«Сегіз қырлы бір сырлы»



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата12.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТЫНЫШТЫҚТЫ АЛТЫНҒА ДА 
САТЫП АЛА АЛМАЙСЫҢ‖ 
 
Сағынбек Тҧрсынов
Парламент Мәжілісінің депутаты, 
Төтенше және өкілетті елші. 
 
Егемен Қазақстан, 15 мамыр 2010 ж.,   http://www.egemen.kz/ 
 
Тағдыр  біздің  ҧрпаққа  ғасырлар  тоғысында,  тҥрлі  қоғамдық 
ҿзгерістерді  бастан  кешуді,  кеңестік  жҥйеде  ҿмір  сҥріп,  одан  кейін  жеке, 
дербес  мемлекетіміздің  іргетасын  қалауды,  оның  алғаш  ҿмірге  келген 
сҽтінен  бҥгінге  дейінгі  ҿткен  жолын  біте  қайнасып  бірге  жҥріп  ҿтуді 
бҧйырыпты. Біз соңғы жиырма жылда еліміз ҥшін ғасырға бергісіз тарихи 
оқиғаларды  бастан  ҿткердік  деп  айтып  жҥрміз.  Иҽ,  ол  рас.  Мҧның  бҽрі 
тарих, мҧның бҽрі келер ҧрпаққа мҧра. 
Ҽркімнің  де  ҿмірінде  сірҽ да  естен  кетпейтін  елеулі  сҽттері  болады. 
Менің  ҿмірімдегі  сондай  сҽулелі  сҽттердің  біразы  Тҽуелсіз  Қазақстанның 
тҧңғыш  Президенті  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаевтың  есімімен  тығыз 
байланысты. 
“Жақсының ҿзінен бҧрын аты жетеді” деген ғой дана халқымыз. Сол 
айтқандай,  мен  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлын  кҿрмей  тҧрып,  оның  атына  сырттай 
қанық  едім.  Қарағанды  облысының  Ульянов  ауданындағы  “Кҿктал” 
совхозына  жаңа  ғана  директор  болып  тағайындалған  кезім  еді.  1979 
жылдың  аяғы,  1980  жылдың басы.  Кҿрші  совхоздардың ҥш  бҿлімшесінен 
қҧрылған он екі де бір нҧсқасы жоқ жаңа шаруашылық не ҥй, не отыратын 
қызмет  орны,  не  мектеп,  не  балабақша,  не  қызметкерлер  тҧратын  ҥй,  не 
дҽрігерлік  пункт  жоқ,  тіпті  кадр  да  жасақталмаған  шаруашылық  екен.  Ол 
кезде  партия  айтты  бітті  деп,  жіберген  жеріне  бара  беретін  заман  ғой. 
Содан  аудан  басшылары  да  “Сен  жассың,  осы  совхозға  басшылыққа 
қойылдың, енді барлығын ҿзің шешуің керек” деген сыңай танытты. Содан 
ойпыр-ай,  мына  қиындықтардан  қалай  шықсақ  екен  деп  дел-сал  болып 
жҥрген сҽтте, “Жыртық ҥйдің қҧдайы бар” демекші, “Қарағанды облыстық 
партия комитетінің екінші хатшысы болып Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы Назарбаев 
сайланды”, – деп ел дҥр ете қалды. Себебі, елге ҿзінен бҧрын аты жеткен 
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы жалыны мол, қуаты зор, жас бола тҧра аса парасатты, 
асқан іскер басшы деген халықтың бағасы ел қҧлағын елеңдетіп тҧрған кез 
болатын.  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  жаңа  қызметіне  келе  сала  облыс  бойынша 
кҿптеген,  бҽлен жылдан шешімін  тосып  жҥрген  мҽселелердің бҽрін  шеше 
бастаған. 

 
55 
Мен  бірден  ҿзім  басқарып  жҥрген  шаруашылығымның  жағдайын 
айтып,  кҿмек  сҧрайын,  ҽйтпесе  мына  қыстың  ҥскірік  аязынан  жҽне  жаңа 
қҧрылған  совхоздың  толып  жатқан  қиындықтарынан  абыроймен  шығу 
оңайға  тҥспейтініне  ҽбден  кҿзім  жетіп,  Н.Ҽ.Назарбаевтың  қабылдауына 
баруға бел будым. 
Содан  бір  ыңғайы  келіп,  облыстық  партия  комитетінің 
ауылшаруашылық хатшысы В.Г.Ануфриевке осы ҿтінішімді айтып едім, ол 
кісі бірден “Не ҥшін барасың? Бҽрін ҿзіміз шешеміз, кҿмектесеміз”,  – деп 
ауданның  басшыларына  тапсырма  бере  бастады.  “Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлына 
кіріп  шығайын  жҽне  жаңа  шаруашылыққа  кҿмек  сҧрайын”,  –  деп  едім, 
“Ҿзім  айтам  ол  кісіге,  келесі  жылы  кірерсің”  деп,  азар  да  безер  болды. 
Содан  В.Г.Ануфриев  менің  мҽселемнің  біразына  тікелей  кҿңіл  аударып, 
аудан басшылары да кҿмектесіп, жолым оңынан бола бастады. 
Сол кезде облыс бойынша шаруашылық пен ҿндіріс қана емес, кадр 
мҽселесі де Нҧрекеңнің қолында болды. Қарағанды қаласында ол уақытта 
қазақтардың ҥлес салмағы бар болғаны жеті пайыз тҿңірегінде ғана еді де, 
облыстағы  қазақтың  саны  он  екі-ақ  пайыз  болатын.  Ал  басшылық 
жҧмыстардағы  қазақтар  саусақпен  санарлық.  Сонау  Соломенцевтердің 
заманынан  бастап  сол  аз  басшылардың  ҿзін  тҧқыртып,  ашса  алақанында, 
жҧмса  жҧдырығында  ҧстап,  олардың  еңсесін  езіп  тастаған-ды.  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлы  басқа  ҧлт  ҿкілдерін  қолдай  отырып,  қазақтың  да  ақылды,  іскер, 
білімді  жігіттерін  біртіндеп  ҥлкен  қызметтерге  араластыра  бастады. 
Бҥгінде  олардың  басым  бҿлігі  мемлекетіміздің  нығаюы  мен  еліміздің 
болашағы жолында тер тҿгіп, аянбай еңбек етіп жҥр. 
Кеңес Одағы қҧлап, мемлекетіміз тҽуелсіздігін алуға бет бҧрған сҽт. 
Сол  кезде  мен  Талдықорған  облысының  басшысы  едім.  “Жас  отаудың 
жоғы кҿп” демекші, 90-шы жылдар біз ҥшін аумалы-тҿкпелі, барымыздан 
жоғымыз  кҿп,  қиын-қыстау  кез  еді.  Халық  тҧтынатын  тауарлар  жоқтың 
қасы. Тіптен, сабын да жоқ, кір жуатын ҧнтақ та жоқ, қант та жоқ, ҿсімдік 
майы жҽне халық тҧтынатын тауарлар тапшы. Енді осы тығырықтан шығу 
қажет  болды.  Елбасымен  ақылдасып,  Жаркент  жҽне  Алакҿлде  екі  еркін 
экономикалық аймақ қҧрдық. Облыстың Қытай елімен шекарада тҧрғанын 
пайдаланып,  олардан  қант  алып,  оны  Ресейге,  Нижний  Новгород  пен 
Омбыға  жіберіп,  олардан  халыққа  қажетті  тауарлар  алып,  ҽрекет  ете 
бастадық.  Тҥскен  пайданы  бюджеттен  тыс  қорға  шоғырландырып,  сол 
арқылы  облыстағы  жағдайлары  тҿмен  отбасыларына,  мҥгедектерге, 
зейнеткерлерге, тіптен студенттерге жҽрдем бере бастадық. Міне, осындай 
тығырықтан  шығу  жолын  іздеген  кезімізде  Елбасымыздан  ҥлкен  қолдау 
таптық. 
Талдықорған облысы кҿп ҧлтты аймақ. Сондықтан да ол жердегі ел 
тыныштығын  сақтау,  ҧлтаралық  келіспеушілікті  болдырмау  басты 
мақсатымыз  еді.  Осы  мҽселені  дҧрыс  жолға  қою  ҥшін  1990  жылы 
жергілікті  халықтар  достастығы  форумын  қҧрдық.  Сол  форумның  екі 
жылдығын  атап  ҿткелі  жатқанымызда  аяқ  астынан  Елбасы  облысымызға 
келе қалды. Жоспарланбаған жағдай еді. Елбасынан сол жиынға қатысуын 

 
56 
ҿтіндім.  Мереке  басталып  кетті,  халық  жиналып  қалған  еді.  Ҽр  ҧлт  ҿз 
ҿнерлерін  кҿрсетіп,  ҧлттық  дастарқандарын  жайып,  ортақ  мереке  жасап 
жатқан.  Бҧл  еліміздегі  кҿп  ҧлттың  басын  біріктіруге,  достық  қарым-
қатынасты  нығайтуға  бағытталған  бастама  еді.  Жиналған  жҧрт  кҥтпеген 
жерден Елбасын кҿріп, бір жағынан таңданып, мҽре-сҽре болды да қалды. 
“Президент  те  келіпті  ғой!”  деді  де  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлын  кҿтеріп  ала 
жҿнелгені бар емес пе?! 
Тарихта  белгілі  бір  тҧлғалардың  есімімен  тығыз  байланысты,  бір 
елдің,  бір  мемлекеттің,  тіпті  адамзаттың  дамуының  тағдырын  шешкен 
оқиғалар  аз емес.  Сол  сияқты  аумалы-тҿкпелі  заманда  елімізді  Нҧрсҧлтан 
Назарбаевтай  басшы  басқармағанда Қазақстан  қандай болар  еді?  Жиырма 
жыл бойы ел ынтымағы сақталып, барлық ҧлттардың бір ҥйдің баласындай 
сҥттей  ҧйып  отырғанының  ҿзі  зор  жетістік.  Қарабақ,  Украина,  Грузия, 
Қырғызстандағы  қанды  оқиғаларға  қарап  отырып,  еліміздегі  сан  ҧлт 
ҿкілдерінің осы тыныштығына тҽубе дейміз. Сондай-ақ еліміздің ЕҚЫҦ-ға 
мҥше болуы жҽне мҥше болып қана қоймай тҿрағалық етуінің ҿзі  – ҥлкен 
тарихи  оқиға.  Оған  қоса  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымына,  Шанхай 
ынтымақтастық  ҧйымына,  ЕурАзия  экономикалық  ынтымақтастық 
ҧйымына,  Тҥркісой  сияқты  ҧйымдарға  мҥше  болар  ма  едік?  Егер 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ҽлем  бойынша  ең  алдыңғы  қатарлы  қуаты  бар 
ядролық  қарудан  бас  тартпағанда  жағдай  қалай  болар  еді?  Қазақстан  дҽл 
бҥгінгідей тыныштық пен дамудың аралына айнала алар ма еді?.. 
Мен  бірнеше  шет  мемлекеттерде  Қазақстанның  Тҿтенше  жҽне 
ҿкілетті  елшісі  болып  12  жылдан  астам  қызмет  атқардым.  Сондықтан  да 
кҿптеген  елдердің  президенттері  бас  қосқан  жиындарда  Елбасының 
қасында болуға тура келді. Бҥгінгідей Қазақстанды ҽлем таныған кез емес, 
сонау  90-шы  жылдардың  ҿзінде  ірі  басқосуларда  президенттер  легінің 
алдында  кҿбінесе  Қытайдың,  АҚШ-тың,  Ресейдің  жҽне  Қазақстанның 
президенттері келе жататын. Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы алпауыт державалардың 
президенттерін  аузына  қаратып,  тҥрлі  ҽзіл-қалжыңын  айтып  кҥлдіріп, 
ҧтқыр ойларымен тҽнті етіп келе жатқанына талай рет куҽ болдық. Сонда 
сырттан  қарап  тҧрған  біздердің  жҥрегімізге  қуаныш  ҧялап,  қазақ 
екенімізге,  Қазақстан  мемлекетіміз,  осындай  Елбасымыз  бар  екеніне 
қалайша  мақтанып,  масаттанбасқа?!  Бҥгінде еліміз  ҽлем картасында ойып 
тҧрып  орын  алған,  ҿркениетті  мемлекет,  мҽдениеті  бай,  интеллектуалдық 
ҽлеуеті  жоғары  адамдардың  Отаны  екенін  ҽлем  мойындады.  Бҧл 
жетістіктерге  Елбасының  жеке  басының  қосқан  ҥлесінің  зор  екенін  біреу 
жоққа шығара ала ма? Ҽрине, жоқ. 
Осы  жерде  мен  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  шет  мемлекеттерге  сапары 
кезінде  шет  елдіктердің  оны  қалай  қҧрметтейтіндігіне  куҽ  болған  біраз 
оқиғаларды  еске  алғым  келіп  отыр.  Австрияда  елші  болып  жҥргенімде 
Португалияда  ЕҚЫҦ-ның  ҥлкен  басқосуы  ҿтіп,  оған  кҿптеген  елдің 
президенттері  жиналды.  Мен  ЕҚЫҦ-да  да  елшілік  қызмет атқаратынмын. 
Бҧл  1996  жылдың  желтоқсаны  болатын.  Осы  басқосуға  орай  еліміздің 
имиджін  кҿтеру  мақсатында  ҿзге  елдердің  елшілерімен,  басқа  да  тиісті 

 
57 
органдарымен  айтарлықтай  шаруа  атқаруға  тура  келді.  Ҽрине,  сол  кездің 
ҿзінде  Қазақстанның  халықаралық  аренадағы  беделі  артып,  Елбасы 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  да  шетелдерде  айтарлықтай  танымалдылыққа  жетіп 
қалған еді. Міне, осындай іс-шаралардың нҽтижесінде Қазақстан басшысы 
бірінші  кҥнгі  отырыстың  екінші  жартысын  бастан-аяқ  ҿзі  жҥргізіп, 
алғашқылар  қатарында  ҥзіліске  дейін  сҿз  сҿйледі.  Бҧл  біріншіден,  еліміз 
ҥшін, екіншіден, біздер ҥшін де ҥлкен абырой болды. 
2000  жылдың  ақпанында  ЕҚЫҦ-ның  кезекті  жиынына  қатысу  ҥшін 
Венаға  Н.Ҽ.Назарбаев  келеді  деген  елден  хабар  алып,  елшіліктің  қызу 
дайындалып  жатқан  кезі  еді.  Қызмет  телефоным  шыр  ете  тҥсті  де  арғы 
жақтан:  “Қазір  сізді  Елбасымен  жалғаймыз,”  –  деді.  “Мына  жақта 
жігіттердің  біреулері  жиынға  барыңыз,  біреулері  бармаңыз  дейді.  Сен 
қалай  ойлайсың,  Сағынбек?”  –  деді  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы.  Мен:  “Сіз 
келсеңіз,  бҧл  жақтағылар  Сізді  ғана  емес,  бҥкіл  Қазақстанды  мойындап, 
тҽнті  болар  еді.  Ҿйткені,  Қазақстанның  саяси  жҽне  экономикалық 
реформалардағы  қол  жеткен  жетістігі  туралы  Сізден  артық  ешкім  айтып 
бере алмайды. Келгеніңіз ҿте дҧрыс болар еді. Бҧлар Сіз келеді деп қатты 
дайындалып  жатыр”,  –  дедім.  Шыны  керек,  сол  кезде  ЕҚЫҦ-ның  кейбір 
қызметкерлерінің  Қазақстанға  кейбір  мҽселелер  бойынша  сын  айтып 
жҥрген  кезі  еді.  Тҥймедейді  тҥйедей  етіп,  бҧқаралық  ақпарат  қҧралдары 
бетінде бҧл жҽйт жаппай жазылып жатқан болатын. Бірақ, бҧл сын ЕҚЫҦ-
ның емес, осы ҧйымның жекелеген адамдарының ғана пікірі болатын. 
Сҿйтіп,  қҧрамында  сол  кездегі  Қауіпсіздік  Кеңесінің  хатшысы 
М.Тҽжин,  Сыртқы  істер  министрі  Е.Ыдырысов,  Орталық  сайлау 
комиссиясының  тҿрайымы  З.Балиева,  тағы  да  бірнеше  жауапты  мемлекет 
қызметкерлері бар, Елбасымыз бастаған делегация Венаға келе қалды. Осы 
жерде беделді  Ҧйым  Қазақстанды  сынайды-ау  деген  алып-қашпа  пікірлер 
де  болғанын  жасырмаймын.  Алайда,  біздің  Президентіміз  бҧл  пікірді 
жоққа шығарып, бҽрін ҿз орнына қойып, барлық аудиторияны ҿзіне бірден 
баурап алған еді. 
Осы  халықаралық  жиыннан  кейін  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  Австрия 
президентімен,  канцлерімен  жеке  кездесулері  болды.  Олардың  біздің 
Елбасына  қҧрмет  кҿрсеткені  соншалық,  ҿз  мемлекетінің  ең  жоғарғы 
орденімен марапаттап, Елбасымызды 2000 жылдыққа арналған мың жылда 
бір-ақ  рет  болатын  мерейтойлық  “Вена  балына”  шақырды.  Ол  дҽстҥрлі 
мерекеде  Еуроодақ  басшылары  сҧранып,  қол  жеткізе  алмаған  Австрия 
президентінің  лоджасында  Қазақстан  Президенті  ғана  ҥлкен  қҧрметпен 
отырғанда,  кҿкірегімізді  кернеген  қуаныш  соншалық,  тҿбеміз  кҿкке 
жеткендей болдық. Қай уақытта Қазақ елі осындай қҧрметке жетіп еді?! 
Қазақстан  Президентінің  бҧл  сапары  осы  халықаралық  ҧйымға 
Тҿраға  болып,  қазіргідей  халықаралық  абыройлы  болуымызға  жол  ашып 
берді. Мҧндай баққа тек тҽубе дегеннен басқа не айтуға болады? Осының 
бҽрі ҧзағынан болғай. 
Шет  елде  қызмет  бабымен  жҥргенде  байқағаным,  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлының  ҿте  бір  ерекше  қабілеті  мен  қасиеті  қай  елдің  болмасын 

 
58 
басшыларын аузына қаратып, ҿзіне баурап алатындығы дер едім. “Ханның 
басында  мың  адамның  ақылы  бар”  дегендей,  Елбасымыз  ҿзінің 
білімділігімен,  тектілігімен,  ҧшқыр  ойымен,  ҽзіл-қалжыңымен  небір 
жоғары  деңгейдегі  басшыларды  аузына  қаратып,  мойындататынына  кҿзім 
жетіп жҥрді. Нағыз елдің қамын ойлаған саясаткер ҥшін бҧл таптырмайтын 
ҧтымды қасиет екенінде дау жоқ. Осылайша ол ҿзін ғана емес, бҥкіл Қазақ 
елін ҽлемге мойындатты. 
Шет  елдерде  тағы  бір  байқағаным:  кҿптеген  шет  мемлекеттер 
басшылары  Президентімізге  қҧрметпен  қарайтыны,  салиқалы  саясаткер 
ретінде  жоғары  бағалайтыны,  жақын  араласқысы,  кездескісі  келетіндігі. 
Осыған  бір  ғана  нақты  мысал  келтірейін.  Нҧрсҧлтан  Ҽбіш-ҧлының 
Хорватияға сапары ҽзірленіп жатқан болатын. Сол тҧста осы ел президенті 
С.Месич  Қазақстан  Президентінің  ҿз  елінде  қанша  болатынын  сҧрады. 
Хаттама  бойынша  екі-ҥш  кҥн  екенін  айттым.  “Қалып,  демалуға  уақыты 
болар ма екен?” – деп ҿтінді ол. Сапар аяқталған соң Елбасымыз Хорватия 
президенті  С.Месич  мырзаның  ҿтінішін  қҧп  алды.  Хорватия  басшысы 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлына  ҥлкен  қҧрмет,  қошемет  кҿрсетті.  Қазақстан 
Президентінің  жатқан  жеріне  ҿзі  барып,  “галстуксыз”  кездесу 
ҧйымдастыруды  ҧйғарды.  Осы  ҽңгіме  шыққан  кезде  кҿрші  Словения 
мемлекетінің  Президенті  В.Кучанның  кҿмекшісі  телефон  шалды,  “Ертең 
Назарбаев  пен  Месич  “галстуксыз”  кездесу  ҿткізеді  екен,  біздің 
Президенттің де Сіздің Президентіңізбен бірге болғысы келетін тілегі бар”, 
–  деді.  Міне,  сҿйтіп  Еуропадағы  екі  ел  –  Хорватия  мен  Словенияның 
президенттері уақыттарын бҿліп, біздің еліміздің басшысымен жылы жҥзді 
кездесу  ҿткізгені  бар  еді.  Чехия,  Болгария  президенттері  де  сапар 
барысында  оңаша,  бейресми  кездесулер  ҧйымдастыруға  ықылас  танытты. 
Бҧл,  ҽрине,  Қазақстанның  Елбасын  Орта  Азия  аумағы,  тіпті  бҧрынғы 
Кеңестер  Одағы  мемлекеттері  басшылары  ішінде  ерекше  саясаткер  деп 
есептеп, жақынырақ танысқысы, біліскісі келгенінің белгісі еді. 
2002  жылдың  аяғында  Чехияда  да  бірнеше  мемлекеттер 
президенттерінің  басқосуы  ҿтті.  Ол  кезде  Чехия  мемлекеті  де  біздің 
Венгриядағы  елшілікке  қарайтын.  Осы  басқосуға  Қазақстан  Президенті 
келетін  болғандықтан,  сапарды  жоғары  деңгейде  ҿткізу  ҥшін  Прагаға 
келдім.  Осы  сапарда  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  АҚШ  Президенті  Бушпен 
жеке  кездесуі  ҿтті.  Алпауыт  АҚШ  елінің  Президентінің  уақыты  ҿте 
есептеулі  болса  да  Қазақстан  Президентімен  кездесуге  мҥмкіндік 
табуының  ҿзі  ҥлкен  абырой.  Жҽне  де  айтылған  жеке  кездесуден  кейін 
алқалы  отырыста  кҿптеген  елдердің  президенттері  ішінен  суырылып 
шығып,  біздің  Елбасымыз  ең  ірі  держава  АҚШ  Президентінің  қасында 
шҥйіркелесіп,  бірінші  қатарда  бірге  отыруы  кҿңілімізді  ҽбден  толтырған 
еді. Бҧған қайтіп қуанбассың, қалайша риза болмассың?! 
Жалпы  тарихта  соғыс,  қақтығыстың  бҽрі  жер  мен  дін  мҽселесінен 
ҿрбиді.  Алтайдан  Атырауға  созылып  жатқан  дархан  даламыздың 
тҧтастығын  сақтау  ҥшін  ең  алдымен  оның  шекара  сызығын  анықтау  аса 
маңызды.  Осы  жерде  Тҧңғыш  Президентіміздің  ешбір  кикілжің,  қырғи-

 
59 
қабақсыз  Қытай,  Ресей,  Ҿзбекстан,  Тҥркіменстан  елімен  бейбіт  келісімге 
келіп,  шекарамызды  делимитациялауы  таңқаларлық,  бҧрын-соңды 
болмаған,  зор  қуанышқа  бҿлейтін  жағдай.  Бҧл  еліміздің  тҽуелсіздігін 
баянды 
етіп, 
кҿршілес 
мемле-кеттермен 
бейбіт 
қарым-қатынас 
орнатуымыздың негізгі кілтіне айналды. 
Бҥгінде Елбасымыздың тҽуелсіздігімізді нығайта тҥсіп, оны сыншыл 
сырт  кҿздерге  де  мойындата  отырып,  ТМД  шеңберінде  саяси, 
экономикалық реформалардан алдыңғы қатарға шығу саясатына ҿзіміз ғана 
емес,  бҥкіл  ҽлем  жҥгінеді  десек,  артық  айтқандық  болмас.  Елбасының 
батыл  ойы,  тегеурінді  қадамы  арқылы  Қазақстан  кҿптеген  халықаралық 
шаралардың  бастамашысы,  бірнеше  беделді  ҧйымның  іргетасын 
қалаушысы бола білуде. 
 
 
 
“Ел бірлігі – ынтымақта” демекші, бірлікте болып, шаңырағымызды 
шайқалтпау,  сырт  кҿзге  кҥлкі  болмау  біздің  ҧлы  мақсатымыз  екенінде 
кҥмҽн  жоқ  деп  ойлаймын.  Кҿпті  кҿріп,  кҿңіліне  тҥйген,  мадақ  сҿзге  ҿте 
сараң,  сарабдал,  сақа  саясаткер  Бҽйкен  Ҽшімов  ақсақал:  “Тыныштықты 
алтынға  да  сатып  ала  алмайсың”  деген  еді  бір  отырыста.  Сол  ақылгҿй 
ақсақалымыздың  осы  сҿзі  артындағы  ҧрпағының  ҽркез  есінде  жҥруге 
тиісті.  Кҥні  кешегі  кҿрші  Қырғыз  еліндегі  қантҿгіс  жағдай  тҽртіп  пен 
тыныштықтан артық бақыт жоқ екенін кҿрсетіп берді емес пе? “Ерегескен 
ел  болмас,  етектен  кесіп,  жең  болмас”  дегендей,  тҧтастығымыз  бен 
ынтымағымызды  сақтап,  ҽр  азамат  ҿзін  ҥлкен  шаңырақтың  бір-бір  уығы 
деп  есептеп,  Қазақстан  атты  ҥйіміздің  тҥтіні  тҥзу,  іргесі  берік  болуына 
атсалысып,  бір  тілекте,  бір  ниетте  болуын,  аруақты  еліміздің  абыройы 
артып, ҿркендей беруін тілеуден басқа қандай арман болуы мҥмкін?! 

 
60 
ЗАМАНА СЫНЫ 
 
Уалихан Қалижан 
Парламент Мәжілісінің депутаты 
 
Егемен Қазақстан, 17 сәуір 2010 ж. 
 
Бағзы  замандардағы  ҧлтымыздың  тарихи  ескерткіштеріне  кіретін 
Орхон-Енисей  жазбаларында,  соның  ішінде  Кҥлтегін  ескерткішінде  тасқа 
қашалып  бедерленген,  болашақ  ҧрпаққа  ҧлағат  та,  аманат  та  боларлық 
ғибрат сҿз бар: “Халқы бегін, бегі халқын сыйлайтын ел ҧзақ жасайды”. 
Замана сыны – ауыр сын. Тҽуелсіз Қазақстанның 18 жылдық биігінен 
сол ғасырға бергісіз  уақытқа тарихи шолу жасап, ҿлшей қалсақ, ғасырлар 
бойы  бабаларымыз  армандаған  асыл  мҧраттардың  орындалғанын  екшеп, 
санаға  салмақ  болатын  ірі  оқиғалардың  қаншалықты  ауыр,  қаншалықты 
жауапты болғанын сезіну де, байқау да қиын емес. 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев  кешегі  кеңестік  жҥйеден  келіп,  жаңа  заманға 
сай  санаға  сілкініс  ҽкеліп,  замана  кҿшіне  ілесіп  қана  қоймай,  сол  ҧлы 
кҿштің  бастаушысына  айналды.  Ал  осы  тарихи  сҧраныс  пен  тарихи 
сананың ҿлшемі қандай? 
Н.Ҽ.Назарбаев билікке  келгеннен бері ҥзбей саясат аласапыранында 
келе жатқан қаламгер ретінде, кҿп нҽрсе кҿңілге де, жадыға да тоқылғанын 
айтар  едім.  Сондықтан  да  қазақты  бҥгінгі  биігіне  кҿтерген,  барша 
қазақстандықтар  ҿздерінің  болашағын  байланыстырып  отырған  тҧлға 
Нҧрсҧлтан Назарбаев деп айта аламын. Неге? 
Кеңестер  Одағының  қҧрамында  болған  Қазақстанның  мемлекеттік 
атрибуттары болғанымен, мемлекеттік статусы болған жоқ. Бірақ Тҽуелсіз 
Қазақстан  мемлекетін  қҧруға  негіз  жасала  бастады.  Мҧны  ешкім  жоққа 
шығармайды. 
Керей  мен  Жҽнібек  хан  мемлекет  қҧру  арманына  жете  алмады. 
Жоңғар қалмақтарының шапқыншылығы қазақты кҥйретіп кетті. Қазақтың 
басы  қосылмады.  Аяғы  Ресейден  пана  іздеуге,  соның  боданы  болуға 
мҽжбҥр етті. Ҽйтеуір, халық, ҧлт болып қалуға мҥмкіндік алды. 
Кеңес  ҿкіметі кезінде бҥгінгі  Қазақстан  мемлекетінің  алғышарттары 
жасалды.  “Тар  жол,  тайғақ  кешуден”  ҿтті.  “Мың  ҿліп,  мың  тірілді”. 
Н.Ҽ.Назарбаев айтқандай, “Қазақтың бҥкіл тарихы бірігу тарихы болды”. 
Егемендік,  тҽуелсіздік  қана  бабалар  арманын  жҥзеге  асыруға 
мҥмкіндік берді. Осылай “Есім ханның ескі жолы”, “Қасым ханның қасқа 
жолы”  деген  ҧғымдарға  “Нҧрсҧлтанның  нҧрлы  жолы”  деген  қастерлі  сҿз 
қосты. Демек, халқы бегін, бегі халқын сыйлайтын биік дҽрежеге жеттік. 
Бҧл  кҥнде  Тҽуелсіздік  қиналыссыз  келді  дегендей  пікір  айтушылар 
бар. Қоғамның, алпауыт КСРО-ның шаңырағы ортасына кҥйреп тҥсетіндей 

 
61 
халге  қалай  жеткенін  сарабдал  сарапшылар  жазып  та,  айтып  та  жҥр.  Ол 
ҧлттық  сананың  ҿсуі  мен  ҧлттық  патриотизмнің  рухани  сҧраныспен 
астасуында  жатыр.  Сондықтан  да  Балтық  бойы  елдерінің  Кеңестер 
Одағының  қҧрамынан  шығуы,  1986  жылғы  желтоқсандағы  қазақ 
жастарының  кҿтерілісі,  бҽрі-бҽрі  мемлекетті  басқару  жҥйесіндегі  бітеу 
жараға айналған кеселдің жарылуына ҽкелді. Сондықтан да тҽуелсіздік туы 
қазақ мемлекетін қҧруға ғана емес, қазақ халқының мемлекет қҧрушы ҧлт 
ретінде қалыптасуына жол ашты. 
…Қазақстан  тҽуелсіз  ел  атанысымен  Тҥркия  еліміздің  егемендігін 
бірден танып, Н.Ҽ.Назарбаевты ресми сапармен Тҥркияға шақырды. 
…Есенбҧғы бабамыз атындағы Тҥркия ҽуежайында мыңдаған қазақ, 
мыңдаған  тҥрік  теңселіп  тҧрды.  Н.Ҽ.Назарбаевтың  алдына  протоколды 
бҧзып,  сол  кездегі  Тҥркия  Президенті  Тҧрғыт  Ҿзал  ҽуежайға  ҿзі  шықты. 
Оның  “бауырым,  кардашым”  деп  Нҧрсҧлтан  Назарбаевты  қапсыра 
қҧшақтап,  мҧсылман  дҽстҥрімен  ҥш  рет  кеуде  соғыстырып,  амандасқаны 
ҽлі  кҿз  алдымда  тҧр.  Ал  Тҥркия  қазақтары  “Абылай,  Абылай  хан”, 
“Нҧрсҧлтан”,  “Ақсарбас”  деп  бес  ісек  қойды  тіземен  басып,  қҧрбандық 
шалып еді. Сонда Назарбаев “Мен Абылай хан емеспін” деді. 
Ҥндемей де қалуға боларды. Онда ҿзіне берілген, сол кезеңде асыра 
айтылған  саяси  бағамен  келіскен  боп  шығар  еді.  Дҽл  осы  сҽтте  ол  ҽлем 
қазақтары  алдында  да  жауапты  екенін  сезінген  болатын.  Сондықтан  да 
Дҥниежҥзі  қазақтары  қауымдастығы  қҧрылды,  оның  тҿрағасы  да  ҿзі. 
Сҿйтіп, он сегіз жыл ішінде атақонысына 1 миллион қазақ қайта оралды. 
Грекияның  бҧрынғы  премьер-министрі,  генерал,  марқҧм  Иоаннис 
Метаксас:  “…Бейбіт  кҥндегі  Ататҥріктің  идеялары  оның  ақыл-
парасатының  кҥшті  екенін  дҽлелдей  тҥсті”,  деп  еді.  Мҥмкін,  ҽлемнің  ірі 
саясаткерлерінің  дҽл  бҥгін  Назарбаевты  сол  Ататҥріктің  қатарына  қосып, 
бағалауының бір сыры осында жатқан да болар. Шынында да, 18 жылдың 
ішінде  Н.Ҽ.Назарбаев  ірі  экономикалық,  саяси  реформалар  жасады. 
Абылай бабасының арманын жҥзеге асырды. Қазақстан ядролық мемлекет 
болудан  бас  тартты.  Ресей,  Қытай,  Ҿзбекстан,  Қырғызстан  секілді 
мемлекеттермен  шекараны  делимитация  жҽне  демаркация  жасап,  ол  сол 
мемлекеттердің  парламенттерінде  ратификациядан  ҿтіп,  заңмен  бекітілді. 
Осылай  ҽлем  картасында  тҧңғыш  рет  “Қазақстан  Республикасы”  деген 
мемлекет  пайда  болды.  Заңды  тҥрде  дербес  Конституциясы,  Ҽнҧраны, 
Елтаңбасы, Туы бар, ҿз тағдырын ҿзі шеше алатын Қазақ елі Назарбаевтың 
тҧсында дамып, ҿрістеп келе жатқаны тарихи шындық. Оны ешкім жоққа 
шығара да, сан-саққа жҥгірте де алмайды. 
Тҥркияның ірі саясаткерлерінің бірі Намық Кемел Зейбек: “Қазақстан 
ең  алғаш  тҽуелсіздігін  алғанда  біз  Қазақстан  ҥшін  Тҥркия  ҥлгі  боларлық 
мемлекет  болады  дедік,  ал  17  жыл  ҿткен  соң  біз  Тҥркия  ҥшін  Қазақстан 
ҥлгі  боларлық  мемлекетке  айналды  деп  мойындауға  мҽжбҥрміз”,  деуі 
Қазақстанның  ҽлемнің  геосаяси  картасында  ойып  алып  отырған  орнын 
айғақтайды. 

 
62 
Ағылшын  тілінде  шығатын  “Пакистан  Обсервер”  газетінде 
Исламабад  саяси  талдау  институтының  сарапшысы  Мҧхаммед  Мунир 
“Нҧрсҧлтан  Назарбаев  –  кҿреген  кҿшбасшы”  атты  мақаласында  былай 
дейді:  “Кҿреген  кҿшбасшылар  ҿз  мемлекеттерінің  тағдырын  ҿзгерту 
қабілетіне ие тҧлғалар қатарына жатады. Олардың ерекшелігі – кҿпшілікке 
айқын  емес  ҥрдістерді  байқап  қана  қоймай,  оны  басқалардың  да  кҿруіне 
себепкер болуында жатыр” (“Егемен Қазақстан”, 31.12.2009). 
“XX  ғасырдағы  ең  беделді  100  адамды”  2000  жылы  айғақтаған 
“Таймс” газеті АҚШ-тың бҧрынғы Президенті Рузвельтті атаған. Ол: “Мен 
ҿз  елімді  бір  ҥйдің  адамдарындай  кҿруді  қалаймын  жҽне  олардың 
ҽрқайсысының  бақыты  бір-бірімен  тығыз  байланыста  екенін  тҥйсіну 
ерекше қуаныш ҽкеледі”, деген еді. Ал Назарбаевты Рузвельттің қатарына 
қоюшы  саясаткерлер  Елбасының  бҥгінгі  ҧлттық  бірлік  аясында  атқарып 
отырған  жҧмыстарына  сол  Рузвельт  армандаған  мҽселені  шешкендігін 
мойындағандықтан барған болар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бҧл  кҥнде  кіші  БҦҦ  деп  аталып  жҥрген  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының негізін қалаушы – Назарбаев. Заңмен реттеуді ҧсынған да 
– Назарбаев. Қазақстанда тҧратын 100-ден астам этностар ҿкілдерінің тілі, 
мҽдениеті  дамып  отырса,  ҿз  театрлары  болса,  ол  сол  ҧлтық  татулықтың 
белгісі  емес  пе?  Оның  ҥстіне  Қазақстанда  тҧратын  аз  ҧлттардың  9  ҿкілі 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мҽжілісінің депутаты болып отыр. 
Қытай  Халық  Республикасы  экономикалық  реформаларының  атасы 
Дэн  Сяопин:  “Халықтың  ішінде  ойлы  адамдар  кҿп  болса,  солғҧрлым 
жақсы.  Бізге  ойлы,  іске  ҧйтқы  боларлық  адамдар  шоғыры  керек.  Олар 
іздене  де,  жаңаға  бастай  да  алады.  Мҧндай  адамдарсыз  кедейшіліктен  де, 
артта  қалушылықтан  да  қҧтыла  алмаймыз.  Тіпті  ҽлем  қалыптастырған 
алдыңғы қатарлы елдерге ілігу ғана емес, қуып жетудің ҿзі қиын болмақ”, 
деген-ді. 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев  билікке  келген  кҥннен  бастап  кҿзі  қарақты, 
нарықтық  экономиканы  игерген,  не  оны  тҥсінетін  жаңа  басшылар 
даярлауға кірісті. Жоқтан бар болмайтыны сияқты, бар кадрларды іріктеді, 
тҽрбиеледі, биліктің ҽр тармағына қызметке қойды. Ал қызметті алып жҥру 

 
63 
ол  адамдардың  ҽрқайсысына  сын  болды.  Олардың  бірі  беліне  байлаған 
шоқпарды кҿтере алмай саясаттан да, елден де кетті. 
Еліміз  ҥшін,  еліміздегі  реформалар  ҥшін  Сингапур  ҥлгі  болғанын 
Елбасы  да,  саясаткерлер  де  айтып  жҥр.  Сол  елдің  тығырықтан  шығып, 
ҿркендеуін қамтамасыз еткен ірі тҧлға Ли Куан Ю екені белгілі. Ол: “Ҿмір 
–  ҥйренуден  тҧрады”,  дейді  жҽне  шағын  аралды  30  жыл  ішінде 
экономикасы берік мемлекетке айналдырды. 
 
 
 
Журналист болып жҥрген кезімде Сингапурде Ли Куан Ю мырзамен 
Президент Н.Ҽ.Назарбаев арасында болған ҽңгімені жазып алып едім. Енді 
сол ҽңгімеден ҥзіндіге назар аударалық. 
Н.Ҽ.  Назарбаев:  Қалай  ойлайсыз,  болашақта  бҧл  аймақта  Қытай 
қандай рҿл атқарады? 
Ли  Куан  Ю:  Қытай  енді  бір  30  жылда  алдына  жан  салмайтын 
мемлекет  болады.  Қазір  120-130  миллион  қытайлық  Шығыс  жағалауында 
қара  жҧмыс  істейді.  Бірақ  олар  Қытайға  доллар  тоғытып  жатыр.  Басқа 
аймақтардағы қытайлықтарды есептеңіз. Ҽрине, Қытайға оңай емес. АҚШ 
Қытаймен  сауда  жасағысы  келмейді.  Олар  Жапониямен  жҧмыс  істегенді 
тҽуір кҿреді. Дегенмен, тауар ҥшін сауда алаңы керек. Ол қайда: кҿп халқы 
бар  Қытайда.  Қытайдың  ішкі  резервтері  баршылық.  Жоғарыда 
айтқанымдай, сыртта жҥрген қытайлықтардың бҽрі Қытай экономикасына 
жҧмыс істейтінін ҧмытпау керек. Мҽселен, Горбачев бизнестің ҿз заңы бар 
екенін тҥсінбей-ақ кетті, экономика ҥшін ырғақтылық қажет. Ресей шетте 
жҥрген  20  миллионнан  астам  орысты  ҿз  экономикасына  тартқанда 
ҽлдеқашан дағдарыстан шыққан болар еді. 
Н.Ҽ.  Назарбаев:  Сіз  Ватанава  екеуіңіз  АҚШ  Президенті  Клинтонға 
бҧл аймақтан кетпеу жҿнінде хат жазған жоқ па едіңіз? 
Ли  Куан  Ю:  Рас.  Ондай  хат  жазғанбыз.  Ондай  болмаған  жағдайда 
Қытайдан оқыс мінез кҥтуге болады. 
Н.Ҽ. Назарбаев: Қандай? 
Ли Куан Ю: Бізге кҥшті АҚШ, кҥшті Қытай керек… 

 
64 
Н.Ҽ.  Назарбаев:  АҚШ  Сингапур  ҿз  жетістігі  ҥшін  бізге  қарыздар, 
соны ҿтесін деп жатқан сыңайы бар. Бҧған не дейсіз? 
Ли  Куан  Ю:  Америка  Қҧрама  Штаттарының  кҿмегінсіз, 
инвестицияларынсыз  біз  мҧндай  деңгейге  тез  кҿтеріле  алмайтын  едік. 
АҚШ-тың  корпорациялары  ірі  қаржы  жҧмсады.  Мҽселен,  Жапония  бізге 
ҿзінің озық технологиясын бермеді. Сондықтан да жастарымызды АҚШ-қа 
оқуға  жібердік,  қажетті  мамандар  даярладық,  халқымыз  тҥгел  ағылшын 
тілін  меңгерген.  Технологияға  ие  болу  –  прогрестің  ҿзі.  Сондықтан  да 
АҚШ-тан қашудың қажеті жоқ, пайдалана білу керек… 
Иҽ,  бҧл  ҽңгіме  осыдан  он  жылдан  астам  бҧрын  жазып  алынып  еді. 
Сол  ҽңгіменің  жалғасын  бҥгінгі  Қазақстан  саясатынан  нақты  кҿруге 
болады.  Бізге  мықты  АҚШ,  мықты  Қытай  ғана  емес,  мықты  Ресей  де 
қажет.  Сондықтан  да  Н.Ҽ.Назарбаев  осы  ҥш  империялық  дҽрежедегі 
мемлекеттермен  стратегиялық  ҽріптестікке  қол  жеткізіп,  ол  ресми 
қҧжаттармен бекітілді, осылай инвестициялардың ағылуына жол ашты. 
Қазір  Қазақстанда  8  мыңға  жуық  шетелдік  компания  жҧмыс  істейді 
жҽне  олардың  270-і  дҥние  жҥзіндегі  ҽйгілі  500  ірі  компанияға  тиесілі. 
Сондықтан  да  Елбасының  тапсырмасына  сҽйкес  шетелдік  инвесторларды 
ҽртараптандыру һҽм технологиялық даму саясатына араластыру ойдағыдай 
жҥргізілді. Ол 4 басым бағытты қамтыды. Олар: 
– инфрақҧрылымдарды дамытуға арналған жобалар; 
– шикізатты тереңдеп ҿңдеу; 
– жоғары технологиялық саланы дамыту; 
– технологиялық тҧрғыдан даму мҽселесін шешу. 
Тҽуелсіз  ел  болған  Қазақстан  жеке  мемлекет  бола  ала  ма,  алмай  ма 
деген сауал кезінде шетелдік инвесторларды да, мемлекет басшыларын да 
ойландырған  ҽрі  толғандырған  еді.  Сондықтан  да  жаңа  мемлекетке 
инвестиция салуда Қазақстан біршама жеңілдіктер жасауға мҽжбҥр болды. 
Контрактілер  қҧпиялығы  сақталды.  Ал  енді  ше?  Енді  Қазақстан  аяғынан 
нық  тҧрды.  Назарбаев  ТМД  елдерінің  ғана  емес,  ҽлем  саясаткерлерін 
таңғалдырған  кҿптеген  идеялардың  генераторына  айналды.  Бір  ғана 
“Дағдарыстан шығу кілті” атты мақаласының ҿзі не тҧрады. Оны банк пен 
экономика  саласының  ірі  ҿкілдері,  Нобель  сыйлығының  бір  топ 
лауреаттары мойындап қана қоймай, ҽлемдік валюта жҥйесін реттеудің тың 
ҧсынысы ретінде қабылдады. 
Ҿткен  жылдың  соңында  Астанада  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  жанындағы  Шетел  инвесторлары  кеңесінің  22-ші  пленарлық 
мҽжілісі  болып  ҿтті.  Сонда  Н.Ҽ.Назарбаев:  “Біз  ҿз  еліміз  ҥшін  ең  бір 
кҥрделі кезеңде сіздерге ҿзіміздің бағалы байлықтарымызды игеруді сіздер 
ҥшін  тартымды  жағдайда  бердік.  Енді  біз  сіздердің  Қазақстаннан  тапқан 
пайдаларыңыздың бір бҿлігін оны одан ҽрі ҿркендету ісіне жҧмсауды талап 
етуге қҧқылымыз”, деп мҽлімдеді. 
Жақында  Ақордада  Мемлекет  басшысы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың 
тҿрағалығымен арнайы кеңес ҿткізілді. Елбасы Ҥкімет есебін тыңдап, елең 
етерлік  тың  ҧсыныстар  айтты.  Мҽселен,  ілеспе  газ  мемлекет  меншігі 

 
65 
екенін,  шетел  компанияларына  салынатын  салық  та  жаңа  заманауи 
сҧраныстарға орай шешілуі тиіс екенін қадап айтты. 
“Біз 
ҿзіміздің 
дамуымызда 
бҧрын 
оңтҥстік-шығыс 
“жолбарыстарының”  тҽжірибесіне  сҥйендік,  солардан  ҥйрендік.  Мен 
осындай  саясат  жҥргіздім.  Біз  мҧны  дҧрыс  жасадық.  Енді  біз 
Финляндиядан  ҥйренуіміз  керек.  Бҧл,  біріншіден,  білім  берудің  жоғары 
стандарттары,  екіншіден,  ғылыми  ізденістерге  қаржы  бҿлуде  бҽсекелестің 
басымдығы, 
ҥшіншіден, 
болашақтың 
ҧлттық 
инфрақҧрылымы, 
тҿртіншіден, мемлекеттің, ғылымның жҽне бизнестің кҥшін ортақ мақсатқа 
біріктіру. Қысқаша айтсақ, бҧл осы тҿрт тҧғырдан тҧрады”. 
Міне,  асықпай,  аптықпай  жҥргізілген  саясаттың  арқасында  Елбасы 
шетел инвестициясының бір бҿлігін инфрақҧрылымдарды қалыптастыруға, 
жоғары  сҧраныстағы  жҧмысшы  мамандықтарын  жергілікті  ҧлт  есебінен 
жасақтауға байланысты келелі де келісті міндеттер қойды. 
Шетел  инвестициясының  нҽтижесінде  дағдарысқа  қарсы  бҿлінген 
шығындарды  есептемегенде,  Қазақстанның  Ҧлттық  қоры  мен  алтын-
валюта  резерві  52  миллиард  долларды  қҧрап  отыр.  Бҧл  халыққа, 
мемлекетке  қажетті  қомақты  қаражат.  Сондықтан  да  Қазақстан  жаһандық 
экономикалық  дағдарыстан  аман-есен  шығып,  ҿркендеудің  жаңа  белесіне 
бет  алды.  Мҽселен,  жалпы  қҧны  3  миллиард  доллардан  асатын  170-тен 
астам  жаңа  ҿндірістік,  инфрақҧрылымдық  іргелі  жобалар  жҥзеге 
асырылды.  Іргелі  инвестициялық  жобалар  бойынша  Қытаймен,  Оңтҥстік 
Кореямен,  Тҥркия  жҽне  Беларусь  мемлекеттерімен  келісім-шартқа  қол 
қойылды. 
Ҥстіміздегі  жылдан  бастап  Н.Ҽ.Назарбаев  ҧсынған  Кеден  одағы 
жҧмыс  істеп  келеді.  Ресей-Беларусь-Қазақстан  мемлекеттері  арасында 
тауар  айналымы  кеден  салығынсыз  жҥзеге  асырылады.  Халық  тҧтынатын 
тауарлардың  бақылауда  болатын  ҥлкен  тізімі  жасалды.  Ол  ҽлеуметтік 
тҧрақтылыққа бағытталып отыр. Бҧл халық аса кҿп тҧтынатын белгілі бір 
тауарларға баға ҿспейді деген сҿз. 
Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев  миға  “шабуыл”  жасаудан 
жалыққан  емес.  Ҽлем  ҿркениеті  қалыптастырған  жақсы  тҽжірибелерді 
Қазақстан  мемлекеті  мен  ҧлттық  менталитеті  тҧрғысынан  шендестіре 
отырып, ҥнемі тың ізденістер мен ҧсыныстар айтады. Сайып келгенде, бҧл 
Қазақстанның  ҽлемдік  дағдарысқа  қарамай-ақ  2020  жылға  дейінгі 
дамуының  стратегиялық  бағдарламасын  жасақтауға  мҥмкіндік  бергенін 
атап ҿткен лҽзім. 
Елбасының  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  жолдаулары  да 
ҿміршең,  кезең-кезеңмен  атқарылатын  асқаралы  міндеттермен  ҧштасып 
жатады.  Қазақстан  халқына  биылғы  Жолдауында  Н.Ҽ.Назарбаев  ел 
ҿмірінің 
тамыршысындай, 
халық 
кҥткен 
мҽселелерге 
батыл 
ҧстанымдармен келді. Бҧл да кҿреген саясаткердің ел мен жер, халық пен 
қоғам арасындағы біртҧтастық концепциясының орныққанының дҽлелі. 
“Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық ҿрлеу – Қазақстанның жаңа 
мҥмкіндіктері”  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы  Елбасының  “Не  істеу 

 
66 
керек?”  деген  сауалға  жауап  тапқанының  айғағы  болды.  Енді  Қазақстан 
алдағы  10  жылда  тҧсаулы  аттай  тыпырламайды,  енді  Қазақстан  ҽлем 
ҿркениетіне  қарай  кҿсіле  шабады.  Мҽре  айқын,  ол  ҧлттың  қҧндылығы  – 
Тҽуелсіз  Қазақстан,  мемлекет  жҽне  оның  азаматтарының  ортақ  мақсаты 
біріккен,  экономикалық  ҿрлеу  –  халықтық  іске  айналатын,  ҿңірлік  жҽне 
халықаралық  интеграцияны  дамытып,  тҿрт  қҧбыласы  тең  Отанымыздың 
ашық та айқын қоғамын қҧру. 
Осының  бҽрі  алдын  болжайтын,  соңын  ойлайтын  ірі  саясаткердің 
қадамдары екенін Елбасының жақтастары да, қарсыластары да мойындауы 
керек қой деп ойлаймын. 
Н.Ҽ.Назарбаев  ҥш  тіл  саясатын  ҧсынды.  Осыны  ҽсіре  қызыл  кейбір 
ағайындар ҽлі де тҥсіне алмай, қазақ тіліне ҽлдеқандай бір қауіп тҿнгендей 
қарастыруда. Ҥш тілді білу алға бірден ҥш адым аттау екенін тҥсіну қажет. 
Мҧны  халыққа  ҧғындыру  жағы  жетіспейтін  сыңайлы.  Бҥкіл  Сингапур 
ағылшынша сҿйлей алса да, қытай тілі сол биік дҽрежесінде тҧр ғой. 
Елбасы  “Болашақ”  бағдарламасын  ашты.  Ҽлемнің  жетекші  жоғары 
оқу  орындарында  мемлекеттік  қаржымен  мыңдаған қыз-жігіт білім  алуда. 
Ертең  олар  жаңарған  Қазақстанның  жасарған,  ҽлемдік  додаға  тҿтеп  бере 
алатын  экономикасын,  сан  тарам  реформасын  жҥзеге  асыратын  болады. 
Ҿйткені,  Н.Ҽ.Назарбаев  жастар  саясатын  ешқашан  қалт  жіберген  емес. 
Жастар  форумдарына  қатысып,  жас  ҧрпақтың  алдына  толғақты 
мҽселелерді қойып, ҿзінің жастарға сенетінін мҽлімдеп жҥр. 
Елбасы  ҿзі  де  ҥйренуден  жалықпайды  жҽне  соңынан  жастарды 
ілесуге  шақырады.  Ҽрі  Қазақстанды  ҿркениетті  50  елдің  қатарына  қосу 
міндеті  айғақталды.  Міне,  бір  кездесудің  сабақтарын  осыдан  да  айқын 
кҿруге болмай ма? 
Францияның басшысы Шарль де Голль генерал ғана емес, елінің ҧлы 
державаға айналуын қамтамасыз еткен ірі саяси тҧлға. Ол ҿз елін Біріккен 
Ҧлттар  Ҧйымының  тҧрақты  бес  ҿкілінің  бірі  болу  дҽрежесіне  жеткізді. 
Алжир  мҽселесін  оңтайлы  шешті.  Ал  Назарбаев  ше?  Назарбаев  ешқашан 
жеке  мемлекет  болып  кҿрмеген,  дербес  саясатын  жҥргізбеген,  кешегі 
Ресейдің  “соқырішегі”  болған  елді  аз  жылда  аяғынан  тҧрғызып, 
экономикасы  дамыған  елге  айналдырды.  “Ҽуелі  экономика,  сонан  соң 
саясат”, деді. Қазір Қазақстанда саяси реформалар да жҥзеге асырылды. 13 
саяси партия жҧмыс істейді. Оған сан алуан қоғамдық жҽне ҥкіметтік емес 
ҧйымдарды  қосыңыз.  Ҽрі  “Сайлау  туралы”,  “Саяси  партиялар  туралы”, 
“Бҧқаралық  ақпарат  қҧралдары  туралы”  заңдар  қабылданды.  Сҿз  жҽне 
ождан  бостандығына  қол  жеткізілді.  Он  сегіз  жылдың  ішінде,  Қазақстан 
ТМД елдері арасында бірінші болып, ЕҚЫҦ-ға жетекшілік ету мҽртебесін 
иемденді.  Бҧл  ҿз-ҿзінен  келген  абырой  да,  қҧрмет  те  емес,  ол  Президент 
тарапынан тынбай жҥргізілген еңбек пен сындарлы саясаттың жемісі. 
–  Қазақстан ҥшін  ЕҚЫҦ-ға  тҿрағалықтың маңызына қатысты  біздің 
кейбір сыншыларымыз бен тҥңілушілерімізге жауап беріп, мынаны айтқым 
келеді:  менің  терең  сенімім  бойынша  ЕҚЫҦ-дағы  тҿрағалық  біздің 
халқымыздың  шын  мҽніндегі  жҧлдызды  сағаты,  Қазақстан  тарихындағы 

 
67 
кезеңдік  оқиға  болып  табылады,  ол  ең  сҽтті  деген  жағдайда  55  жылдан 
кейін  қайталануы  мҥмкін,  –  деді  Н.Ҽ.Назарбаев  Қазақстанның  ЕҚЫҦ-ға 
тҿрағалықты қабылдап алуының Венадағы ресми тҧсаукесеріне қатысушы 
мемлекеттерге арнаған Ҥндеуінде. 
Иҽ,  мҧндай  ірі  саяси  оқиға  дҽл  55  жылдан  кейін  қайталанбауы  да 
мҥмкін  ғой.  Сондықтан  да  бҧл  Қазақстанды,  қазақ  халқын  ҽлем 
мойындаған ерекше тағдырлы сҽт деп бағалаған жҿн. 
Малайзия  да  Қазақстан  реформасы  ҥшін  ҥлгі  болған  мемлекеттің 
бірі.  Ҽлем  лидерлерінің  ішінде  халқының  ҧлтаны  деген  саясаткер  легіне 
ілінген Дато Сері Мҧхаметтің 9 жарғысы бар: 
1. Бҽріне ортақ тағдырлас бірегей малай ҧлтын қалыптастыру. 
2. Психологиялық жағынан ҥйлесімді, еркін ҽрі дамыған, ҽр адамның 
ҿзінің қол жеткен табысына мақтаныш сезімімен қарай алатын қоғам қҧру. 
Болашақтағы қиындықтарды жеңе алатын дені сау ҧлт тҽрбиелеу. 
3.  Экономикасы  мықты  ҽрі  икемді,  ҿнімі  бҽсекеге  тҥсе  алатындай 
ҿркендеген қоғам қҧру. 
4.  Қоғам  қажеттеріне  орай  демократиялық  ҥдерістерге  икемделе 
алатын жҽне елдерге бағдар болатын ҿркениетті қоғам қҧру. 
5. Жоғары моральды этностық қоғам қҧру жҥзеге асырылсын. Оның 
азаматтары  ҿзге  дінді  жҽне  рухани  сҧранысты  қҧрметтейтін,  ҽлемдік 
этностық стандарттарға сай болсын. 
6. Ҿңі мен тҥсі, діні ҽртҥрлі малайзиялықтар (астын сызған біз – У.Қ.) 
қоғамы  еркін  жҽне  жетілген,  ҽрқайсысы  бір-бірінің  дҽстҥрін,  мҽдениетін, 
салт-санасын  қастерлейтін  болсын,  бірақ  олардың  санасына  бір  ҧлт 
екендігі (астын сызған біз – У.Қ.) қалыптастырылсын. 
7.  Алыстағы  болашаққа  кҿз  тігетін,  ғылым  мен  технология 
жетістіктерін ҿзі пайдаланып қана қоймай, оның ҽлемдік дамуына ҿз ҥлесін 
қосатын жаңашыл қоғам қҧруға жҧмылдыру. 
8.  Ҽр  адамның  санасына  отбасына  деген  адалдық  пен 
мҽдениеттілікті,  ізгілікті  қалыптастыру  қоғамға  қажетті  мақсат  болып 
табылады. 
9.  Экономикалық  бҿлінісі  ҽділ,  ҧлттың  байлығы  мен  табыстары 
бҽріне ортақ. Даму мен прогресс жемістері тең бҿлінетін қоғам қҧру. 
Осы  тоғыз  міндетті  сараптап,  жҥрек  елегінен  ҿткізген  жағдайда  біз 
Қазақстан  саясатындағы  малайлық  ҥлгілердің  алғышарттарын  бірден 
байқаймыз.  Қазақстан  “Еуропаға  жол”  бағдарламасын  қабылдады.  Ол 
бҽсекеге  тҥсе  алатын  ҿнім  ҿндіруді  жҥзеге  асыру,  діни  тҥсінікке  қол 
жеткізу. Бҧл ретте Астанада дҽстҥрлі ҽлем діндерінің 3 дҥркін съезі ҿткенін 
қаперге  алыңыз,  саламатты,  сауатты  ҧрпақ  тҽрбиелеу  жҽне  ҧлттық  бірлік 
пен  тҧрақтылық  психологиясын  қалыптастыру  бағытындағы  жҧмыстарды 
да  санадан  шығармаңыз.  Міне,  осы  мысалдардың  бҽрі  шын  мҽнінде, 
оппозиция  мойындаса  да,  мойындамаса  да,  Назарбаевтың  ҧлттық  лидерге 
ҽлдеқашан  айналып  кеткенін  дҽлелдейді.  Халық  солай  деп  біледі,  халық 
солай деп қабылдайды. Ал “халық айтса қалт айтпайды” ҧлағаты ҿмірмен 
дҽлелденген. 

 
68 
Н.Ҽ.Назарбаев  кекшіл  емес.  Ол  біраз  азаматтардың  биік  лауазым 
алуына  қамқорлық  жасады.  Оппозициядамыз  деп  жҥрген  саясаткерлердің 
дені  Н.Ҽ.Назарбаевтың  шекпенінен  шыққандар.  Мҧндай  кеңдіктің  ҥлгісі 
бҧрын болды ма, болмады ма білмеймін. 
…“Алатауға  сыймай  бара  жатқан  жоқпыз,  қимай  бара  жатырмыз” 
деп  Сарыарқа  тҿсіне  Қазақстанның  бас  қаласын  ауыстырған  Елбасы 
Алматы ҽуежайында абыз тауға бас иіп, ҧшаққа отырған. Ҽркімнің  кҿңілі 
ҽр тҥрлі: Ақмола Алматыдай болар ма екен? Алда не кҥтіп тҧр?.. 
Н.Ҽ. Назарбаев ҽлем астаналарымен терезесі тең, сҽулеті де, дҽулеті 
де 
жоғары 
Қазақстанның 
жаңа 
Астанасының 
сҽулетшісі 
де, 
ҧйымдастырушысы да болды. 
“Астана  –  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  бастамашылдығымен,  қажыр-
қайратымен, беделімен, бақылауымен салынып жатқан қала. Мҧны жалғыз 
біз ғана емес, алыс-жақын елдердің басшылары – президенттер, корольдер, 
парламент  мҥшелері,  премьерлер,  Астана  феномені  қызықтырған 
зерттеушілер, сарапшылар айтып жҥрген, тҧрақталған тҧжырым. Олардың 
кҿпшілігі  Астана  қаласының  қҧрылысын  дҥние  жҥзіндегі  елеулі  оқиғаға 
балап,  сол  қаланың  бас  сҽулетшісі  –  Қазақстан  Президенті  дегенді 
салмақпен  айтқанына  біздер,  астаналықтар,  қазақстандықтар  бірнеше  рет 
куҽ  болдық,  дейді  сенатор,  белгілі  қоғам  жҽне  мемлекет  қайраткері 
Қ.Сҧлтанов  ҿзінің  “Егемен  Қазақстан”  газетінде  жарияланған  “Президент 
жҽне Астана” атты мақаласында. 
Ірі  саясаткер  ірі  ойшыл  да,  ірі  кҿсем  де  болуға  тиіс.  Ҽр  ел 
басшысының харизмалы болуы оның беделі мен абыройын асқақтатады. 
Н.Ҽ.Назарбаевтың  жылы  жҥзі,  жҧртты  бірден  ҿзіне  баурап  алатын 
қасиеті,  сҿзден  ҿрмек  тоқитын  шешендігі,  кісілігі  мен  талғампаздығы, 
психологиялық  байқампаздығы,  айналып  келгенде,  елінің,  халқының 
жалпы тҥркі ҽлемінің кҿк туына айналуына ықпал етті. 
“Ҧлық  болсаң  кішік  бол”,  дейді  қазақ  мақалы.  Елбасымыз  осы 
қағидатты  ҧстанады.  Сондықтан  да  кезінде  қос  палаталы  Парламент 
депутаттары Халық Қаһарманы атағын беру, кейін Астананы Елбасы атына 
ауыстыру туралы ҧсыныс білдіргенде де оған ҥзілді-кесілді қарсы шықты. 
70  жылдық  мерейтойын  атап  ҿтуге  тыйым  салды.  Халқы  ҥшін  жасаған 
қызметін  тарих  қана  екшейтінін,  тарих  қана бағалайтынын  Елбасы жақсы 
біледі. 
 
 

 
69 
…Елбасы  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  Атырау  ҿлкесіне  кезекті 
сапарларының бірі еді. Ресми кездесулер біткен. Енді аз-кем демалу қажет. 
Нҧрекең  кешке  дейін  дастархан  басына  жиналып  алып,  ҿзін  жан-жақтан 
мақтайтын  дастархан  жиынын  жақтырмайды.  Сондықтан  да  белсенді 
демалысты  ҧнатады.  Не  гольф ойнайды,  не  тау  шаңғысымен  қҧлдилайды, 
не  атқа  мініп  қҧйғытады,  не  бассейнде  жҥзеді,  реті  келсе  балық  сҥзеді. 
Қалай болғанда да бір жерге шегеленіп отырғанды қаламайды. 
 
 
 
Кҽрі Каспийге келген соң, қалай теңізге шықпасқа?! Қармақ лақтырса 
да, ау қҧрса да болады. Бірақ теңіз ақшулан кҿбік атып, толқындар ойнап, 
кеме шайқалақтайды. 
Балықшы  ауданы  ҽкімінің  бірінші  орынбасары,  бҥгінде  сенатор 
Қайрат  Ищанов  балықшылардың  қайығына  мініп,  тор  тартпақ.  Елбасыға 
кемеде қалуды ҧсынды. 
– Немене, балыққа келіп, кемеде отырам ба? – деп қайыққа Нҧрекең 
секіріп тҥсті. 
Бҧл  сҽт  жазуға  ғана  оңай.  Қайрат  Қыдырбайҧлының  кҿзі  атыздай 
болып,  тынысы  тарылғаны  рас  еді.  Оны  лезде  Нҧрекең  қайта  сабасына 
тҥсірді. 
– Атам қазақ “Кемедегінің жаны бір” деген. Кел, тартайық. 
Енді бір сҽт екі-ҥш метрдің аржақ-бержағындағы балық бауыры жарқ 
етіп кҿрініп еді. Расында, тайыншадай қортпа (белуга) екен. 
– Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы, бҧл енді Сіздің балық. Не істесек екен? – деп 
Қайрат Нҧрекеңе қарады. 
– Не істейміз? Ен тағып, қайтадан теңізге жібереміз. 
Қайрат  дҽл  осылай  болатынын  білгендей  еді.  Алдын  ала  сырға 
жасатқызған. Онда “Бҧл белуга Қазақстанның жеке меншігі”, енді бірі “Бҧл 
белуга  Қазақстан  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  жеке  меншігі”,  деп 
жазылғанды. 
 

 
70 
 
 
Тоқетер  сҿзді  Н.Ҽ.Назарбаевтың  ҿзі  айтты.  Сҿз  тапқыштығы  да 
жарасымды. 
–  Бҧрын  қазақ  ат  мінгізетін  еді,  енді  атыраулық  қазақтар  белуга 
мінгізетін болыпты. Ҽрине, бҧл балық Қазақстанның жеке меншігі. 
Сырға тағылған қортпа тордан босатылды. Ол жарқ етіп қанаттарын 
жайып, Каспий ананың бауырына сҥңгіді… 
Елбасының  ҽлемдегі  ең  алып  держава  –  Америка  Қҧрама 
Штаттарына  ҽр  кездегі  сапарлары  есімде.  Ең  алғашқы  сапары  мен  кҥні 
кеше аяқталған сапарын салыстырып кҿрер болсақ, замана сыны шыңдаған 
саясатшының ҧлы тҧлғасын кҿретініміз анық. Бҧл жолғы сапар Қазақстан 
атты  елдің  абыройын  асқақтатса,  Елбасының  мерейін  тасытты.  АҚШ 
Президенті Қазақстан басшысының екі елдің стратегиялық байланыстары, 
оларды  дамытудың  болашағы  туралы  айтқандарын  айрықша  пейіл-
ықыласпен  тыңдады.  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  Ядролық  қауіпсіздік 
жҿніндегі  жаһандық  саммиттегі  ҧсыныстарына  бҥкіл  ҽлем  қҧлақ  тҥрді. 
Елбасы осындай жауапты сапардың ҥстінде, айрықша маңызды кездесулер 
арасында қырғыз халқының тағдырына қатысты да алаңдаушылығын ҧмыт 
қалдырмай,  бҧл  мҽселені  АҚШ,  Ресей  президенттерімен  бірлесе 
талқылапты.  Егер  ҿмірдің  ҿзі  тҥрлі  белестерден,  алға  ҧмтылдыратын 
межелерден  тҧрады  десек,  биылғы  Америка  сапары,  Қазақстан 
Президентінің  тікелей  қатысуымен  онда  қабылданған  шешімдер  Елбасы 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевты  ҽлемдік  деңгейдегі  саясатшы  дейтін  биік  белеске 
кҿтергендігі сҿзсіз. 
Елбасы  былай  деп  еді:  “…Маған,  ҽсіресе,  1999  жылғы  Президент 
сайлауы  қатты  ҽсер  қалдырды.  Сол  айларда  терең  ойланып  жҥрдім… 
Сайлауға  бір  аптадай  ғана  уақыт  қалғанда  туған  ауылыма  барғаным  есте. 
Насихат  жҥргізуге  емес,  ата-баба  аруағына  тағзым  етуге,  ҽке-шешеме 
қҧран  оқытуға,  қалың  елмен  жҥздесіп,  ақсақалдардың  батасын  алуға 
барғанмын. 
…Кім  болса  да  ҿмірдің  қатал  заңына  бағынады.  Бағынбаса 
Қарасайдай,  Ҿтегендей,  Сҧраншыдай,  Саурықтай  батыр  бабаларым, 
Сҥйекемдей,  Жҽкемдей  ақын  бабаларым  бағынбас  еді.  Бағынбаса  дҥниені 
дҥрілдетіп кеше ғана ҿткен, қалың қазақты бір кемсеңдетіп кеткен Нҧрғиса 
ағам бағынбас еді… Соны тҥсінгендіктен де маңдайыма жазған ғҧмырдың 
ҽр кҥнін, ҽр сағатын еліме, жеріме арнағым келеді”. 
Иҽ,  Президенттің  ҽр  минҿті,  ҽр  сағаты,  ҽр  кҥні  бағзы  замандардан 
бері тағдырға есесі кеткен халқына қызмет етуге арналып келеді.  

 
71 
Ҽлем  саясаткерлерінің  арасында  ерекше  болмысымен  оқшаулана 
кҿрінетін  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаев  қазақтың,  қазақстандықтардың 
тағдырын  бҥкіл  ҽлем  қызыға  қарайтындай  жағдайға  жеткізіп  келеді  деуге 
болады.  
Солай бола берсін! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет