«Сегіз қырлы бір сырлы»



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата12.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТАҢДАУ 
 
Махмҧт Қасымбеков,  
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің 
бастығы 
 
Егемен Қазақстан, 20 сәуір 2010 ж 
 
 
Қазақстан 
тҽуелсіздігінің 
таңсҽрі 
шағында 
тағайындалған 
президенттік  институты  мемлекетті  басқарудың  жаңа  қҧрылымының 
негізін  қалыптастыруға  мҥмкіндік  жасады  жҽне  экономикадағы  ҿтпелі 
кезеңді  еңсеруге,  республиканың  саяси  жҥйесін  реформалауға  қажетті 
жағдайларды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, президенттік институтының 
қалыптасуы ҿте-мҿте кҥрделі ахуалда жҥзеге асырылды. Драмалық кернеуі 
кҥшті  сол  бір  кҥндерді  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Кеңсесінің 
бастығы Махмҧт Базарқҧлҧлы Қасымбеков былайша еске алады. 
 
 
 
1990 жылғы 24 сҽуірде Қазақстанда президенттік институт қҧрылып, 
Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  мҽжілісінде  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ел 
Президенті  болып  сайланды.  Одан  кейінгі  кезең  Президент  лауазымын 
енгізу  тҽуелсіз  Қазақстанның  саяси  жҥйесінің  қалыптасуына  шешуші 
ықпал  жасап,  КСРО  ыдыраған  соң  мемлекеттік  биліктің  сабақтастығын 
қамтамасыз еткен аса маңызды оқиға болғанын кҿрсетті. 
Қазақстандағы президенттік институттың бастауы кеңес қоғамы мен 
мемлекетінің  барлық  саласын  қамтыған  КСРО-дағы  аса  терең  дағдарыс 
кезеңіне сҽйкес келді. Ол экономика саласында аса ҿткір байқалды. Кеңес 
экономикасы  қҧрылымдарының  диспропорциясынан  айқын  кҿрінген 
дҽстҥрлі  экономикалық  байланыстардың  ҥзілуі,  жоспарлы  экономиканың 
іріп-шіруі  тҧрғындардың  ҿмір  сҥру  деңгейінің  кҥрт  тҿмендеуіне, 
ҽлеуметтік шиеленістің ҿршуіне алып келді. 

 
28 
Қҧдайға  шҥкір,  біздің  жастарымызға  тауар  жҽне  азық-тҥлік 
тапшылығы белең алған елде тҧру бҧйырған жоқ. Бір Ресей журналисінің 
атап  кҿрсеткеніндей,  ол  кезде  “ештеңе  болған  жоқ  –  тек  коммунистік 
идеология ғана ернеуінен асып-тҿгіліп жатты”. 
1990  жылдың  кҿктемінде  Алматыда  ҿркениеттің  кҿптеген 
игіліктерінің  соңынан  тіпті…  ақ  сабын  да  жоғалып  кеткені  есіме  тҥсіп 
отыр. Сол жылдың жазында етек жайған темекі тапшылығын да кҿпшілік 
ҧмыта  қоймаса  керек.  Мҽселен,  “Медеу”  темекісінің  бір  қорабын  ҿте 
жоғары бағаға, онда да тек Горький мен Пушкин кҿшелерінің қиылысында, 
турасын  айтқанда,  гҥлді  кең  кҿйлек  киген  алыпсатарлардың  етегінің 
астынан ғана сатып ала алатынсың. Сҧйық “қатты валютаны”, яғни арақты 
беймезгіл  уақытта  ҥш  есе  қымбат  бағасына  мейрамханалардан  немесе 
таксистерден  не  болмаса  Алматының  шеткі  жақтарындағы  бір  қабатты 
стихиялық  заңсыз  сауда  орындарынан  –  Кіші  станицаның,  Татарканың, 
Тастақтың  қараңғы  тҥпкірлерінен  ғана  сатып  алуға  болатын.  Ҿздерінің 
ҧзақ  ғҧмырларында  кҿпті  кҿрген  ардагерлер  тіпті  соғыс  кезінде  де  бой 
кҿрсетпеген  осындай  қарапайым  азық-тҥліктің  жоқтығына  ашық  кейістік 
білдіріп  жатты.  Бҧған  кеңес рублінің  қҧнсыздануын,  сондай-ақ іс жҥзінде 
экспропорционалды жҽне халыққа қарсы болып шыққан ҽрі соңы ҿкінішке 
ҧрындырған  “павловтық”  ақша  реформасын  қосыңыз.  Осылайша 
большевиктер  ҿз  билігінің  соңында  неден  бастаса  соған  –  азық-тҥлік 
салымы мен кҽртішке жҥйесіне қайтып келді. 
Онсыз да кҥрделі ҽлеуметтік-экономикалық ахуал бҥкіл Кеңес Одағы 
аумағы  бойынша  жылдам  тҧтанған  этносаралық  жанжалдар  ҿртімен 
тереңдей тҥсті. Оның ҥстіне одақтық орталық пен кезінде қуаты тас жарған 
КОКП  бейнесіндегі  билік  не  нҽрсені  де  дҧрыс  жағына  қарай  ҿзгертуге 
қабілетсіздік танытып, ҿзінің ҽлсіздігін мойындаған сияқты-тын. 
Сондықтан  орталықтың  міңгірлеген,  қарама-қайшы  саясаты,  оның 
КСРО-дағы  экономикалық  жҽне  саяси  реформаларды  жҥргізудегі  ашық 
қателіктері  Нҧрсҧлтан  Назарбаевты  сол  жылдардағы  стратегиялық  кҥн 
тҽртібін  нақты  айқындауға  итермелегеніне:  компартиямен  ара  жікті 
ажырату,  мемлекеттік  басқарудың  жаңа  формаларын  іздеу  мен  Қазақстан 
егемендігін  одақтық  орталыққа  қатысты  нығайту  болғанына  таңқалатын 
ештеңе жоқ. 
 
АЙЫРЫҚТА 
1989  жылдың  маусымында  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  бірінші  хатшылығына  сайланған  Нҧрсҧлтан  Назарбаев 
алғашқы  уақыттарда  кезінде  ҿзіне  жаһандық  ҽлем  қҧрылысын  ҿзгерту 
миссиясын  алған  партия  ҽлі  де  болса  ҿзі  де  ҿзгеруге  қабілетті  деген 
ҧстанымға  шынайы  сенімінен  ауытқыған  жоқтын.  Мҧны  таза  адами 
тҧрғыдан  тҥсінуге  де  болатын  еді.  Ҿйткені,  ол  кҿптеген  кеңес  адамдары 
сияқты коммунистік партия шинелінен шыққантын. 

 
29 
Оның  1989  жылдың  18  тамызында  ҿткен  қалалық  жҽне  аудандық 
партия  комитеттері  бірінші  хатшыларының  республикалық  кеңесінде 
сҿйлеген сҿзі ҿз партияластарына ҥндеу сияқты ҽсер қалдырған еді: 
“Партияға қоғамды ҿзінің соңынан ертуге моральдық қҧқығы болуы 
ҥшін  алға  қойған  міндеттерді  шешуде  тым  болмаса  бір  қадам  оның 
алдында жҥруі тиіс. 
 
 
 
Біз  кҿп  жағдайда  бір  жерді  таптап  тҧрамыз,  шҧғыл  даму  ҥстіндегі 
қоғамдық ҿмірдің жарқын мысалына айналған ҥдерістерден қалыс жҥреміз. 
Бірінші  кезекте  бҧл  партия  комитеттері  жҧмысының  демократияландыру 
мен  жариялылық,  олардың  демократиялық  централизм  шеңберіндегі  ҿз 
бетінше қызмет істей алуы, сынға ашықтығы мҽселелеріне қатысты. 
Консервативтіліктің тамырын іздеп, оралымсыздықтардың, қандай да 
бір  партия  қызметкерлерінің  жаңа  талаптарға  баяу  реакциясының 
себептерін сараптай бастасаң-ақ жылдар бойы партия ортасында айтқанға 
кҿнгіш,  айдағанға  жҥргіш,  орындаушылық  қабілеттен  жҧрдай,  жоғарыдан 
тҥсетін  кез  келген  тапсырманы  қашанда  жинақы,  дҽл,  бірақ  босаң 
орындауға  ҽзір  адамдар  қалыптасқанына  кҿз  жеткізесің.  Мҧндай  адам-
автомат ҽкімшіл-ҽміршіл жҥйенің нағыз орындаушы идеалы болды. 
Бҽз  біреулер  бҥгінде  ондай  адамдарды  ешқандай  партия 
комитеттерінде  кездестірмейсің,  олар  баяғыда-ақ  жоғалған  деп  қарсылық 
білдірулері  мҥмкін.  Шын  мҽнінде,  қайта  қҧру  жылдарында  кадрлар 
қҧрамын  тереңнен  “қайта  сілкілеп”,  тоқырау  кезеңін  жанына  жақын 
кҿргендерден  арылуға  қол  жеткізілді.  Алайда,  адамдар  кеткенімен, 
дҽстҥрлер қалатыны белгілі”. 
Осыдан  кейінгі  10  айда  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  бір  ғана  иландыру, 
ҥгіттеу  ҥдерістерімен  шектеліп  қалмай,  партиялық  жҽне  мемлекеттік, 
шаруашылық  органдарды  бҿлуге  бағытталған,  сҿйтіп,  нақты  билікті 
Кеңестерге,  ішкіпартиялық  ҿмірді  демократияландыруға,  ҿктемшіл-
ҽміршіл тҽсілдерді аластауға, республика партия ҧйымдарының ҿз бетінше 
жҧмыс  істеуін  жоғарылатуға  бағытталған  белсенді  ҧйымдастырушылық 

 
30 
жҧмыстарды  бастап  кеткені  қазір  кҥні  кешегідей  есімде.  Партия 
комитеттерінің  жетекшілерін  баламалы  негізде  қҧпия  жҽне  тікелей  дауыс 
беру  арқылы  сайлау  тетігі  кеңінен  қолданылды.  Екі  жҽне  одан  да  кҿп 
ҥміткерден  141  қалалық  жҽне  аудандық  комитеттер  хатшылары,  оның 
ішінде  59  бірінші  хатшы  сайланды.  Сондай-ақ  баламалы  негізде  Гурьев, 
Қарағанды,  Кҿкшетау  жҽне  Шымкент  облыстық  партия  комитеттерінің 
бірінші  хатшылары  сайланды.  Нҽтижесінде  облыстық  комитеттер  70 
пайызға,  қалалық  жҽне  аудандық  комитеттер  80  пайызға  жаңарды.  1985 
жылмен  салыстырғанда  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетіндегі 
номенклатуралық  лауазымдар  2/3-ке,  облыстық,  қалалық  жҽне  аудандық 
партия комитеттері 50 пайызға қысқарды. 
“Номенклатуралық  механизмді  демонтаждау  жҿніндегі  жҧмыстар 
сҿзсіз  жалғастырылуы  тиіс,  –  деп  мҽлімдеді  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  1990 
жылдың  8  маусымында  ҿткен  Қазақстан  Компартиясы  ХVІІ  съезінің 
мінберінен.  –  Бҧл  қандайда  бір  диктатты,  ҥміткерді  тықпалау,  кадрларды 
орналастыруда  ҽкімшілендіру  дегенді  еш  білдірмейді…  Аппарат  қажет, 
бірақ  ол  жаңарған,  ҿз  қызметін  жан-жақты  орындауға  қабілетті  аппарат 
болуы тиіс”. 
Алайда,  КОКП-ның  ыдырау  ҥдерістері  оны  сауықтыруға  деген 
барлық ҽрекеттердің алдын орап отырды. 
Оралымсыздықтар,  кей  тҧстарда  партаппараттың  реакцияшылдығы 
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлының кҿптеген жаңашылдық ойлары мен бастамаларын 
тҥсінбеушіліктерге, қабылдамауларға ҧшыратып қана қоймай, тіпті кейбір 
жағдайларда 
дҧшпандық 
кҿзқарас 
туындатты. 
Консервативтік 
лагерьдегілердің  келесі  бір  бҿлігі  кҿптеген  жергілікті  басшылардың 
бейнесінде  оны  сҿз  жҥзінде  қолдағанымен,  іс  жҥзінде  ескіліктің 
пҧшпағына  жармасып,  демократиялық  ҿзгерістер  мен  нарыққа  ҿтуді 
барынша  тежеп  бақты.  Нарықтық  экономикаға  саналы  тҥрде  қарсы 
шығушылардың  қатарына  биліктегі  реформалар  жҥргізуге  қабілетсіз 
кҿптеген дилетанттар келіп қосылды. 
“Ештеңені ҿзгертпеңдер. Бізге қалған ғҧмырымызды тыныш ҿткізуге 
мҥмкіндік беріңдер. Содан кейін не істесеңдер, соны істеңдер!” – ҿкінішке 
қарай, бізден кейін топан су қаптаса да бҽрібір деген ҧстаным сол кездегі 
кҿптеген басшы адамдарға тҽн еді. 
 
 
 

 
31 
1991  жылдың  30  мамырында  КОКП  Орталық  Комитетінің  Бас 
хатшысы  М.Горбачевтің  қатысуымен  ҿткен  Қазақстан  республикалық 
активінің  жиналысында  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  іс  жҥзінде  соңғы  диагноз 
қойды  десек  болады:  “Бҥгінде  “таза”  социализм  дегенді  жандары  қалмай 
жақтаушылар  халықтың  ҿмірін  жақсартуға  тіпті  де  бас  ауыртпайды. 
Идеологиялық  догмалармен  қаруланған  олар  ҿздерінің  жеке  биліктері,  ҿз 
артықшылықтарын сақтап қалу ҥшін кҥресуде. 
Мемлекет басшысы ретінде Сіз, Михаил Сергеевич, мҧны кҿрмеуіңіз 
мҥмкін емес. Бҥгін нақты таңдау жасаудың уақыты келді. Қай жаққа жҥру 
керек  екенін  Сіз  айқындап  бердіңіз:  жаңғырулар  арқылы  жҥру,  ал 
экономикада  –  рынокқа  бағыт  алу.  Енді  екінші  қадам  жасау  –  осы 
қозғалысқа кедергілерді еңсеруге қарай ҧмтылу қажет секілді”. 
Жҽне ең басты кедергі партияның ҿзі болып қалып отыр. Сондықтан 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  сол  жерде  айтқан  келесі  сҿзі  кҿрегендік  болып 
шықты: 
“Билікті  басып  алудың  кез  келген  ҽрекеті,  оның  ҥстіне  ҽскер  мен 
қҧқық  қорғау  органдарын  пайдалану  арқылы  жасалған  ҽрекет  зорлық-
зомбылықтың  жаңаша  сипат  алуынан  басқа  ештеңе  бермейді  жҽне 
ешқандай  тҧрақтылыққа  да  алып  келмейді.  Керісінше,  мҧндай  жағдайда, 
қҧдай  сақтасын,  ҽрине,  бізде  жаппай  толқулар  етек  алады  –  тҧрғындар 
тарапынан  саяси  кҥрестің  ең  шетін  формалары,  саяси  плюрализм 
тҽжірибесін  толықтай  аластау  кҿрініс  береді.  Ал  бҧл  қорытындысында 
мемлекеттік  басқарудың  қазіргі  жҥйесі  жойылып,  кең  ауқымды 
репрессиялар  басталады,  еліміздің  ҽлемдік  қоғамдастық  санасындағы  оң 
образы тҥпкілікті қиратылады дегенді білдіреді”. 
Араға бар-жоғы 2,5 ай салып, Н.Назарбаевтың ең жаман деген кҥдігі 
шындыққа  айналды.  1991  жылдың  19-21  тамызында  елімізде  тарихқа 
“тамыз  бҥлігі”  деген  атпен  кірген,  Тҿтенше  жағдайлар  жҿніндегі 
мемлекеттік  комитет  (ТЖМК)  деген  биліктің  барлығын  толықтай  ҿз 
қолына  алатыны  туралы  жариялаған  оқиғалар  етек  алды.  КОКП 
басындағылардың  реакциялық  бҿлігі  ҧйымдастырған  мемлекеттік 
тҿңкерістің  бҧл  ҽрекеті  Коммунистік  партияны  тҥбегейлі  масқаралап, 
КСРО-ның  ыдырауын  тездетті.  Осылайша  КОКП  тарихы  мен  кеңестік 
алып державаның тарихына нҥкте қойылды. 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев  сол  кезде  Қазақстан  халқына  шҧғыл  ҥндеу 
жариялап,  сҿз  сҿйледі.  Онда  ол  бҥлікшілердің  іс-ҽрекеттерін  шешімді 
тҥрде  айыптап,  ҿзінің  реформалар  мен  демократия  бағытынан 
айнымайтынын  қуаттады.  Осымен  бір  мезгілде  ҿзінің  КОКП  қатарынан 
шығатынын мҽлімдеді. 
Бҧл кейіннен болған жҽйттер еді. Ал оған дейін Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы 
ҥшін  мыналар  басы  ашық  мҽселелер  еді:  мемлекеттік  басқарудың 
қағидатты  жаңа  қҧрылымдарын  қҧру  қажет,  республикада  болашаққа 
серпінділікті қамтамасыз ете алатын жас басшылар мен атқарушы кадрлар 
шоғырын қалыптастыру керек. 

 
32 
Жҽне  мҧндай  қҧрылым  іс  жҥзінде  тҽуелсіздіктің  бастаушысы,  оның 
негізгі қҧрылғысы ретінде кҿрінген президенттік институт болды. 
ҚАРСЫ ТҦРУ 
КСРО-да  президенттік  институты  1990  жылдың  наурызында  КСРО 
президенті  лауазымына  Михаил  Горбачевтің  сайлануымен  пайда  болғаны 
белгілі.  Мҧндай  институттар  Қазақ  КСР-ін  қоса  алғанда  одақтас 
республикаларда да қҧрыла бастады. 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ҥшін  бҧл  егемендікке  жасалған  алғашқы 
маңызды  қадам,  сонымен  қатар,  КОКП-ның  пайдасыз  да  мағынасыз 
ықпалынан  алшақтаудың  ыңғайлы  мҥмкіндігі  болды.  Оның  Президенттік 
кеңесті  –  қҧрамына  Жоғарғы  Кеңес  Тҿрағасы  Е.Асанбаев,  Премьер-
Министр  Ҧ.Қараманов,  депутаттар  С.Дрожжин,  И.Жаңғоразов,  С.Сартаев, 
босатылған  негізде  М.Жолдасбеков  пен  Д.Сембаев  кірген  Мемлекет 
басшысы жанындағы алқалы саяси-консультативтік орган қҧру ісіне ҥлкен 
энтузиазммен  кіріскені  сондықтан.  Бҧл  органның  тиімділігіне  бағаны 
Президент біршама кейінірек берді. Осы аралықта іс жҥзінде Президенттік 
биліктің  іске  қабілетті  қҧрылымдары  жоқ  кезде  Президенттік  кеңес 
мемлекеттік қҧрылыс, демократиялық жҽне нарықтық реформалар жҥргізу 
бойынша  сараптамалық-талдамалық  қызмет  кҿрсету  мен  ҧсыныстар 
жасауда айтарлықтай бағалы қызмет атқарды. 
Басшылығына  Н.Ҽбіқаев,  оның  бірінші  орынбасарлығына  В.Ни 
тағайындалған,  бҿлімдер  меңгерушілері  Қ.Сҥлейменов,  Ғ.Шалахметов, 
М.Бабушкин, Т.Сауранбеков, Г.Бердюгин жҽне басқалар болған Мемлекет 
басшысының  Кеңсесі  (кейіннен  Президент  пен  Министрлер  Кабинетінің 
Аппараты,  бҥгінде  Президент  Ҽкімшілігі)  қҧрылысы  да  сондай  “нҿлдік 
сатыда” тҧрды. 
Ол  кезде  аппарат  қҧрамында  қазіргі  кезде,  мҽселен,  Хаттама  жҽне 
Президенттің  баспасҿз  қызметі  сияқты  функцияларды  орындайтын 
қҧрылымдар  болған  жоқ.  Иҽ,  ондай  қҧрылымдар  сол  шақта  соншалықты 
қажет  те  емес  еді  ҽрі  олар  ҿздерінің  “жобалық  қуатына”  бірден  шыққан 
жоқ:  бҧл  ҥшін  жылдар  қажет  болды.  Сондықтан  Президенттің  қызметін 
ҧйымдастырушылық-хаттамалық  жҽне  ақпараттық  қамтамасыз  ету 
жҧмыстарын мен жетекшілік ететін жалпы сектор қызметкерлері атқарды. 
Мҽселе  “темір  шымылдықтың”  қҧлауы  жағдайында  жҧмыстың  ескі  ҽдісі 
мен тҽсілінен шешімді тҥрде кету қажет болса, саяси менеджменттің жаңа 
эстетикасы туған топыраққа ҽлі сіңіріле қоймаған еді: оған біз ауыр, ҧяң да 
баяу жолмен келдік. Оның ҥстіне, кеңестік жҥйенің негізін қҧрайтын, тіпті 
жердің ҿзін тіреп тҧр деп елестетілетін мемлекеттік билік пен басқарудың 
КОКП  сияқты  басты  механизмінен  бас  тарта  салу,  бҧл  қалай  дегендей, 
кҿптеген адамдардың санасына сыймады… 
Жалпылай алғанда, жҧмыстың шеті мен шегі кҿрінбейтін. Бҧған қоса, 
Президент жаңа басқару қҧрылымдарын жасақтау барысында жан-жағынан 
жаппай  кимелеген  тҥпкілікті  қарсылықтарға  тап  болды.  Бірінші  кезекте, 
ҽрине,  тҧяқ  серпу  ҥстіндегі  КОКП  тарапынан.  Бҧл  арада  1990  жылдың 
сҽуірі  мен  1991  жылдың  тамызы  аралығында  республиканың  билік 

 
33 
олимпінде  екі  аппарат  қатар  жҧмыс  істегенін  қаперге  сала  кету  қажет: 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  аппараты  мен  Қазақ  КСР 
Президентінің аппараты. Бҧл жерде кҥрес ымырасыз сипат алды. 
Сол  кезеңдегі  ҿткір  проблемалардың  алдыңғы  қатарында  кадрлар 
тапшылығы  тҧрды.  Бір  жағынан,  президенттіктің  идеясын  бҿлісетін, 
халықтың  жағдайын  білетін  жҽне  олармен  жҧмыс  істей  алатын  білікті 
қызметкерлер  мҥлдем  жетіспеді.  Екінші  жағынан,  кҿптеген  кҽсіби 
мамандар  мҧндай  жҧмысқа  келгісі  келмеді.  Мҧның  да  бірқатар  себептері 
бар еді. Оны Егор Гайдар туралы естелігінде Анатолий Чубайс былай деп 
кҿрсетті:  “Сол  шақтарда  “ақылды  адамдар  билікке  келмеді”  –  ҿйткені, 
шешілмеген  проблемалар  шаш  етектен  болғаны  ҿз  алдына,  адамдар 
пайдасыз  горбачевтік  кҿпірме  сҿзге  ҽбден  ықылық  ата  тойып  біткен 
болатын”. 
Сондықтан,  кадрларды  кҥндіз  шырақ  алып  іздеуге  тура  келді. 
Президент Аппаратының қызметкері ретінде мен осы проблемамен бетпе-
бет қалып отырдым. Кҥндердің бір кҥнінде мен ҿзім басқаратын секторға 
Алматы  облыстық  партия  комитетінде  істейтін,  ҿзім  мықты  кҽсіби  маман 
ретінде  білетін  тҽжірибелі  аппаратшы жҽне  тамаша  сҿз  зергерін  жҧмысқа 
шақыруға  шешім  қабылдадым.  Қандай  да  бір  қызметкерге  “қҧда  тҥскен” 
жағдайда  этикет  ҽуелі  оның  бастығының  келісімін  алғанды  жҿн  санайды. 
Ойымда  еш  нҽрсе  жоқ,  сол  кездегі  Алматы  обкомының  хатшысымен 
байланысқа  шығып,  мен  де  солай  жасадым.  Менің  ҿтінішіме  қайтарған 
оның жауабы есімнен тандыра жаздады. 
“Немене,  сендер  ҽлі  ҿздеріңнің  “президенттік”  ойындарыңды  ойнап 
болған  жоқсыңдар  ма?..  Сен  маған  хабарласып  отырған  бірінші  адам 
емессің, Президенттің жігіттері маған телефон шалып, біресе ананы, біресе 
мынаны  сҧрайды.  Оқасы  жоқ,  жақында  біз  сендерді  қуып  таратамыз.  Ал 
қҧнды қызметкерлерімізді сендерге бермейміз”, – болды оның айтқандары. 
Бҧл  кісіні  мен  бҧрыннан  танушы  едім.  Сондықтан  да  болар,  одан 
мҧндай  жауап  есту  шын  мҽнінде  ҿзегімді  ҿртеді.  Сҿйтіп,  біздің  ескіден 
келе жатқан ҿзара қҧрметімізге сызат тҥсті. 
Сҿйтіп,  мен  Президент  Аппараты  басшысының  бірінші  орынбасары 
Владимир  Ниге  қайырылдым.  Менің  аргументтерімді  тыңдап  алған 
Владимир  Васильевич  пышақпен  кескендей  етіп  былай  деді:  “Бҧл  жерде 
қандай  ҽңгіме  болуы  мҥмкін?  Ҿзіңізге  пайдасы  тиеді-ау  дегендердің 
барлығын ала беріңіз”. 
Егер  осындай  кадрлар  ҥшін  таластағы  қалжыңға  бергісіз  “кҿкпар” 
(батыста  мҧны  “ақылды  бастар  ҥшін  кҥрес”  деп  атайды)  Президент 
командасына,  еш  артық  айтқандық  емес,  ҽрбір  сауатты  маман  мен  ҽрбір 
білікті  қызметкердің  келуіне  септігін  тигізді.  Қосарланған  саяси  билік 
жағдайындағы  мҧндай  кҥрес  бҥкіл  кеңес  қоғамына  тҽн  еді.  Ал  мҧндай 
драманың сюжеті кҥн ҿткен сайын барынша ҿткір сипат ала тҥсті. 
Мҧндай  жағдайлар  туралы  сол  кездері  Қазақстан  Компартиясы 
Орталық Комитеті Жалпы бҿлімінің меңгерушісі болған Владимир Шепель 
былай  деп  еске  алады:  “1990-1991  жылдары,  Қазақ  КСР  Президенті 

 
34 
сайланғаннан  кейін,  сырт  қарағанда  ОК  жҽне  Президент  аппараттары 
арасында  қандай  да  бір  келіспеушіліктер болмаған  сияқты  кҿрінеді.  Бірақ 
мҽселеге  тереңірек  қарасаң,  кҿптеген  партия  функционерлері  “бір  ҥзім 
нандарын”, яғни билік ҿкілеттіктерінің бір бҿлігін алып қойғанымен келісе 
алмады.  Мысалы,  ОК  Аппаратының  бҿлім  меңгерушісі  немесе  сектор 
меңгерушісі  ҿздерін  мҽртебелері  бойынша  Президент  Аппаратындағы 
сондай  қызметкерлерден  жоғары  санады.  Осыдан  келіп  менмендік  пен 
тҽкаппарлық оқиғалары орын алды. Сондықтан олар біздерге де басшылық 
жасауға ҧмтылып, оларын Президент Аппаратында да коммунистер жҧмыс 
істейді,  демек,  барлығы  партиялық  тҽртіпке  бағынуы  тиіс  деген 
ҧстаныммен тҥсіндіргілері келді”. 
Лауазымдық  міндеттеріме  сҽйкес  мҧндай  жҽйттерді  менің 
Президенттік  кеңес  мҽжілістерін  дайындау  барысында  ҿз  басымнан  талай 
мҽрте  ҿткізуіме  тура  келді.  Сол  мҽжілістерге  шақырусыз  келетін  ОК-ның 
екінші  хатшысы  В.Ануфриевтің  тура  Президенттің  қарсысындағы 
орынтаққа келіп жайғасатыны кҥні кешегідей есімде. 
Одақтас  республикалар  компартиялары  Орталық  комитеттерінің 
екінші  хатшылығына  тағайындалған  адамға  қатысты  кеңестік  қоғамда 
ежелден  мынадай  кҿзқарас  қалыптасқан  болатын:  олардың  негізгі 
миссиялары – Бірінші хатшыға кҿмектесу емес, Орталықтың “қҧлағы жҽне 
кҿзі” ретінде олардың іс-ҽрекеттерін бақылау. 
Президенттік кеңестің алғашқы мҽжілістерінің біріне В.Ануфриев те 
келген  болатын.  Президент  Аппаратының  басшысы  Н.Ҽбіқаев  оған  кҿп 
мағыналы  кҿзқараспен  қабақ  кҿтерді.  Содан  соң  маған  суық  қарап,  тура 
мына  сҿздерді  айтқандай  болды:  “Неге  залда  бҿтен  адамдар  отыр?”.  Мен 
Ануфриевтің  жанына  жақындап  барып,  ренжітіп  алмауға  тырысқан  бҽсең 
дауыспен: 
–  Кешіріңіз,  Владислав  Григорьевич,  сіз  Президенттік  кеңестің 
мҥшесі  емессіз.  Ҿкінішке  қарай,  сіз  шақырылғандар  тізімінде  жоқсыз,  – 
дедім. 
Осыны кҥтіп отырғандай-ақ ол дауыс кҿтерудің дҿрекі тҥріне кҿшті: 
– Жігітім, бҧл жерде маған жҿн сілтейтіндей сен кімсің?! 
Мен  ҿзімнің  аты-жҿнімді,  қызметімді  айтып,  нақты  жауап 
қайтардым. 
Сол сҽтте ол Ҽбіқаевқа сол сҧрақпен қайта қайырылды: 
– Бҧл кім ҿзі? 
Салқынқанды Нҧртай Ҽбіқайҧлы оның сҧрағын жауапсыз қалдырып, 
ҿткір кҿзімен бір қарап-ақ сабасына тҥсірді. 
Тіпті  осындай  “кет  дегенде,  ит  те  кетеді”  деген  тҧрғыдағы 
кҿзқарастарға  қарамастан,  ол  Президенттік  кеңестің  мҽжілістеріне  келуін 
тоңмойындықпен  жалғастырып  қана  қоймай,  Президенттің  сҿздеріне 
қыстырыла кетіп, сҿзін бҿлу сияқты қадамдарға да барды. 
Ҽрине, 
егер 
президенттік 
институтына 
қатысты 
осындай 
обструкционистік  оқиғалар  бірді-екілі  ғана  кездессе,  олар  туралы  ҽңгіме 
қозғаудың  ҿзі  артық  болар  еді.  Шын  мҽнінде,  “табанды  лениншілдер” 

 
35 
ҿздерінің  бҿлінбес  ҥстемдіктерін  ҽуелі  Халық  депутаттарының  съезінде 
жоғалтқанымен, есе қайтару идеологиясымен қаруланып, алған беттерінен 
қайтқылары келмеді. 
1990 жыл бойы КОКП ОК-ның жекелеген хатшылары бҥкіл Одақтан 
іріктеліп  шақырылған  партияның  облыстық  комитеттері  хатшылары, 
ҧйымдастыру  бҿлімінің  меңгерушілері  жҽне  ҿзге  де  шешуші  бҿлім 
қызметкерлері  деңгейінде  ондаған  семинарлар,  кеңестер  мен  кездесулер 
ҧйымдастырды.  Олар  ҥндеуінің  басты  арқауы:  “Окоптарда  отырғанымыз 
жетеді!  Біздің  де  кҥніміз  туады.  Президенттік  қҧрылымдарға  тойтарыс 
беруге дайындалыңдар…” болды. Басқосуға қатысушылардың ең ҿткірлері 
осы 
ҧстанымды 
мақҧлдап,  қолдау 
кҿрсетудің 
белгісі  ретінде 
пікірталастарда 
ҿздерінің 
оппоненттеріне 
улы 
тілдерін 
безеп: 
“Президенттік  ойындарын  ойнап  болсын.  Содан  кейін  біз  оларға  кҿкесін 
танытамыз!” деп қайталаудан жалыққан жоқ. 
Орын  алып  отырған  оқиғаларды  сезіну  жҽне  осындай  тҧтасқан 
консерватизмнің  себептерін  анықтау  мақсатында  біз  сенім  кҿрсетуге 
тҧрады-ау  деген  адамдармен  кҿп  ҽңгімелестік.  Ҿкінішке  қарай,  кҿп 
жағдайда  олардың  жақтырмайтын  сипаттағы  жҽне  ашық  жеккҿрушілік 
тҧрғысындағы ҥнқатуларына  тап  келіп  отырдық:  “Бҽріне сендер  жҽне  сен 
сияқтылар  кінҽлі!  Сендер  Коммунистік  партияны,  Кеңес  Одағын 
қҧлатқыларың  келеді!  Балтық  жағалауы  ірге  аулақтады,  Кавказ  кетіп 
барады…  Сендер  бізді  немен  қалдырғыларың  келеді?”.  Ҽдетте,  қоғамды 
саяси  қайта  қҧруға  жоғалтатындары  барлар  –  белгілі  бір  деңгейде  саяси 
капитал  жинақтап  ҥлгеріп,  мансап  баспалдағымен  одан  ҽрі  кҿтерілуден 
ҥмітті  жҽне  қомақты  зейнетақыға  қол  жеткізіп,  кҽріліктерін  баяғыдан 
ҧнатып, белгілеп қойған бір ҿңірлерде қарсы алуды армандаған орта жҽне 
аға  жастағы  партия,  кеңес  жҽне  шаруашылық  қызметкерлері  қарсыласып 
баққантын.  Оның  ҥстіне  Орталықтағы  шефтер  мен  корифейлер  мына 
жҽйттерге  сараңдық  танытқан  жоқ:  В.Лениннің  уақытынан  бері 
большевиктер  партиясы  ҿз  мҥшелеріне  ықпал  ету  технологияларында 
алдына  адам  салмас  шеберлер  болатын.  Тҧрмыс-тіршілік  тҧрғысынан 
қарағанда, оларды да тҥсінуге болады: КСРО-да “ойын ережесінің” қандай 
да бір елесі бар еді, ал мҧнда ҥйреншікті барлық дҽстҥрлер ҿшіріліп, сізге 
жаңа  қҧрылыста  жҽне  олардың  ойларынша,  елді  белгісіз  болашаққа  алып 
баратын  Президенттің  басшылығымен  ҿмірді  қайта  бастау  ҧсынылады… 
Бірақ  мҽселе  сонда,  ҧлы  державаны  Назарбаев  талқандаған  жоқ  қой! 
Осындай  қарама-қайшылықтардың  салдарынан  біз  бірқатар  ескі 
достарымыз 
бен 
ҽріптестерімізді 
жоғалттық. 
Бҧрынғы 
қарым-
қатынастарымыз  салқын  тартып,  жолдарымыз  екі  жаққа  айырылды. 
Айтпақшы,  бҧл  елімізге  жҽне  сол  сияқты  біздің  ҽрқайсымызға  ҿз 
таңдауымызды  жасайтын  кез  еді.  Мен  жаңа  дҽуірге  ҿткен  тарихымызда 
ата-бабаларым  мен  отандастарымның  кҿптеген  буындарының  қолы 
жетпеген нҽрсе – ҿз тағдырымды таңдау қҧқын бергені ҥшін ризамын. 
Бір 
таңқаларлығы, 
енді 
қалыптаса 
бастаған 
президенттік 
институттың келесі бір кҥтпеген идеологиялық қарсыласы Жоғарғы Кеңес 

 
36 
болды.  Қайта  қҧрулар  толқынында  “Барлық  билік  Кеңестерге”  ҧранымен 
екінші  тыныстары  ашылған  Жоғарғы  Кеңес  басшылығындағы  Халық 
депутаттарының кеңесі бір қарағанда Президенттің табиғи одақтасы болуы 
тиіс еді. Бірақ олай болған жоқ. 
Сол  кезеңде  қалыптасқан  саяси  ахуалға  тҥсініктеме  берген  белгілі 
қырғыз саясатшысы жҽне қоғамтанушысы, Қырғызстанның Қазақстандағы 
бҧрынғы  елшісі  Жҧмағҧл  Сааданбеков  ҿзінің  “Нҧрсҧлтан  Назарбаев. 
Кҿшбасшылық  заңдылықтары”  кітабында  былай  деп  жазды:  “Жоғарғы 
Кеңестің  бірпартиялы  диктатура  режіміне  генетикалық  жақындығы  оны 
президенттік  билікке,  демократиялық  реформаларға  оппозицияны 
ҧйымдастырудың  базасы  мен  формасы  етті.  Дағдарыстың  адуынды 
толқындарында  жҥзу  Жоғарғы  Кеңестің  мемлекеттік  билік  пен  қоғамды 
жҧмылдыруға қабілетсіз екенін кҿрсетті. Жаңа демократиялық институттар 
қҧрып,  солар  арқылы  демократияландырудың  қақпасын  ашудың  орнына, 
Парламенттің ҿзі билік ҥшін кҥрестің кескілескен аренасына айналды…”. 
Биліктің барлығын ҿзінің қолына шоғырландырғанымен, ҽлеуметтік-
экономикалық  дағдарыс  ҿрши  тҥсіп  отырған  жағдайда  одан  шығудың 
жолын  кҿрсете  алмағаны  ҿз  алдына,  елдің  нарықтық  экономикаға  ҿтуін 
қамтамасыз ете алмаған Кеңестер жҥйесі іс жҥзінде Қазақстанды одан ҽрі 
дамыту жолында тежегішке айналды. 
Осының салдарынан “республикада биліктің екі полярлық орталығы, 
яғни қосҿкіметтік пайда болды. Оның біреуі жергілікті жерлердегі кеңестік 
мекемелердің  барлық  вертикалдарымен  бірге  Жоғарғы  Кеңес  (ескі 
кадрлардың  баратын  орнына  айналған)  маңына  шоғырланса,  екіншісі 
Президенттің  (мҧнда  демократиялық  жҽне  нарықтық  жаңарулардың 
жақтастары  топтасты)  тҿңірегіне  шоғырланды”,  –  деп  жалғастырады 
Ж.Сааданбеков. 
Дҽл  осы  кезеңде  кҿп  жағдайда  Қазақстандағы  саяси  ҿмірдің  одан 
арғы  мазмҧнын  айқындаған  Президент  пен  Жоғарғы  Кеңес  арасындағы 
қарсы  тҧрушылықтың  негізгі  желісі  кҿрініс  берді.  Президенттік-
парламенттік  қарсы  тҧрушылықтың  апофеозы  Жоғарғы  Кеңестің 
мемлекеттік  институт  ретіндегі  жойылуымен  аяқталған  1993-1995 
жылдардағы парламенттік екі дағдарыс болғаны белгілі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет