Сборник статей по материалам LXI международной научно-практической конференции №1 (60) Январь 2017 г



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.03.2017
өлшемі4,36 Mb.
#8089
түріСборник статей
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Conclusion 
Contamination  of  pastures  with  invasive  parasites  remains  an  important 
part  of  the  environmental  problem.  Intermediate  hosts  of  dicroceliasis 
(terrestrial  mollusks)  and  additional  hosts (ants) are  widespread in  all pastoral 
areas  of  Naryn  region,  intensively  infected  by  parthenites  dicroceliasis, 
providing  high  pathogen  population  size  and  constant  infection  of  animals 
with dicroceliasis. 
 

145 
References: 
1.
 
Dementev  IS.  (1979).  The  role  of  abiotic  ants  from  the  genus  Formica 
in the epizootiology  of  dicrocoeliasis].Materialy  respublikanskogo  seminara 
po bor  'be  sparazitarnymi  boleznyami  sel  'skokhozyaistvennykh  zhivotnykh, 
posvyashchennogo  100-letiyu  so  dnyarozhdeniya  Akademika  K.I. Skryabina. 
Alma-Ata, USSR, 42-47. 
2.
 
Eckert J.,  Hertzberg H.  (1994).  Parasite  control  in  transhumant  situations. 
Veterinary Parasitology 54, 103-125. 
3.
 
Kotelnikov GА,(1974). Diagnostics of animal helminthiasis - М., – S. 57-233. 
4.
 
Lukin,  AK.  (1980).  (The  prevalence  and  economic  lossdue  to  dicrocoeliasis 
in ruminants).  Trudy  Saratovskoi  Nauchno-Issledovatel'skoi  veterinarnoi 
Stantsii 14, 76-79. 
5.
 
Manga-Gonzalez  MY,  Gonzalez-Lanza  C,  Cabanas  E,  Campo R.  (2001). 
Contributions  to  and  review  of  dicrocoeliosis,  with  special  reference 
to the intermediate hosts of Dicrocoelium dendriticum. Parasitology 123, 91-114. 
6.
 
Method  of  research  of  parasitological  situation  and  control  of  parasites 
of agricultural animals. (1957). — Kiev: Edition АН Ukrainian Soviet Socialist 
Republic, –207 s. 
7.
 
Cavani C.,  Losi G.,  Manfredini M.,  Pavoncelli R.  M.,  Pietrobelli M.  ,  Restani R. 
(1982).  Ricerche  sull  'in¯uenza  della  dicroceliasi  sulle  caratteristiche  quantitative 
e qualitative  della  produzione  di  latte  in  pecore.  Obiettivi  e  Documenti 
Veterinari 3, 59±63. 
8.
 
Otranto D,  Traversa D.  (2002).  A  review  of  dicrocoeliosis  of  ruminants 
including  recent  advances  in  the  diagnosis  and  treatment.  Vet  Parasitol  107, 
317-335. 
9.
 
Otranto  D,  Traversa D.  (2003).  Dicrocoeliosis  of  ruminants:  a  little  known 
fluke disease. Trends Parasitol 19, 12-15. 
10.
 
Skryabin КI.(1928).  Method  of  full  helmintological  opening  of  vertebrates 
including man. // Edition I Moscow university, 1-45.  
11.
 
Shermatov S. (2008). Ecological monitoring of highland pastures in the Kyrgyz 
Republic //NEOBIOTA: Towards a Synthesis. Praque (Czech Republic), s. 244. 
 
 

146 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ 
БАЯНДАМАЛАРЫ 
 
БӨЛІМ 1.  
ИНЖЕНЕРЛІК 
 
ЗАМАНАУИ БАЙЛАНЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ 
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ 
Ержанова Мира Едигеевна  
т.ғ.к., доцент М.Х. Дулати атындағы 
 Тараз мемлекеттік университеті,  
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы 
Орманбекова Айнур Алибековна 
магистр, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы 
Шакенова Асель Сарсенбаевна 
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 
Байсымақов Ислам Әлi Талапбекұлы 
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы 
Уразбаев Уалихан Онгарбекулы 
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы 
Арынбай Ильяс Қанатұлы 
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы 
 
 

147 
Пайда  болғаннан  бастап  және  бүгінгі  күнге  дейін,  мобильді 
байланыс желісі үлкен даму жолын өтті, тұтынушылар құрылғыларының 
жаңа  түрлері  пайда  болды  –  ақылды  телефондар  (смартфон)  мен 
планшеттер.  Бүгін  мобильді  технологиялар  көрсететін  мүмкіндіктер, 
дыбыстық  қызммет  көрсету  шеңберінен  тыс  шығып  кетті,  олар  бүгін 
қарым-қатынастың  жаңа  тәсілдерін  және  ақпарат  алмасудың  жаңа 
түрлері  мен  бизнес  –  модельдерін  ұсынады.  Қазіргі  радиоқатынау 
технологияларына  қосымша,  3G/4G  технологиялары  көмегімен 
шешілмейтін  мәселелерді  шешетін,  жаңа  технологиялар  пайда  болып 
жатыр.  Қолданыстағы  және  жаңа  технологияларды  айқын  біріктіру 
тұтынушылық тәжірибе сапасының жоғарлауына және жаңа қызметтер 
түрінің пайда болуына жетілдіреді.  
Ұзақ  мерзімді  келешекте,  мұндай  дамуда  5G  деп  аталатын, 
интегралданған  радиоқатынау  технологиясы  пайда  болады.  LTE  – 
бұл мобильді байланыс  технологиясының эволюциялық даму  қадамы, 
және  де  HSPA  мен  Wi-Fi  дамуы.  GSM  технологиясы  да  болашақта 
маңызды  рөлдерді  атқарып,  өзінің  беделін  жоғалтпайды.  Себебі, 
5G технологиясы  қазіргі  технологияларды  ауыстыру  үшін  емес, 
оларды дамыту мен жаңа технологиялармен қамтамасыздандыру және 
бір байланысқа біріктіру технологиясы болып саналады. 
Технологиялық  көз  қараста  5G  желілеріне  қойылған 
талаптар 
Технологиялық  көз  қараста  5G  желілеріне  қойылған  талаптарды 
келесідей домендерге бөлуге болады, себебі бүгінгі танда ол әлі даму 
кезеңінде [3].  5G  желісінің  талаптары  төрт  негізгі  доменмен 
белгіленген: 

 
Кіші  ұялармен  жаңа  радиоинтерфейс  (New  Air  Interface 
(Small Cells)) толқынның жаңа түрлерінде негізделуі керек

 
Радиожиіліктік ресур (Radio Frequency) – жаңа жоғары жиілік 
жолағы қолдануы керек, онымен қоса милиметрлік толқын (Millimeter 
wave) жолағы; 

 
Интелектуалды және адаптивті желілер (Intelligent & Adaptive 
Networks); 

 
Радиоқатынау  желісінің  жаңа  архитектурасы  (New  NW 
Architecture). 
Жалпы  көрініс  бойынша,  5G  жүйелері  2020  жылы  жазылып, 
ақпарат көзіне әр жерде, әр кезде шексіз қол жеткізеді. 5G концепциясы – 
қарапайым  байланыс  желісімен салыстырған әлдеқайда күрделі жүйе. 
5G  жүйесін  сымсыз  байланыс  қатынауының,  адамдардың  қарым-
қатынасының және құрылғылар арасында ақпарат алмасудың қоршаған 
ортасы болады. 5G адамдардың көзқарас шеңберінен  

148 

 
Ғаламтор – заттары 
≪ (IoT – the Internet of Things), 

 
Желілік қоғам
≪ (the Networked Society) және машинабағытталған 
байланыс  (М2М  –  machine-to-machine,  D2D  –  device-to-device)  түрі 
кепілінде шығады. 
5G  қосымшалар  жиынтығынан  тұратын  болғандықтан,  бұл 
технология  әртүрлі  радиотехнологиялар  комбинациясы  болады. 
Сол себебті 5G технологиясы алдыңғы технологияларды ауыстырмайды, 
ал оларды біріктіріп жаңартады. 5G = қолданыстағы стандартты дамыту + 
жаңа технологиялар. 
5G концепциясының жалпы көрсетілімі 
Қазіргі  ұялы  байланыс  желісі  4G  жаппай  қамту  мен  берік 
байланысты  төмен  жиілік  арқасында  қамтамасыз  етеді  деген  пікірде. 
1.1  суретте  көрсетілгендей,  4G-ден  5G-ге  бірқалыпты  және  экономды 
өту  үшін  5G  ұялы  байланыс  желісі  4G  +  mmWave  (милиметрлік 
толқындар)  гибридті  жүйе  құрылымын  қолданады.  Басқару  жөнінде 
және  төменжылдамдықты  бағдарламалар  (мысалы,  дауыс,  текст  және 
веб – браузер) 4G байланыс желісінде таралады, ал жоғарыжылдамдықты 
мультимедиалық бағдарламалар милиметрлік толқындарға жетімді.  
 
 
Сурет 1.1 5G желісінің құрамы 
 
5G  ұялы  байланысы  4G  базалық  станциядан,  mmWave  базалық 
станциядан  және  мобильді  құрылғылардан  тұрады.  4G  желісінде 
географиялық аймақ ұяшықтарға бөлінген және әрқайсысы бір немесе 
бірнеше 4G базалық станциямен қамтамасыз етілген [4]. Милиметрлік 
толқын  (MmWave)  жіберу/қабылдауы  жоғары  бағытталған  антенналарға 
негізделген,  олар  mmWave  өзара  базалық  станциялар  арасында 

149 
бөгеуілдерді  әлде  қайда  азайтады.  Сыртқы  ортада  милиметрлік 
толқындар  арасында  параллель  интерференциясы  төмен  және 
бағытталған  милиметрлік  толқындар  байланыс  арнасы  жалғанқосылған 
сым ретінде қарастыруға болатыны туралы дәлелденген және көрсетілген. 
Сол себебті, mmWave базалық станциялар ұя түрінде жайылмауы тиіс. 
mmWave  құрайтын  микросоталар  жоғары  көрсеткіштер  мен  үлкен 
қуаттылықты  қамтамасыз  етеді.  3  суретте  көрсетілгендей,  әрбір 
сымсыз  құрылғы  коммуникациялық  режимдер  мен  4G  мен  mmWave 
жұмысына  және  олардың  өзара  тез  алмасуын  қамтамасыз  етуіне  ие. 
Осы  режимдерді  Ericsson  компаниясы  2015  жылы  2-5  наурызда 
Барселонада  өткен  MWC  2015  (MOBILE  WORLD  CONGRESS) 
көрмесінде  ұсынды.  Ericsson  компаниясы  5G-LTE  Dual  Connectivity 
және 5G Multipoint 
Connectivity технологиялары көрсетті: 

 
5G-LTE  Dual  Connectivity:  5G  технологиясында  жұмыс 
істейтін  мобильді  құрылғы  LTE  желісінен  5G  желісіне  өтеді,  бірақ 
құрылғы  екі  желімен  бір  реттік  коммутиция  режимінде  байланыс 
орнатады,  кейін  жіксіз  хендовер  болады.  5G  –  LTE  Dual  Connectivity 
функционалы  желілер  мен  құрылғыларға  әртүрлі  жиілік  спекторында 
және әртүрлі стандарттарда жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. 

 
5G  Multipoint  Connectivity:  5G  технологиясында  жұмыс 
істейтін  құрылғылар  екі  5G  базалық  станцияға  қосылуды  қамтамасыз 
етеді.  Осы  қосылу  нәтижесінде  ақпаратты  бірнеше  ағынды  жүктеу 
есебінен  жіберу  жылдамдығын  арттырады  және  сигналдық  сапасын 
жақсартады  да,  оның  тұрақты  қабылдауын  қамтамасыз  етеді. 
5G Multipoint  Connectivity  шағын  ұяшықтардан  және  макродеңгейлерден 
тұратын көпдеңгейлі желілерді қолдауды қамтамасыз етудегі ең маңызды 
шешім болып табылды.Ғимараттың ішінде және сыртында орналасатын, 
тұтынушылар  саны  тығыз,  қалалы  аймақта  фемто/пико/макроұяларды 
орналастыру. 
Фемтоұя  «кішкентай  ұя»  (small  cell)  санатына  жатады  және 
аз қуатты  сымсыз  қатынау  нүктесі  болып  саналады.  Фемтоұя  (англ. 
Femtocell)  ұялы  байланыстың  азқуатты  кішігірім  базалық  станциясы 
болып  келеді  және  үлкен  емес  аймақта  қызмет  көрсетуге  арналған 
(бір кеңсе  үйі  немесе  пәтер).  Ол  желі  ішінде  ұялы  байланыс 
операторына шығатындай 30–40 ұялы телефонға дейін тұтынушыларға 
қызмет  көрсетеді [14].  Ұялы  оператор  үшін  бұл  технология  жабу 
аймағы  мен  желінің  сыйымдылығын  арттыруға  мүмкіндік  береді, 
әсіресе  ғимараттар  ішінде.  Құрыларға  шығынды  азайтуға  және 
қосымша қызметгерге бағаның төмендеуіне мүмкіндіктерді тудырады. 
Фемтоұя  бір  мезетте  мобильді  телефонмен  сөйлесуге  және  мобильді 

150 
интернетті  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Осындай  мүмкіндіктер  Fixed 
Mobile  Convergence  технологиясында  қолданылатын,  бірақ  ол  үшін 
ұялы  байланыс  пен  Wi-Fi  желісі  арасында  ауысып  қосылатын 
екістандарты телефондарды талап етті. 
Бірнеше  жыл  бұрын  femtocell  технологиясы  болашақта  сұраныс 
бола  ма  деген  белгісіздікте  болса,  қазіргі  таңда  5G  технологиясының 
дамуына  байланысты  Ericsson,  Alcatel  Lucent,  Motorola,  NEC,  Nokia, 
Networks  секілді  мобильді  өнеркәсіп  өкілдері  фемтоұя  байланысын 
жобалауда.  Қызмет  көрсету  көзқарасынан  фемтоұя  толықфункционалды 
базалық  станция  болып  саналады  және  ол  барлық  сымсыз  байланыс 
түрлерін (2G, 3G, LTE және Wi-Fi) қамтамасыз ете алады. Femtocell-да 
телефон автоматты түрде тіркеледі және ұяның жұмыс істеу аймағына 
енген кезде жіксіз хендовер іске асады, яғни ғимараттан шыққан кезде 
сөйлесуініз үзілмейді. Фемтоұя аймағына кірген тұтынушы дисплейде 
жазумен  немесе  SMS  –  хатпен  хабарландырылады.  Фемтоұяның 
артышылығы  оның  орнатуына  арнайы  жиілікті  жобаны  және  қымбат 
зерттеуді  талап  етпейді.  Кішкентай  ұяшық  желілік  инфрақұрылымға 
автоматты түрде интегралданады. Ұй нұсқасында фемтоұя құрылғысы 
plugand-play  стандартына  сәйкес  келеді  және  тұтынушыдан  ешқандай 
икемділікті  және  білуді  талап  етпейді.  Ең  бастысы  оны  тұрақты  тоқ 
көзімен және кеңжолақты ғаламтор көзімен қамтамасыз ету. Массивті 
фемтоұяны  қолдану ғимараттар ішінде  және кеңжолақты  3G/4G  ұялы 
байланыс желілерін жеңілдетеді, соған байланысты желінің жылдамдығы 
мен трафикті өткізу кеңейеді. 
Ұзақ  мерзімді  келешекте,  мұндай  дамуда  5G  деп  аталатын, 
интегралданған радиоқатынау технологиясы пайда болады. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.
 
Frеidrich K.Jondral, “Softwаrе –Dеfinеd Radio---Bаsics and Evolution to Cognitive 
Rаdio” EURASIP Jоurnаl оn Wirеlеss Cоmmunications and Nеtworking 2005: 
3, 275-283. 
2.
 
В.Г. Скрынников,  «Будущий  облик  5G»  ISSN  0013-5771,  ЭЛЕКТРОСВЯЗЬ, 
№ 10, 2013.  
3.
 
В.Г. Скрынников, «5G: Облик будущих систем мобильной связи. Часть 1» 
журнал Технологии и средства связии № 1, 2015. 
 
 

151 
БӨЛІМ 2. 
ФИЛОЛОГИЯ 
 
БАЛА ТІЛІНДЕГІ МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАҒЫ 
ТІЛДІК БІРЛІКТЕР 
Қожахмет Айгерім 
педагогика ғылымдарының магистрі 
Мемлекеттік тілді дамыту институты, 
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.  Мақалада  меншіктік  қатынасты  білдіретін  тіл 
бірліктерінің  бала  тіліндегі  қолданылуы  жайлы  сөз  қозғалып,  изафет 
тіркестерге  бала  тілінен  мысалдар  келтірілген.  Қазіргі  таңда  түркі 
тілдерінде,  оның  ішінде  нақты  қазақ  тілінде  бала  тіліндегі  изафет 
тіркестерге  қатысты  зерттеулердің  жоқтың  қасы  екендігі  айтылып, 
оны зерттеудің өзектілігі айқындалып көрсетілген.  
 
Түйін  сөздер:  бала  тілі,  изафет,  изафет  тіркестер,  меншіктік 
қатынас, меншіктік сипат. 
 
Бала тіліндегі меншіктік қатынас жайлы орыс тіл білімінің өкілдері 
С.Н. Цейтлин, А.Н. Гвоздев, И.Н. Горелов, К.Ф. Седов, Н.В. Уфимцева, 
Н.В. Пятницкая т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. Бұл ғалымдар 
еңбектері  бала  тілін  зерттеудің  жаңа  қырларын  функционалды 
аспектіде қарастыруға зор мүмкіндіктер туғызады. 
Бала  тіліндегі  меншіктік  қатынас  туралы  зерттеулерде  орыс 
ғалымдарының  ішінде  ғалым  С.Н.Цейтлиннің  орны  ерекше.  Бала 
тіліндегі  меншіктік  қатынас  түсінігі  ғалымның  «Язык  и  ребенок: 
лингвистика  детской  речи» [1,136]  атты  еңбегінде  сөз  тіркесіне 
байланысты  қолданылады  және  бұл  құбылыс  онда  жан-жақты  терең 
зерттелген.  Ғалым  бұл  мәселені  сөйлем  мүшелері  тұрғысынан 
қарастырған. Бұл жұмыс практикалық жағынан маңызды, себебі ғалым 
тарапынан  айтылған  әрбір  тұжырым  тілдік  деректермен  дәйектелген. 
Ғалым  бұл  зерттеу  жұмысында  бала  тіліндегі  меншіктілік  қатынасты 
бірсөзді  сөйлемдермен  байланыстыра  қарастырған.  Сонымен  қатар 
осы  ғалымның  «Семантическая  категория  посессивности  в  русском 

152 
языке и ее освоение ребенком» атты зерттеу жұмысында да меншіктік 
мәндегі  сөйлемдерге  талдау  жұмыстарын  жасаған.  Бұл  зерттеу 
жұмысында  меншікті білдіретін  толық мағыналы  сөйлемдер жайында 
айтылған.  Мысал  келтірер  болсақ,  ғалым  «Дед  имеет  седую 
бороду» [2, 201]  деген  сөйлемді  келтірген.  Бұл  сөйлемді  қазақ  тіліне 
аударар  болсақ,  «Атаның  ағарған  сақалы  бар»  дейміз.  Қазіргі 
аудармашылар  немесе  кейбір  қазақ  тілін  қолданушылар  «Атада 
ағарған  сақал  бар»  формасында  қолданып  жүр.  Бұл  –  қате  аударма. 
Себебі қазақ грамматикасында -да, -нда, -де, -нде жалғаулары мекенді 
білдіреді.  Ал  бұл  жағдайда,  яғни  орыс  тілінде  берілген  сөйлемде 
меншікті  білдіріп  тұр.  Сол  себепті  зат  есімге  ілік  септігін  жалғап, 
меншіктік қатынасты көрсету керек.  
Бала тіліндегі меншіктік сипаттағы сөздер туралы толық зерттеулер 
орыс тіл білімінде болғанымен, түркі, оның ішінде қазақ тіл білімінде 
жоқтың  қасы.  Түркі  және  қазақ  тіл  білімінде  жалпы  тіл  аясындағы 
меншіктік мәндегі сөз тіркесі тұрғысында қарастырылған.  
Түркі тілдерінде меншіктік мәнді сөздерге сөз тіркесі тарапынан 
қарастырған.  Ғалым  Н.З.Гаджиева  түркі  тілдеріндегі  сөз  тіркестерін 
зерттей  келе,  сөз  тіркестерінің  зат  есім+сан  есім,  зат  есім+есімдік, 
зат есім+сын  есім,  зат  есім+есімше,  зат  есім+қос  сөздер,  анықтауыштық 
сипаттағы  жайылма  сөз  тіркестері  деген  модельдерге  жіктеген. 
Зат есім + сан есім құрылымды меншікті білдіретін сөз тіркестері бала 
тілінде  көп  кездеседі.  Мысалы,  үш  алма,  бес  кітап,  төрт  қуыршақ 
және  т.б.  ;  Ал  зат  есім  мен  есімдік  тіркескен  сөз  тіркестері  көбіне 
меншіктік  қатынасты  білдіреді.  Мәселен,  менің  қолым,  менің  әкем, 
менің ойыншығым, оның кітабы және т. б. 
Бала  тіліндегі  меншіктік  сипаттағы  сөздердің  жіктемесін  негізге 
ала  отырып,  бала  тіліндегі  сөз  тіркестеріндегі  меншіктік  қатынас  зат 
есім мен есімдіктің тіркесуі негізінде жасалатынын ғалымдар пікірлері 
мен тілдік деректер арқылы талдаймыз.  
Тіл  білімінде  меншіктік  қатынаспен  қатар  жүретін  изафет  деген 
термин  бар.  «Изафет  –  есім  сөздердің  бір-біріне  бағына  байланысуынан 
жасалған  сөз  тіркестерінің  ғылыми  атауы.  Зат  есім  сөздердің 
анықтауыштық  қатыстағы  байланысы  изафет  деп  саналады.  Мысалы, 
қол сағат,  қала  адамы,  Асқардың  баласы» [3]. Бұл  тұжырымнан  бала 
тіліндегі  изафеттік  тіркестер  меншікті  қатынасты  білдіретінін  көруге 
болады. Мысалы,  апамның сөмкесінде бәрі бар. Осы  сөйлемде  апамның 
сөмкесі тіркесі изафеттік тіркес қатарына жатады. Бала тілінде бұндай 
формалы тіркестер қатары өте көп. Бірақ балалардың бірі қосымшасын 
дұрыс жалғамаса, бірі тіркесімділік заңдылықтарын ұстанбай жатады. 
И.Т. Кутешева  «Изафеттің  ІІ  түрі  және  Әбілғазы  баһадүр  ханның 
«Түркі  шежіресіндегі  тезаурус  сөздігінде»  кездесетін  изафеттік 

153 
тіркестер» [4,167] атты еңбегінде әрбір меншікті білдіретін изафеттік 
тіркестер  бір-бірімен  лексикалық  мағынасы  бар  сөздермен  сабақтаса 
байланысатындығы, сөйлемде анықтауыштық қатынасты білдіретіндігі 
жайлы  айтады.  Ілік  жалғаулы  сөз  бен  тәуелдік  жалғаулы  сөздерді 
жіктеуде Е.И. Убрятова бұндай сөздерді есімді изафет және есімшелі 
изафет деп екіге бөледі [5,37]. 
Ал  қазақ  тіліндегі  изафеттік  тіркестерді  жан-жақты  зерттеп, 
теориясын  қалыптастырған  ғалым  М. Балақаев  болатын.  Ғалым 
изафеттік тіркестің қабыспалы  және матаулы  деген екі түрін көрсеткен. 
Изафеттік  құрылымдарға  қатысты  пікірлер  Р. Әмір  мен  С. Исаевтың 
еңбектерінде де кездеседі. Р. Әмір қазақ тіліндегі сөздердің байланысу 
тәсілдерін  беске  бөледі  де,  матасудың  өзін  толық  және  толық  емес 
деп екіге бөледі [6]. 
Сонымен  қатар  профессор  Т. Сайрамбаев  –  қазақ  тіл  білімінде 
қазақ  тілінің  сөз  тіркесі  синтаксисін,  сөйлем  синтаксисін  зерттеудегі 
өзіндік  орны  бар  айтулы  ғалым.  Ғалымның  пікірінше,  «матасу  ілік 
септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысы болып табылады. 
Мысалы: Асанның кітабы.  Оның папкасы» [7,23]Демек, бала тілінде 
кездесетін  әрбір  меншіктік  сипаттағы  тіркестер  матасу  тәсілі  арқылы 
жасалған.  Мысал  келтірер  болсақ,  менің  добым,  анамның  тамағы, 
әкемнің досы, оның ойыншығы, сенің қуыршағың және т. б. Бұлардың 
барлығы  да  бір-бірімен  екіжақты  байланыса  отырып,  матасу  тәсілі 
арқылы жасалған. Ал матасу тәсілі арқылы жасалған әрбір сөз тіркестері 
меншіктік мәнді береді.  
Қазіргі  таңда  изафеттік  тіркестермен  қатар  матасу  тәсілі  де  тіл 
ғылымында маңызды орын алады. Қазақ тіл білімінде А. Әуелбекованың 
«Қазақ әдеби тіліндегі матаса байланысқан сөз тіркестері, түрлері» 
атты зерттеу жұмысы да меншікті қатынасты сөз тіркестеріне арналған.  
Бала  тіліндегі  меншіктік  қатынас  жайында  А. Жапбаровтың 
«Оқушылардың  сөздік  қорын  байыта  оқытудың  ғылыми-әдістемелік 
негіздері» [8,25]  атты  еңбегінен  ақпарат  алуға  болады.  Еңбекте 
меншіктілікті білдіретін «-нікі, -дікі, - тікі» қосымшалары талданады. 
Бұл  қосымшалардың  төңкеріске  дейінгі  формасы  мен  қазіргі  тіл 
біліміндегі көрінісі салыстырылады.  
Бала  тіліндегі  меншіктік  мәнді  сөздерді  қолдануда  балалар 
фонетикалық,  стилистикалық,  грамматикалық  қателер  жібереді. 
Ең алдымен  фонетикалық  қателерді  талдай  келе,  балалар  меншіктік 
қатынасты  сөйлеу  үдерісінде  қолдануда  көбіне  ң  мен  н  дыбысын 
алмастырып  жатады.  Дефектологтардың  пікірінше,  балалардың  «н» 
мен  «ң»-ды  айта  алмауының  себебін  фонематикалық  есту-түсінуі 
дұрыс қалыптаспағанынан деп түсіндірді. Мысалы:  
Сұрақ: Әжең қандай, айтып берші? 

154 
Адина:  Менін  әжем  жақсы.  Екі  әжем  бар.  Менін  бір  әжем 
Жұмабике  әжекам,  ал  бір  әжем  Рая  әжем.  Олар  біреуі  Арқалықта, 
тоже Арқалықта. Бірақта  менін үйімнін қасында болад. Кей – кезде 
мамамнын жұмыстары жоқ, үйде отырады. Ал, сосын онын жұмысы 
бар  кезде  менім  әжелерім  келеді.  Жұмабике  әжем  тігінші,  менім 
сондай  болғым  келеді.Ол  қазақ  киімін  тігіп  береді.  Флоранын  киімін 
тігіп береді, және басқа киімдерін тігіп береді.  
2-5 жас  аралығындағы  бала  барлық  дыбыстарды  толық  айтып 
үйренеді.  Р-л,  ш-с, н-ң,  ж-з  сынды ұқсас  дыбыстарды  мектеп  жасына 
жеткен  бала  сөйлеу  үдерісінде  дұрыс  айта  алуы  керек.  Мысалдағы 
менің  әжем,  менің  үйім,  маманың  жұмыстары,  Флораның  киімдері 
деген  матаса  байланысқан  тіркестердің  изафеттік  семантикаларының 
бірі  меншілікті  білдіріп  тұр.  Яғни  сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңары 
меншіктік  сипатқа  ие.  Бала  осы  форманы  орынды  қолданғанымен, 
тілінің  мүкістігіне  байланысты  немесе  дыбысты  дұрыс  қолдану 
білмегендігінен  қателік  жасап  жатады.  Ал  дұрыс  дыбыстай  алмаған 
жағдайда баланы мектеп логопедіне көрсету қажет.  
Сонымен  бірге  ң  мен  м  дыбыстарын  да  кішкентай  балалар 
шатастырып  жатады.  Бұндай  қателіктерді  жіберудің  бір  ғана  себебі 
бар.  Бала  ң  дыбысын  айтуды  қиынсынғаннан  кейін  м  дыбысымен 
алмастырады.  Негізінде  балалар  м  дыбысын  айтуды  тез  үйренетіні 
белгілі.  Себебі  бала  бір  жасына  жетпестен  мама  сөзін  қолданады. 
Соның  негізінде  м  дыбысын  айтуға  тілі  дайын  тұрады.  Бұның  өзі 
де м дыбысын еркін айтуға ықпалын тигізетіні анық. Мысалы,  Сұрақ: 
Ләззат апай жақсы ма? 
Адина:  Иә.  Бұл  менім  тобым.  Бұл  Лаззат  апай.  Бұл  менім 
достарым. 
Сұрақ: Қандай керемет! Достарың жайлы айтып берші? 
Адина: Менім достарымда көп нәрселер бар.  
Бұндай  фонетикалық  қателер  бала  тілінде  өте  көп  кездеседі. 
Қазақтың  төл  дыбысы  ң-ды  айта  алмауы  –  қазақтың  көптеген 
балаларының  тілдерінде  кездесетін  құбылыс.  Менің  тобым,  менің 
достарым деген матаса байланысқан тіркестер меншіктілік қатынасты 
білдірген. Бала бұл тіркестерді, яғни зат есімге ілік септігін меншіктік 
қатынаста  дұрыс  қолданғанымен,  фонетикалық  қателікке  жол  берген. 
Дегенмен,  бұндай  қателіктерді  барлық  бала  бірдей  деу  де  қате  пікір. 
Физиологиялық  жағынан  дұрыс  дамыған,  тілінде  мүкістігі  жоқ, 
ата-анасының дұрыс үйретуі нәтижесін дұрыс бағытта тілдері дамыған 
балалар бұндай қателіктерге ұшырамайды. Мысалы, Аруана:  
Анамның әр қызы  
Ән әкемнің тәркісі. 

155 
Бұл бала меншіктік қатынаста жұмсалған зат және сын есімдерінің 
қосымшаларын  сөйлеу  үдерісінде  дұрыс  қолданған.  Анамның  қызы, 
әкемнің  тәркісі  деген  тіркестер  ілік  септігінің  жалғауы  арқылы 
жасалып,  мағынасы  жағынан  грамматикалық  меншіктілікті  білдіріп 
тұр.  Бала  изафеттік  тіркестің  үшінші  түрі  –  матасу  тәсілі  арқылы 
жасалған тіркесті дұрыс қолданып отыр.  
Баланың алғашқы дыбыстарды қолдануына қарай сөйлеудің жаңа 
кезеңдеріне  өтіп отырады. Алғашқы  сөз  немесе алғашқы  өзіндік ойын 
білдіру  голофраза  деп  аталады.  Бала  тілін  зерттеуде  голофраза  деген 
термин көп қолданылады. С.Н. Цейтлиннің пікірінше, «баланың алғашқы 
сөздері – оның алғашқы ойы болады. Бұл – «голофраза» деп аталады. 
Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым» [1,135]. 
Демек,  бала  тіліндегі  сөздердің,  сөйлем  мүшелерінің  құрылымдары 
арқылы ойын, түсінігін көруге болады. Мысалы, әкемнің машинасына 
қара  деген  сөйлемге  талдау  жасайық.  Бір  жастан  асқан  бала  әке 
деп қана  айтуы  мүмкін.  Бірақ  оның  негізінде  әкемнің  машинасы  қара 
деген толық мағыналы сөйлем тұруы мүмкін. Бұдан бала 1 жас пен 2 жас 
аралығында «бірсөзді  сөйлемді»  жиі  қолданатын  көруге  болады. 
Баланың  ойын  үнемі  жақында  жүретін  жақындары  бірден  түсінеді. 
Ал екі  жасқа  жақындаған  шағында  әке  машина  тіркесін  қолдана 
бастайды.  Бұның  негізінде  де  белгілі  бір  ой  тұрғаны  анық.  Себебі 
баланың сөздік қорында тілдік бірліктер аз болуына байланысты толық 
сөйлемді  айта  алмайды.  Үш  жастан  аса  бала  толық  сөйлемді  айта 
бастайды.  Былдырдан  кейін  бала  буынға  көшеді,  мысалы,  ма  (мама), 
да  (дала).  Буынды  игерген  бала  толық  лексикалық  мағынасы  бар 
сөздерді айта бастайды (әке, апа, ата), содан кейін бір-біріне бағынған 
сөз  тіркестерін  сөйлеу  үдерісінде  қолданады.  Бірақ  балалар 
грамматикалық бірліктерді дұрыс қолдана білмеуі де мүмкін.  
Бала  тіліндегі  меншіктілік  қатынасты  айтарда  тағы  бір  үлкен 
мәселеден айналып кете алмаймыз. Себебі қазіргі орыс тілінен дәлме-дәл 
аударылып жүрген сөздер мен сөз құрылымдары қазақ грамматикасының 
ережелеріне бағынбайды. Балалар үлкендер тілінің көшірмесін жасайды. 
Бұндай  нормадан  ауытқулар  бала  тіліндегі  меншікті  білдіретін 
құрылымдарда  да  кездеседі.  Мысалы:  менде  бес  қуыршақ  бар  деген 
сөйлем  –  у  меня  есть  пять  кукл  сөйлемінің  дәлме-дәл  аудармасы. 
Бұл сөйлем  менің  бес  қуыршағым  бар  түрінде  берілуі  қажет. 
Осы мысалдарды  талдай  келе  калька  тіліне  айналып  кету  қаупі 
туындағанын көруге болады.  
Қазіргі  таңда  баланың  қоршаған  ортасы  қазақ  тілінің 
грамматикасына  келгенде  шала  сауатты.  Қазіргі  кезде  функционалды 
стильдердің  барлығы  да  (ғылыми,  ресми,  ауызекі  сөйлеу  стилі, 
публицистикалық  стильдер)  орыс  тілінен  аударылып  жүр.  Ал  оның 
бір ұшы балаларға да тиіп отыр. Мысалы: 

156 
Сұрақ:  Өте  әдемі  екен.  Сенде  тағы  қандай,  осындай  әдемі 
заттарың бар? 
Іңкәр:  Менде  ободок.  Әдемі  –  әдемі  кітаптар,  затым  бар. 
Моншағым бар. 
Сөйлем  мүшелерін  орынсыз  қолданумен  қатар  орыс  тілге  тән 
сөздерді  араластырып  сөйлеу  де  –  қазіргі  таңда  жиі  кездесетін 
құбылыстардың  бірі.  Яғни  бала  зат  есімге  ілік  септігін  жалғап, 
меншіктік  сипатты  берудің  орнына  обьектіге  жатыс  септігін  жалғап 
мекендік  мән  үстеп  тұр.  Сонымен  бірге  бұл  мысалда  варваризм  де 
(грек. barbarous – бөтен елдік) кездеседі. Тіліміз варваризмнің тілдегі 
көрінісіне  байланысты  шұбарланатыны  белгілі.  Варваризмдер  сөйлеу 
кезінде  орынсыз  қолданылған.  Мысал  кейіпкері  сөйлеу  үдерісінде 
орыстың  «ободок»  сөзін  қолданған.  Осындай  тілімізге  жат  сөздердің 
әсерінен қазақ тілінің көркемдік стилі жоғалып барады. 
Қазіргі  таңда  бала  аузынан  түспейтін  менікі,  менің  сөздері 
де меншікті  қатынасты  білдіреді.  Бірақ  бұл  сөздер  көп  жағдайда 
баланың бойындағы өзімшілдіктің белгілерін көрсетеді. Қазір көптеген 
отбасылары бір-екі баламен шектелген. Баланың саны аз болған сайын 
бала  өзімшілдікке  бой  алдырады.  Баланың  менің  ойыншығым,  менің 
машинам,  менің  әкем,  менің  анам,  менің  қуыршағым,  менің  добым 
және  т. б.  матаса  байланысқан  сөз  тіркестерін  қолдануы  арқылы  бұл 
тіркестің құрылымын дұрыс қолданғанымен, мінезінде кереғар әдеттің 
пайда  бола  бастағанын  көреміз.  Сонымен  қатар  бұндай  тіркестердің 
орнына бала ым-ишара көмегімен керек затын тартып алып, менікі деуі 
де  мүмкін.  Жалпы  балалардың  қоршаған  ортасымен  қарым-қатынас 
жасауында бейвербалды әрекеттердің алар орны ерекше. Себебі баланың 
сөздік  қорында  сөздер  саны  аз  болуына  байланысты  ым-ишара 
амалдарын  көп  қолданады.  Бейвербалды  амалдардың  балалардың 
сөйлеу  әрекетінде  бере  көмегі  көп.  Бала  өз  ойын  түсінікті  әрі  анық 
жеткізу үшін ым-ишараны еркін пайдаланады.  
Қорыта  келе,  бала  тіліндегі  меншіктік  мәнді  сөздерді  қолдануда 
балалар  фонетикалық,  стилистикалық,  грамматикалық  қателер  жібереді. 
Бұл  қателіктердің  барлығына  мысалдар  келтіріліп,  ғалымдардың 
тұжырымдары  арқылы  талданды.  Оған  қоса,  бала  тіліндегі  бірсөзді 
сөйлем  ұғымына  да  тоқталып,  оның  өзіндік  ерекшеліктері  көрсетілді. 
Бұл  мақалада  құрылымдық  грамматика  мәселелерімен  қатар  таным 
мәселелері де нысанға алынды. Бала тілінің дамуына бала тәрбиесінің, 
қоршаған ортасының әсері туралы құнды ойлар айтылды. Демек, бала 
тілінің  дамуында  ата-ананың,  ата-әженің,  балабақша-мектептің, 
теледидардың, бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортасының тигізер ықпалы 
мол.  Ал  бала  тіліндегі  әрбір  тілдік  бірліктерді,  олардың  құрылысы 
мен қызметін назарға алу, зерттеу бүгінгі мен ертеңгі ғылымның қолында.  

157 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет