Сценарий Тақырыбы: «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі»



бет3/4
Дата25.05.2023
өлшемі35,57 Kb.
#97136
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
1- маусым 2023

Балалардың жауабы: (балалар тақпақ айтады).
Тақпақ:
Ж.Санжар
Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.


М.Алинур
Біз бақытты баламыз,
Әсемдеп сурет саламыз.
Қорғайды бізді күллі әлем
Әлпештеп ата-анамыз,


Е.Әли
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.


М.Есмағұл,
Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.


М.Сұлтанбек
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.


Ж.Альбина
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.


С.Әлішер, Б.Рамазан
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз
Н.Әмина
Сәлеметсіз бе ағай деп,
Сәлетсіз бе апай деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.


А.Сардар, Б.Ислам
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.


Ж.Руфина
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Ж.Абзал , М.Аяла
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.


И.Харун
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.

С.Ерасыл
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.
А.Ақкербез
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.


О.Саяна, Т.Рысбек
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.
Ж.Ахмет
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.


С.Рахман
Жаз келіп жадырап,
Балалар ойнайды.
Далада асыр сап,
Ойынға тоймайды.


О.Саян
 Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде,
Үйде ойнап қаламын.



Ашулы Тікенек: (тағы да шар жарылады): Ой, балалар, мен мейірімді болып бара жатырған сияқтымын. Ашулы Тікенек кітапты ашып келесі суретті көрсетеді.
Қуыршақ : (кітапты қарайды): Күн сәулесі салынған. Ия, расында, күн шуағынсыз, жаз болмайды, ол адамдарға жылылық, мейірімділік сыйлайды.
Ашулы Тікенек: Есімде, күн шуағы мені мейірімді жасағысы келген, ал мен қашып кеттім.
(Жәй әуенмен Күн шуағы келеді.)
Күн шуағы: Мен – алтын түсті күн шуағымын. Мен жарқыраймын. Менімен жолда қорқынышты емес, біз бірге жауынды, бұлтты, қөңілсіздікті қуамыз.
Күн шуағы: Мен сендерге күн сәулесін сыйлаймын. Ол сендердің жолдарыңды жарық етіп, сендерді ешқашан жауыздыққа, ашуға апармайды.
Күн шуағы: Балалар, кәнеки Ашулы тікенекті қоршап, оны өзіміздің шуағымызбен, жылуымызбен жылытайық.
Тәрбиеші апай: Жасқалам Альбина, Айнара, Серік Сезімнің орындауында «Қошақаным » әні
Ән: «Қошақаным»
Ашулы Тікенек: Тамаша, қандай көңілді ән десеңші
Ашулы Тікенек (тағы бір шар жарылады): Ой, қандай жылы, ашуым кетіп барады.
Тәрбиеші апа: Күн шуағы бізбен бірге қалып, бізді өз шуағыңмен жылыт.
Ашулы Тікенек (кітапқа қарайды ): Балалар, мұнда Ара салынған. А, мен Араны да ренжіткен едім. Мен қандай жаман едім!
Тәрбиеші апай: Сен уайымдама! Гүлдердің иісі жағымды, сиқырлы жұпар аңқиды, Мүмкін ара гүлдердің иісін сезіп қазыр келіп қалар. Ендеше Махмет Айсананың орындауында «Гүлдер» биін тамашалайық.
Би: «Гүлдер»
Қуыршақ: Анау бір жолмен бізге қарай біреу жақындаған сияқты қараңдаршы балалар! Бұл ара ғой.
Ара: Сендерді тағатсыздана күткен ем, сендер Жазды іздеп жүр деп естіген едім, Ашулы Тікенекті мейірімді ақылды деп естідім.
Ара: Жаз қайда кеткен?
Ашулы Тікенек: Сен маған ренжіме. Жазды сиқырлап тастадым, енді алдағы уақытта мейірімді боламын /шар жарылады/.
Ара: Балалар, өзіммен бірге көңілді ойындар ала келдім.
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойын шарты:
Ойынға қатысушылар: Дильнара, Сардар, Сартай, Даяна, Балабек, Иван, Е.Алинур, Хасан, Дияр, Е.Ерасыл, Нұриман, Абылай, Ернар, Аманжан, Қ.Рахман


Ара: Балалар, жарайсыңдар! Қандай епті етіңдер!
(Бұл уақытта Ашулы Тікенектің тағы да бір шары жарылып, ол арықтап кетеді.)

Қуыршақ: Біздің Жазымыз бостандықта. Рахмет саған, Ара, бізбен бірге қал.
Ашулы Тікенек: Мен қандай арықпын, әрі мейірімдімін. Қараңдар, әнеки, Жаз да келе жатыр.
Жаз шығады.
(Жәй әуенмен Жаз келеді.)
Жаз: Сәлем, достарым, сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендер өсіп, есейіпсіңдер. Мен өзіммен жылуымды әкелдім, өзендерді жылытамын, сендерді шомылуға шақырамын, сол үшін сендер мені жақсы көресіңдер ғой, солай ма балалар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет