ЗИРА [пар. зире] з а т. Зире. (араб, парсы діни сөздер 1)
ЗИРАКЕ [пар. зираке] е с к і к і т. ш ы л. Өйткені, себебі. Зираке дұшманлар айтса «Көрұғлы сұлтан пәлен жерге келіп шауып алып, көп олжа билән кетіпті» десе сол жерде олтырып көйлегімге симай семіріп қуанармын [«Хикаят Көрұғлы сұлтан». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық].Зираке пірлері үш мәртебе тіле дегенде даңқыны тілеп, перзент тілемеді [«Хикаят Көрұғлы сұлтан». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық]. (араб, парсы діни сөздер 1)
ЗИРАТ-ШӘРИФ. Зират-шәриф қаланың, бақшаның ішінде екен. «Айқап», 98-б. (әртүрлі тақырыпта 2)
ЗИРНИХ [ар. зирних] е с к і к і т. з а т. Дәрі-дәрмекке пайдаланылатын улы өсімдік, күшала. (араб, парсы діни сөздер 1)
ЗИФАФ [ар. зифаф] е с к і к і т. е т. Некелесу. Зифаф күні қыз мәсісін жігіт шешпек, Анық сөз дәлелі бар шариғатта [«Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық]. Құтпа оқып қыз жігітті қосқан күні, Шариғатта ол күнді дейді зифаф [«Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық]. (араб, парсы діни сөздер 1)