Сценарий, тритмент немесе ж і к-ж і г і тар қатылған нобай әзірлеу



бет6/13
Дата18.04.2022
өлшемі53,12 Kb.
#31316
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жік-жапар - имам арасы жаңа сөздер

Зар5. з а т. и р а н. Алтын. Жақсының жүзі жәндет-ті Бір көруің қанібет-ті. Жаманның ісі міндет-ті зар берсе, алушы болма (Ы.Алтынсарин, Таңд. шығ. – Алматы: «Ғылым», 1994, 33-б.).

  • ЗАРАФШАНИ [пар. зарафшани] е с к і к і т. е т. Алтын шашу, алтындай шашылу. Зарафшани сәлдеалтынмен әшекейленген сәлде. Басыма зарафшани сәлде ораймын, Сұлу қылып мұртымды бұраймын [«Хикаят Көрұғлы сұлтан». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық].(араб, парсы діни сөздер 1)

  • 3ар жылау. Бір нәрсеге кейіген жанның зар еңіреп, жұбатқанға көнбей, ұзақ уақыт қоймай жылауы. (Ә.Қайдар, Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік), І том. Адам. Алматы. 2009). 1) Зар жылатып жаншыған Дұшпанының талайын, Жаудан қорғап, бермеген Маңғыстаудың маңайын (https://www.facebook.com). 2) Күмәнді шешім шығарған судья жалғызбасты ананы зар жылатты (https://aikyn.kz/145324).

  • Зарлап жылау. «қатты дауыс шығарып жылау» (жыла наразылығын айтып, өкініштерін айтып жылау, көз жасы ағыл-тегіл, даусы зарлы, ащы, әйел адамға ғана қатысты) (К.Ш. Хұсайын, Дыбыс, мағына, сөз. Алматы 2016 ж.). 3арлап жылау. Өткен-кеткенді есіне түсіріп, жұбатқанға көнбей, барынша қатты жылау. (Ә.Қайдар, Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік), І том. Адам. Алматы. 2009). 1) Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол? (Абай, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол). 2) Анасының зарлап жылағанына шыдай алмаған кенже баласы: – Апа, неге сонша жылайсыз? Сіздің қаншама жылдан бері сүтке қосқан суыңыз сел болып, ақыры сиырды ағызып кетті, – депті (Хикметтер қазынасы кітабынан). 3) Осылай Ақан зарлап жылап жатты, Қайтсын ол, жыламасқа, жанға батты (І.Жансүгіров, Бай-бай, Құлагерім!). 4) Қандай ауыр азап дeсeңізші, күйіктeн өзeгі өртeнгeн eкі мұңлық күн-түні зарлап жылаумeн бoлады (Ежелгі қытай әдебиеті).(көңіл-күй)



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет