Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной



Pdf көрінісі
бет62/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.  Жекекова  Н.  Мұражай - өткен  мен  болашақты жалғастырушы.  //  Мектептегі

сыныптан тыс жұмыстар 2009. №3. 51б.

2. Дүйсебаева М.Ж., Қайсанова Г., Мектеп мұражайлары – туған өлке шежіресінің

бастауы. // Білімдегі жаңалықтар. 2008. №4,(24). 66 -68б

3. Оспанова Ә. Мектеп және мұражай педагогикасы. // Қазақ стан тарихы. 2009. №1.

56 б.


PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ӘДІСІМЕН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДАҒЫ

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Садыкова  Айгуль  Миллятовна



№ 6 орта мектебінің биология -химия пәнімұғалімі

Қазақстанның бәсекеге қабілетті  30  елдің  құрамына  енуі үшін  және  еліміздің

экономикасының дамуы үшін  білім  беру  жүйесін  реформалаудың тың жұмыстары

орындалып жатқандығын атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасы  2011-2020  жылдары  білім  беруді  дамытудың Мемлекеттік

бағдарламасында  «ҚР – да  ел  басшылығының адами  капиталды  дамытудың  қажеттілігі

мен маңыздылығын түсініп, біім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан

– жақты қолдау  көрсетуінің нәтижесінде  білім  беруді қарқынды  дамыту  мен  жаңғырту

мүмкін болып отыр» делінген [1].

Жаратылыстану  бағытындағы  PISA  зерттеулерінің  ҚР – ның жалпы  білім  беретін

орта  мектебінің  8 – 9  класында  оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемдік

жетістіктерге сәйкес келетін, 6 деңгейлі құрылымын айқындайтын оқушының білім, білік,

дағдылары  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріп  тест  тапсырмаларын құрастыру  және  шешу

жолдарын ұсыну басты идеялардың бірі екенін атап өткен жөн.

Егер  оқушылардың белгілі  бір  тапсырмаларды  ой  елегінен өткізуге  ықпал  ететін,  осы

жағдай  проблемаларын  зерттеуге  және  одан  шығу  жолдарын  көрсететін  жаңа  мәтіндер

мен  тапсырмалар құрастырылса,  онда  жаратылыстану  пәндері  бойынша ғылыми

концепцияны  түсіну,  білу  жеке  шешім қабылдай  алу, қоғамның мәдени  экономикалық

дамуына әсер ете білетін белсенді тұлға қал ыптасады.

Осы  тұрғыдағы  іс

әрекеттерді



қарастыра  отырып,  оқушының

білімін


қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері айқындалады, олар:

-

Ақпараттық  құзыреттілік : өз  бетінше  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  түсіндіруге

және 

ақпаратты 



тасымалдауды , 

оның


ішінде

қазіргі 


заманғы 

ақпараттық

коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

-

Коммуникативтік құзыреттілік :  нақты өмірлік  жағдайларда өзінің міндеттерін  шешу

үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралда рын қолдануға мүмкіндік

береді.


-

Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: әртүрлі жағдайда проблемаларды

анықтауға,  жауапты  шеім қабылдауға, өз  шешімінің нәтижесін  бағалауға  мүмкіндік

туғызады.

Халықаралық зерттеулерге Қазақстанның  қатысудағы  мақсаты  оқу шылардың оқу

жетістіктерінің бақылау – бағалау  жүйесін  реформалау,  халықаралық стандартқа  сәйкес

білім мазмұнын оңтайландыру, Қазақстандық білім сапасын бағалау  жүйесін құру болып

табылады.

Осы  мақсатқа  сәйкес  жаратылыстану

ғылыми  сауаттылығының  қалыптасуына

құзыреттілік түрлерін қарастыруға болады:

-

Жаратылыстану ғылыми зерттеудің негізгі ерекшеліктерін түсіну (немесе жаратылыстану



ғылыми әдістерін тану);

-

Бар ғылыми  білімдер  негізінде  жара тылыстану ғылыми құбылыстарды  түсіндіру



және сипаттауды білу, сондай-ақ өзгерістерді болжай алу;

-

Ғылыми дәлелдемелерді қолдана  білу  және  бар  мәліметтерден қорытынды  алу



үшін, оларды талдау және дәлелді бағалау.

Осы үш негізгі құзыреттіліктерге сәйкес тапсырмалардың үш жалпы топтарын анықтауға

болады.

Бірінші  топқа  енетін  тапсырмалар ғылыми  тану әдістеріне  жататын, ғылыми  білімдерді



алу  тәсілдеріне  жататын құзыреттілікке  тиісті.  Осы  тапсырмаларда  оқушыға қандай

болмасын  фактілерді  орнату  тәсілдерін  табу ұсынылуы  мүмкін,  физикалық  өлшемді

анықтау, гипотезаларды тексеру, ұсынылған мәселенің зерттеу жоспарын белгілеу.

Екінші  топ  тапсырмалары үдеріс  барысы  немесе өзгерістерді  болжауға, құбылыстарды

түсіндіру  және  сипаттау  біліктерін қалыптастырумен  байланыст ы құзыреттілікке  тиісті

(құзыреттіліктің екіншісі).  Осы  біліктер  анық  ғылыми  білімдер  мөлшерінде  негізделмей,

сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет  ету қабілеттілігінің және  сол  тілде

түсіндірме және сипаттама беріледі.

Үшінші құзыреттілікке  тиісті  тапсырмалар  бар  мәліметтер  негізінде қорытынды

алуға  біліктілікті  алуды қалыптастырады.  Осы  тапсырмалар  сандар,  суреттер,  кестелер,

схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі [2].

Демек,  оқушыларға    PISA  зерттеушілерінің  әдісімен

тест  тапсырмаларын

құрастыруда оқушының функционалдық сауаттылығына, жан -жақты болувна, өзінің ісіне

сыни көзқарас қалыптастыра алуына жағдай жасау деген сөз.

PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын құрастыру құбылысы  төрт

бөлікті қарастырады:

1.

Құзырлықтар: ғылыми сұрақтарды тану және қою, құбылыстарға ғылыми анықтама



беру, ғылыми дәлелдерді пайдалану.

2.

Білім:  жаратылыстану ғылымы – ғылым  туралы  білім  (пайымдау әдістері  мен



тәсілдері)

3.

Мән – мәтін:  жаратылыстану  білім  және  технологиямен  байланысты  ш ынайы



жағдаяттар: жеке бас, әлеуметтік, ғаламдық.

4.

Қатынастар:



ғылыми 

танымның


маңыздылығы, 

жаратылыстану 

бойынша

жетістікте өзін-өзі бағалау, ғылымға ықылас.



Аталған  төрт  бөлікті

қамтыған  жағдайда

ғана  оқушылар  жоғары  деңгейдегі

көрсеткіштерге ие болатын ы сөзсіз.

Функционалдық

сауаттылықты

қалыптастыратын  оқыту  мазмұнын  төмендегідей

мамандықтарға  жоғары  класс  оқушыларын  бейімдеуге  икемделеді:  химия,  химиялық

технология  және өндіріс,  тұрмыстық химия,  экологиялық химия,  медицина  және

фармакология негіздері, табиғи ресурстарды қорғау, нанотехнология бағыттары бойынша

оқушыларды бейіналды және дайындау[3].

Оқушының 

PISA

зерттеулерінің 



әдісімен 

тест 


тапсырмаларын 

орындаудағы

функционалдық сауаттылығы

– оның берілген  тапсырманы  зейін қойып  тыңдауы,

берілген  сызбаларды  салыстыруы, өзінің ойындағы  түсінік,  болжам,  пікірлерін  жүйелі

жеткізе білуі мен логикалық ойлана отырып, сыни көзқарас қалыптастыруына жетелейді.

Жаратылыстану пәндері бойынша PISA тесттер мына бағыттарды қарастырады:

-

Денсаулық – «Пайдалы  вибрациялар»,  «Сүт»,  «Анибиотиктер»,  «Дене  шынықтыру



жаттығулары».

-

Табиғи  ресурстар – «Жер  бетіндегі  ауа  температурасы»,  «Күн  батареялары»,  «Сүттегі



бактериялар».

-

Қоршаған орта – «Пингвиндер аралы», «Жасыл саябақ», «Түрлі климаттар».



-

Қауіпті апат  түрлері – «Жер  бетіндегі  ауа  температурасы»,  «Жер  бетіндегі  табиғи

апаттар», «Орман өрттері».

-

Жаратылыстану  мен  техология  байланысы – «Қасық»,  «Пластик ғасыры»,    «Қауіпсіздік



жастықтары», «Ашық алаңда тағамды дайындау», «Динозаврлардың жойылуы».

PISA тест тапсырмаларының типтері:

PISA-2012 тапсырмалары

Пайыздық көрсеткіш

Қысқа жауапты таңдауы

32%


«Ия» немесе «Жоқ» жауаптарын таңдауы        34 %

Жабық түрде құрастырылған жауаптар

2%

Ашық түрде құрастырылған жауаптар



32%

Барлығы


100%

Жаратылыстану

бағытындағы  PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын

жоспарлау  кезінде  ең алдымен  оқушының оқу  сауаттылығының  құзыреттілігін  ескері

керек. Олар:

1. Табу және алу:

мәтінді  көзбен жүгірту;

басты элементтерін анықтау;

ізденіс аймағын тарылту;

қажет ақпаратты айыру

2.

Түсіндіру және ықпал ету:



мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;

мәтіннен автор тезистерін дәлелдейтін дәлелдер табу;

автор ой түйіннен қорытынды шығару;

мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытындысы жасау

3.

Зерделеу және бағалау:



басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру;

әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;

автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен  автор көзқарасын қорғауда дәлелдер

іздеу.


Осы оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескере отырып, тест тапсырмаларын

беру керек және төмендегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктерін де ескерген жөн:

Жаратылыстанудың негізгі  ерекшеліктерін  адами  таным  мен  зерттеу  формасы  ретінде

түсіну қабілеттілігі;

Жаратылыстану ғылымдарымен  технологияның материалдық, интеллектуалдық және

мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;

Мектепте    алған  білімді  түрлі өмірлік  жағдайларда қолдана  алу қабілеттігі, қойылған

мәселелерді ғылыми әдістермен  шешу,  ақпараттың түрлі  көздерімен  жұмыс  жасай  және

оны сыни тұрғыдан бағалай алу;

Эксперимент  тәжірибелер  жасау,  болжамдар  келтіру  және қол дайтын  немесе  жоққа

шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама негізінде

жаратылыстану ғылыми  сауаттылықты ғылыми  сауаттылықты  анықтауға  төме ндегідей

түсінік  береді – ғылыми  жаратылыстану  білімдерін қолдана  білу, қоршаған әлемді

түсінуге  және  сәйкесінше  шешімдер

қабылдауға

қажетті  мәселелерді  анықтау,

қорытындылар жасау.

PISA  зертеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды  шеш у

жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:

1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу,

түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.

2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде

қолдана алатындай тапсырмалар құарстыруға көңіл бөлу.

3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім

беру  сабақтың  құрылымын өзгерту,  яғни  оқытудың белсенді  стратегияларын қолдану,

оқушының сабаққа деген  ынтасын  арттыру үшін әр  10  минут  сайын  жағдаятты өзгертіп

отыру.


4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын ала ескерту.

5. Тапсырманы  зейін қойып,  орындауға  және  эксперименттік  есептер  зертханалық шағын

зерттеу  жұмыстарын  орындата  отырып, өзінің орындаған  жұмысының дұрыстығына  көз

жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету [4].

Осы  іс-әрекеттерді  орындаған  жағдайда      оқушыға  жоғары  деңгейде  білімін

қалыптастыруға  жол  ашылады.  Ол

үшін  мұғалімдердің

жан


жақтылығы,

шығармашылығы, білімі жоғары де ңгейде болуы керек.


Қорыта айтқанда  PISA  зертеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын құрастыруды

мұғаліммен  көп  еңбек,  терең білімділік,  күш - жігер,  жан-жақтылық, іздемпаздық, жаңа

ақпарат  көздерін  мейлінше  тиімді қолдана  алатын қажыр -қайрат  талап  етіледі. Осы

аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан -жақты ізденістері шығармашылық тұлғасында

тоғысып  және  де  оқу

үрдісінде

ұтымды

қолданылған  жағдайда



құзыреттілік

қалыптастырудың сапалы  да өрелі  мақсатына  жетуге өрісті  ықпал  етпек.  Сонда ғана

өскелең  ұрпаққа  са палы  білім  алуына  дұрыс  бағыт -бағдар  беріп,  оқушылардың  өмірде

таңдайтын  кәсіби  бағытына  жетуде  адастырмайтын  жол  ашылады әрі  елшілдік

ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға, айқындауға жол ашылады

деп


білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақста н  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011 – 2020  жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Президентінің 2010 жылғы

7 желтоқсанындағы №1118 жарлығы.

2. 12  жылдық білім  беру  жағдайында  оқушылардың функционалдық сауаттылығын

қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары. Әдістемелік құрал

– Астана:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. -41 б.

3. PISA  халықаралық зерттеуін  жүргізу  аясында  оқушылардың функционалдық

сауаттылығын  дамыту әдістері  бойынша

Қазақстан  Республикасы  педагог

қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру  бағдарламасы.  Оқу  сауаттылығы.  Тренерге

арналған нұсқаулық // NIS – PEARSON

4. PISA  халықаралық зерттеуін  жүргізу  аясында  оқушылардың функционалдық

сауаттылығын  дамыту әдістері  бойынша

Қазақстан  Республикасы  педагог

қызметкерлерінің

біліктілігін 

арттыру 

бағдарламасы. 

Оқу 

сауаттылығы.



Мұғалімнің жұмыс дәптері//  NIS – PEARSON

БЕЛСЕНДІ ЖЕРЛЕРДІ ДИНАМИКАЛЫҚ ЖІКТЕУ

Садыкова Б.С.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан

b3-80@mail.ru

Күн-Жер  байланыстарының сипаттамасы  сан қырлы,  Күн - ауа  райы-биосфера

мәселелері  айтарлықтай  зерттелген.  «Күн – ауа  райы»  мәселесі  жалпы  сипатқа  ие  болды

және тәжірибелік қолдану мүмкіндігі, механизмі, байланыстары жоспарлы түрде зерттелу

кезеңі жүруде.

«Күн-биосфера» мәселесі биосферадағы өзгерістер көбіне үрдістердің табиғи өзара

байланысына  араласатын

әлеуметтік  факторлардың  қуатты

әсеріне


ұшырайтын

болғандықтан  және ғарыштық ортаның ықпалына үстем  ететін  күйде  болғанда  «тіршілік

ету теоремасы» дәлелдеуі өзекті.

Бүгінде  Күн  энергиясының жалпы  ағыны  іс  жүзінде  тұрақты  болып қала  беретіні

ақиқат,  ал  Күндегі үрдістердің  өзі әжептәуір  тұрақсыздығымен  ерекшеленеді.  Күн

атмосферасында  белсенді  жерлер  пайда  болады  (Күн  дауылы).  Олар  магнит өрісінің

ауытқуымен  сипатталады.  Магнит өрістерімен  фотосферадағы,  хромосферадағы  және

тәждегі  белсенді  заттар  да  байланысты.  Күн  атмосферасындағы  барлық белсенді  заттар

стационарлы  емес  болып  табылады.  Дақтардың  өмір  сүру  уақыты  бірнеше  сағаттан

айларға  дейін.  Күн  ( оның экваторлық бөлігі)  27  тәулік  ішінде өз  осінің айналасында  бір

айналым  жасайтындықтан,  Күннің көрінетін  жағындағы  көп  тіршілік  ететін  дақтардың


мерзімді  түрде  пайда  болуы  Күн  активтілігінің мерзімді  (рекурентті) өзгерісіне  себепші

болады.


Күн активтілігінің мерзімді пайда болуында магнит өрісінің атқаратын ролі зор деп

айтуға  болады.  Сәйкесінше,  Күн  активтілігі  жиналған  энергияны  мерзімді  баяу  босату

үрдісін  тудырады,  сондай-ақ  11 жылдық циклділік,  басқа  да  мерзім  бар,  мысалға  90

жылдық цикл, тіпті 600 жылдық циклдің бар екені жөнінде көрсетулер бар [1].

Бірақ, Күнде ұзақ мерзімді  циклдік өзгерістерден  басқа  төрт  сағатқа  созылатын

жарылыстық сипатқа  ие қатты  ауытқулар  жүреді,  соның нәтижесінде  хромосферада

бірнеше  минуттан  бірнеше  сағатқа  созылатын  уа қыт ішінде  көп  энергия  бөлінуі  орын

алады.


Осылайша, ұзақ мерзімді  циклді өзгеріспен қатар әрбір  берілген  уақыт  кезіндегі

күн  активтілігін  білу қажет,  яғни  нақты  «ауа  райын»  білу қажет.  Бұл  «ауа  райы»  күн

атмосферасы күйімен анықталады:  белсенді аймақтар дың бар болуы және орналасуымен,

мөлшерімен және энергия тұтануымен.

Бұл  факторларды  білу  және  оларды  болжау  Күн -Жер  байланыстарын  оқуда

маңызды болып табылады. Бірақ та, күн «райын» болжау өзінің шешімінен алыс екендігін

айта  кеткен  жөн.  Бұл  «райдың» Жер үрдістеріне әсерін  ескеретін  болсақ, онда  келесі

жағдайға мән берген жөн. Күн активтілігіне «мән беретін» жердегі көптеген үрдістер үшін

маңызды  болып  күн  активтілігінің

жағдайы  емес,  яғни  жерде  көрінетін  Жер

атмосферасына  тікелей  жететін  зарядталған  бөлш ектер  энергиясының ағыны  мен

геомагниттік өрістің ауытқу шамасы сияқтылар маңызды болып табылады.

Зерттеу  барысында  Күн  атмосферасының күйі  мен  Жердегі  күн  активтілігінің

көрінуі  арасында  тікелей  және  бірмәнді  байланыс  жоқ екендігі  анықталды.  Бұл  Күн

желінің Жердің магнит өрісімен әрекеттесу  сипатымен  байланысты.  Жер  маңындағы

ғарыштық кеңістікте қозғалатын зарядталған бөлшектер үшін белгілі бір тұрақсыздықтың

болуында.  Мысалға,  геомагниттік өріспен  алынған  бөлшектің едәуір  бөлігі  Күннен

тікелей  келетін  бөлшектер  энергиясынан  мың есе  артық энергияға  дейін үдейді.  Пайда

болған ұғымдар (ғылыми болжам) негізінде Күн желінің бөлшектерін геомагниттік торға

түсірудің және  олардың Жердің магнит өрісінде үдеуінің толық теориясы әлі  де  жоқ.

Алайда    жоғары  энергиялық бөлшектердің төменгі  атмосфераға әсер  ету  механизмі

негізінде алынған нәтижелер атмосферадағы  көптеген құбылыстар жер құбылыстарының

ұзақ мерзімді  болжамы  мүмкін  және  табысты  болу үшін қандай  факторлар қай  жерде

белгілі  болу  керектігіне  нұсқау  берумен  түс індіріледі.  Күн – Жер  байланыстарының

әртүрлі  көрінулерінің    ұзақ мерзімді  болжамын ғарыштық кеңістік  динамикасымен,

сонымен қатар Күн активтілігі есебімен құру қажет. Осында геоцентрлі тұжырымдаманың

бұзылу үрдісі болуы мүмкін.

Күн – Жер  байланыстарының табиғатын  түсінуде    «ғарыштық дәуір»  басталумен

елеулі қозғалыс  болды. Ғарыштық зерттеулердің геофизиканың ілгерлеуіне әсер  ету

жоспарында  көрнекті ғалым  академик  М.В.  Келдыш  1967  жылы  былай  деген:  «…Ұзақ

мерзімді  болжамдар  жайында  айтатын  болсақ, онда  бұл салада  барлық жасалынған

әрекеттер  бүгінде  тереңірек қарастырылу қажет.  Неліктен?  Себебі ұзақ мерзімді

болжамдарды  есептеуде қолданылатын  барлық теориялық аппарат  соңғы  уақытқа  дейін

атмосферада  тұйық  өтетін  гидродинамикалық  үрдістердің заңдылықтары  негіз інде

құрылды.  Сондай –ақ, төменгі қабаттағы үрдістерге  біртіндеп әсер  ететін  атмосфераның

жоғарғы қабатындағы  жылу  Күннің ықпалынан  едәуір  дәрежеде  тәуелді  біз  бұрын

білмейтін  және  Жердің жасанды  серігі  мен  басқа  да ғарыштық аппараттардағы

зерттеулердің арқасында белгілі  болды.  Сондықтан  да ұзақ мерзімді  болжамның

ілгерілеуін ауа райының ғарыштық теориясынан күту қажет шығар» [2].

Соңғы  онжылдықтағы  зерттеу  нәтижесінде  Күндегі  және  Жердің төменгі

атмосферасы мен биосферасындағы үрдістердің арасындағы өзара

байланыс қалыптасқан

ақиқат  болып  саналады.  Бұл  байланыс  статистикалық сипатқа  ие.  Осылайша,  Күн -Жер

байланыстарының нақтылық мәселесі  шешілді, бірінші жоспарға құбылыстың физикалық



жағын  зерттеу,  Күн  активтілігінің Жердегі үрдістерге әсерінің нақты    мех анизмінің

талдауы қойылды.

Күн  активтілігі ұғымын қарастырайық. Күн  заттары  реттелген  кейде  бейберекет

(ретсіз) қозғалыста  тұратыны  белгілі. Оның атмосферасы көптеген жағдайда бірдей емес,

сондықтан  да  Күн  атмосферасының  әрбір  жерлерінде  температура,  тығ ыздық,  қысым,

магнит өрісінің кернеулілігі әртүрлі өзгеріске ұшырайды.  Сондықтан  да  Күн  активтілігі

және тыныш күн, яғни салыстырмалы түрде баяу және бірқалыпты өтетін күн активтілігі

арасындағы нақты шекараны көрсету қиын.

Күн  активтілігі  деп  Күн  атмосфе расының салыстырмалы үлкен қабатының

физикалық

сипаттамалары  уақыт

өте  келе  айтарлықтай

өзгеріске

ұшыраумен

ерекшеленетін  және  көлденеңінен  бірнеше  мың шақырымды  алып  жатқан  күн

атмосферасында  болатын  түрлі құбылыстардың бүтіндей  кешенін  айтады.  Жоғарыда

айтылғандар  негізінде  «тыныш»  және  «белсенді»  Күн  арасындағы  шекара  тым  шартты

екендігін көрсетеді.

Күн  активтілігі  Күн  дақтарының, шырақтардың, талшықтардың пайда  болуымен,

Күннің жарқ етуімен,  ультракүлгін, рентген және корпускулярлық сәулелердің артуымен

байланысты  болатын  Күнде  байқалатын құбылыстардың жиынтығы. Қазіргі  кезде  Күн

активтілігінің аяқталған  теориясы  жоқ. Күн  активтілігінің барлық  құбылыстары өзара

байланысты [3].

Белсенді  аймақтардың  ұғымы  Күндегі  белсенді құбылыстардың екі  жағын

сипаттайды:  олардың кеңістіктегі  шектеулігі  және  Күн  атмосферасының барлық

қабаттарын қамтитын күрделі үрдіс негізіндегі Күндегі әртүрлі көпжақты байланыстар.

Күн активтілігінің пайда болуы Күн атмосферасының барлық қабаттарын қамтиды,

әдетте кездейсоқ пайда  болады  және  бірнеше  сағат  және  кейде  бірнеше  тәулік қана

созылады.  Ол  көптеген  мемлекеттің зерттеуін қажет  етеді.  Дегенмен,  белсенді  аймақтың

пайда  болуы  туралы  деректер әлі  де  аз.  Күн  атмосферасының  әртүрлі қабатындағы

белсенді  аймақтардың пайда  болуымен  байла нысты  оқиғалар қалай  болатындығы әлі  де

түсініксіз.

Белсенді  жерлерді қалыптастырудың бірізділігін  сипаттау  мүмкін  емес,  яғни  күн

активтілігінің  құбылыстарының  қайсысы қандай  да  бір  белсенді  аймақтың дамуына

себепті  болатынын  анықтау өте қиын.  Бұл құбылыстардың көп  жақтылығын әрі  барлық

үрдістің көп жақты б ағыттылығын айта кетуге болады. Күн активтілігін оқуды және оны

болжауда  бұндай  күрделі  нәрселерге  кездескенде  белсенді  аймақтың  қайсысы  біркелкі

екендігін  білу үшін  олардың  қандай  да  бір  маңызды  себептері  бойынша  зерттеушілерге

белгілі барлық нәрселерді т иптерге бөлу шешімі қабылданды.

Қазіргі кезде бұндай жіктеу екі қағиданың біреуінде негізделеді. Олардың біріншісі

қандай да бір кездегі белсенді аймақтың ерекшелігін бекіту болып табылады. Олармен не

болғанын  және әрі қарай  не  болуы  мүмкіндігіне  байланыс ты  емес.  Бұл  ескертпе

статистикалық жіктеуді  береді.  Екіншісі,  керісінше,  оның дамуының жеке  кезеңдеріне

мән бермей белсенді аймақтардың толық дамуын есепке алады. Ол динамикалық жіктеуге

әкеліп  соғады.  Белсенді    аймақтардың статистикалық және  динамикалық жіктелуі  бір-

бірін өзара толықтырады және жоғарыда қойылған міндеттерді шешуге септігін тигізеді.

Белсенді    аймақтардың толық және  жақсы  негізделген  статистикалық жіктеуі

олардың магнит өрісінің құрылу ерекшеліктерінің белгілері бойынша құрылды. Жоғарыд а

Күндегі магнит аймақтары әдетті биполярлы болатындығы айтылып кетті. Бұл жіктеудің

нақтылығы  белсенді  жерлердің жұқа  магнит құрылымынан  шығады.  Олар  арнайы

әдебиетте жазылған.

Белсенді жерлерді динамикалық жіктеу олардың өмірінің жалғасуымен және жарқ

ету  активтілігімен,  сондай-ақ күн  дақтарының топтарының  «өмір  сүруіне»  негізделеді.

Олардың  өмір  сүруінің толық уақытын  анықтау  кей  жағдайда  мүмкін  емес, әдетте  оның

орнына «флокулалық» фазаның ұзақтылығын қолданады.


Бұл  жіктеуге  сәйкес  «флокулалық» фазаның (Т) ұзақтылығы  жағынан  белсенді

жерлер үш типке бөлінеді: қысқа өмір сүргіштер (Т= Күннің 1 -2 айналымы), типтік (Т=3

айналым)  және ұзақ  өмір  сүргіштер  (Т>3  айналым).  Класстарға әрі қарай  бөлу  олардың

жарқ ету  активтілігінің сипаттамасы  бойынша  жүргізіледі .  Типтер  мен  класстарға  толық

бөлу арнайы әдебиеттерде қарастырылады.

Белсенді    жерлерді  оқудың негізгі  мақсаты қазіргі  кезде құрылмаған  физикалық

теориясын құру болып табылады. Бұл белсенді жерлерді құрайтындар әртүрлілігімен және

қарама-қайшылығымен байланысты, оларды бір жүйеге келтіру өте күрделі.

Күн плазмасының ірі масштабты қозғалысы және магнит өрісі белсенді жерлердің

дамуының физикалық схемасының фрагменттерінің бірі болып табылады.

Күннің жарқ етуінің пайда  болуынан  жылдам  бөлшектерге  берілеті н  энергия

көздерінен  түсіндіру  белсенді  жерлердің дамуының физикалық схемасын құруда  ең

маңызды болып табылады.

Әдебиеттер

1. Соболев В.В. Курс теретической астрофизики. М: 1975, 197 б.

2. Гордиец Б.Ф., Марков М.Н., Шелепин Л.А., Солнечная активность и земля. М: 1980, 4

б.

3. Солнечно-земные связи и их влияние на человека. Ермолаев Ю.И., Ермолаев М.Ю. М:



2003, 115 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет