«Сегіз қырлы бір сырлы»



жүктеу 1.83 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата12.03.2017
өлшемі1.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҼНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
«Сегіз қырлы бір сырлы» 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тҧңғыш Президент 
ҥлгісіндегі имиджелогия 
негіздері 
 
3 Том
 
 
 
Қарағанды 
ҚарМТУ баспасы 
2010 
 
 

 

ББК 66.3(5Қаз)=қаз 
Т 88 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т88   
Тҧңғыш  Президент  ҥлгісіндегі  имиджелогия  негіздері.  Ҥш 
томдық  Т.  3  /  бас  ред.  ҚР  ҦҒА  академигі  А.М.Ғазалиев.-  Қарағанды: 
ҚарМТУ баспасы, 2010- 158 б.: сурет. 
 
ISBN 9965-04-596-8 
 
Бҧл  кітап  2007  жылы  осындай  атаумен  жарық  кҿрген  жинақтың 
жалғасы  болып  табылады.  Мҧнда  Елбасы,  еліміздің  Тҧңғыш  Президенті 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаевтың  жарқын  бейнесін  жан-жақты  да 
тереңірек  ашып  кҿрсеткен  қазақстандық  саясаткерлер,  ғалымдар  мен 
журналистердің таңдаулы мақалалары жинақталған. 
 
 
 
 
ISBN 9965-04-596-8     
 
 
ББК 66.3(5Қаз)=қаз 
 
 
 
© Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті, 2010 

 

 
АЛҒЫ СӚЗ 
 
 
 
Ғазалиев А.М., 
ҚарМТУ ректоры,  
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
 ҚР ҰҒА академигі 
 
 
Ҽлбетте, асқар таулар алыстаған сайын келбеті асқақтай тҥседі деген 
сҿздің жаны бар. Ҿйткені, бауырында жҥріп байқамаған кҿп заттың қадірін 
араға  уақыт  оза  ғана  барып  ҧғасың,  кҿкірек  кҿзіңмен  кҿріп,  танисың. 
Қазақстанның  Тҧңғыш  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  тарихи 
тҧлғасы  да  басын  ақша  бҧлттар  шалған  заңғар  биік  шыңға,  алып  тауға 
ҧқсайды.  Елбасының  тарих  тҧғырындағы  асқар  таудай  болмыс-бітімін 
танып, ҧғыну ҥшін де ҥлкен ҿре, терең білім керек.  
2006  жылы,  С.  Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан 
университетінде ректор болып жҥргенімде «Тҧңғыш Президент ҥлгісіндегі 
имиджеология негіздері» деген тақырыпта семинар ҧйымдастырылды. Сол 
жиынның 
қорытындысында 
саясаткерлер, 
экономистер, 
педагог-
психологтар, 
политологтар 
филологтар 
жҽне 
журналистер 
мен 
заңгерлердің Нҧрсҧлтан Назарбаев талантының ҽр қырын ашып кҿрсеткен 
мақалалары топталып, кітап тҥрінде басылып шыққан болатын. Арада бір 
жыл  ҿткенде  осы  кітаптың  тҧсаукесері  Астана  қаласында  ҿтті.  Оған  ҚР 
Білім  жҽне  ғылым  министрі  Ж.  Тҥймебаев,  Сенат  жҽне  Мҽжіліс 
депутаттары,  білім  беру  саласының  қызметкерлері  мен  студент  жастар 
қатысып, теңдессіз еңбекке жоғары баға берген болатын.  
Қазіргі  таңда  «Тҧңғыш  Президент  ҥлгісіндегі  имиджелогия 
негіздері» кітабы Елбасының ҿзі оқып, білім алған Қарағанды мемлекеттік 
техникалық  университетіндегі  студент  жастарды  патриотизмге  тҽрбиелеу 
ісінде басты қҧралға айналды. Аталған кітаптың материалдары патриоттық 
рухта  тҽрбиелеу  шараларында,  куратор  сағаттарында,  конференцияларда, 
«дҿңгелек  ҥстелдерде»  кеңінен  пайдаланылып  жҥр.  Ең  бастысы, 
Елбасының  барлық  адами  болмысын,  оның  ҽр  жерде  айтқан  ҧтымды 
ҽзілдері  мен  адам  баласын  ҿзіне  ҥйіре  білетін  бауырмалдығы,  кісіні  бір 
кҿргеннен  танып,  достаса  білетін  ерекше  қасиеттері  ҽр  қырынан 
толыққанды  ашылған  кітап  студент  жастар  арасында  зор  сҧранысқа  ие 
болды.  Міне,  осының  бҽрін  ескере  келе,  аталған  еңбектің  екінші  жҽне 
ҥшінші  томдарын  жарыққа  шығардық.  Бҧл  кітапта  Елбасымыздың 

 

мерейтойы  қарсаңында  «Казахстанская  правда»  жҽне  «Егемен  Қазақстан» 
газеттерінде  жарияланған  Елбасы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  адамзат 
баласына  тиесілі  ішкі  жан-ҽлемін,  адамгершілік  қасиеттерін  жан-жақты 
ашып  кҿрсеткен  авторлардың  да,  Тҧңғыш  Президентпен  тҥрлі  оқиғалар 
барысында  аралас-қҧралас  болу  бақытына  ие  болған  адамдардың  да 
мақалалары  топтастырылды.  Бҧл  мақалалар  жастарды  Елбасының  адами 
болмысы  ҥлгісінде,  тҧлғалық  қасиеттері  тҧрғысында  отансҥйгіштік  рухта 
тҽрбиелеу  ісінде  таптырмас  қҧрал  болары  сҿзсіз.  «Тҧңғыш  Президент 
ҥлгісіндегі имиджелогия негіздері» кітабындағы бҧл мақалалар топтамасы 
оқиғаларының  қызықтылығымен,  тілінің  шҧрайлылығымен  оқырман 
қауымды баурап алады деген сенімдеміз. 
 
 
 
 

 

 
 
СЕМСЕРДЕН СОҚА СОҚҚАН САЯСАТКЕР 
 
 
Егемен Қазақстан, 9 сәуір 2010 | Замана www.egemen.kz/ 
 
Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымы  Бас  хатшысының  Қазақстанға  сапары 
Елбасымыздың  бҥкіл  ҽлемдегі  ядролық  қауіпсіздікке  қосқан  ҧлы  ҥлесін 
келісті кҿрсетіп берді. 
Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымы  Бас  хатшысының  Қазақстанға  сапарын 
еліміз  жҧртшылығы  зор  ықыласпен  қарсы  алды.  Ашығын  айтайық,  қазір 
Қазақстанға  аузымен  қҧс  тістеген  небір  кҽнігі  жҥйрік  саясатшылар  мен 
мемлекет басшыларының ат басын бҧруы ешкімді таңырқата қоймайды. Ал 
ҽлемдегі  басты  ҧйым  жетекшісінің  сапармен  келуі,  келгенде  де  алғашқы 
қадамын  бҧрынғы Семей  атом полигонына  жасағаны  қарапайым халықты 
былай  қойғанда,  зиялы  қауымның  ҿзін  таң  қалдырғаны  анық.  Бҥкіл  ҽлем 
халқының қайғы-мҧңы мен қасіретін жете білетін Пан Ги Мун келесі кҥні 
Мемлекет басшысымен болған кездесуде бҧл қадамын былайша тҥсіндірді: 
“Мен  кеше  Семейде  болдым.  Ол  ҿңірге  жасаған  сапарым  мен  ҥшін 
баға  жетпес  тҽжірибе.  Семей  полигонындағы  сынақтар  барысында  зардап 
шеккен  миллиондаған  адамдардың  қасіреті  мен  ондағы  экологиялық 
ахуалдың  қиындықтарын  суреттеуге  тіл  жетпейді.  Тіпті,  оны  елестетудің 
ҿзі  аса  ауыр.  Егер  Сіздің  кҿрегендігіңіз  бен  басшылығыңыз  болмаса,  кім 
білсін, қазір де миллиондаған адамдар сол қасіретті бастан ҿткеріп жатқан 
болар  ма  еді?  Мен  Сізге  Семей  ядролық  сынақ  алаңын  жапқан  жҽне 
Қазақстан  аумағында  барлық  ядролық  инфрақҧрылымды  жойған  ҧлттың 
басшысы ретінде шексіз ризашылығымды айтқым келеді”. 
 
 
 
“Хабар”  телеарнасынан  кҿрсетілген  бейнерепортаждан  Пан  Ги  Мун 
мырзаның  кездесу  кезіндегі  Қазақстан  Президентіне  білдірген  лебізі  мен 

 

тілектерін  тізіп  шығып,  жай  қарағанның  ҿзінде  бҥкіл  ҽлемнің  осы  кезде 
қаржы  дағдарысынан,  Жер  шарының  ҽр  тҥкпірінде  жҥріп  жатқан 
қақтығыстардан гҿрі ядролық қарудың тоқтаусыз ҿсіп бара жатуына, атом 
қаруына 
ие 
елдердің 
қатары 
жҥгендеусіз 
кҿбейе 
тҥскеніне 
алаңдаушылықтың басым екенін тҥсінуге болар еді. 
–  Қазір  Сіз  жаһандық  ядролық  қаруға  қарсылық  саммитіне  барғалы 
отырған  сҽтте,  –  деді  БҦҦ  Бас  хатшысы,  –  ядролық  қарусыздандыру 
туралы  айтуға,  оны  терең  талқылап,  басқа  мемлекет  басшыларына  пікір 
айтуға  Сіздің  барлығынан  жоғары  моральдық  қҧқығыңыз,  кҥшіңіз  бар, 
сондықтан да даусыңыз жарқын шығуы тиіс деп санаймын. Ҽрине, Сіздің 
бҧл  саммитте  қаралатын  мҽселелер  жҿнінде  ҿз  пікіріңіз,  ҿз  ҧстанымыңыз 
бар.  Мен  де  БҦҦ-ның  Бас  хатшысы  ретінде  ҿз  ойымды  ортаға  саламын. 
Дегенмен,  біз  сҿздеріміз  бен  ҧстанымдарымызды  ҥйлестіріп  алып,  біріге 
сҿйлесек, ойлағандағыдан да ҥлкен табысқа қол жеткізе алар едік. 
Қазақстан  тҽуелсіздігінің  алғашқы  кҥнінен  бастап  бейбіт  саясат 
ҧстанып,  ҽлемге  ядролық  полигонды  жабушы  жҽне  атом  қаруынан  ҿз 
еркімен  бас  тартушы  мемлекет  ретінде  танылғаны  белгілі.  Дербес  даму 
жолына  тҥскен  жас  мемлекет  ретінде  Қазақстанға  ҽлемде  тҿртінші  орын 
алатын атом арсеналын ҧстап тҧрудың ҿзі қаншама кҥшке тҥсетіні белгілі 
еді.  Алайда,  бҧл  тҧрғыда  Қазақстанға  қаржылай  да,  басқашалай  да  кҿмек 
кҿрсеткісі  келетін  талай  елдер  табылған  болатын.  Елбасы  Нҧрсҧлтан 
Назарбаев  атом  қаруын  оңды-солды  сілтеп,  дҥниені  тітіркендірушіліктен 
гҿрі  бейбіт  саясатты  таңдады.  Ең  алдымен  40  жылдай  атом 
жарылыстарынан  зҽрезап  болған  халқының  тыныштығын,  ҧрпағының 
ертеңін,  елінің  қауіпсіздігін  ойлады.  Атом  қаруынан  бас  тарту  ғана  емес, 
оны  таратпау  жолында,  тажал  қаруынан  ада  аймақтар  қҧру  жолында 
кҥресуші  мемлекет  болудың  маңызын  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  жете  тҥсінді. 
Содан бері ядролық қаруды ауыздықтау жолындағы қаншама қазақстандық 
бастама кҿтерілді. Бас хатшы ҿзі жақсы білетін бҧл жайды да айрықша атап 
ҿтті. 
“Ядролық  сынақтарды  тоқтатып,  ядролық  қарулардан  ада  болу 
қажеттігін ҽлемге жар салып айтушы рҿліне жер бетінде Сізден лайық адам 
жоқ. Себебі, кезінде Сіздің халқыңыз сондай сынақтардың қҧрбаны болған. 
Тиісінше, Сіз бар қиындықтарды жеңіп, бҧл мҽселелер жҿнінде жаһандық 
деңгейдегі  маңызды  шешім  қабылдау  сҽті  туғанда  батыл  тҥрде  ядролық 
сынақтарды тоқтатып, сынақ алаңын жауып, ядролық қарудан біржола бас 
тарттыңыз.  Сіз  жҽне  Сіздің  еліңіз  Орталық  Азияда  ядролық  қарудан  ада 
аймақ  қҧру  бастамасын  кҿтеріп,  оны  іс  жҥзінде  жҥзеге  асырдыңыз.  Бҧл 
жҿнінде  тек  қҧжат  қабылдап  қана  қоймай,  оның  тап-тҧйнақтай 
орындалуын қамтамасыз еттіңіз. Сондықтан да Сіздің бҧл мҽселе жҿнінде 
батыра айтып, қатаң мҽлімдеме жасауға тағы да бҽрінен артық моральдық 
та, саяси да қҧқығыңыз бар. Сіздің Орталық Азияда  ядролық қарудан ада 
аймақ қҧру бастамаңызбен солтҥстік жарты шарда ондай аумақ тҧңғыш рет 
қҧрылғанын да зор ризашылықпен айта аламын”. 

 

Адам  саналы  ғана  емес,  санаулы  да  ғҧмырдың  иесі  болғандықтан, 
оның  ҿмірі  басты  байлық,  зор  ҽлеует  саналады.  Ал  Қазақстан  халқын 
қолдан  жасалған  атом  қырғынына  ҧшыратқандар  не  зауал  кҿріпті? 
Қаншама адамның жҥрек қиналысы мен кҿз жасы ҥшін Қазақстаннан басқа 
бҧрынғы  Одақтың  қай  мемлекеті  не  тҿлепті?   Жатса-тҧрса  ойынан 
халқының  жай-кҥйі  кетпейтін  Елбасының  алғашқы  жарлықтарының  бірі 
Семей  полигонын  жабуға  арналғанын  ескерсек,  мҧның  ҿзі  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлының 
сана-сезімінде 
ат 
жалын 
тартып 
мінгеннен-ақ 
қалыптасқанына  кҿз  жете  тҥседі.   Ҽлемдегі  басқа  саясаткерлер  мен 
мемлекет  басшылары  осындай  жолмен  жҥрсе,  дҥние  жҥзін  дҥрліктірген 
басты мҽселе шешімін тауып, адамзат баласының ой-ниеті жасампаз басқа 
мҽселелерге ауар еді.  
Бҧл  туралы  ойын  Семейдегі  бҧрынғы  ядролық  полигонның 
ортасында тҧрып БҦҦ Бас хатшысы Пан Ги Мун былайша жеткізген еді: 
“Мен  қазір  ядролық  сынақ  алаңының  нҿлдік  нҥктесінде,  дҽл  сынақ 
жасалған  жерден  небҽрі  екі  шақырым  жерде  тҧрмын.  Мҧнда  450  атом 
бомбасы  сыналды.  Сондықтан  да  мен  осынау  нҿлдік  нҥктені  ҿз  кҿзіммен 
кҿріп, бір кезде барша ядролық сынақтардың бастауы болған жердің ҿзінде 
тҧрып  кҥллі  адамзат  баласына  “біздің  жер  бетінде  ядролық  қарусыз  ҽлем 
қҧратын  кезіміз  келді”  деп  жар  салғым  келді…  Жер,  ҿзендер  мен  кҿлдер 
тҥгел уланған, ҧрпақтар қатерлі ісік ауруларынан жҽне туа бітті дерттерден 
ҽлі  кҥнге  дейін  зардап  шегуде.  Қазақстан  Президентінің  осынау  сынақ 
алаңын  жауып  қана  қоймай,  тҧтас  ҿңірде  ядролық  қарудан  ада  аймақ 
қҧрғанына  зор  қолдауымды  білдіремін.  Оның  бҧл  қадамы  біздің  ядролық 
қарусыз  ҽлемді  қҧру  ісіміздің  ең  берік  іргетасы  іспетті.  Барлық  елдердің 
басшылары Нҧрсҧлтан Назарбаевтан ҥлгі алып, оның жолымен жҥруі тиіс. 
Мен  БҦҦ-ының  Бас  хатшысы  ретінде  ядролық  сынақ  алаңының  қақ 
жҥрегінде  тҧрып,  барлық  ҽлем  елдерін  Қазақстаннан  ҥлгі  алуға 
шақырамын”. 
Қазақстан  Президентін  семсерден  соқа  соққан  саясаткер  ретінде 
қарастыру ҽбден негізді.  
 
 
 
БҦҦ Бас хатшысы Пан Ги Мун: 
Ядролық қарусыздандыру туралы айтуға, оны терең талқылап, басқа 
мемлекет басшыларына пікір айтуға Сіздің барлығынан жоғары моральдық 

 

қҧқығыңыз, кҥшіңіз бар, сондықтан да даусыңыз жарқын шығуы тиіс деп 
санаймын. 
Ядролық  сынақтарды  тоқтатып,  ядролық  қарулардан  ада  болу 
қажеттігін ҽлемге жар салып айтушы рҿліне жер бетінде Сізден лайық адам 
жоқ. 
Қазақстан  Президентінің осынау  сынақ  алаңын  жауып  қана  қоймай, 
тҧтас  ҿңірде  ядролық  қарудан  ада  аймақ  қҧрғанына  зор  қолдауымды 
білдіремін. Оның бҧл қадамы біздің ядролық қарусыз ҽлемді қҧру ісіміздің 
ең  берік  іргетасы  іспетті.  Барлық  елдердің  басшылары  Нҧрсҧлтан 
Назарбаевтан  ҥлгі  алып,  оның  жолымен  жҥруі  тиіс.  Мен  БҦҦ-ының  Бас 
хатшысы  ретінде  ядролық  сынақ  алаңының  қақ  жҥрегінде  тҧрып,  барлық 
ҽлем елдерін Қазақстаннан ҥлгі алуға шақырамын. 
(Қазақстан Республикасына сапары кезінде сҿйлеген сҿздерінен). 
 
ЖЕҢІСТІ ЖОЛДЫҢ ЖЕМІСТІ ЖАЛҒАСЫ 
АҚШ  пен  Ресей  президенттері  стратегиялық  шабуылдау  қаруларын 
қысқарту туралы жаңа келісімге қол қойды 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  БҦҦ 
Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мунмен  кездесуінде  Прага  қаласында  АҚШ  жҽне 
Ресей  президенттерінің  стратегиялық  шабуылдау  қаруларын  қысқарту 
туралы  жаңа  келісімге  қол  қойғалы  отырған  қадамын   барынша 
қҧптайтынын  мҽлімдеген  болатын.  Енді,  міне,  екі  ядролық  алпауыт 
мемлекет  ҿз  қаруларын  қысқарту  жҿніндегі  уағдаластыққа  қол  жеткізіп, 
жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайта тҥсу ісінде ҥлкен саяси ерік-жігер 
танытты. Бҧл Қазақстан секілді ядролық қарусыз ҽлем қҧруға барлық кҥш-
жігерін  жҧмсап  келе  жатқан  ел  ҥшін  де  зор  табыс  саналатыны  кҥмҽнсіз. 
Демек, Нҧрсҧлтан Назарбаев бастап берген жеңісті жол жемісті жалғасын 
тапты. Қҧтты болсын! 
Сонымен,  кеше  Чехияның  астанасы  –  Прага  қаласында  АҚШ 
президенті  Барак  Обама  мен  Ресей  президенті  Дмитрий  Медведев 
стратегиялық  шабуылдау  қарулары  (СШҚ)  туралы  жаңа  АҚШ-Ресей 
келісіміне  қол  қойды.  СШҚ-3  деген  атауға  ие  болған  жаңа  келісім  1991 
жылы  АҚШ  пен  КСРО  арасында  қол  қойылып,  2009  жылдың  5 
желтоқсанында  мерзімі  біткен  стратегиялық  шабуылдау  қаруларын 
қысқарту туралы ескі келісімді алмастыратын болады. 
Жаңа  келісімге  сҽйкес,  АҚШ  жҽне  Ресей  тараптары  алдағы  7  жыл 
бедерінде  стратегиялық  ҧшырғыштар  –  қҧрлықаралық  баллистикалық 
зымырандарын,  сҥңгуір  қайықтардағы  баллистикалық  зымырандарын, 
сондай-ақ  ауыр  стратегиялық  бомбалаушы  ҧшақтарын  700  бірлікке 
қысқартуға  міндеттеме  алады.  Оқтҧмсықтар  ҧшырғыштар  саны  ҽр 
жақтыкін  есептегенде  800  бірліктен  аспауы  тиіс.  Оқтҧмсықтардың  ең  кҿп 
ортақ саны 1550 бірлік деп айқындалған. 
Қҧжат  екі  ел  заң  шығарушы  органдарының  ратификациялауына 
жатады  жҽне  ратификациялау  грамоталарымен  алмасу  сҽтінен  бастап, 
кҥшіне енеді. Қҧжаттың кҥшінде болу мерзімі – 10 жыл. 

 

 
МАҚСАТ – ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН ТОЛЫҚ БАС ТАРТУ 
 
The New York Tіmes 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстанға  сапармен  келген  БҦҦ  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун 
Семей  ӛңірінде  болған  кезінде  және  Елбасы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевпен 
кездесуінде  1991  жылы  Семей  сынақ  полигонын  жабуы  Қазақстан 
басшысы  тарапынан  батыл  шешім  болғанын,  мҧның  бҥгінде  бҥкіл 
әлем  елдері  ҥлгі  алатын  ҥдеріс  болуы  тиістігін  айта  келіп,  ядролық 
қаруға  ие  барлық  мемлекеттерді  Қазақстанның  жолымен  жҥруге 
шақырғаны белгілі. 
Ал Елбасы ҿзінің 2 сҽуір кҥні Ресейдің “Известия” газетіне шыққан 
мақаласында  ядролық  таратпау  қазіргі  заманғы  императив  болуы  шарт 
екенін  атап  кҿрсеткені  тағы  мҽлім.  Осы  орайда  ҿткен  дҥйсенбіде  АҚШ 
президенті  Барак  Обаманың  америкалық  ядролық  доктринаны  ҿзгертіп, 
ядролық  қару  қолдануға  ықтимал  жағдайларды  айтарлықтай  азайтатынын 
айтқан мҽлімдемесі де кҿкейкестілігімен ерекшеленеді. 
Обама  ҿзінің  бағытын  тҥпкі  мақсаты  ядролық  қарудан  толық  бас 
тартуға,  сондай-ақ  мемлекеттерді  ядролық  шамшылдықтан  арылтуға 
ынталандыратын жағдайлар жасауға жҧмсалатын кҥш-жігердің бір бҿлшегі 
ретінде  сипаттады.  Мысалы,  жаңа  доктрина  жаңа  ядролық  қару  жасауды 
толық  тоқтатуды  болжайды:  бҧл  шешім  АҚШ-тың  қазіргі  Қорғаныс 
министрінің  алғашқы  кҿзқарасына  қарама-қайшы  келетінін  айта  кеткен 
жҿн.  Обаманың  стратегиясы  қадір-қасиеттен  айырылған  мемлекеттер  мен 
террорлық  ҧйымдар  Ресей  мен  Қытай  сияқты  дҽстҥрлі  державалардан 
қауіптірек бола тҥсіп отырған жағдайда ядролық доктринаны жаңа дҽуірге 
бейімдеуге талпыныс болып табылады. 
Жаңа доктрина кҿп жағдайда АҚШ “қырғи-қабақ соғыстың” алғашқы 
кҥндерінен  бастап  ядролық  доктринаға  саналы  тҥрде  қосылған 

 
10 
амбиваленттілігін  аластауды  кҿздейді.  Қҧрама  Штаттар  тҧңғыш  рет 
ядролық  қаруды  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шартты  (ЯҚТШ) 
сақтайтын ядролық емес мемлекеттерге қолданбауға нақты міндеттеме алу 
ниетінде.  Бҧл  ҧстаным  тіпті  ондай  мемлекеттер  Қҧрама  Штаттарға  қарсы 
биологиялық  немесе  химиялық  қару  қолданған,  сондай-ақ  адамды  сал 
ететін  хаккерлік  шабуылды  жҥзеге  асырған  жағдайда  да  кҥшінде  қалмақ. 
Ақ  ҥй  тарапынан  тҥсіндірілгеніндей,  биологиялық  шабуылға  ядролық 
соққымен  жауап  беру  мҽселесіне  егер  биоқару  жетілдірілетін  болса  қайта 
оралуға болады. 
Обаманың  доктринасы  АҚШ-тың  басты  қаймықтырушы  ҽлеуетін 
ҽлсіретпеуді  ҧсынатын  консерваторлар  тарапынан,  сонымен  бір  мезгілде, 
Америка  ядролық  қаруды  ешқашан  бірінші  болып  қолданбайды  дейтін 
ҥзілді-кесілді мҽлімдемесінен ҥміттенетін либералдар тарапынан қарсылық 
тудыратыны  анық.  Доктринаның  жариялануы  қарулануды  қысқартуға 
бағытталған  тоғыз  жылдық  кезеңді  қамтитын,  ҥлкен  кҥш-жігерді  қажет 
еткен  ядролық  дипломатияның  увертюрасы  болады:  8  сҽуірде,  яғни  кеше 
Обама Ресеймен келісімге қол қойса, алдағы аптада Вашингтонда ядролық 
қауіпсіздік жҿніндегі саммит ҿткізеді. 
 
 
 
Жаңа доктрина ҥшін таяу маңдағы экзамен Иранмен қарым-қатынас 
болатын  секілді.  Сҧхбатында  Обама  былай  деп  мҽлімдеді:  “Теһран  ҿзінің 
қазіргі  саясаты  жағдайында  ядролық  қару  жасау  ҽлеуетіне  ие  болатынын 
жҽне де санкциялардың бірде-бір пакеті Иранды автоматты тҥрде бағытын 
ауыстыруға мҽжбҥрлей алмайтынын мойындауымыз керек”. 
Доктрина  АҚШ-қа  қарсы  ядролық  соққыларды  ірке  тҧруды  ҿзінің 
одақтастары  немесе  ҽріптестері  арқылы  жҥзеге  асыру  –  ядролық  қарудың 
басты  рҿлі  екенін  кҿлденең  тартатын  болады.  Алайда  Обама  қарулануға 
бақылау  жасауды  жақтаушылардың  ой-пайымдарын  қайтарып  тастады. 
Сҿйтіп,  ірке  тҧруды  ядролық  қарудың  бірден-бір  функциясы  деп 
жариялаған жоқ. 
Аз-кемі жоқ  50  ҽлемдік  кҿшбасшы бас  қосатын  ядролық  қауіпсіздік 
жҿніндегі  саммитте  Обама  4  жылда  ҽлемдегі  барлық  ядролық 
материалдарды  сақтауды  қауіпсіз  ететін  нақты  шаралар  туралы 
коммюникеге қол жеткізуге ҥміттенеді. 
 

 
11 
КЕМЕЛДІЛІК КӚРІНІСІ 
 
 
Нина Дюлгерова
 Варна еркін университетінің профессоры, экономика 
ғылымдарының докторы
 
София, Болгария. 2010 жылғы 6 сәуір. 
 
ХХІ  ғасырдың  алғашқы  онжылдығы  лаңкестікпен  кҥрес  жҽне 
жаһандық  ҽрі  ҿңірлік  ҥдерістерді  геоэнергетикалық  қайта  қҧрылымдау 
белгісімен ҿтуде. Халықаралық аренадағы кҥштер орналасуының серпінді 
ҿзгерісінде  Қазақстан  біртіндеп  жетекші  мемлекеттердің  бірі  ретінде 
орнығып  келеді.  Бҧл  ел  ҧсынған  ақылды  идеялар  сҽйкес  іс-шаралармен 
ҧштасып,  еуропалық,  еуразиялық  жҽне  ҽлемдік  проблемаларды  шешу 
кезіндегі  Қазақстанның  сарабдал  саясатымен  ҥндестік  табуда.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  “Известия” 
газетінде  жарияланған  “Алып  ауқымды  ҽлем  жҽне  ядролық  қауіпсіздік” 
деген мақаласы бҧл тҧрғыдағы кезекті дҽлел болып табылады. 
Мақала  адамзат  ҥшін  маңызды  болып  табылатын  бірқатар 
оқиғалардың  –  Екінші  жаһандық  соғыс  аяқталуының  65  жылдығы,  2010 
жылғы  6  сҽуірде  жария  етілген  жаңа  америкалық  ядролық  доктрина,  8 
сҽуірде  Прагада  қол  қойылуы  жоспарланған  Ресей  мен  АҚШ  арасындағы 
Стратегиялық  шабуыл  қарулары  туралы  жаңа  шарттың,  сондай-ақ  алдағы 
кезде  Вашингтонда  болатын  ядролық  қауіпсіздік  жҿніндегі  жаһандық 
саммиттің қарсаңында жарияланды. 
Соңғы  жаһандық  алапаттың  тарихи  жылдығы  мҧндай  апат  ендігі 
жерде  қайталанбайды  деген  ҥмітпен  байланыстырылады.  Мҧнан  кейінгі 
жоспарланған оқиғалар бҧл ҥміт сындарлы халықаралық ҥнқатысуды жҽне 
ынтымақтастықты  сақтауға,  радикалдық  іс-ҽрекеттерден  бас  тартуға 
бағдарланған жеткілікті дҽлелдерге, дипломатиялық келіссҿздер мен саяси 
қҧжаттарға негізделетінін кҿрсетіп береді. 
Қазақстан  Президентінің  мақаласында  келтірілген  идеялар  мен 
дҽлелдер америкалық ядролық доктринаның негізгі қағидаттарымен ҥндес 
шыққан. Екі қҧжатта да ядролық таралуға жол бермеу жҿніндегі ҧстаным 
берілген,  бҧл  ретте  Н.Назарбаев  мақаласында  ол  қазіргі  дҽуірдің  ҿзегі 
ретінде 
ҧсынылған. 
Америкалық 
ядролық 
доктринамен 
басқа 
салыстырулар жҥргізбесек те, қос қҧжатта да осынау кҥрделі проблеманы 
шешу  ҥдерісі  жҿнінде  тҥрлі  екпін  тҥсіріле  отырып,  ядролық  қауіпсіздікті 
сақтау қажеттігі атап кҿрсетіледі. 
“Алып  ауқымды  ҽлем  жҽне  ядролық  қауіпсіздік”  мақаласында 
айтылған  тҧғырнама  проблеманы  айқын  да  нақты  анықтайды.  Алайда, 
бҧдан  да  гҿрі  маңыздысы  Н.Назарбаевтың  басқа  да  бағдарламалық 
қҧжаттары  секілді  мҧнда  стратегиялық  мақсаттарға  қол  жеткізу  ҥшін,  ал 
нақты  жағдайда  –  ядролық  қарусыз  дҥние  қҧру  ҥшін  айқын  ҧсыныстар 

 
12 
айтылған.  Ҽскери  мақсаттарда  бҿлшектенетін  материалдар  ҿндірісіне 
тыйым  салу  туралы  шартты  жедел  қабылдау  жҿніндегі  ҧсыныс,  ҽлемде 
қордаланған  екі  мың  тоннадан  артық  бҿлшектенетін  материалдарды 
ескергенде,  ҿзекті  де  ойлы  болып  табылады.  Қазақстанда  Ядролық 
қауіпсіздік  жҿніндегі  халықаралық  оқу  орталығын  қҧру  ҧсынысы 
талқыланып  отырған  проблеманы  сындарлы  да  ҧзақ  мерзімді  тҧрғыда 
шешу ниетінің дҽлелі болып табылады. 
Ядролық  сынақтарға  толық  тыйым  салу  жолындағы  елеулі  қадам 
Ядролық  сынақтарға  баршаны  қамтитындай  тыйым  салу  туралы  шарттың 
ҽзірлік  комиссиясымен  Халықаралық  мониторинг  жҥйесі  жҽне  жергілікті 
орындардағы  инспекция  ҽдісін  дамыту  мҽселелері  бойынша  ҿзара 
ықпалдастық  болып  табылады.  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  ресми  ядролық 
мемлекеттерді  осы  шартты  ратификациялауға  шақыруы  кездейсоқ  емес, 
ҿйткені,  ядролық  қауіпсіздікті  саяси  шешімдер  жолымен  ғана  еңсеруге 
болады. 
Қазақстан 
Президентінің 
тҧғырнамасында 
кҿптеген 
ҿткір 
проблемалар  мен  сындарлы  ҧсыныстар  келтірілген.  Алайда,  осынау 
бағдарламалық  қҧжаттың  ҿзіндік  ҿзегі  болып  табылатын  негізгі  идеясы  – 
ядролық  қарудан  ада  ҿңірлік  аймақтардың  оң  тҽжірибесін  пайдалану 
қажеттігі. Мҧны Н.Назарбаев ядролық қарусыз аймақтардың халықаралық 
қҧқықтық мҽртебесі туралы мҽселені дереу талқылаумен байланыстырады. 
Қазақстан  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ҿзекті  проблемаларды 
дҧрыс  анықтау  жҽне  оларды  дер  кезінде  жҽне  дҧрыс  жолмен  еңсеру 
Қазақстанды  ҿңірлік  жҽне  жаһандық  ҥдерістердің  байыпты  факторы 
ретінде орнықтыру болып табылатынын тағы да бір рет дҽлелдеп отыр. 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет