар ғылыми  түрде  негізделген.  Бұрынғы әдетке  айналған  оқу үрдісінде

мұғалімге  басымдылық роль  берілсе,  ал қазіргі  технологияларда  оқушы  белсенділік

көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқып білім алуы керек. арқылы оқушы өз

қажеттігін  біліп, өз  жолын  таңдап,  жетістікке  жетуге  мүмкіндігі  бар.  Ал,  мұғалім әрбір

оқушыны жеке қызығуын және қабілеттерін ашуға көмектеседі.

«Жүз  рет  естігеннен,  бір  рет  көрген  артық»

деген  сөздерді

ескере


отырып,сабақтарымызда  мүмкіншілігіне қарай  инновациялық технологияны  пайдаланып

отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану

оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа оқыту  техноло гиясын биология сабағында пайдаланудың тиімді тұстары:

1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

5.Оқытушының уақытын үнемдейді

6.Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

v Барлық баланы оқыту;

v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

v Оқушының жеке қаб ілетін айқындау, іздену;

Жаңа  оқыту  технологиясын  сабақта қолданудың тиімділігін қашан  да  жолға

қоярымыз

анық.  Қазіргі  кезде  білім  беру

үрдісінде  көптеген  технологиялар

қолданылады[2].

Жаңа  технологиялардың  қызықтырғаны  сол  баланың  өзі  ізденіп,  дәлелдеуі.

Ол

бұрын  тыңдаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойлаушы, өз  ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы



әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Саралап -дейгейлеп оқыту – өз алдына сұрақтарға

жауап  іздеп,  жан-жақты  пікірлесу,  талдау  жасап  отыру,  яғни  оқушы  санасын  сол

тақырыпқа б айланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар

қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

Бұл  технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін –әлі қайталау,  міндетті  кезеңдік

бақылау,  тіректерді  пайдалану,  келіспеушілікті ң болмауы,  оқушының жетісіктерінің

жариялығы, қателерді  түзеуге  мүмкіншілік  жасау,  барлық балалар  дарынды,  табысқа

жетуге  жағдай  жасау,  оқытумен  тәрбиенің бірлігі.  Саралап -дейгейлеп  оқытуды  дамыту

күрделі процес болып келеді. Саралап -дейгейлеп оқытудан бас талып, қаралатын мәселеге

байланысты  шешім қабылдаудан  аяқталады.  Саралап -дейгейлеп  оқыту

– келген  жас

аралықтарына тән. Саралап -дейгейлеп оқыту  күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни

ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму д еңгейіне сай

жетістіктерге  жетуге  болады.  Саралап-дейгейлеп  оқыту

қалыптасқан  ортада  оқушы:

1.Нақты  мақсат қоюға  дағдыланады.2.Өзіне  деген  сенімі  артады.  3.  Оқу  процесіне

белсенді

қатысады.  4.Жолдастарының

пікірін  сыйлайды.  5.Өзін  толғандыратын,

проблемалық сұрақтар қоя  біледі.  6.Сараптауға,  бағалауға  дағдыланады.  7.Пәнге  деген

қызығушылығы артады.


Саралап-дейгейлеп оқыту  жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.

Ø Қызығушылығын ояту

Ø Мағынаны тану

Ø Ой толғаныс



І  .Қызығушылықты    ояту.

Үйрену процесі – бұрынғ ы  білетін  және  жаңа  білімді

ұштастырудан  тұрады. Үйренуші  жаңа ұғымдарды,  түсініктерді, өзінің бұрынғы  білімін

жаңа  ақпаратпен  толықтырады,  кеңейте  түседі.  Сондықтан  да,  сабақ  қарастырылғалы

тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтауд ан басталады. Осы

арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы

кезеңге қызмет  ететін  “Топтау”,  “Түртіп  алу”,  “Ойлану”,  “Жұпта  талқылау”,  “Болжау”,

“Әлемді  шарлау”  т.б.  деген  аттары  бар

әдістер  (стратегиялар)  жинақта лған.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру[20].



ІІ.Мағынаны  тану (түсіне  білу).  Бұл  кезеңде үйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,

тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс

жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының

толғанысын ұйымдастыру, өзіне,  басқаға  сын  көзбен қарап,  баға  беруге үйретеді.

Оқушылар өз  ойларын, өздері  байқаған  ақпараттарды өз  с өздерімен айта  алады.  Бұл

сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой  алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену  жолын,

кестесін  жасау  мақсатында  басқалардың  әр  түрлі  кестесін  біліп үйренеді.  Бұл үйрену

сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең бол ып табылады.

Бұл  жаңа  технологияда  бұрынғы  білім  мен  жаңа ұғым ұштастырылады.  Ал  соңғы

кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып

толғануға 

уақыт 


берілуі 

керек, 


ойын 

айтуға 


оқушы 

шығармашылығын

қалыптастыратынын  атап ө ту  керек.  «Қызығушылығын  ояту»  кезеңінде  алдыңғы өткен

тақырыпты  тексеру  мақсатында  тест  жұмыстарын өткізу  арқылы  оқушы  білім  деңгейін

қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен

бірлесе  жұмыс  жасауға  болады.  Сабақтың

қай құрылымында  болмасын  осындай

стратегияларды қолданғанда  «Мен не ұтам?», және  «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды

есінен  шығармауы  керек.  «Мағынаны  тану»  кезеңінде  оқушыларды  топқа  бөлу  арқылы

сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асы руға болады. Сұрақтар

үш  деңгейде әзірленеді.  Дайындаған  сұрақтарға  оқушылар өз  ойларын  білдіріп  жауап

береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын

қолдану  арқылы  тақырыптардың  ұқсастығымен  мен  айырмашылығын  көрсетуг е  болады.

Осы  кезеңде  пікір -сайыс  немесе  «5  минуттық эссе»  жаздыруға  болады.  Мұндағы  мақсат

оқушылардың  өзіндік  көзқарасын қалыптастыру.  Эссе  жазғанда  сабаққа қабілеті  төмен

деген  оқушылардың  5-6  сөйлемнен  тұратын  ойын  жазса,  соның  өзі  оқушыны  сабаққа

тарта  білгеніміз.  Оқу әрекеті  мұғалімнің басшылығы  арқылы  оқушының сана - сезімін

дамытуға бағытталады[3].

Қандай технологияны  пайдаланған  кезде  де  оқушының белсенділігі  мақсатқа

ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңі л

күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Оқушылардың барлығы  жұмыс  жасайды.  Ойын  ашық айтуға,  жеке  пікір  айтуға

дағдыланады. Оқушы өзін еркін сезініп, жеке тұлға ретінде ізденеді,ой түйеді.

Ауқымды 


материалдан

қажетті 


ақпаратты 

тауып, 


шешімқабылдауға

дағдыланады,сөздік қоры  дамиды.Сабақ түрі  жаңа  заман  талаптарына  сай өзгеріп,

жаңарып  отырса,  жеткіншектерге  оның  әсері  мен  ықпалы  ерекше  болады.Олардың

эмоциялық сезім –түйсіктеріне әсер  ете  білген  ізденістердің пайдасы өте  көп.  Ақыл -

парасаттан  көрі  сезім

түйсігі


ұшқыр  балаларға  көп  жағдайда  бағдарламалық

тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы.

Саралап-дейгейлеп  оқыту

әдісі  мұғалім қызметінде ұйымдастыра  отырып,

оқушылардың жеке,  топпен  жұмыс  жасау  негізінде  білім  алуымен ұштасады.  Бұл


стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі

оқу әдісінде қолданылады.  Оқушылардың ауызша,  жазбаша  тілін,  ойлау  есте  сақтау

қабілеттерін, әрбір  ақпаратты  сонымен  бірге өзінің және  басқаның шығармашылығына

сынай қарауы  шығ армашылық  қабілетін  дамытады.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту

арқылы – әр  оқушы  сабаққа  толық  қатыстырылып,  деңгейін  анықтай  алады;

– Жеке


тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады; – Қызығушылығын оятады; – Сұрақ қойып,

өз  ойын  еркін  айтуға; – Мазмұнын  толық түсінуге  жағдай  туғызады. – Әр  сабақтарымда

осы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыта  оқыту  технологиясының

элементтерін

сабақтарымда  тиімді қолданамын.  Оқытудың  әр  түрлі  технологиясын қолдану  арқылы

жеке  тұлғаның  қоршаған  ортаға,  дүниеге өз  көзқарасын қалыптаст ыруға  жол  ашады[40].

Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге,

ойын толық жеткізуге үйретемін.

Заман  талабына  сай  оқушыларға  сапалы,  тиянақты  білім  беру -мұғалімдер

алдындағы үлкен  міндет.  Бұл әрбір  мұғалімге

тынымсыз  ізденісті,оқытудың жаңа

формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауы  шын  мәніндегі  басты  жаңалық пен

жақсылықтың нышаны  болды.  XXI ғасыр  деңгейінде  білім  беру  мен  кәсіптік  даярлау

тақырыбы -Жолдаудың басты  бөлімдерінің бірі  “Қазір  бой  жарыстаратын  емес,  ой

жарыстыратын заман” деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі

екені даусыз[4].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010 жылғы  7  желтоқсан дағы  №1118

Жарлығымен  бекітілген Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011 –2020

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. Білім беру интернационалының VI Дүниежүзілік конгресі, 2011, 22 –26 шілде. Кейптаун

(Оңтүстік Африка).

3. Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал) Алматы – 2004

4. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысамбаева Г., Бейсенбаева А.А. Оқушылардың тұлғалық

қасиеттерін дамытудың педагогикалык негіздері. А.:Білім. 2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет