Балалар неліктен дене шынықтыру сабақтарына көңілді барады? Ал математика, әдебиет десе аз дегенде бейқам, көп дегенде көңілдері түсіп кетеді?
Адам миында ақпараттар фрейм түрінде сақталады. Қысқаша айтқанда,
ФРЕЙМ – стереотиптік (жағдаяттық) ойлау.
Оқушы сабаққа «психикалық барьермен» қатысады.
Мұғалім бұдан былай жай ғана тақтаның алдында тұрмайды, қажетті көмек пен қолдау
көрсету үшін оқушылармен тығыз байланыста болады. Енді ол бастапқы «лектордан»
гөрі, тәлімгер және кеңесші.
Meniń pedagogikalıq ustanımım
Адамдарға кедергілерден өту, ылғи алға қарай ұмтылу, дүниені танып, өз
мүмкіндіктерін кеңейту ұнайды. Біз «мүмкін емес» деген сөзді мойындағымыз келмейді және үздіксіз талпыныс жасаймыз, сынаймыз, зерттейміз, жаңа шешімдер іздейміз.
Бір орында тұрғанды жақтырмаймыз және ұдайы жаңа биіктерге ұмтыламыз. Адамдарға бірсарынды өмір салты ешқашан жақпайды. Сол секілді оқушылар үшін де әр сабақтың ерекше етуі аса маңызды. Сабақтарда оқушылардың эмоцияларын еркін көрсетуі, психолоргиялық, саналық дербестік, таланттары мен қабілеттерін пайдалану, өзгелерге көрсету – өте маңызды. Балалар үшін оқу процесіндегі қызықтар да, оның нәтижесі де маңызды.

Оқытуды дараландыру – нәтижелі сабақтың кілті!
Білім беру – ӨНЕР!
«Мектеп кинематографиясы» әдісі
Қазақ әдебиетінде сюжетті шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін толық пайдаланып, материалды өздігінен меңгертуді «мектеп кинематографиясы» әдісімен жүзеге асыруға болады.