«Сегіз қырлы бір сырлы»



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата12.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9262
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ОЛ ЕЛДІҢ АТЫ — ҚАЗАҚСТАН, 
ОЛ ЕРДІҢ АТЫ — НҦРСҦЛТАН 
 
 
Сауытбек Абдрахманов 
“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” 
ашық акционерлік қоғамын қоғамның президенті 
 
Егемен Қазақстан, 16 сәуір 2010 ж.  
 
 
 
 
“Euronews”  арнасын  қарап  отырмыз.  Вашингтондағы  саммит. 
Қорытынды  шығарылар  шақ.  Саммитке  қатысушылардың  естелік  суретке 
тҥсетін  сҽті.  Міне,  ел  басшылары  бірінен  кейін  бірі  келіп  жатыр.  Ҥш 
қатарлы табалдырыққа  бірінен кейін бірі кҿтеріліп жатыр. Жоғарғы қатар 
толды.  Елбасымыз  кҿрінбейді.  Ортаңғы  қатар  толды.  Елбасымыз 
кҿрінбейді.  “Аңшының  кешіккеніне  сҥйін”  дегендей  кҥйдеміз.  Онда 
Президентімізге тиген орын бірінші қатардан болғаны. Дҧрыс қой, ядролық 
қарудан  ҽлемде  алғаш  бас  тартқан,  тажал  полигонын  тарихта  тҧңғыш  рет 
жапқан елдің басшысына дҽл осындай саммитте орынның бірінші қатардан 
берілуі жҿн-ақ қой, дейміз ішімізден. Ал мемлекеттер басшылары хаттама 
бойынша  белгіленген  орындарына  толық  жайғасып  болған  кездегі 
кҿргеніміз кҥткендегімізден де асып тҥсті. 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевқа  орын  бірінші  қатардан  ғана  емес,  қатардың 
қақ  ортасынан,  саммит  ҿткізген  елдің  басшысы  Барак  Обаманың  дҽл 
жанынан,  оң  жағынан  тиген  екен.  Ҽлемдегі  ең  қуатты  ел  басшысының 
Қазақстан Президентіне ерекше ықыласын біз бҥгін газеттің бірінші бетіне 
жариялаған суреттен ҿздеріңіз де кҿріп отырсыздар. Ал мына суретті, жҿн-
жосығы,  жолы  жҿнінен  бірінші  бетке  орналастырылуға  тиісті  болса  да, 
кҿлемін барынша ҥлкейтіп беру, сҿйтіп сол сҽттің еліміз шежіресінен ойып 
тҧрып алар орнын айшықтай тҥсу ҥшін біз жедеғабыл жазып жатқан мына 
мақаламен қоса жеке жариялауға бекіндік. 

 
105 
Есімізде  сақтайық:  бҧл  оқиға  2010  жылы  14  сҽуірде,  Вашингтонда 
ҿткен Ядролық қауіпсіздік жҿніндегі жаһандық саммит кезінде болды. Есте 
ҧстайық:  бҧл  кҥн  –  Қазақ  елінің  арғы-бергі  тарихындағы  ең  керемет 
кҥндердің  бірі,  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  бҥкіл  ҽлем  кҿшбасшылары 
жиынының  дҽл  алдында,  қақ  ортасында  тҧрған  сол  сҽті  –  қазақтың  қазақ 
болғалы кҿрген қҧрмет-қошеметінің ең ҥлкені, мемлекетіміз шежіресіндегі 
ең шҧғылалы шақтардың бірі. 
Мҧндай  толқынысты  сҽтті  біз  осыдан  екі  жарым  жылдай  бҧрын  да 
бастан  кешкенбіз.  2007  жылғы  30  қарашада,  Мадрид  қаласында 
Еуропадағы қауіпсіздік жҽне ынтымақтастық ҧйымына мҥше мемлекеттер 
Сыртқы  істер  министрлері  кеңесінің  жалпы  отырысында  Қазақстан 
Республикасы Ҧйымның 2010 жылғы тҿрағасы болып сайланған. Мадридке 
жіберген  журналисіміз  сол  шешімнің  қабылданғанын  телефонмен 
хабарлағанда  Астанада  тҥн  ортасы  ауып  қалған  еді.  “Қалайда  нҿмірге 
материал  жазыңыз,  газетке  таңға  жақын  қол  қойсақ  та,  халықтан  сҥйінші 
сҧрауымыз  керек”,  деп  тілшіміздің  қонақ  ҥйге  жетуін,  мақаланы  теруін, 
оның  электронды  поштамен  келуін,  мҧндағы  азаматтардың  дайындап 
беруін  кҥтіп  отырып,  тҥн  ішінде  бақыт  туралы  ойға  батқанбыз. 
“Энциклопедиялық  сҿздіктер  адамның  ҿмір  қызығы  мен  қуанышына, 
рахатына  қанағаттану  дҽрежесін  танытатын  этикалық  ҧғым  деп 
тҥсіндіретін,  негізінде  адамның  ҿмірі  мағыналы  жҽне  нҽтижелі  болған 
кездегі  ризашылық  сезімінің  қалыптасуы  жатады  деп  саналатын  бҧл 
категория  кҿп  мағыналы.  Махаббат  қуанышы,  бала-шағаның  қызығы, 
табысқа  қол  жеткізу,  алға  қойған  мақсаттың  орындалуы…  бҧлардың  бҽрі 
де  бақыттың  белгілері.  Осылар  бір  басыңнан  тҥгелдей  табылып  жатса 
жақсы. Тҥгелдей табылмаса ше? Ҿмірде не болмайды? Басыңа не тҥспейді? 
Тағдырдың алдан не тосарын жалғыз Жаратқан Иеміз ғана біледі. Асылы, 
бір  басыңның  бақытын  еліңнің  бақытымен  байланыстыра,  біртҧтас  қарай 
алсаң  ғана  кемел  кісілікке  беттей  білген  боласың.  Ең  баянды  бақыт  – 
еліңнің  бақыты.  Ең  биік  мҽртебе  де,  ең  мҽнді,  ең  мҽңгі  мҽртебе  де  – 
мемлекетіңнің 
мҽртебесі. 
Американ 
демократиясының 
атасы 
Т.Джефферсон “Тҽуелсіздік декларациясында” мемлекет бақытқа ҧмтылуға 
тиіс екенін айтқан. Осы тҧрғыдан қарағанда 2007 жылғы 30 қараша Қазақ 
елінің  баянды  бақытқа  жету  жолындағы  басты  белестердің  бірі  болып 
саналарына  біз  кҽміл  сенеміз.  Ол  кҥні  Қазақстан  Барысы  серпінді  секіріс 
жасады.  Ол  кҥні  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  ҧйымына 
мҥше 56 мемлекет бірауыздан Қазақстан кандидатурасын қолдап, елімізге 
Еуропа  тҿрін  ҧсынды.  Ол  кҥні  ЕҚЫҦ  тарихында  тҧңғыш  рет  азиялық 
мемлекет, тҧңғыш рет ТМД мемлекеті, тҧңғыш рет халқының негізгі бҿлігі 
мҧсылман  дінін  ҧстанатын  мемлекет,  тҧңғыш  рет  тҥркі  тілдес  ҧлт 
ҧйыстырып  отырған  мемлекет  ҽлемдік  аренадағы  осындай  биік  тҧғырға 
кҿтерілді.  Ол  кҥні  кешегі  кеңестік  кеңістіктен  шыққан  мемлекеттердің 
еуропалық  ҥлгі-қалыптарға  да  сай  келетін  демократия  қҧруға  шындап 
кіріскендігі,  сол  жолда  толымды  табыстарға  қол  жеткізгендігі  алғаш  рет 
ресми  мойындалды,  қҧжат  тҥрінде  танылды.  Ол  кҥні  Қазақ  елі  жаңа 

 
106 
сапалық  белеске  ауысты  –  біздің  мемлекетіміз  ендігі  жерде  ҽлемдік 
саясаттың  бҧрынғыдай  сырттай  бақылаушысы,  қазіргідей  қатысушысы 
қалпынан  сол  саясатты  қалыптастырушы,  айқындаушы  мемлекеттердің 
қатарына  қосылды.  Ол  кҥні  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  адамзат  тарихынан 
ойып  тҧрып  орын  алатын  тҧлғалар  тобынан  табылатыны  айдай  ҽлемге 
айқын  танылды  –  айналасы  16  жылдың  ішінде  қирандыдан,  қҧландыдан 
мемлекет  қҧру,  қоғамды  бір  формациядан  екінші  формацияға  ауыстыру, 
ҿтпелі  кезеңдегі  қиыншылықтардан  есеңгірей  жаздаған  халықты  тар  жол, 
тайғақ  кешуден  аман-есен  алып  ҿту,  елдің  еңсесін  кҿтеру,  аяғынан  тік 
тҧрғызу, алыс та, жақын да, Батыс та, Шығыс та мойындайтын, санасатын, 
қҧрметтейтін  елге  айналдыру,  сан  тҥрлі  себептерге  байланысты  бірнеше 
ғасыр  бойында  дҥниежҥзілік  ҿркениеттен  шеттетіліп  қалған  елді  жер-
жаһанға таныту тек шынайы реформатордың, ҧлттың ҧлы перзентінің ғана 
қолынан келеді”, деп толғанғанбыз сол тҧста. 
Алдыңғы кҥні теледидар алдындағы тебіренісіміз де бҿлекше еді. 
Бҧл кҥнге де жеттік. 
Қалай жеттік? 
Осыдан  тоғыз  жыл  бҧрын,  2001  жылғы  28  тамызда  Президенттің 
Алматыдағы  резиденциясында  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  “Бейбітшілік 
кіндігі”  кітабының  тҧсаукесері  ҿткізілді.  Кітап  авторы  сҿз  сҿйледі.  Сҿзін 
ҧлы  физик  Альберт  Эйнштейннің:  “Ҥшінші  дҥниежҥзілік  соғыста 
адамзаттың  қандай  қару  қолданатынын  мен  білмеймін,  менің  білетінім  – 
тҿртінші  дҥниежҥзілік  соғыста  адамдардың  қолдарына  тас  ҧстап 
соғысатыны”,  деп  айтқанына  сілтеме  жасаудан  бастады.  Елбасымыз 
адамзаттың  ҥшінші  мыңжылдыққа  жаңарған  санамен,  жаһандағы  жан 
біткенді  жайпап  ҿте  алатын  апат  қатерінің  алдында  ҿз  елінің,  ҿз  жерінің 
ғана  емес,  бҥкіл  жҧмыр  Жердің  тағдыры  ҥшін  жауапкершілікті  сезіне 
алатындай  санамен  қадам  басуы  қажеттігін  айтты.  “Қазіргі  ғылыми-
техникалық  прогрестің  қарқынды  дамып  кеткені  сондайлық,  баз  бір 
мемлекет  мҧздай  қаруланып  шықса-ақ  қауіпсіз  бола  қалады  екен,  ҽлемді 
бағындыра  алады  екен  деген  ҧғым  –  балаң  ҧғым.  Ең  бастысы  – 
мемлекеттер  мен  халықтар  арасында  сенім  болуы,  ең  бастысы  –  ядролық 
қару  тҥптің  тҥбінде  бҥкіл  планетаны  жойып  тынатынын  тҥсіну”,  деді 
Назарбаев.  Президент  Қазақстанның  ядролық  қарудан  бас  тартуы 
қандайлық қиын шешім болғанын, бҧл ҥшін елдің ҿзінің ішінде де сан рет 
сынға  алынғанын,  мҧндайлық  қуатты  қалқанды  қолдан  беріп  қою  елдің 
қауіпсіздігін  ойламау  деген  сыңайда  ауыр  айыптар  да  тағылғанын  ашық 
айтты.  Сол  тҧста  Президент  Ҽкімшілігінде  қызмет  атқарғандықтан 
ядролық  қарудың  кҿлемі  жағынан  тҿртінші  арсеналына  ие  болу 
республикамызды ҽлемдік астам державалар санатына сҥйреп шығады деп 
санаған, 
“Қҧдіретті 
Қазақстан 
ядролық 
қаруы 
жоқ, 
біздің 
қамқорлығымызға  мҧқтаж  кҿптеген  елдерді  паналатудың  орталығына 
автоматты  тҥрде  айналады.  Бізбен  келіссҿз  жҥргізу  ҥшін  ядролық  қаруы 
бар елдердің мемлекет қайраткерлері кезекке тҧрады…” дегендей қанатты 
қиялға  ерік  берген  қайраткерлер  арамыздан  табылғанын  ҿзіміз  де  жақсы 

 
107 
білеміз.  Біле  тҧрсақ  та,  тҧсаукесер  рҽсімі  кезінде  ресейлік  академик 
Р.Н.Сагдеевпен  осы  тақырыпқа  бір  ауыз  сҿйлесіп  қалғанбыз,  сонда  ол 
кісінің  аузынан  Қазақстан  Президентіне  бҧл  тҧрғыда  бірқатар  мҧсылман 
елдері  тарапынан  қысым  да  болғанын  естігенбіз.  Жоғарыда  аталған 
еңбегінде  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  Қазақстан  кезінде  ядролық  қарудан  оны 
ҧстап  тҧруға  шамасы  жетпейтіндіктен,  оны  қолдана  алмайтындықтан,  ҿз 
арсеналын  толықтыруға  мҥмкіндігі  жоқтықтан  бас  тартыпты-мыс  деген 
жел сҿздердің жҿнсіздігін, мҧның ҿзі ел халқының ерік-жігерін танытатын, 
ел басшылығының мемлекеттің қауіпсіздігін алыстан ойлап барып жасаған 
қадамы  екенін  қолмен  қойғандай  дҽлелдеп  шыққан  еді.  Енді  арада  талай 
жыл  ҿткен  тҧста  сол  кездегі  шешім  жалғыз  ғана  дҧрыс  шешім  болғанын, 
мемлекет ретінде қҧрылмай жатып ҽлем сахнасына ядролық қарумен шыға 
келген  елді  талайлар  іштен  ірітіп,  сырттан  сетінетуге  тырысарын,  мҧның 
аяғы тҽй-тҽй басқан тҽуелсіздікке тҿнер анық қатер екенін бҽріміз де кҿріп-
біліп отырмыз. 
Мақалада  былай  делінетін:  “Бҥкіл  ҽлем  тарихы  –  соғыс  тарихы, 
қарулану  шежіресі.  Мыңдаған  жылдар  бойы  адамдар  адамдарды  қырып-
жоюдың  жаңа  жолдарын  ойлап  табу  ҥшін  жанталасты,  мемлекеттер 
жойқын  қару-жарақты  кҿбейткен  ҥстіне  кҿбейтуге  ҧмтылды.  Мыңдаған 
жылдар бойы халиф, хан, патша, король, император, генсек атаулының бҽрі 
ҿз  елінің  бес  қаруы  бойында  болуын,  жат  жҧрттықтарды  жаппай  қырып-
жоюға  дайын  тҧруын  кҿздеді.  Тек  бір  ел  ғана  жаңа  қаруға  ҧмтылу  былай 
тҧрсын,  қолына  келіп  тҥсіп  тҧрған  аса  алапат  қарудан  ҿз  еркімен  бас 
тартты. Тек бір ер ғана айрықша айбын болатын қатерлі қарудың ҿңешіне 
ҿз қолымен қҧм қҧйды. 
Ол елдің аты – Қазақстан. Ол ердің аты – Нҧрсҧлтан”. 
Арада  тоғыз  жыл  ҿтер-ҿтпесте  Ядролық  қауіпсіздік  жҿніндегі 
жаһандық  бірінші  саммит  ҧйымдастырылды.  Ол  саммиттің  бірінші 
сессиясында  сҿз  Нҧрсҧлтан  Назарбаевқа  –  адамзат  тарихында  ядролық 
қарудан бас тартқан тҧңғыш елдің басшысына берілді. 
Сҽл шегініс жасайық. Осы оқиғадан дҽл бір апта бҧрын ҽлемдегі ең 
беделді  ҧйымның  жетекшісі  –  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының  Бас  хатшысы 
Пан  Ги  Мун  Қазақстанға  келді.  Алдымен  Семей  полигонының  орнын 
кҿрді.  Ажал  апанының  аузында  тҧрып,  тебірене  сҿз  сҿйледі.  Мҽлімдеме 
жасады.  “Қазақстан  Президентінің  осынау  сынақ  алаңын  жауып  қана 
қоймай,  тҧтас  ҿңірде  ядролық  қарудан  ада  аймақ  қҧрғанына  зор  қолдау 
білдіремін. Оның бҧл қадамы біздің ядролық қарусыз ҽлемді қҧру ісіміздің 
ең  берік  іргетасы  іспетті.  Барлық  елдердің  басшылары  Нҧрсҧлтан 
Назарбаевтан  ҥлгі  алып,  оның  жолымен  жҥруі  тиіс.  Мен  БҦҦ-ның  Бас 
хатшысы  ретінде  ядролық  сынақ  алаңының  қақ  жҥрегінде  тҧрып,  барлық 
ҽлем  елдерін  Қазақстаннан  ҥлгі  алуға  шақырамын”,  деді  мҽлімдемесінде. 
Сол  тҥні  борандатып  Астанаға  жетті.  Елбасымызбен  кездесу  кезінде 
қайтадан ақтарылып кетті.  
“Мен  кеше  Семейде  болдым.  Ол  ҿңірге  жасаған  сапарым  мен  ҥшін 
баға  жетпес  тҽжірибе.  Семей  полигонындағы  сынақтар  барысында  зардап 

 
108 
шеккен  миллиондаған  адамдардың  қасіреті  мен  ондағы  экологиялық 
ахуалдың қиындықтарын суреттеуге тіл жетпейді. Тіпті оны елестетудің ҿзі 
аса  ауыр.  Егер  Сіздің  кҿрегендігіңіз  бен  басшылығыңыз  болмаса,  кім 
білсін,  қазір  де  миллиондаған  адам  сол  қасіретті  бастан  ҿткеріп  жатқан 
болар  ма  еді?  Мен  Сізге  Семей  ядролық  сынақ  алаңын  жапқан  жҽне 
Қазақстан  аумағында  барлық  ядролық  инфрақҧрылымды  жойған  ҧлттың 
басшысы  ретінде  шексіз  ризалығымды  айтқым  келеді”,  деп  бір  қайырды. 
“Ядролық қарусыздану туралы айтуға, оны терең талқылап, басқа мемлекет 
басшыларына  пікір  айтуға  Сіздің  барлығынан  жоғары  моральдық 
қҧқығыңыз, кҥшіңіз бар, сондықтан да даусыңыз жарқын шығуы тиіс деп 
санаймын”,  деп  бір  қайырды.  “Ядролық  сынақтарды  тоқтатып,  ядролық 
қарулардан  ада  болу  қажеттігін  ҽлемге  жар  салып  айтушы  рҿліне  Жер 
бетінде Сізден лайық адам жоқ”, деп бір қайырды. Ақыр аяғында: “Ҽрине, 
Сіздің  бҧл  саммитте  қаралатын  мҽселелер  жҿнінде  ҿз  пікіріңіз,  ҿз 
ҧстанымыңыз  бар.  Мен  де  БҦҦ-ның  Бас  хатшысы  ретінде  ҿз  ойымды 
ортаға  саламын.  Дегенмен,  біз  сҿздеріміз  бен  ҧстанымдарымызды 
ҥйлестіріп  алып,  біріге  сҿйлесек,  ойлағандағыдан  да  ҥлкен  табысқа  қол 
жеткізе  алар  едік”,  деп  барып  тоқтады.  Қазақстан  Президентінен  демеу, 
қолдау  кҥтті.  Ҿзінің  миссиясын  жҥзеге  асыруға  кҿмектесетін  жорық 
жолдасындай сенім артты. Біз бҧл сҿздерге тҥсініктеме жасамай-ақ қояйық. 
Сонымен, саммит басталды. 
 
 
 
 Саммит  алдында  Барак  Обама  Нҧрсҧлтан  Назарбаевпен  кездесті. 45 
минут  бойы  сҿйлесті.  Мҧндай  жиындарда  елдер  басшыларының  он 
минуттік, кейде тіпті бес минуттік, таза хаттамалық сипаттағы, кездесуден 
гҿрі  жҥздесуге  кҿбірек  жақындайтын,  ниеттестікті  қуаттаудан  аспайтын 
рҽсімдері  кҽдуілгі  жағдай.  Талай  елдер  басшыларына  тіпті  ондай 
рҽсімдерге  де  мҥмкіндік  табылмай  жатады.  Делегациялардың  кҿптігі 
сондай,  АҚШ  Президентінің  мемлекеттер  басшыларын  атақты  Конгресс 
орталықта  тек  қарсы  алып,  қҧрмет  кҿрсетуінің  ҿзі  бір  сағаттан  астам 
уақытқа  созылғанын  біздің  газет  алдыңғы  кҥні  ғана  жазған.  Саммиттің 
тҥске  дейінгі  бірінші  сессиясында,  алдыңғылардың  қатарында  Нҧрсҧлтан 
Назарбаевқа  сҿз  берілгенін  де  жазғанбыз,  Елбасымыздың  сҿзін 
жариялағанбыз. 
Қазақстан 
басшысы 
ҿз 
сҿзінде 
халықаралық 
қоғамдастыққа  бірқатар  қағидаттық  маңызды  шараларды  алға  тартты.  Ҿз 

 
109 
елінің  аумағында  Халықаралық  ядролық  отын  банкін  орналастыруға  ҽзір 
екенін мҽлімдеді. Ядролық қарусыз аймақтар ҥшін халықаралық-қҧқықтық 
нормалар  қажет  деп  санайтынын  айтты.  Ҽскери  мақсатта  бҿлшектенетін 
материалдарды  ҿндіруге  тыйым  салу  туралы  шартты  жедел  қабылдауды 
ҧсынды.  Ядролық  сынақтарға  баршаны  қамтитын  тыйым  салу  туралы 
шарттың іс-ҽрекетке кірісуін тездетуге шақырды. Сонымен бірге Назарбаев 
ҽрбір  мемлекеттің  бейбіт  ядролық  энергетиканы  дамытуға  жҽне 
пайдалануға  деген  заңды  да  ажырағысыз  қҧқығына  қолдау  білдіретінін 
ашық жеткізді. Мҧның ҿзі бҥкіл ҽлемдегі барланған уран қорының ширек 
бҿлігі орналасқан Қазақстан ҥшін ҿте маңызды. Назарбаев ядролық қаруға 
ие  болып  алған  елдер  мен  ядролық  шамшылдыққа  салынатын  елдердің 
қарым-қатынасына  байланысты  да  маңызды  ҧсыныс  жасады.  “Мҧның 
ҿтеуіне  олар  Қауіпсіздік  Кеңесі  қуаттайтын,  бҥкіл  “Ядролық  клубтан” 
оларға  ядролық  қаруды  қолданбау  жҽне  шабуыл  жағдайында  қорғау 
кепілін  алуы  тиіс.  Бҧл  ҥдеріске  біріккісі  келмейтін  елдерге  қатысты  БҦҦ 
Қауіпсіздік  Кеңесі  санкциялар  мен  мҽжбҥрлеуге  дейінгі  шешуші  шаралар 
қолдануы  тиіс”,  деді  Қазақстан  басшысы.  Расында  да,  адам  ойын,  ғылым 
ізденісін тоқтату оңай емес. “Сендер ондай ойларыңды қойыңдар, ядролық 
қару жасаймын деп жҥрмеңдер”  дей салатын жер бҧл емес. Олардың бҽрі 
бірдей  кҿршілеріне  ядролық  бомбаны  тастап  кеп  жіберейін  деп  желігіп 
жҥргендер  емес.  Олардың  арасында  кҿршілеріміз  сондай  бомба  жасап, 
тастап кеп жібере ме деп жаны шығып жҥргендері де аз емес. Сондықтан 
қазір ядролық қаруы жоқ елдердің бҽріне оны жасаудан бас тартудың ҿтеуі 
ретінде қауіпсіздік кепілі берілуге тиіс. 
Елбасымыздың  сыртқы  саясаттағы  сарабдалдығының  келісті 
кҿріністеріне  талай  куҽ  болып  жҥрміз.  Ресми  сапарлардың  біразына 
қатысып,  репортаждар  жазған  жайымыз  да  бар.  Соның  ҿзінде  де 
Президентіміздің  Америка  Қҧрама  Штаттарына  осы  жолғы  сапары, 
жаһандық  саммитке  қатысуы,  оның  аясында  ҽлемнің  кҿптеген  іргелі 
мемлекеттерінің  басшыларымен  кездесуі  айрықша  сҽтті  болды  деп 
санаймыз.  Қазақстан  басшысы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  ядролық 
қауіпсіздік жҿніндегі жаһандық жиында сҿйлеген сҿзі бҥкіл ҽлемнің белді 
бҧқаралық  ақпарат қҧралдарының  назарын  аударды деудің  еш  артықтығы 
жоқ.  “Нью-Йорк  Таймс”,  “Уолл  Стрит  Джорнэл”,  “Вашингтон  Пост”, 
“Рейтер”, “Ассошиэйтед Пресс”, “Ажанс Франс Пресс”, “Чикаго Трибюн”, 
“Форин  Полиси”,  “Хилл”,  “Политико”,  “Хаффингтон  Пост”  секілді 
басылымдар  мен  ақпараттық  агенттіктер  шетінен  жазып  жатты.  Біздің 
ҿтінішіміз бойынша бірқатар материалдардың орысшаға аудармасын жедел 
жасап,  кеше  тҥстен  кейін-ақ  редакцияға  жеткізіп  берген  азаматтарға 
разылығымызды білдіре отырып, солардың кейбірін сҿйлетіп кҿрмекпіз. 
“Нҧрсҧлтан  Назарбаев  –  ҿзгелер  теңесуге  тиісті  Кҿшбасшы. 
Вашингтондағы  саммит  онсыз  ҿтпес  еді”  –  “Ажанс  Франс  Пресс” 
ақпараттық  агенттігінің  12  сҽуірдегі  мақаласына  тап  осындай  тақырып 
қойылыпты:  “Вашингтон  советтік  ядролық  арсеналдың  ҿзіне  тиесілі 
бҿлігінен  бас  тартқан  Қазақстанға,  Барак  Обаманың  сҿзімен  айтқанда, 

 
110 
бҥкіл  ҽлем  ҥшін  тҥпкілікті  мақсат  –  толық  ядролық  қарусыздану  болып 
табылатын  істен  ҧтысқа  шыққан  ел  ретінде  қҧрмет  кҿрсетті.  Вашингтон 
кҿшелерінде  Жаһандық  саммит  кҥндерінде  ілініп  қойылған  плакаттарда 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ҿзінің  алып  ауқымды  мемлекеті  совет  заманында 
ядролық сынақтардан 1,5 миллион адам зардап шеккендіктен қолда қалған 
ядролық  арсеналдан  бас  тартқанын  тҥсіндіреді.  Ақ  ҥйдің  кеңесшісі  Майк 
Макфол  Обама  Назарбаевты  “ядролық  қауіпсіздік  мҽселесінде  “теңесуге 
ҧмтылуға 
тҧратын” 
кҿшбасшылардың 
бірі 
деп 
сипаттағанын, 
Вашингтондағы  саммит  “оның  қатысуынсыз”  ҿтпес  еді”  дегенін 
мҽлімдеді”.  “Foreіgn  Polіcy”  журналы  11  сҽуірдегі  нҿмірінде  Барак 
Обаманың  саммит  алдында  Нҧрсҧлтан  Назарбаевпен  кездескеніне  екпін 
тҥсіре айтқан. “Хилл” газеті 13 сҽуірдегі “Қазақстанның шапағатты шағы” 
атты  мақаласында:  “Орталық  Азиядағы  бҧл  мемлекет  Вашингтонда 
дҥйсенбіде  басталған  ядролық  қауіпсіздік  жҿніндегі  екі  кҥнгі  саммитке 
қатысушы  47  мемлекеттің  ішіндегі  ең  кҿрнектілерінің  бірі  болып 
табылады”,  деп  жазған.  “Политико”  газеті  13  сҽуірде  БҦҦ  Бас  хатшысы 
Пан Ги Мунның “1991 жылы Президент Назарбаев Семей ядролық сынақ 
полигонын  жауып,  Қазақстанды  ядролық  қарудан  ада  ету  арқылы  ерекше 
кҿшбасшылығын  кҿрсетті.  Мҧның  ҿзі  стратегиялық  қадам,  тҽуелсіздіктің 
шындап жария етілуі еді. Бҥгінде бҧл полигон қарусыздану мен болашаққа 
ҥміттің символына айналды”, деген сҿзін  келтіреді. “Вашингтон Пост” 13 
сҽуірде  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  “Қазақстан.  Ядролық  қарусыз 
бейбітшілік  қҧру”  атты  мақаласын  жариялаған.  АҚШ-тағы  танымал 
“Хаффингтон Пост” веб-порталында Альберт Айзли “Ядролық Қауіпсіздік 
жҿніндегі  Жаһандық  Саммиттің  кҿш  бастаушысы  жҽне  ҿзегі  Қазақстан 
болатыны  неліктен?”  деген  мақаласында  Қазақстанның  ядролық 
қарусыздану  саласындағы  аса  кҿрнекті  рҿлі  мен  сана-сезімнен  ҿткерілген 
кҿшбасшылығы жҿнінде айтады. 
Осы  кҥндерде  жаһан  жҧртшылығының  назарын  аударған 
жарияланымдардың  бірі  –  “Вашингтон  Таймс”  газетіндегі  (13.04.2010) 
“Ядролық  қауіпсіздік  пен  Ауғанстандағы  жағдайды  тҧрақтандырудың 
тҥйінді  ойыншысы”  деп  аталған  сҧхбат.  Таяу  Шығыс  пен  Орталық  Азия 
тақырыбына  маманданған  белгілі  талдамашы  Клод  Салханидің  біздің 
Елбасымызға  қойған  сҧрақтары  мен  алған  жауаптарының  біреуін  ғана 
келтірмекшіміз.  “Иран  Вашингтон  саммитіне  қатыспай  отыр.  Иран 
басшыларымен  кездессеңіз  Сіз  олардың  ядролық  технологияларға  қол 
жеткізу  жҿніндегі  ниетіне  байланысты  не  айтар  едіңіз?  Сіздің  ойыңызша, 
Иранның ядролық шамшылдығына алаңдап отырған Батысты, Еуропа мен 
АҚШ-ты  не  тыныштандыра  алар  еді?”  деген  сҧраққа  мынандай  жауап 
қайтарылыпты:  “Қазақстанның  ядролық  қарусыз  таңдауы  КСРО 
тарағаннан  кейінгі  (Бҧл  арада  журналист  Қазақстан  Президентінің  сҿзін 
анық  жазып  алмаған  сияқты,  бҽлкім,  ауызекі  ҽңгімеде  Елбасымыздың  ҿзі 
онша  дҽл  айтпаған да  болар.  Дҧрысында,  Семей  полигоны  1991  жылы 29 
тамызда, яғни КСРО тарамай тҧрғанда, Кремльдің тыйым салуына, ҽскери-
ҿнеркҽсіптік  кешен  басшыларының  қатты  қарсылығына  қарамастан 

 
111 
жабылған,  Нҧрсҧлтан  Назарбаев қол  қойған  ол Жарлықтың  ерекше қадір-
қасиеті де сонда – С.А.) ҿте қиын жағдайда жасалды. Қазақстанның негізгі 
территориясы  Азияда  екенін,  адамдарымыздың  басым  бҿлігі  исламды 
ҧстанатынын еске салайын. Біз сол тҧста ҿзімізге қомақты қаржы қолдауын 
жҽне  ядролық  қаруға  ие  тҧңғыш  ҽрі  жалғыз  мҧсылман  елі  ретінде 
халықаралық  “абыройға”  бҿленуді  уҽде  еткен  кҿптеген  сантҥрлі 
кеңесшілермен істес болғанбыз. Иранның ядролық бағдарламасына келсек, 
біз жағдайды тек қана дипломатиялық реттеуді жақтаймыз жҽне мҽмілеге 
келтіретін шешім табылады деп ҥміттенеміз. Біз Иранның бейбіт ядролық 
энергетиканы  дамытуға  қҧқылы  екенін  мойындаймыз.  Сонымен  бірге, 
барлық  жҧмыстар  МАГАТЭ-мен  бірлесе  отырып,  Кепілдіктер  туралы 
келісімді  бҧлжытпай  сақтаумен  атқарылуға  тиіс  деп  санаймыз”.  Лордтар 
палатасының  мҥшесі  жҽне  Орталық  Азия  мҽселелері  бойынша 
Бҥкілпартиялық парламенттік топтың тҿрағасы болып табылатын танымал 
саясаткер Дж.Д.Уэйверлидің “Roll Call” газетіндегі (14.04.2010) “Ядролық 
қауіпсіздікті  нығайтудың  жаңа  мҥмкіндіктері”  атты  мақаласында  былай 
делінеді:  “Кейінірек  елде  Ғылыми  жҽне  халықаралық  істер  жҿніндегі 
Гарвард  Белфер  орталығының  директоры  Грэм  Элисон  кем  қойғанда  100 
жаңа  ядролық  ату  жарақтарын  ҿндіруге  жетеді  деп  бағалаған  жоғары 
байытылған  уранның  елеулі  қоры  табылды.  Қару-жарақтық  уранды 
тасымалдау мен сатудан олардың қорынан бас тартып, жоюды жҿн кҿрген 
Қазақстан ҽлемге қару-жараққа бақылау жасау тарихында болып кҿрмеген 
ҥлгі  кҿрсетті”,  “Қазақстан  қабылдаған  шешімдердің  маңызы  бҿлекше. 
Қазақстан қауіпсіз сақтауға берген ядролық қордың титімдей бҿлігінің ҿзі, 
егер  олар  қылмыскерлердің  қолына  тҥсе  қалса,  Бҥкілҽлемдік  сауда 
орталығын  ғана  емес,  Манхэттенді  тҥгел  жойып  жіберуге  жетер  еді. 
Қазақстан 
Эйнштейннің 
ақтық 
сыйлығына 
айналған 
Пагуош 
конференциясының 
асқақ 
мҧраттарын 
жҥзеге 
асырудың 
сирек 
мысалдарының бірі”. 
Осылай  жалғастыра  беруге  болады.  Біздің  қолымызға  кеше  кешке 
дейін  тиген  пікірлердің  ҿзі  ғана  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  жаһандық 
саммиттегі сҿзі шын мҽнінде жаһанға жайылғанын кҿрсетіп отыр. 
Қазақстан  Президенті  бастап  берген  жеңісті  жол  жемісті  жалғасып 
жатыр.  Дҽл  саммит  басталардың  алдында,  7  сҽуір  кҥні  ҽлем  тарихында 
тағы  бір  аса  елеулі  оқиға  болып  ҿтті.  Прага  қаласында  АҚШ  пен  Ресей 
президенттері  стратегиялық  шабуылдау  қаруларын  қысқарту  жҿніндегі 
жаңа келісімге қол қойды. Ол бойынша екі жақ алдағы жеті жылдың ішінде 
стратегиялық 
ҧшырғыштар 
– 
қҧрлықаралық 
баллистикалық 
зымырандарын,  сҥңгуір  қайықтардағы  баллистикалық  зымырандарын, 
сондай-ақ  ауыр  стратегиялық  бомбалаушы  ҧшақтарын  700  бірлікке 
қысқартуға міндеттеме алды, оқтҧмсықтар ҧшырғыштар саны ҽр жақтыкін 
есептегенде 800 бірліктен аспауға тиіс, оқтҧмсықтардың ең кҿп ортақ саны 
1550  бірлік  деп  айқындалды.  Бҧл  шын  мҽнінде  қарусыздану  жолындағы 
айрықша  қадам.  Ҽрине,  біз  қарусыздану  ҥдерісі  ҽлі  де  талай  уақытқа 
созылатынын  жақсы  білеміз.  Сол  АҚШ-та  3500,  сол  Ресейде  2800 

 
112 
оқтҧмсық  сақталып  отырғанын  да  Интернеттен  оқып  жатырмыз. 
Ҧлыбританияның ҿзінде 512, Қытайда 400, Францияда 384 оқтҧмсық ресми 
тіркелген.  Осындай  сҧмдықтҧмсықтардың  тым  қҧрыса  біреуі  алда-жалда 
халықаралық  лаңкестердің  қолына  тҥсе  қалса  не  болуы  мҥмкін  екенін 
ойласаңыз  аза  бойыңыз  қаза  тҧрады.  Сондықтан  да  Нҧрсҧлтан  Назарбаев 
саммиттегі  сҿзінде  Орталық  Азия  аймағы  аясында  Қазақстан  ядролық 
қауіпсіздікті  нығайту,  ядролық  материалдардың  таралуына  жол  бермеу 
жҽне  ядролық  лаңкестікпен  кҥрес  жҿнінде  ҿңірлік  іс-қимыл  жоспарын 
ҽзірлеуге  бастамашы  болғанын  хабарлап,  осы  тҽжірибені  ҽлемнің  басқа 
ҿңірлеріне де таратуды ҧсынды. Шынтуайтында, Назарбаев ҥлгісі қазірдің 
ҿзінде  ҽлемге  таралып  та  жатыр.  АҚШ  пен  Ресейдің  кҥні  кеше  қандай 
тарихи  қҧжатқа  қол  қойғанын  айттық.  Украина  2012  жылға  дейін  ҿзінің 
жоғары байытылған уран қорын жоюға бекінді. Чили мен Канада ҿздерінің 
жоғары байытылған ядролық материалдарын АҚШ-тың бақылауына беруге 
келісті. Бҧл ҥдеріс жалғаса тҥседі деп сенгіміз келеді. 
Вашингтонда  Қазақстан  Президентіне  “Шығыс-Батыс”  институты 
белгілеген  Бейбітшілік  жҽне  алдын  алу  дипломатиясы  сыйлығы  табыс 
етілді.  Бҧған дейін  бҧл  сыйлыққа  АҚШ  Президенті  ҥлкен  Дж.Буш,  Чехия 
Президенті В.Гавел, Германия Канцлері Г.Коль сияқты айтулы тҧлғалар ие 
болғанын  ескерсеңіз,  биік  марапат  екенін  кҿресіз.  Сонымен  бірге, 
Назарбаевтың  адамзат  тарихында  “Қош  бол,  қару!”  ҧранын  іс  жҥзіне 
асырған,  қарусыздану  саласындағы  ҥздік  ҥлгісінен  бҥкіл  ҽлем  ҥйренсе 
артық  етпейтін  алғашқы  мемлекет  басшысы  екенін  ескерсеңіз,  Қазақстан 
Президентінің  саяси  кҿрегенділік  пен  адамдық  ерлікке,  мемлекеттік 
кеңдікке негізделген бҧл еңбегі ҽлемдегі ең жоғары, ең беделді, ең атақты 
сыйлыққа да лайықты деген ойға ҿзіңіз-ақ тоқтайсыз. Бірақ біз Нҧрсҧлтан 
Назарбаевқа бҧл қадамды жасатқан басты қозғаушы кҥш ең алдымен туған 
жерінің  ашық  кҿк  аспаны  мен  туған  елінің  алаңсыз  кҿңілін  ойлаған 
азаматтық ҧстаным екенін жақсы білеміз. 
“Жігітке  ерлік  те  оңай,  елдік  те  оңай,  ҽгҽрки  қабырғалы  болса 
халқы”,  деген  екен  Ҽбубҽкір  Кердері  бабамыз.  Қылышынан  қан  тамып 
тҧрған Кремльден қаймықпай, тажалды тҧншықтыруға пҽрмен бергенде де 
Назарбаев  ең  алдымен  ҿзінің  туған  халқына,  Қазақстанына  сҥйенген. 
“Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай, тауаны 
қайтпай  қоймайды”  дегенді  де  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  сондықтан  айтқан. 
Президент  кітабының  тҧсаукесерінде  академик  Е.П.Велихов  сҿйлегені 
есте.  “Даналық  пен  батылдық  Президенттің  бойында  да,  ол  басқарған 
халықтың  бойында  да  болды.  Мҧндай  қадамды  бірлігі  мықты  халық  қана 
жасайды”,  деген  еді  атақты  ғалым.  Дҽл  солай.  Нҧрсҧлтан  Назарбаевқа: 
“Мен  ҿз  халқымның  жолында  басымды  бҽйгеге  тіккен  адаммын.  Садағаң 
кетейін, айналайын халқым! Сенің мҥддең жолында бойдағы қуат, ойдағы 
нҽрдің бҽрін сарп етуге бейілмін”, дегізген ҧлы кҥш те – перзенттік парыз 
бен  президенттік  қарыз.  Сол  ҧлы  кҥш  кҥні  кеше  Қазақстанды  тағы  бір 
биікке кҿтерді – Вашингтондағы жаһандық саммит кезінде ҿткен кҿптеген 
кездесулердің  нҽтижесінде  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық 

 
113 
ҧйымының 11 жылдан бері шақырылмай келе жатқан саммиті биыл тҿраға 
елдің тҿрінде – Қазақстанда ҿтетін болып негізінен шешілді. Бҧл бҽріміздің 
ортақ абыройымыз. Жарқын жеңісіміз. 
Осыдан тоғыз жыл бҧрын жазған мақаламыз тағы ойға оралып отыр. 
Ол былай аяқталатын: 
“Адамзат  баласы  тҥптің  тҥбінде  ҿзін-ҿзі  қҧртып  тынатын  жаппай 
қарулану  жолымен  ҧдайы  жҥре  бермес.  Кҥндердің  кҥнінде  демегенмен, 
жылдардың  жылында  ҽлем  мемлекеттері  ядролық  қарудан  бас  тартуға 
уағдаласар.  Сол  бір  жылдарда  адамзат  баласы  тарихта  тҧңғыш  рет  атом 
қаруынан ҿз еркімен бас тартқан, ядросыз ҽлемге жол ашып берген елді де, 
сол  елдің  тҧңғыш  Президенті  болған,  соғыс  эпицентрін  бейбітшілік 
эпицентріне  айналдырған  сол  тарихи  шешімді  қабылдаған  ерді  де 
разылықпен ауызға аларына сенеміз біз. Семсерден соқа соғу – адамзаттың 
сонау  Тҽурат  заманынан  бері  келе  жатқан  асыл  арманы.  Сол  істің  қазақ 
даласында  басталғанын,  сол  істі  қазақ  баласы  бастап  бергенін  мақтан 
етеміз біз”. 
Аузымызға  қҧдай  салғандай  екен.  Иҽ,  осы  іс  қазақ  даласында 
басталған. Иҽ, осы істі қазақ баласы бастаған. 
Мақтан етеміз! Елімізді де, елді басқарған ерімізді де. 
Ол елдің аты – Қазақстан. 
Ол ердің аты – Нҧрсҧлтан. 
Ҽлем мойындаған мемлекетке айналу деген осындай болады. 
Ҽлем таныған тҧлғаға айналу деген осындай болады. 
Еліңді еңселенту, халқыңның бағын жандыру деген осындай болады. 
Қазақстанды  бҥкіл  ҽлемдегі  бейбітшілік  ісінің  кҿшбасшысы  деп 
бҥкіл  ҽлем  айта  бастады.  Ғасырлар  бойы  тарихқа  кеткен  есеміз  қайта 
бастады. 
Тҽубе дейік, ағайын. 

 
114 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет