Балалардың жауабы: Алақай, дайынбыз.
Қуыршақ: Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші апай: Иә, Лол дұрыс айтады балалар. Біздің балаларымыздың мейрамға дайындаған өнерлері бар. Сахнада ағайынды Рамазан мен Ислам және анасы Айнаш Ақжеленқызыныңорындауында «Біз бақытты баламыз» әнін тамашалауға шақырамыз.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
(Дабыл әуен ойналады, Ашулы Тікенек шығады) Ашулы Тікенек: Естимін, сендерде көңілді сияқты ғой және сендер бәрің сондай, мейірімді, сүйкімдісіңдер. Менің атым Ашулы Тікенек.
Қараңдаршы, менде қанша ашу бар (өзінің қандай семіз екенін көрсетеді, киім ішінде үрілген шарлар). Мен Жазды сиқырлап тығып қойдым. Бірақ ашудан есте сақтауым шамаланып, қалай
дуаны қайтаратынымды және оны қайда тыққанымды ұмытып қалдым. Міне, сендерді көріп,
сендер сияқты жақсы көңілді, мейірімді болғым келіп кетті. Сол үшін жазды сиқырдан арылтқым келеді. Бірақ сендерсіз ештеңе істей алар емеспін, маған көмектесесіңдер ме?
Қуыршақ: Қанекей, балалар, Ашулы Тікенек ол да біз сияқты мейірімді болсын және оған Жазды қайтаруға көмектесеміз бе?
Балалардың жауабы: Ия, әрине
Ашулы Тікенек:Бірақ мен жазу білмеймін, сондықтан сендерге суретін көрсетемін. Міне бірінші бетте батпақ.
Тәрбиеші апай: Ендеше батпақтан өту керек шығар?
1-ойын: «Батпақ эстафетасы»
Ойын шарты: Балалар екіге командаға бөлініп тұрады. Әр командаға гүлдің жапырағы беріледі. Біріншісі допты домалату арқылы жүріп өтіп, гүлдің жетіспеген жапырақтарын қолындағысымен толықтырып, құрастырады. Кері өз командасына жүріп өтеді. Келесі ойыншы ойынды жалғасады.
(Жарыстан кейін Ашулы Тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды. Жарыс сайын оның шары жарылып, ашудан арылады). Ойынға қатысушылар: Азима, Қамбар, Ернар, Мирас
Ашулы Тікенек: Ой, ой маған не болған?
Тәрбиеші апай: Бұл сенен кетіп жатқан ашу ғой. Кәнеки, екінші суретті көрейік. Жаз туралы суреттер. жақсы, балалар, сендер Жаз, табиғат, жануарлар туралы не білесіңдер ? Білсеңдер, айтып берейікші.