Сборник трудов III международной научно практической конференции



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата25.12.2016
өлшемі7,09 Mb.
#405
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

Пинг-понг  хаттама  [1, 4, 5]  үлкен  көлемді  кванттік  жадыны  талап 
етпейтін  КҚТБ  хаттамаларының  бірі.  Түпнұсқалық  пинг-понг  хаттама 
Эйнштейн-Подольски-Розенның  (ЭПР-жұптар,  EPR-pairs)  кубиттердың 
шатысқан  жұптарын  қолданады  және  хаттаманың  бір  циклы  ішінде 
классикалық  ақпараттың  бір  битын  жіберуге  мүмкіндік  береді.  Қванттық 
жүйелердің  шатысқаны  деген  олар  кейбір  кванттық  корреляция  деп 
аталатын күйде болады. Бұл күйде бір жүйенің кейбір сипаттамаларын өзгерту 
екінші  жүйенің  тұра  сондай  өзгеруіне  алып  келеді  [6, 7].    Квантты  асатығыз 
кодтауды  қолдану  хаттаманың  бір  циклында  екі  битты  жіберуге  мүмкіндік 
береді.  Ақпараттық  көлемін  арықарай  жоғарлату  ЭПР-жұптар  орнына 

63 
 
 
Гринбергер-Хорн-Цайлингер  (ГХЦ,  GHZ)  шатысқан  күйлеріндегі  [5, 6] 
олардың  триплеттерін,  квадруплеттерін  және  т.б.  қолдану  жолымен  мүмкін.  
ГХЦ-күйлерімен пинг-понг хаттаманың ақпараттық көлемі циклға битке тең, 
бұл  жерде  n  -  ГХЦ-күйлерінде  қолданылатын  кубиттер  саны.    Пинг-понг 
хаттаманың  ақпараттық  көлемін  көпдеңгейлі  кванттық  жүйелерді  (кудиттерді) 
қолдану  көмегімен  жоғарлату  мүмкін.  Үшдеңгейлі  жүйелердің  (кутриттердің) 
Белла (беллдың күйлері) жұп күйлерін және кутриттер үшін кванттық асатығыз 
кодтауды қолданудың сәйкес хаттамасы [5,7] ұсынылған.  
ЭПР-жұптар  және  ГХЦ-триплеттерден  басқа  КҚТБ  төрт  (квадруплеттер) 
және одан көп ГХЦ немесе кластерлік күйдегі шатысқан кубиттерді қолдануды 
қарастырады.  Сонымен  қатар  КҚТБ  хаттамалары  жоғарыда  қарастырылған 
кванттық асатығызды кодтауды, кубит күйлерінің унитарлы түрлендіруді және 
классикалық  аутентификацияланған  байланыс  арнасын    (authenticated 
communication channel) [1] қолданады.   
КҚТБ  басты  артықшылығы  –  криптографиялық  түрлендірулер 
болмағандықтан,  құпия  кілттерді  тарату  қажеттілігінің  болмауы.  Осы 
факт  КҚТБ  жүйелері  туралы  байланыстың  классикалық  криптографиялық 
жүйелердің альтернативасы деп айтуға мүмкіндік береді. Осыған қоса олардың 
артықшылықтарына 
келесілерді 
жатқызуға 
болады 
[1]: 
орталық 
(бродкастинг)  және  екіден  көп  пайдаланушылар  арасында  ақпаратпен  алмасу 
мүмкіндігі;  қасқойдың  шабуылын  табу  (классикалық  байланыс  жүйелерінде 
мүмкін емес); кубиттерді блоктармен жіберуді қолданатын КҚТБ хаттамалары 
үшін  қауіпсіздіктің  жоғары  деңгейін  (теориялық-ақпараттық  қауіпсіздікке 
дейін) қамтамасыз ету мүмкіндігі.  
КҚТБ  кемшіліктері  туралы  айту  керек  [1]:  ақпараттық  хабарды  жіберу 
режимінде жоғалтуларды (25-50%) құратын шуы бар кванттік арнада пинг-понг 
хаттамаға қалқаланған шабуылдың ықтималдығы; КҚТБ жүйелерді тәжірибелік 
жүзеге  асырудың  қыйындығы;  кубиттерді  жібердудің  жоғары  емес 
жылдамдығы  («женімді  курьер»  сияқты  консервативті  әдістерді  қолдануға 

64 
 
 
үйренген отандық тұтынушылардың талаптарына қарап, жоғары жылдамдық  – 
сынды параметр емес екенін айтуға болады); жоғары көлемді кванттік жадыны 
талап  ету  (кубиттерді  блоктармен  жіберуді  қолданатын  КҚТБ  хаттамалар 
туралы);  пинг-понг  хаттаманың  асимтотикалық  қауіпсіздігі  (нығайту 
мүмкіндігін  жоғарыда  қарастырдық);  «адам  ортасында»  шабуылға  әлсіздік 
(кванттық криптография да әлсіз болатын проблемалардың біреуі).  
Әлемдік  зерттеу  орталықтардың  ғылыми  жұмысшылары  (Northwestern 
University, BBN Technologies of Cambridge, TREL, NEC, Mitsubishi Electric, Лос-
Аламос  және  басқа  жерлерде  Ұлттық  зертханалар)  кванттық  криптография 
аймағында  SECOQC  (Secure  Communication  based  on  Quantum  Cryptography) 
және  EQCSPOT  (European  Quantum  Cryptography  and  Single  Photon 
Technologies) [1] сияқты жобаларды жүзеге асыруда белсенді қатысады.   
Сонымен, 
осы 
жұмыста 
заманауи 
ақпараттық-коммуникациялық 
жүйелердің  құпиялығын  нығайту  көз  қарасынан  кванттық  қауіпсіз  тікелей 
байланысының  мүмкіндіктерін  талдау  жүргізілген.  Кванттық  қауіпсіз  тікелей 
байланыс  хаттамалар  негізіндегі  жүйелердің  негізгі  артықшылықтары  мен 
кемшіліктері  анықталған.    Барлық  жоғарыда  көрсетілген  негізінде  кванттық 
байланысқа  бүкіл  әлемнің  коммерциялық  және  әскері  ұйымдарының  үздіксіз 
құзығушылығы  өсу  туралы  қорытынды  шығаруға  болады.  Бүгін  осы 
технологиямен тікелей айналысатын зерттеушілер оны зертханалардан нарыққа 
шығаруға жақындады.  
 
Әдебиет  
1.
 
Корченко О.Г. Сучасні квантові технології захисту інформації 
/  О.Г. Корченко,  Є.В. Васіліу,  С.О. Гнатюк  //  Захист  інформації. — 
2010. — № 1. — С. 77–89. 
2.
 
Румянцев К.Е.  Квантовая  связь  и  криптография: Учебное 
пособие  /  К.Е. Румянцев,  Д.М. Голубчиков  —  Таганрог:  Изд-во 
ТТИ ЮФУ, 2009. — 122 с. 

65 
 
 
3.
 
Килин  С.Я.  Квантовая  криптография:  Идеи  и  практика : 
Монография  /  С.Я. Килин,  Д.Б. Хорошко,  А.П. Низовцев. —  Мінськ, 
2008. — 398 с.  
4.
 
Василиу  Е.В.  Асимптотическая  безопасность  пинг-понг 
протокола  квантовой  прямой  связи  с  трехкубитными  состояниями 
Гринбергера-Хорна-Цайлингера  //  Georgian  Electronic  Scientific  Journal: 
Computer Science and Telecommunications. – 2009, № . – P. 34. 
5.
 
Нильсен М. Квантовые вычисления и квантовая информация / 
М. Нильсен, И. Чанг. — М. : Мир, 2006. — 824 с. 
6.
 
Имре Ш. Квантовые вычисления и связь: Инженерный подход 
/  Ш. Имре,  Ф. Балаж;  Пер.  с  англ.  под.  ред.  В.В. Самарцева. —  М. : 
ФИЗМАТЛИТ, 2008. — 320 с. 
7.
 
Сейлова  Н.  А.,  Гнатюк  С.О.,  Жмурко  Т.О.,  Стоянович  А. 
Метод  подвещения  защищенности  систем  защиты  информации  на  базе 
квантовых  технологий.  Сборник  7  Всеукраинской  научно-практической 
конференции SITS. 2015. - С. 93-97.
 
 
 
Баймульдин М.К., Абилдаева Г.Б., Каримова А.Н. 
АҚПАРАТТЫҚ САЛАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҰЙЫМДАРДА ҚҰПИЯ 
АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ  
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды, Қазақстан 
 
Ақпараттық салада жұмыс істейтін ұйымдарда құпия ақпаратты қорғау аса 
маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан бұл мәселені шешуге көп көңіл 
бөлінуі  қажет.  Біріншіден,  құпия  ақпаратты  сақтайтын,  оның  дұрыс 
пайдалануын  қадағалайтын  адамдар  тобын  белгілеу  керек  –  оларды  шартты 
түрде  ақпаратты  қорғау  маманы  деп  атайық.  Екіншіден,  жұмыс  істейтін 
ақпраттың  дәрежесін  белгілеу  керек.  Ол  дәрежелерді,  мысал  үшін  келесідей 

66 
 
 
бөлуге  болады:  1)  өте  құпия,  2)  құпия,  3)  жұмыс  бабындағы  ақпарат. 
Ақпараттың әрбір дәрежесіне қатынай алатын адамдар тобы белгіленеді.  
Үшіншіден, құпия ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы бөлмелерді 
жабдықтау  керек.  Жұмыс  бабындағы  ақпарат  жай  бөлмелерде  де  өңделуіне 
болады. Ал құпия  және өте құпия ақпарат тек арнайы бөлмелерде өңделуі тиіс. 
Бұл бөлмелердің техникалық қорғалуы алдыңғы тарауларда қарастырылған. 
Ақпаратпен  тиімді  жұмыс  істеуді  ұйымдастыру  тек  қызметкерлерге  ғана 
емес  мекеме  басшыларына  да  қатысты  болуы  керек,  сол  сияқты  мекеменің 
бірінші басшысына  да.  Ақпаратты қарастырғанда  мекеме басшысы  ақпаратты 
қорғауды ұйымдастыру үшін келесі  мәселелерді шешуі керек: 
-
 
ақпаратқа қатынай алатын қызметкерлер құрамы жөнінде дұрыс шешім 
қабылдауы, 
-
 
басшылардың  құжаттармен  жұмыс  істеуі  кезінде  ол  құжатпен 
басқалардың танысуына жол бермеу, 
-
 
келушілердің, қызметкерлердің және т.б., ақпаратты ұрлау немесе оның 
көшірмесін алу мүмкіндігін болдырмау, 
-
 
ақпараттың  техникалық  каналдар  арқылы  (визуальды,  акустикалық 
және  т.б.)  сыртқа  шығуын  болдырмау.  Мысал  үшін  қызметкерлердің 
құпия  ақпаратты  қорғалмаған  байланыс  линиялары  бойынша  немесе 
ортақ  пайдаланыстағы  орындарда  (қоғамдық  транспортта,  паркттерде 
және т.б. жерлерде) немқұрайды талқылауы, 
-
 
қызметкерлердің құжаттарды алуын және қайтаруын белгілеп отыру 
-
 
ақпараттың физикалық сақталуын қамтамасыз ету және т.б.                                                                                                                           
Құжаттарды ақпаратты қорғау маманынан алар кезінде қызметкер немесе 
басшы  арнайы  есепке  алу  журналына  қол  қояды  (ол  журналдың  электронды 
түрі де болуы тиіс). Бұл журналдың келесідей графалары болуы мүмкін:  
1)  құжаттың  номері  немесе  шифры,  аты  (бірақ  құжаттың  тікелей 
мазмұнына сілтеме болатындай ат беруге болмайды)   
2) құжат  саны  

67 
 
 
3) құжатты алғандығы жөніндегі қолы  
4) қайтарғандығы жөніндегі қолы  
5) күні, уақыты. 
Құпия  ақпараты  бар  құжаттарды  біреу  арқылы  алу  және  қайтару  рұқсат 
етілмейді.  Сол  ақпаратқа  тікелей  қатысы  бар  және  рұқсаты  бар  адамға  ғана 
құжат беріледі және құжатты алған адам оны өзі қайтаруы тиіс. 
Дәстүрлі  және  электрондық  құпия  құжаттар  басшылар  арасында  немесе 
басшылар мен орындаушылар арасында тек ақпаратты қорғау маманы арқылы   
тасылады. 
Басшылар  қарастырып  болғаннан  кейін  құжаттар  арнайы  операцияларды 
орындау  үшін  ақпаратты  қорғау  маманына  қайтарылуы  тиіс.  Құжаттың  есеп 
карточкасына  құжаттарға  қатынай  алатын  қызметкерлердің  аты  –  жөні 
жазылады.  Егер  қызметкер  құжаттың  тек  белгілі  бөлігімен  ғана  жұмыс  істей 
алатын болса, онда резолюцияда осы қызметкер жұмыс істей алатын бөлімдер, 
тер, қосымшалар міндетті түрде нақты көрсетілуі керек.  
Мекеменің  бірінші  басшысына  қарастырылуға  берілмейтін  құжаттар 
бөлімше 
бастықтарына 
(жұмыс 
бағытын 
белгілейтіндер), 
арнайы 
қызметкерлерге жіберіледі. Мұны ақпаратты қорғау маманы атқарады. 
Басшыдан қайтарылған құжаттар мен тіркеуден өткен құжаттар танысуға, 
жұмысында қолдануға немесе орындауға қызметкерлерге бағытталады. 
Құпия  құжаттармен  танысу  арнайы  бөлмелерде  өтеді,  танысқаннан  кейін 
орындаушы  танысу  туралы  мөр  қояды.  Орындаушыға  арналған  құжаттар 
оларды орындайтын қызметкерлердің жұмыс орнына беріледі.  
Ақпаратты  қорғау  маманы  құжаттарды  берерде  келесілерді  орындауы 
керек: 
-
 
құжаттты оған қатынауға рұқсаты жоқ адамға беруді болдырмау; 
-
 
қызметкерлердің  алдында  құжаттың  физикалық  бүтіндігін,  барлық 
қосымшалардың,  парақтардың  және  басқа  да  бөліктердің  түгелдігін 

68 
 
 
тексеріп шығуы керек. Содан соң қызметкердің қол қоюымен құжатты 
беру фактын есеп карточкасында белгілеуі тиіс; 
-
 
қызметкерлерді  құжаттың  солраға  қатысты  ғана  бөлігімен таныстыруы 
керек,  қызметкерлерге  олардың  құжатпен  танысу  барысында  жазба 
кітапшаларға,  қағаздарға  құжат  мәтінінен  жазулар  жасауына  рұқсат 
етілмеуі тиіс; 
-
 
құжатпен  бөтен  адамның  танысуының  кез  –  келген  мүмкіндігін 
болдырмау; 
-
 
қолданыстағы  құжаттардың  есепке  алынуын  қамтамасыз  ету, 
құжаттардың  бүтіндігін  жұмыс  уақытында  және  одан  басқа  уақытта 
бақылау. 
Электронды  құжаттарды  алу  үшін  орындаушы  алдыменен    ақпаратты 
қорғау маманының компьютерінде орналасқан электронды есеп карточкасына 
өзінің  электронды  цифрлық  қолтаңбасын  енгізеді.  Содан  кейін  оның 
дұрыстығы  тексерілгеннен  кейін  барып  электронды  құжаттар  көшірмесі 
орындаушы компьютерінің дерекқорына жіберіледі [1]. 
Орындаушы  алған  барлық  құжаттар  (қағаз,  электронды  түрде)  міндетті 
түрде  орындаушының  өзіндегі  есеп  карточкасында  (ішкі  есеп  карточкасы) 
тіркелуі  тиіс.  Бұл  ақпаратты  қорғау  маманының  құжаттың  қолданыста 
екендігін  және  қайтарылғанын  бақылап  отыру  үшін  қажет.  Бұл  есеп 
карточкасы орындаушыда сақталады, ал оның электронды аналогты ақпаратты 
қорғау маманының компьютерінде болады. Ішкі есеп карточкасының мынадай 
графалары болуы мүмкін: құжаттың номері немесе шифры, құпиялылық грифі, 
экземпляр саны, экземплярдағы парақтар саны, алу күні, қайтару туралы қолы 
және қайтару күні. 
Құжатты  ақпаратты  қорғау  маманына  қайтару  кезінде  оның  есеп 
формасына  сәйкес  келуі  және  барлық  бөліктерінің,  терінің  бүтіндігі  және 
тұтастығы тексеріледі. тер саны құжаттың алынуында, қайтарылуында міндетті 
түрде  саналып,  есеп  формасына  енгізіледі.  Бұл    құжаттың  бүтіндігін, 

69 
 
 
тұтастығын  растау  үшін  және  оның  ақпаратты  қорғау  маманының  немесе 
орындаушының толық қабылдағандығын растау мақсатымен істеледі.Оған қоса 
терді  аудару  арқылы  санау  кезінде  тердің  бұзылуы  (бір  бөлігін  жыртып  алу,  
форматын өзгерту, т.б.) немесе ауыстыру факты тексеріледі. 
Тек  жоғарыдағы  операцияларды  орындағаннан  кейін  ғана  ақпаратты 
қорғау  маманының  есеп  карточкасында  құжат,  ішкі  есеп  карточкасында 
қайтарылғандығы жөнінде қол қоюға құқы болады. Ақпаратты қорғау маманы 
құжаттың  жаңа  орналасу  жерін  есеп  карточкаларын  бақылау  журналында 
белгілейді. 
Құпия  құжаттармен  жұмыс  істеу  оның  мәтінін  құру  қиындығы  мен 
бекітілген ережелерді ұстану қиындығымен ерекшелінеді. 
Ақпаратты  құжаттандыру  шығармашылық  жұмыс  болып  табылады  және 
оны  басшылар  мен  орындаушылар  атқарады  (мамандар).  Құжаттарды 
орындаудың    негізгі  тікелей  операциялары  барлық  уақыттың  әдетте  10-12% 
ғана  алады.  Қалған  операциялар  формальды  -  логикалық  және  техникалық 
болады  (ашу,  жабу,  сақтау,  көшіру,  өзгерту,  жеткізу).  Құпия  ақпараттың 
құжаттандыру  процесі  кезінде  құжаттың  мәтіні  құрылады  және  басқа  да 
реквизиттер  ресімделеді.  Бұл  реквизиттер  құжатқа  қажетті  ақпараттылық 
(басқару мақсатында) және заңды күш беру үшін керек. Ең қиын да, маңызды 
да  этап мәтінді  құру  болып  табылады. Құпия  құжатты құру  кезінде  келесідей 
ерекшеліктерді ескеру керек: 
-
 
құжатқа  қосу  керек  құпия  ақпараттың  минимал  құрамын 
анықтау, 
-
 
құпия  ақпаратты  құжаттандыру  үшін  бірінші  басшының 
рұқсаты.  Құпия  ақпараттың  қауіпсіздігін  сақтауда  маңызды  элемент  болып 
орындаушы  жұмысының  тиянақтылығы  және  кәсіби  шеберлігі  болып 
табылады [2]. 
Мекеме  қызметкерлері  құпия  ақпаратпен  жұмыс  істегенде  келесілерді 
орындауға міндетті: 

70 
 
 
-
 
өзінің  қызметтік  міндеттеріне  сәйкес  рұқсат  берілген  құпия 
ақпаратпен ғана жұмыс істеуіне
-
 
бүтіндігі  мен  тұтастығын  тексеру  үшін  қызметкер  өзіндегі 
барлық құжаттарды ақпаратты қорғау маманына көрсетуге; 
-
 
ақпаратты  қорғау  маманымен  бірге  өзіндегі  құжаттардың 
есебін жүргізуге; 
-
 
күнде  жұмыс  уақыты  біткеннен  кейін  құжаттардың  бар 
екендігін тексеріп, оларды ақпаратты қорғау маманына сақтауға тапсыруға,  
-
 
құжаттармен  жұмыс  істеп  болғаннан  кейін  оларды  ақпаратты 
қорғау маманына бірден тапсыруға; 
-
 
жұмыстан  кеткенде,  демалысқа  шыққанда,  жұмыс  бабымен 
басқа  жаққа  жіберілгенде  ақпаратты  қорғау  маманына  өзіндегі  құжаттардың 
барлығын тапсыруға; 
-
 
құжаттың бұзылғандығы, жоғалғандығы немесе кейбір терінің 
жетпей  тұрғандығы,  артық  немесе  ескерілмеген  құжаттар  бар  екені 
айқындалған  жағдайда  бірден  бірінші  басшыға  және  ақпаратты  қорғау 
маманына хабарлауға. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Молдовян А. А., Молдовян Н. А., Советов Б. Я. «Криптография» - СПб.: 
«Лань» басылымы, 2001. – 224с.,ил. – (Жоғары оқу оындарына арналған 
оқулықтар. Арнайы әдебиет).  
2.
 
Мельников В. Комьпютерлік жүйелердегі ақпаратты қорғау. – М. Қаржы 
және Статистика, Электроинформ, 1997. 
 
Баймульдин М.К., Савченко Н.К., Шакирова Ю.К., Абилдаева Г.Б. 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СИСТЕМ ПЛАНИРОВАНИЯ БИЗНЕС-РЕСУРСОВ
 
С 
ЦЕЛЬЮ ПОВЫШЕНИЯ ПОТЕНЦИАЛА ПРЕДПРИЯТИЯ 

71 
 
 
Карагандинский государственный технический унверситет, Караганда, 
Казахстан 
 
В  современных  условиях  конкурентного  рынка  предприятие  должно 
постоянно  повышать  свой  потенциал  -  шанс  получения  прибыли  в  будущем. 
Повышение  потенциала  подразумевает  совершенствование  деятельности 
предприятия. 
Повышение  потенциала  предприятия  возможно  за  счет  комплексного 
развития: 

 
Корпоративной  культуры  на  базе  СМК  (Системы  Менеджмента 
Качества) - для повышения качества основных процессов на предприятии, что 
ведет к повышению качества выпускаемой продукции;  

 
Методик  ведения  бизнеса  -  для  снижения  цены  на  выпускаемую 
продукцию;  

 
Инфраструктур 
бизнеса, 
базирующихся 
на 
Информационных 
Технологиях,  основой  которых  является  ERP-система  (Enterprise  Resource 
Planning  -  планирование  ресурсов  предприятия)  -  для  налаживания  системы 
планирования и организации работ "точно вовремя".  
Повышение  потенциала  предприятия  подразумевает  непрерывное 
улучшение бизнес-процессов/BPI (Business Process Impovement) [1].  
Выделяют пять уровней совершенства бизнес-процессов на предприятии: 
1.
 
Хаос  -  дисбаланс  коммерческих,  производственных  и  финансовых 
целей.  Хаос  характеризуется  отсутствием  системного  взгляда;  предприятие 
рассматривается как совокупность отдельных элементов.  
2.
 
Контроль  -  балансировка  коммерческих,  производственных  и 
финансовых целей предприятия. Данный уровень подразумевает "налаженный" 
учет и контроль основных мероприятий на предприятии;  
3.
 
Оптимизация - оптимизация (упрощение) основных бизнес-процессов 
на предприятии, что ведет к снижению издержек.  

72 
 
 
4.
 
Адаптация  -  адаптивность  бизнес-процессов  к  условиям  внешней 
среды.  
5.
 
Мировой класс - возможность предприятия формировать рынок. 
Переходы  предприятия  с  одного  уровня  на  другой  называются  этапами, 
причем,  на  каждом  из  этапов  используются  ERP-система  и  Система 
Менеджмента Качества (рисунок 1). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рисунок 1 – Использование ERP-системы и СМК в качестве 
инструментов непрерывного улучшения бизнес-процессов 
 
Использование  MRPII  (Manufacturing  Resource  Planning  –  планирование 
производственных ресурсов) позволяет предприятию продвинуться от "Хаоса" 
к "Контролю" и осуществить балансировку коммерческих, производственных и 
финансовых целей предприятия за счет многоуровнего планирования [2].  
Методика  JIT  (Just  in  time  -  точно  вовремя)  помогает  предприятию 
оптимизировать  достижение  сбалансированных  целей,  вводя  критерии  оценки 
эффективности плана. 
Дисбаланс коммерческих, 
производственных и финансовых 
целей предприятия 
СМК 
Адаптация бизнес-процессов к 
внешней среде предприятия 
Реорганизация бизнес-процессов 
предприятия 
Адаптация 
CSRP 
Оптимизация 
JIT 
Контроль 
Хаос 
MRPII 
CМК 
Балансировка целей предприятия 
СМК 
Потенциал 
Время 
Мировой 
класс 
Формирование  
будущего спроса 

73 
 
 
CSRP  (Customer  Synchronized  Planning  –  планирование  ресурсов  в 
зависимости  от  потребностей  Клиента)  делает  возможным  планировать 
ресурсы  предприятия  в  зависимости  от  потребности  клиента,  осуществляя 
адаптацию бизнес-процессов к внешней среде. 
Переход с одного уровня BPI на вышестоящий реализуется за счет цикла 
совершенствования. 
Цикл  совершенствования  подразумевает  развитие  методик  ведения 
бизнеса  на  базе  ERP-системы  и  СМК.  Сердцевиной  цикла  является 
трехуровневое моделирование. 
 Разделение 
моделирования  на  уровни  связано  со  следующей 
квалификацией деятельности на предприятии [3]: 

 
А - первичная деятельность (т.е. осуществление основных процессов на 
предприятии по управлению ресурсами и реализации продукции);  

 
В  -  вторичная  деятельность,  направленная  на  улучшение  основной 
деятельности группы А;  

 
С - деятельность, направленная на улучшение деятельности группы В.  
С  помощью  трехуровневого  моделирования  реализуется  связь  бизнес-
методик с инструментами совершенствования деятельности предприятия, где:  

 
Концептуальное  моделирование  (для  определения  вектора  развития 
предприятия) обеспечивает деятельность группы С.  

 
Логическое моделирование (для описания деятельности предприятия 
CASE-средствами 
с 
целью 
реорганизации 
процессов 
предприятия) 
обеспечивает деятельность группы В.  

 
Нормативное  моделирование  (для  формализации  деятельности 
предприятия  средствами  ERP-системы,  т.е.  создание  нормативной  модели 
предприятия) обеспечивает деятельность группы А.  
Ключевая  идея  концептуального  моделирования  -  использование 
эталонной  модели  производителя  ERP-системы  на  самой  ранней  стадии.  Это 
ведет к значительному сокращению времени создания концептуальной модели 

74 
 
 
и  повышению  эффективности  её  использования  на  уровнях  логического  и 
физического моделирования. 
 
Литература 
1. Дэниел  О'Лири.  ERP  системы.  Современное  планирование  и 
управление ресурсами предприятия, Вершина, 2004. 272 с. 
2. С. В. Питеркин, Н. А. Оладов, Д. В. Исаев. Точно вовремя для России. 
Практика применения ERP-систем., Альпина Паблишер; 2010;  368с. 
3. SAP - 
Экономия 
времени 
и 
снижение 
затрат,  2013,  URL: 
http://www.sap.com
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет