«Сегіз қырлы бір сырлы»



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата12.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

БЕЙБІТ ҚЫЗМЕТІ 
 
 
Қайрат Кәдіржанов, 
Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры 
 
Курчатов 
 
Қазақстан  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  “Известия”  газетінде 
жарияланған  мақаласында:  “Қазақстан  бейбіт  бағыттағы  атомға  барлық 
елдердің тепе-тең қолжетімділігі қағидатының сенімді жақтаушысы болған 
жҽне  болып  қалады.  Сондықтан  Қазақстан  Ресеймен  бірге  Ангарскіде 
Уранды  байыту  жҿнінен  халықаралық  орталық  қҧруға  атсалысатын 
болады,  сол  ҥшін  де  бізге  МАГАТЭ  аясында  Ядролық  отынның 
халықаралық  банкін  қҧру  идеясы  мейлінше  жақын  жҽне  тҥсінікті”,  деп 
жазған  болатын.  Еліміздің  Ҧлттық  ядролық  орталығының ғалымдары  мен 
мамандары  Елбасының  бҧл  идеясын  толығымен  қолдап,  Қазақстан 
Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру ҥшін ең дҧрыс нҧсқа 
деп  санайды.  Қазақстанда  тҧрақты  жҽне  болжауға  болатын  саяси  режім 

 
13 
орныққан, республикада ядролық қару жоқ жҽне оны жасамайды. Ядролық 
индустрия  нысандары  МАГАТЭ  бақылауы  ҥшін  толықтай  ашық. 
Республиканың  ҽлеует  қҧрылымдары  сырт  кҥштердің  ядролық  отынды 
ҧрлау  мақсатымен  банкке  шабуыл  немесе  лаңкестік  ҽрекетін  жҥзеге 
асыруына тосқауыл қоятын жауынгерлік ҽзірлікте. 
Курчатов  қаласындағы  орталығымыздың  мҥмкіндіктерімен  осында 
болған  БҦҦ  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун  жете  танысты.  Атомды  бейбіт 
мақсатта  пайдаланатын  жағдайымызды  кҿрген  мҽртебелі  мейманның 
қырық  жыл  бойы  қырғын  келтірген  полигон  орталығының  Мемлекет 
басшысы Нҧрсҧлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бейбіт 
мақсатқа  қызмет  етіп  отырғанына  кҿз  жеткізіп,  елімізді,  Елбасымызды 
жаппай  қырып-жою  қаруын  бейбіт  технологияға  айналдырған  мемлекет, 
басшы  ретінде  жете  танып,  атом  қаруына  ие  барша  елдерді  осы  жолмен 
жҥруге шақырды. 
Кҥні  кеше  Прага  қаласынан  жақсы  хабар  келіп  жетті,  Ресей  мен 
АҚШ  басшылары  стратегиялық  шабуыл  қаруларын  шектеу  туралы  жаңа 
шартқа  қол  қойыпты.  Қазақстан  басшысының  бір  ҥміті  ақталып  отыр, 
ендігі  жерде  қалғандары  да  ақталып,  атом  энергиясы  тек  қана  бейбіт 
мақсатқа қызмет ететін уақытқа да жететін болармыз. 
 
АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ 
 
 
Жеңіс Жотабаев, 
 Ұлттық ядролық орталықтың бас ғылыми қызметкері,  
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  
физика-математика ғылымдарының докторы, 
профессор
 
Қазақстан  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  “Алып  ауқымды 
ҽлем  жҽне  ядролық  қауіпсіздік”  атты  мақаласы  дер  кезінде  жарияланды. 
Онда  айтылған  ойлар  мен  ҧсыныстар  Вашингтонда  болатын  Ядролық 
қауіпсіздік  жҿніндегі  жаһандық  саммитке  қатысушылардың  назарында 
боларына сенім мол. Ҿйткені, Ресей мен АҚШ-тың жаңа шартқа қол қоюы 
айрықша  маңызды  болғанымен,  атом  қаруына  ие  басқа  елдердің  де  бар 
екендігін  ҧмытуға  болмайды.  Ядролық  қаруды  таратпау  жҽне  оны 
біртіндеп  қысқарта  беру  Президент  мақаласының  басты  ҿзегі.  Сондықтан 
да бҧл талап баршаға ортақ болуы керек. 
Бейбіт  ядролық  бағдарламаларды  дамыту  егемен  мемлекеттердің  
ажырағысыз  қҧқығы  ретінде  олардың  жан-жақты  дамуының  маңызды 
тезисі  болып  табылады.  Мҧндай  мҥмкіндік  ядролық  қару  мен  ядролық 
арсеналға  ие  елдердің  ғана  қҧзырында  болмауы  тиіс.  Бҧл  тҧрғыда 
Қазақстанның  атом  энергиясын  тек  қана  бейбіт  мақсатта  пайдаланып, 
экономика  мен  халықтың  ҽл-ауқатын  арттыру  қызметіне  қоюына  біздің 
Ҧлттық ядролық орталық ҿз ҥлесін қоса береді. 

 
14 
 
БАТЫЛ БАЙЛАМДЫ БАЙЫПТАҒАН 
 
Қанзада ӘБІЛҒАЗИЕВА,  
Арал аудандық мәдениет және 
 тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. 
 
2010  жылғы  2  сҽуірдегі  “Известия”  газетінде  жарияланған 
Елбасының  “Алып  ауқымды  ҽлем  жҽне  ядролық  қауіпсіздік”  атты 
мақаласын  оқи  отырып,  қазіргі  кездегі  біздің  еліміздегі  аса  қҧрметпен 
бағалайтын ҧғым – ол елдің тыныштығы екенін тҥсіндім. 
Осы  орайда  уақыт  ядролық  қаруды  таратпауды  –  қазіргі  заманғы 
императивтік  бағытты,  яғни  ХХІ  ғасырда  бейбіт  ҿмір  сҥруді  қалайды. 
Мораторийден  ядролық  сынақтарға  толық  тыйым  салуға  дейін  Қазақстан 
қаншама  ядролық  сынақтан  ҿткенін  ойласақ,  Қазақстан  халқы  ҥшін  атом 
қаруының ауыздықталуы ҿзекті мҽселе болып табылады. 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
бҥкіл 
халықаралық 
қоғамдастықтың,  оның  ішінде  ядролық  қауіпсіздік  жҿніндегі  сҽуір 
саммитіне  қатысушылардың  назарын  бірнеше  қағидаттық  жҽйттерге  тағы 
да  аударатындығы  айтылған.  Осыған  орай  біздің  қазақ  халқы  дҥние 
жҥзінде  бейбітшіліктің  орнатылуын  қалайды.  Ядролық   энергия  тек  қана 
бейбіт мақсаттарға пайдаланылса деймін. 
Елбасының ядролық қарусыз ҽлемнің жалпыға ортақ декларациясын 
қабылдау туралы мҽселесі дҧрыс шешім деп ойлаймын. 
Елімізде атом энергиясының бейбіт мақсаттарға жҧмсалуын, ядролық 
қаруды таратпауды қолдаймын. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  “Алып 
ауқымды  ҽлем  жҽне  ядролық  қауіпсіздік”  атты  мақаласына  байланысты 
аудандық  мҽдениет  жҽне  тілдерді  дамыту  бҿліміне  қарасты  клубтар  мен 
кітапхана  қызметкерлері  халық  арасында  тҥсіндірме  жҧмыстарын 
жҥргізетін болады. 

 
15 
ЖАН ЖАДЫРАТАР ЖАСЫН СӚЗ
 
 
Махмуд Қасымбеков,  
ҚР Президенті Канцеляриясының меңгерушісі 
 
Егемен Қазақстан,19 наурыз 2010 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қай-қайсымыздың  да  ҿзіміз  кҿптен  бері  жақсы  білеміз-ау  дейтін 
жандарды кейде ойламаған жерден жаңа бір қырынан ашып жататынымыз 
бар  ғой.  Бҧған  ҽдетте  олардың  оқыста  айтатын  уытты  сҿздері,  шуақты 
ҽзілдері мен қалжың-қағытпалары да себеп болады. 
Елбасымыз Нҧрсҧлтан Назарбаев туралы да осыны айтуға болар еді. 
Алайда, кҥнделікті ресми қарым-қатынастың қарбаласында ол кісінің де ең 
алдымен ҿзіміз сияқты адам екенін кҿңілден таса қалдыратын сияқтымыз. 
Ҽйтпесе, адамға тҽн нҽрсенің бҽрі оған да жат емес. Сҽтімен айтылған ҽзіл-
қалжыңға  ол  да  жаны  жадырай  кҥледі.  Астарлы  ҽзіл-қалжыңды  ҿзі  де 
жасындай жарқылдатып айтады.  Сондайда ішкі  жан дҥниесі  де  жарқырап 
ашыла тҥсетіндей кҿрінеді бізге. 
Осыны  ескерген  мен  Президенттің  ҿмірінде  кездескен  эпизодтардан 
шағын топтама ҽзірлеп едім. Олардың бірқатарын Мемлекет басшысының 
қызметіне  қатысты  кітаптар  мен  мақалалардан  жинадым.  Қайсыбірін 
жҧмыс барысында ҿз аузынан естідім. Енді біреулерін бейресми жағдайда 
жанында болып, сондай сҽттерді кҿзімен кҿргендер айтып берді. 
Сҽбиге берілген сҽлем 
2005 жылы елімізде ҿткен кезекті Президент сайлауының қарсаңында 
белгілі  ақсақал  жазушымыз  Ҽзілхан  Нҧршайықов  “Егемен  Қазақстан” 
газетінде  “Сайлау  алдындағы  сҿз”  деп  аталатын  тамаша  мақаласын 
жариялады.  Бҧл  майдангер  қаламгердің  халқымызды  ынтымақ-бірлікке 
шақырған ҥндеуі іспетті, ерекше бір жылы жазылған дҥние еді. Зер салған 
жанға  шебер  қаламгер  сонда  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  білімділігін,  табан 
астында тауып кететін  танытатын ҽдемі деректер келтіреді. 

 
16 
 
 
 
“…Осы жақында Президент Маңғыстау облысына барғанда мынадай 
қызық  оқиға  болыпты.  Облыстың  басшы  қызметкерлерімен  Президент 
кездесу  ҿткізеді.  Кездесу  аяқтала  бере  бір  ҽйел  қол  кҿтеріп  сҿз  алады  да, 
былай дейді: 
–  Қҧрметті  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы,  Сіз  Украинада  оқыдыңыз, 
украиндықтарды жақсы кҿресіз. Украинша ҽн де шырқап жібереді екенсіз. 
Ал  мен  украин  қызымын.  Ҥлкен  семьям  бар.  Осы  Ақтау  қаласының 
тҧрғынымын.  Ҿзім  украин  қызы  болсам  да,  қазақша  бесбармақ  пісіре 
аламын.  Сізді  семьямның  атынан  біздің  ҥйге  кіріп,  бесбармақ  жеуге 
шақырамын. 
Оған Нҧрекең ықыластана кҥліп жауап қатады. 
– Мен қазақтар мен украиндықтарды ғана емес, барлық ҧлтты жақсы 
кҿремін. Сіздің бесбармақ пісіре білетініңіз кҿңіліме ҧнап тҧр. Сонда сіздің 
ҥйдің бесбармағы қанша уақытта дайын болады? 
– Тура тҿрт сағатта, – дейді ҽйел қуақылана сҿйлеп. 
Сол сҽтте залдан тағы бір азамат қол кҿтереді. 
–  Ардақты  Нҧреке,  менің  атым  Сайын  Назарбекҧлы.  Осы  елдің 
азаматымын.  Сізді  Семейде  Абай  мен  Шҽкҽрім  кесенесін  кҿтерген  кезде 
кҿріп,  сҽлем  бергенмін.  Одан  кейін  Оңтҥстік  Қазақстан  облысында 
Домалақ Ана кесенесін кҿтергенде де сҽлем бергенмін. “Мың “сіз-бізден”, 
бір “шыж-быж артық” дегендей, мен сізге жҥз рет сҽлем бергеннен, бір рет 
ҥйге  шақырып,  дҽм  татырғанды  артық  кҿріп  тҧрмын.  Ал  сіз  украин 
қыздарының алақанын кҿп сипадыңыз ғой. Сондықтан бҧл кісінің кҿңілін 
қалдырғыңыз  келмей  тҧр.  Бірақ  бҧл  ханымның  шаруасы  ҧзаққа  созылады 
екен.  Тҿрт  сағат!  (Бҧл  сҿзге  отырған  жҧрт  ду  кҥлді).  Ал  біздің  ет  жарты 
сағатта ҽзір болады, Нҧреке! 
Осылай деп ол Президентке бас иеді. 
Бҧл  шығыста  Абай  мен  Шҽкҽрім  кҥмбездерін  кҿтерген,  Оңтҥстікте 
Домалақ  Ана  кесенесін  салған  атақты  сҽулетші  ҽрі  ақын  Сайын 

 
17 
Назарбекҧлы болатын. Нҧрекең оны бірден танып, бас иеді. Содан соң екі 
шақырушыға кезек қарап алып, жымия кҥліп, былай дейді: 
–  Мен  қиын  жағдайда  қалдым-ау,  бауырларым.  Қайсыларыңыздың 
ҥйіңізге  барсам  екен?  Бҽріміздің  де  қызмет  уақытымыз  ҿлшеулі  ғой. 
Президенттің  де  сағат,  минуты  санаулы.  –  Осылай  дейді  де  ол  украин 
ханымға қарай қайта бҧрылады. – Менің уақыт деген бастығым тамағы тез 
пісетін  ҥйге  барыңыз  деп  сыбырлап  тҧр.  Егер  сізден  рҧқсат  болса, 
ҿкпелемесеңіз, мен Сайын мырзаның ҥйіне кіріп шығайын. 
Ҽйел:  “Амал  не?”  дегендей,  екі  алақанын  жайып,  басын  изейді. 
Президент сҿзін қайта жалғайды. 
–  Қазақта  мынадай  бір  салт  бар.  Ауылға  алыстан  келген  қҧрметті 
қонақ сҽлемдесу ҥшін ҽр ҥйге кіріп шығады. Шығарда бір ҥйге қамшысын, 
бір  ҥйге  белбеуін  тастап  кетеді  екен.  Онысы:  ертең  –  осы  ҥйге  келіп 
тҥстенемін,  бҥрсігҥні  бҧл  ҥйден  қонақасы  жеймін  деген  ишарасы  болса 
керек.  Сол  сияқты  мен  “қамшым”  сіздің  ҥйде  қалды  деп  есептеп,  келер 
жолы  ҥйіңізге  кіріп  дҽм  татайын.  Осыған  келісесіз  бе?  –  деп  қонақжай 
ҽйелге қолын ҧсынады. Ҽйел қуанғаннан Президенттің қолынан сҥймекші 
болады. 
–  Жоқ,  –  деп  Президент  қолын  тартып  алады.  –  Ҽйел  еркектің 
қолынан сҥймейді. Сіздің қолыңызды мен сҥйемін. 
Осылай деп Президент жҧмысшы ҽйелдің қолына ернін тигізеді. 
Президент ҥйіне келгеннен кейін Сайын екі жасар немересі Досанды 
кҿтеріп  келіп,  Нҧрекеңе  сҽлем  бергізеді.  Бала  жатырқамай,  Президентті 
қҧшақтай алады. Президент сҽбиді қҧшағына алып бетінен сҥйеді. 
– Аты кім бҧл батырдың? – деп сҧрайды содан кейін. 
– Аты Досан, Нҧреке, – дейді Сайын. 
–  Қай  Досан?  –  деп  Президент  басын  кҿтеріп  алады.  –  1870-1873 
жылдардағы патша саясатына қарсы Маңғыстау шаруаларының кҿтерілісін 
бастаған батыр Досан емес пе? 
– Дҽл солай, Нҧреке. Бҧл сол батыр Досанның ҧрпағы – бала Досан. 
–  Досанды  патша  ҿкіметі  ол  кезде  Александровск  аталған  қазіргі 
Форт Шевченкода азаптап ҿлтірді емес пе? 
– Тура айтасыз, Нҧраға. 
– Онда бҧл бала маған емес, мен бҧл батырға сҽлем беруім керек! – 
деп Президент баланы қайтадан қолына алып, кҿкірегіне қысады. 
Кез келген жанның жҥрегін елжірететін ҽдемі-ақ ҽңгіме емес пе! Бҧл 
оқиғаға қосымша тҥсінік беріп жатудың ҿзі артық секілді. 
“Жақсыны, жаманды да кҿрді басым”. 
Қазақтың  кҿрнекті  ақыны  Тҧманбай  Молдағалиев  Елбасын  жыл 
сайын  Жаңа  жыл  мейрамымен  қҧттықтап  тҧруды  ҧмытпайды.  “Жҥйрікке 
қалудан  да  озу  оңай”,  деп  Қадыр  Мырза  Ҽлі  ағамыз  айтпақшы,  Тҧмағаң, 
ҽрине,  қҧттықтауын  ҿлеңмен  жолдайды.  2008  жылдың  қарсаңында  да 
осылай  болды.  Ҿлең  Тҧмағаңның  ҿзінің  пейілі  мен  жҥрегіндей  ҿте  жылы 
екен. 

 
18 
“Нҧрсҧлтан  бауырыма.  Жаңа  жылдық  жыр”  деп  аталатын  сол 
ҿлеңнің тҿрт шумағы мынадай еді. 
Ҿстің ғой тҧнықтарда ат суғарып, 
Ҿзіңді аялаумен ҿтсін халық. 
Ылайық сенің биік мҽртебеңе 
Жаңа жыл жаңа бақыт жетсін алып. 
Жақсыны, жаманды да кҿрді басың, 
Іздеген батырымсың шҿл жуасын. 
Ҿзіңнің аман жҥрген ҽр кҥніңе 
Мынау бір жалпақ жатқан ел қуансын. 
Келеді алға тартып алтын арба
Сҽт сайын қарқын қосып қарқындарға. 
Сен барсың, асыл інім, жан бауырым, 
Нҧрсҧлтаным дейтҧғын халқың барда. 
Тапсам деп қазағымның қалай бабын, 
Жайнадың, жазғы таңдай арайландың. 
…Жаңа жыл кірген кезде ҿз ҥйіңе, 
Бізді де бірге кірді деп ойлағын. 
Сҽлеммен, Тҧманбай бауырың. 22.ХІІ.2007 
Хатты  сол  кҥнгі  поштамен  бірге  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлына  бердік.  Бір-
екі  сағаттан  кейін  Президенттен  қайтқан  поштаны  қарап  отырсам, 
арасынан  Елбасының  Тҧмағаңа  жолдаған  жауабы  ҧшырасты.  Ол  хатты 
оқып  қана  қоймай,  ақынның  қҧттықтауына  екі  шумақ  ҿлеңмен  жауап 
қайтаруды  жҿн  кҿріпті.  Мемлекеттік  елтаңбамыз  басылған  ҿзінің 
қызметтік  ресми,  сарғыш,  мҿртаңбалы  парағына  қара  сиямен  былай  деп 
жазыпты. 
Қазағымның тапсам деп қалай бабын, 
Мен жҥрмін тҽуелсіз ел ойлап қамын. 
Сен жырлай бер қазақтың бақ, ырысын, 
Жылдан жылға аман боп, Тҧманбайым! 
Жақсыны, жаманды да кҿрді басым, 
Сондықтан асымаймын, тасымаймын. 
Тҧманбайлар ісімді қолдап жҥрсе, 
Бастай берем халқымды, жасымаймын. 
Хатының соңына “Ақын емес – Н.Назарбаев” деп қолын қойыпты. 
Ҽрине, мҧны мінсіз ҿлең деу жҿн бола да қоймас. Ақын емеспін деп 
қол қойғаны да содан ғой. Бірақ, ең бастысы, “екі ауыз ҿлең шығармайтын 
қазақ болмайды” деген халықтық қағиданы ҧстанып,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы 
ҿзін  толғандырған  ақынның  ҿлеңіне  ҿлеңмен  жауап  бере  білген.  Бҧл  екі 
шумақтан  азамат  жанының  шуағы  мен  нҧры  есіп  тҧр.  Байыптай  қарасақ, 
осының ҿзі елдік дҽстҥрдің ерен бір кҿрінісі ғой. 
Хатты  сол  кҥні-ақ  Алматыда  тҧратын  ақынның  мекен-жайына 
жҿнелттік.  Хат  барған  соң,  Тҧмағаң  Президент  кеңсесіне  телефон  соғып, 
Елбасының ізетіне ҿзінің қатты риза болғанын білдіріп, рахметін жеткізді. 
Жҥрегі  нҽзік  жан  ғой,  тебіреністен  табан  астында  туған  тағы  да  бірер 

 
19 
шумақ  ҿлеңін  телефон  арқылы  маған  жаздыртып,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлына 
табыстауды  сҧрады.  Ҽрине,  ардақты  ағамыздың  ол  ҿтінішін  қуана 
орындадық. 
Жалпы,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  бойында  шығармашылыққа 
бейімділіктің сонау жас кезінен-ақ бар екенін айта кету керек. Осы орайда 
қалың  кҿпшілікке  кҿп  таныс  емес  мына  бір  жайтты  еске  ала  кетсем  бе 
деймін. 
Сағыныштан туған “Шҧбарат” 
“Егемен  Қазақстан”  газетінің  редакциясы  2009  жылдың  аяғында 
ҿзінің  90  жылдық  мерейтойының  қҧрметіне  “Егеменқазақстандықтар” 
деген атпен тамаша кітап шығарып, келушілерге таратты. Соның бірі маған 
да бҧйырды. Ал кітапты тамаша дейтінім: онда осы басылымның тарихы, 
аталған  газетте  ҽр  жылдары  қызмет  істеген  қаламгерлер  мен  ҧжымда 
қалыптасқан  игі  дҽстҥрлер  жҿнінде  қызықты  да  маңызды  деректер  жҽне 
жан толқытарлық шуақты дҥниелер жарық кҿріпті. 
Солардың  арасынан  осы  газетте  жиырма  жыл  қызмет  істеген  Уахап 
Қыдырхан  есімді  журналистің  мына  бір  естелігі  де  менің  назарымды 
ерекше  аударды.  Бҧл  ҿзі  шағын  ғана  ҽрі  ана  тілімізде  шешен  тілмен, 
тҿгілдіре жазылған мақала екен. 
1973  жылы  газеттің  бір  топ  журналистері  ірі  ҿндіріс  орындарының 
тыныс-тіршілігімен  танысу  ҥшін  Қарағанды  қаласына  келеді.  Теміртауда 
болғанда  оларға  қонақасы  беріліп,  дастарқанды  қалалық  партия 
комитетінің  сол  кездегі  екінші  хатшысы  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  жҥргізеді. 
Мҧны  автордың  ҿзі:  “Жас  патриоттың  парасаты,  тапқырлығы 
таңғалдырды.  Ешкімнен  сҿз  сҧрамайтын  журналистерді  сезіммен  селт 
еткізіп, ойлармен орап-шымқап тастады” деп жазады. 
Ең  қызығы,  журналист  сонда  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  қонақтарға 
орындап берген “Шҧбарат” деген ҽннің сҿзін жазып алады. Оның ҽні мен 
сҿзін Елбасымыз ҿзі жазыпты. Сол ҽннің ҿлеңі мынау екен: 
Алатау – туған жерім, елім менің, 
Сағындым арасынан ескен желін. 
Арқада ардақталып жҥрсем-дағы, 
Ер жігіт ҧмытар ма ҿскен жерін. 
Шҧбарат Алатаудың етегінде, 
Шамалған тҧрады екен жетегінде. 
Арқадан асыл жарды тапсам-дағы 
Туған жер, сенен алыс кетермін бе! 
Бай да ҿтер, би де ҿтер, батыр да ҿтер, 
Басында панасы жоқ пақыр да ҿтер. 
Бҧл ҿмір қарап тҧрсаң тҧрағы жоқ, 
Жел соқса бір-ақ кҥнде ҧшып кетер. 
Бҧл  жас  жігіттің  туған  жерге  деген  перзенттік  сағынышынан,  сезім 
толқынысынан  туған  жыр  мен  ҽн  екені  анық.  Халқымыз  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлының ҽн айтуды, тыңдауды ҧнататын ҽрі ақынжанды азамат екенін 
жақсы  біледі.  Жҧртымыз  “Елім  менің”,  “Жерім  менің”,  “Ҥшқоңыр”, 

 
20 
“Сарыарқа”  сияқты  ҽндерін  тыңдап  жҥр.  Оның  Ҽнҧранымыздың  мҽтініне 
енгізген  толықтыруларынан  да  ақындық  жҥрек,  азаматтық  тілек  айқын 
аңғарылып тҧр. 
“Талант  иесі  қашанда  жан-жақты  келеді”  –  деп  халық  жайдан-жай 
айтпайды  ғой.  Енді,  міне,  ҿлеңге  деген  бейімділік  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлына 
сонау жас кезінен-ақ тҽн екені ҿмірде де ҿнегелі ҿз ізін салып келеді. 
Осындай  жақсы  журналистердің  гҥлден  нҽр  жинаған  арадай 
тынымсыз еңбегіне қалайша риза болмассың? 
“Сол ҥшін де мен сіздерде қонақта отырған жоқпын ба?” 
Бҥгінгі  Сенат  Тҿрағасы  Қасым-Жомарт  Кемелҧлы  Тоқаев  кезінде 
еліміздің  Сыртқы  істер  министрі  жҽне  Премьер-Министрі  лауазымдарын 
атқара 
жҥріп, 
Елбасымыздың 
қатысуымен 
ҿтетін 
талай-талай 
мемлекетаралық  кездесулер  мен  келіссҿздердің  куҽсі  болды.  2007  жылы 
жарық  кҿрген  “Нҧр  мен  кҿлеңке”  деп  аталатын  кітабында  ол  осы  орайда 
Елбасымыздың  тапқырлығы  мен  ҽзілқойлығына  қатысты  мынадай  бір 
қызықты жайттарды еске ала кетеді. Соның бірі Президентіміздің АҚШ-қа 
іссапары кезінде болған екен. 
“Кенет Америка президенті Н.Назарбаевтан: “Сіздердің астанаңызда 
қанша адам  тҧрады?”  – деп сҧрады. Жауабын  алған  соң ол  Қазақстанның 
барлық  тҧрғындарының  жайына  кҿшті.  Бҧл  кезде  Д.Чейни  мен  К.Райс 
ҽңгімені  естімегендей,  тҥскі  ас  мҽзіретін  қарауға  кірісіп  кетті.  Ашығынан 
қойылған  бҧл  сҧраққа  да  жауап  алған  соң  Дж.  Буш  қалжыңдап:  “Сіздер 
ҿздеріңіздің кең далаңызды игере бастайтын қытайлардан қорықпайсыздар 
ма?”  деді.  Н.Назарбаевтың  жауабы  шҧғыл  болды:  “Міне,  сол  ҥшін  мен 
сіздерде қонақта отырған жоқпын ба?”. Залдың іші қалың кҥлкіге кҿмілді 
де қалды”. 
Айтушының  айтуы  келіссе,  ақиқаттың  ҿзі  алмастың  қырындай 
жарқырап кетпей ме! 
“Уайымдамай-ақ қойыңыз…” 
Сондай-ақ  Елбасымыздың  НАТО-ның  Бас  хатшысы  Джордж 
Робертсонға  айтқан  мына  бір  қалжыңы  да  ешкімді  енжар  қалдырмас  деп 
ойлаймыз.  Ол  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлымен  сҧхбат  барысында  ҿзінің  ҥлкен 
отбасындағы ер азаматтардың барлығы полицей болғанын, жалғыз ҿзі ғана 
ҿмірдің  басқа  соқпағына  тҥсіп  кеткендіктен,  бҥгінде  ҿзін  “бір  отар  ақ 
қойдың ішіндегі қара тоқты” боп жҥргендей сезінетінін айтып қалса керек. 
“Біздің  Президенттің  жауабы  кҿп  кҥттірген  жоқ:  “Уайымдамай-ақ 
қойыңыз, 
есесіне 
Сіз 
кҥллі 
ҽлемнің 
жандаралы 
болдыңыз”. 
Британдықтардың  кҿпшілігі  тҽрізді  Робертсон  да  ҽзілді  жақсы  тҥсінеді, 
сондықтан  болар,  ол  жанындағыларды  еріксіз  еліктірген  ҧзақ  кҥлкісін 
кҿпке дейін тыя алмады”, – деп жазады Қасым-Жомарт Кемелҧлы. 
Қазір,  ҿкінішке  қарай,  жақсы  кітаптардың  ҿзі  де  шағын  ғана 
таралыммен  жарық  кҿреді  ғой.  Бҧл  тамаша  кітап  ҽзірге  барлық 
оқырмандардың қолына тие қоймаған болар. Сондықтан осы екі эпизодты 
сол  кітаптан  алып  ҧсынып  отырмыз.  Ҽсерің  толық  болуы  ҥшін,  ҽрине, 
кітаптың ҿзін толық оқып шыққанға не жетсін! 

 
21 
Ер мінезді Ельцин 
Сҿздің  ретіне  қарай  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  ҿзі  етене  аралас-қҧралас 
болған  мемлекет  басшыларының  ҿмірінен  қызықты  бір  жҽйттерді  де  еске 
алып  отыратыны  бар.  Солардың  бірі  –  Ресей  Федерациясының  тҧңғыш 
Президенті  болған,  тҥр-тҧлғасы  қаншама  ірі  болса,  жаратылысы  да 
соншалықты кең ҽрі кесек мінездің иесі Борис Николаевич Ельцин марқҧм 
еді. 
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы іргелес мемлекеттің басшысы ҽрі сонау кеңестік 
кезеңнен  ҿзара  таныс-біліс  азамат  ретінде  Борис  Николаевичпен  ҽрдайым 
жақсы қарым-қатынаста болды. Қызмет бабымен де жиі кездесіп жҥрді. Екі 
елдің арасындағы сан-қилы тҥйіндерді бірлесе отырып шешіп отырды. 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Борис  Николаевич  қҧрметті  еңбек  демалысына 
шыққаннан  кейін  де  онымен  байланысын  ҥзген  жоқ.  Мҽскеуге  жолы 
тҥскенде  жолығып,  телефон  арқылы  да  хабарласып  тҧрды.  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлы  2005  жылдың  соңында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
кезекті  сайлауында  жеңіске  жеткен  кезде,  ол  да  Ақорда  сарайында  ҿткен 
ҧлықтау  рҽсіміне  қатысып,  Қазақстанның  тҽуелсіздік  тҧсындағы 
табыстарын ҿз кҿзімен кҿріп кетті. 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  ҽдетте  кҥле  отырып  ҽңгімелейтін  осы  Борис 
Ельцинге қатысты мына бір ҽңгімені ол Ресей Президентіне жақын жҥрген 
кісілердің  бірінің  аузынан  естісе  керек.  Бҽлкім,  еркҿңіл  Борис 
Николаевичтің  ҿзі  айтып  берген  болар.  Ал  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының 
аузынан біздің естігеніміз мынау еді: 
–  Борис  Николаевич  король  басқаратын  елдердің  біріне  іссапармен 
барыпты,  –  дейді  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы.  Екеуі  ҥстел  басында  емен-жарқын 
ҽңгімелесіп  отырады.  Бірақ,  байқайды,  дастарқан  мҽзірінде  шарап  бар  да, 
арақ жоқ. Бҧл Борис Николаевичке аса ҧнай қоймайды. 
Ол  корольге  қарап,  емеуірін  танытқан  болады.  Ал  ол:  “Мен  ештеңе 
істей  алмаймын,  Ельцин  мырза.  Бізде  алдын  ала  бекітілген  хаттамалық 
тҽртіптің  аясынан  шығуға  болмайды!”  –  деп,  бҧған  онша  мҽн  бермесе 
керек.  Онымен  де  қоймай,  ақталғысы  келген  сыңаймен:  “Мҽселен,  осы 
резиденцияға  жақын  жерде  бір  қоғамдық  кҿліктің  аялдамасы  бар.  Оның 
орны  сол  жер  емес  екенін  мен  жақсы  білемін,  бірақ  оны  ҿз  бетімше 
орнынан  жылжыта  алмаймын.  Себебі,  ол  ҥшін  алдымен  қала 
тҧрғындарының келісімі керек, сосын қала басшылығының шешімі керек” 
– дегенді айтып, ҽңгімені шамалы ҧзартыңқырап алады. 
Осы кезде шыдамы таусыла бастаған Борис Николаевич ҿзіне ілесіп 
жҥрген  нҿкерлеріне  бҧрылып:  “Ҽй,  осы  сендер  мені  қайда  алып 
келгенсіңдер  ҿзі?!  Мыналарыңның  ештеңені  шеше  алатын  тҥрі  жоқ  қой. 
Мҧндай  “дҽрменсіз”  жанмен  кездесудің  қаншалықты  қажеті  бар  еді!..”,  – 
деп ҽзілдей “ренжіпті” деседі. Астарлы ҽңгіменің салмағы да сезіліп жатыр 
ғой. 
Ҽзіл-шыны  аралас  осы  ҽңгімені  естіген  кезде  бҽріміз  де  еріксіз  езу 
тартқанбыз.  “Жақсы  адамның  артынан  сҿз  ереді”  дейді  ғой  халқымыз. 
Ешкімнен де, ештеңеден де ыға қоймайтын ер мінезді Ельцин марқҧмның 

 
22 
алып  тҧлғасына  расы  да  жетерлік,  қоспасы  да  жоқ  емес  шығар-ау,  бірақ 
осындай ҽңгімелер жарасып  та  тҧрушы  еді  ҿзі.  Мҽскеулік  КВН  сайысына 
қатысушылар  оның  дауысы  мен  іс-ҽрекеттерін  айнытпай  салған  кезде  де 
ҽзілкештердің ҽжуасына мыңқ етпейтін еді ғой сабазың! 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  жанында  болған  азаматтардың  бірінің 
айтуына  қарағанда,  Борис  Николаевич  пен  біздің  Елбасымыздың 
арасындағы мынадай бір сҿз қағысуы сонау 90-шы жылдардың басында – 
тҽуелсіздігіміздің таңғы шағында болыпты. 
–  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы,  осы  Теңізді  Ресейге  берсеңші?..  –  депті  ол 
бірде ҽңгіме ҥстінде ҿзімсіне ҽрі базына арта сҿйлеп. 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  мҧны  алғашында  қалжыңы  шығар  деп 
қабылдаған.  Сҿйтсе,  жоқ,  Борис  Николаевичтің  ойында  “тамырды  басып 
кҿру” ниеті де бар сияқты. 
–  Онда  сіздер  де  бізге  Орынбор  қаласын  облысымен  қоса  бере 
қойыңыздар? – дейді Президентіміз жалма-жан. 
Ельцин шоршып тҥседі: 
– Е, немене, Қазақстанның Ресейге жер дауы бар ма еді? 
–  Жоқ,  Борис  Николаевич.  Жҽй,  Орынбор  революциядан  кейінгі 
Қазақстанның алғашқы астанасы болған қала ғой… 
Осыдан  кейін  бір-бірінің  қуақылығына,  тауып,  орнымен  айтылған 
ҽзілдеріне  риза  болған  екі  дос  қарқылдап  тҧрып,  мҽз  бола  кҥліскен  екен. 
Бҧл  ҽдепті  ҽзілдің  елшілік  те,  кҿршілік  те  қасиеті  бар  екеніне  таптырмас 
мысал емес пе? 
Борис Николаевич марқҧммен кезінде мынадай да бір сҿз шарпысуы 
болыпты.  Екі  ел  ҥшін  кезінде  Каспийдің  орталығындағы  шекара  шебін 
айқындау оңайға тҥспеген. Ҽрине, мҧндайда ешкімді кінҽлаудың жҿні жоқ. 
Қай  елдің  басшысы  да  жеме-жемге  келгенде  ҿз  мемлекеті  мен  халқының 
мҥддесін ойлайды. Сол ҥшін тартысады. 
Обалы  не  керек,  жағдайды  жан-жақты  тҥсіндіріп,  бҧлтартпас 
уҽждерді  алға  тартқан  кезде  Борис  Николаевич  сҿзге  қҧлақ  асып,  ҽділдік 
жағына  ойысып,  икемге  келе  бастайды  екен.  Бірақ  артынан  оңаша 
қалғанда,  министрлері  Борис  Николаевичті  шешімінен  айнытып  қойып 
жҥріпті.  Содан  барып  онсыз  да  кҥрделі  мҽселенің  тҥйінін  тарқату  одан 
сайын ҧзарып, созыла тҥседі. 
Келіссҿз куҽгерлерінің айтуынша, Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы осы жолы да 
тҧйықтан жол тауып кетеді. 
– Борис Николаевич,  – дейді Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы,  –  біз осы неге ҿз 
министрлеріміз  бен  кҿмекшілеріміздің  айтқанына  кҿне  беруіміз  керек? 
Олардың міндеті ҧсыныс беру ғана емес пе? Ақырғы шешімді мына біздер 
– президенттер қабылдауымыз керек қой!.. 
Бҧл  сҿздер  Ельциннің  намысына  тиіп  кетсе  керек,  мол  денесімен 
кҿмекшілеріне еңсеріле бҧрыла қарап: 
– Ҽй, сҿзді қойыңдар! Ҽкеліңдер шешімді! – деп алдындағы ҥстелді 
жуан жҧдырығымен бір қойып қалыпты. 
Ал бҧл келісімнің тарихи маңызы неде еді? 

 
23 
Шекара  мҽселесінің  басы  ашылмайынша,  Каспий  теңізінің 
қазақстандық  аймағына  шетелдік  алпауыт  инвесторлар  аяғын  аттап  та 
баспас екен. 
Жалпы,  Борис  Николаевич  біздің  Елбасымызды  ҿзінің  досы  деп 
есептейтін ҽрі мҧны реті келгенде ҧдайы айтып та жҥретін. Сонымен бірге 
оның ҿзінің досқа тҽн достық қызметін аямағанын да бағалауға тиіспіз. 
Сҿз  орайында  мҧны  да  айта  кетейік,  сондай-ақ  Ресей  басшысы 
болған  Владимир  Путиннің  де  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлын  ҿзінің  досы 
санайтынын, тіпті, ҥйренерім кҿп ҧстазым деп айтқанын да баршамыз кҿре 
отырып,  естідік.  Қҧдай  қосқан  кҿршіміздің  қазіргі  Президенті  Дмитрий 
Медведевтің  Астананың  10  жылдығына  келгенде  Елбасымыздың  атына 
жҥрек  тебірентерлік  жылы  сҿздер  арнағаны  да  ҽлі  есімізде.  Сондай-ақ 
Испания  королі  Хуан  Карлос,  Франция  Президенті  Н.Саркози,  Италия 
Премьер-министрі С.Берлускони, тағы басқа да бірқатар шетел басшылары 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлын  ҿздерінің  сенімді  досы,  ерек  ҽріптесі,  сыралғы 
жолдасы санайды. 
Ал  мемлекет  басшыларының  арасындағы  шынайы  достықтың  жҿні 
қашанда бҿлек. Себебі, ол достықтың шапағаты елбасылары арқылы тҧтас 
елге,  толайым  халыққа  тарап  жатады.  Мҧның  ҿзі  экономикалық  жҽне 
мҽдени  байланыстардың  нығаюына  оң  ҽсер  етеді.  Шекара,  Байқоңыр, 
Каспий,  қорғаныс  сияқты,  тағы  басқа  сан-алуан  кҥрделі  мҽселелердің 
кҿбінің  біздің  еліміз  ҥшін  сҽтімен  шешіліп  жатуының  арғы  жағында 
мемлекет  басшыларының  арасындағы  бірін-бірі  қадірлей  білетін  адал 
достық  қарым-қатынастың  да  аз  рҿл  атқармағанын  айтуымыз  керек. 
Достықтың шекарасы жҥректерден басталып, кҿңілдерге ҧласып жататыны 
қандай ғанибет. 
“Сіздің татарларыңыз емес, біздің татарларымыз” 
Мына бір жаймашуақ сҿз қақтығысы Н.Ҽ.Назарбаевтың Татарстанға 
барған сапары кезінде болыпты. 
Кездесулердің  бірінде  жайдары  ҽрі  қонақжай  ҥй  иесі  –  туысқан 
Татарстанның Президенті Минтемир Шаймиев біздің Елбасымыздан: 
–  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы,  Қазақстандағы  біздің  татарларымыздың 
жағдайы қалай? – деп аңдаусыз сҧрап қалыпты. 
–  Минтимер  Шарипович,  кешіріңіз,  ол  сіздің  татарларыңыз  емес, 
біздің  татарларымыз.  Оған  сіздің  қандай  “шатағыңыз”  бар?  –  депті 
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы жалма-жан. 
–  Дҧрыс  айтасыз,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы,  расында  да  олар  –  сіздің 
татарларыңыз.  Ондағы  татарлар  расында  да  туып-ҿскен  Қазақстанын  ҿз 
Отаны  санайды,  –  депті  сонда  ақсақал  ағамыз  келістіре  айтқан  сҿзге 
келіскенін білдіріп. Тауып айтылған жауап, тапқыр сҿз жартыны бҥтіндеп, 
бҥтінді бекемдеп жібереді ғой. 
Сапармҧрат пен Кҥн туралы 
Іргелес  кҿршіміз  Тҥркіменстанның  астанасы  Ашғабад  қаласы  осы 
елдің  тҧңғыш  Президенті  Сапармҧрат  Ниязов  марқҧмның  тҧсында  қатты 
ҿзгеріп, жайнап кеткені белгілі. Қаладағы жҧртшылықтың назарын ерекше 

 
24 
аударатын сҽулет қҧрылыстарының бірі – оның зҽулім ҥйлері мен жҥздеген 
су  бҧрқақтарының  ортасына,  биіктігі  70  метрлік  тҧғырдың  ҥстіне 
орнатылған Тҥркіменбашының биіктігі 14 метрлік алтынмен апталған алып 
мҥсіні  еді.  Монумент  қҧрылымының  бір  ерекшелігі  –  Тҥркіменбашының 
мҥсіні  ҧдайы  Кҥннің  жылжу  бағыты  бойынша  қозғалып,  айналып  тҧрады 
екен. 
Елбасымыз  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  Тҥркіменстанға  барған  сапарында 
ҿз ҽріптесімен бірге қаланы аралап жҥріп, осы мҥсінді кҿрген кезде: 
– Сапар, мына жерде сен Кҥнмен бірге қозғалып тҧрған жоқсың, осы 
жарық  кҿзінің  ҿзі  сенің  саусағың  нҧсқаған  бағытпен  жылжып  тҧр  ғой 
деймін, – депті астарлы ҽзілдей сҿйлеп. 
– Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы, сіз ғой Қазақстанға кҿп жақсылық жасадыңыз, 
тамаша  астана  салдыңыз.  Халқыңыз  неге  сізге  ескерткіш  қоймайды?  – 
депті Сапармҧрат Ниязов та сҿз қарымтасына. 
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы оның бҧл ҽзіліне: 
–  Баяғыда  бір  атақты  Рим  императоры  айтқандай,  біздерден  кейінгі 
ҧрпақ:  “Бҧл  ескерткіш  кімдікі?”  деместен:  “Оған  неге  ескерткіш 
қойылмаған?” дегеніне не жетсін!.. – деп жауап беріпті. 
Достық  рҽуіште  айтылған  бҧл  ҽзілді  Сапармҧрат  Атайҧлы 
марқҧмның сол кезде қалай қабылдағанын мен білмеймін. Бірақ Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлы ҿз елімізде жеке басын айырықша дҽріптеуге ҧдайы қарсы болып 
келе  жатқанын  кҿріп  жҥрмін.  Мҽселен,  елді  мекендерге,  кҿшелер  мен 
мектептерге есімін беруге келісімін бермей келе жатқандығы туралы бҧдан 
бҧрынырақ  бір  мақаламда  жаздым  да.  Жҧртшылықтан  тҥскен  ҧсыныс 
хаттардың  бҽріне  де  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  тікелей  тапсыруымен 
осындай  жауап  беруге  мҽжбҥрміз.  Тек  биыл  ашылатын  халықаралық 
университетке ғана есімін беруге келісімін берді. Оның ҿзінде де Мемлекет 
басшысының  атымен  аталса,  университет  бҥгінгі  заман  талабына  сай 
келетін жоғары оқу орнына тезірек айналар ма еді деген оймен ғана келісті. 
Осы орайда, Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлының бір ҥлкен мҽжіліс кезінде, тіпті: 
“Кабинеттерге менің ҥлкен портретімді іліп қоюға ҥзілді-кесілді қарсымын. 
Егер сол адам мені жақсы кҿреді екен, ендеше, портретті ҥйіне апарып іліп 
қойсын”, – деп ашуланғаны бар. 
…  Қаласа,  тіпті  жатын  бҿлмесіне  де  ілуіне  болады,  –  деді  сосын 
сҿзіне ащы мысқыл араластыра. 
Сҿз тҥсінетіндерге осының ҿзі де жеткілікті болса керек. 
“Соншама америкалықтарды қайдан алмақпын?” 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  еліміздегі  демократияны  дамыту  мҽселесін 
ҧдайы  назарда  ҧстап  отырады  ғой.  Байыптап  қарар  болсақ,  еліміз 
тҽуелсіздік  тҧсында  бҧл  салада  ҥлкен  ілгерілеушілікке  қол  жеткізді.  Рас, 
кейбір  тҽуелсіз  басылымдар  еліміздегі  демократияның  деңгейіне 
кҿңілтолмаушылық  білдіріп  жатады.  Бірақ,  тҽуелсіз  басылымдардың 
жарық  кҿріп,  олардың  беттерінде,  басқаны  былай  қойғанда,  сол 
кҿңілтолмаушылықты айта алудың ҿзі де нақ сол демократиялық ҥрдістің 
басты белгісі екендігін “ҧмыта қалатындары” ҿкінішті-ақ. 

 
25 
Мҽселе  мынада.  Кеше  ғана  бірнеше  ондаған  жылдарға  созылған 
тоталитарлық  режімнің  қҧрсауынан  шыққан  елде  демократияны  бетімен 
жіберудің  қаншалықты  ауыр  зардаптарға  ҧшыратуы  мҥмкін  екенін 
Елбасымыз  жақсы  тҥсінеді.  Оған  қайсыбір  алыс-жақын  шет  елдердің 
бҧрынғы  жҽне  бертінгі  тарихында  кездескен  қасірет  мысалдары  аз  емес. 
Президент  елде  демократия  толық  ҥстемдік  алуы  ҥшін  ең  алдымен  берік 
ҽлеуметтік  база  жасалуы  керек  деп  санайды.  Тҧрмыс  жағдайы  тҥзеліп, 
меншік  иесіне  айналып  ҥлгермеген  жҽне  еркіндіктің  қадір-қасиетін  терең 
сезінуге  саяси  ой-санасы  ҽлі  пісіп-жетілмеген  халықтың  демократияның 
сенімді тірегі бола алатыны да кҥмҽнді. 
Қазақта: “Аш адамнан ақыл сҧрама”, деген мҽтел бар. Осы ауырлау 
болса да рас айтылған сҿз ҿзі. 
Оның  ҥстіне,  Президентіміздің  “алдымен  экономика,  сосын  саясат” 
деген ҧстанымының дҧрыс болып шыққандығын уақыттың ҿзі де дҽлелдеп 
отыр. Демократияның делбесін басында бос жіберіп алған қайсыбір елдер 
жҧмыс  істеудің  орнына  саясаттың  кҿкпарына  тҥсіп,  соның  зардабынан 
бҥгінге дейін шыға алмай отырған да жайы бар. 
Осы  орайда,  зер  салған  жанға  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  демократия 
ҧғымына байланысты ҽр кездері айтқан ой-пікірлері қызықты-ақ. 
“Демократия – ҽлемнің ҿркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де 
таңдауымыз”. 
“Демократия 
жарлықпен 
орнатылмайды”. 
“Біздің 
демократиямыздың  негізі  –  саяси,  ҽлеуметтік  жҽне  ҧлтаралық  келісім”. 
“Ҽркім  ҿз  сҿзіне  жҽне  іс-ҽрекетіне  жауап  беруі  тиіс.  Олай  болмағанда, 
демократияның ҿзегі – бостандық бейберекетсіздікке  айналмақ”, “Біз енді 
демократия мектебінен ҿтіп жҥрген ғана ел емеспіз, біз енді тоталитарлық 
қоғамнан  кеше  ғана  шыққан  мемлекетте  демократияның  қалай 
қалыптасатындығын ҿзгелерге кҿрсетіп те берген елміз”, т.б. Бҧл ойларды 
Президенттің “Мектеп” баспасынан 2006 жылы жарық кҿрген “Ой бҿлістім 
халқыммен” 
деп 
аталатын 
кітабынан 
алып 
отырмыз. 
Ҽрине, 
Елбасымыздың  осы  кітаптағы  демократия  туралы  ҿзге  ойлары  да  ҿте 
қҧнды екені сҿзсіз. 
Президент  2008  жылы  Рейтер  агенттігінің  журналисіне  берген 
сҧхбатында:  “Мен  де  Америкадағыдай  демократияны  жасағым-ақ  келеді, 
бірақ  мен  Қазақстанда  соншама  америкалықтарды  қайдан  алмақпын?”  – 
деп жауап бергені бар. 
Ойлап  қарасақ,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  ҽзілдей  айтылған  осы 
пікірінің тҿркінінде ҽзіл болса да терең айтылған шындық жатқанын аңғару 
қиын емес. 
Қарсы жарнама да – жарнама 
Елбасымыз 2006 жылдың  кҥзінде  Ҧлыбританияға  сапар  жасаған  кез 
дау-шармен аты  шыққан сайқымазақ Саша Барон Коэн тҥсірген атышулы 
фильмсымақтың  “даңқы  дҥрілдеп”  тҧрған  тҧс  еді.  Сол  іссапарға 
Президентімізбен бірге бір топ Қазақстан журналистері де ере барған. 
Бҧған  дейін  Британия  сыншылары  Коэннің  шығармашылығын 
бірауыздан  тҥкке  алғысыз,  “ҽжетханалық  ҽзіл”  деп  бағалаған  болатын. 

 
26 
Намысты  қорлайтын  материалдары  бар  деп,  Ресей  оны  прокатқа  да 
шығарған  жоқ.  Қазақстанда  Коэннің  “ҿнері”  кейбір  саясаткерлер  мен 
дипломаттарды ғана қызықтырғаны болмаса, ҿзгелерге ала-қҧла ғана ҽсер 
қалдырды.  Патриоттық  сезімнің  жетегіне  ерген  қазақстандық  белгілі  бір 
азамат,  тіпті,  Коэнді  шығармашылық  “жекпе-жекке”  де  шақырмақ  болды. 
Бірақ мҧның ҿзі отқа май қҧйғандай болып шығып, сайқымазақтың есімін 
одан ҽрмен танымал етуге ғана ықпал етті. 
Ал  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Лондонда  бҧл  мҽселенің  сипатын  басқа 
арнаға  бҧрып  жіберді.  Оның  ызаланып,  сабасынан  шығуын  кҥткендердің 
ҥміті  ақтала  қоймады.  Баспасҿз  конференциясы  ҿткізіліп  жатқан  кезде 
залдан  аты  шулы  фильм  туралы  сҧрақ  қойылған  сҽтте  ол  езуіне  кҥлкі 
ҥйіріп, жымиды да: 
–  Мҥмкін,  журналист  Борат  Сағдиев  осында  қатысып  отырған 
шығар? Менің онымен сҿйлескім-ақ келіп еді… Фильмді кҿргеннен кейін 
Коэн мырзаның Қазақстанда ешқашан да болмағаны белгілі болып қалды. 
Таспаның  ҿзі  кедей  румын  деревнясында  тҥсіріліпті.  Қазақтардың  рҿлін 
кембағал  сығандар  ойнаған.  Ал  жергілікті  мас  тҧрғындарды  америкалық 
студенттер ойнапты… 
Сҿйтіп,  фильмде  аты  ғана  аталғаны  болмаса,  мҧның  Қазақстанға 
қандай  қатысы  бар  деген  ойды  Елбасымыз  айқын  аңғартыпты.  Залға 
жиналғандардың  жҥздерін  жылы  шуақ  билейді.  Ал  Елбасымыздың 
жанындағы  Ҧлыбританияның  Премьер-министрі  Тони  Блэр  кҥлкіден  ҿзін 
ҽрең ҧстап тҧрыпты. 
– Қарсы жарнаманың ҿзі де – жарнама, – деп жалғастырады ҿз сҿзін 
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы. – Фильм шын мҽнінде шындықты бҧрмалап кҿрсетсе 
де,  ол  біздің  елімізге  пайдасын  тигізіп  те  жатыр.  Мен  осында  қатысып 
отырғандардың бҽрін нақты жағдайдың қандай екенін ҿз кҿздерімен кҿріп 
қайту ҥшін Қазақстанға келуге шақырамын. 
Ал  Тони  Блэрдің  кҥлетіндей  жҿні  бар  екен.  Ол  осы  баспасҿз 
конференциясында  “Борат”  тақырыбының  қозғалып  қалуы  мҥмкін  екенін 
біліп, бҧған қонағым ренжіп қалмас па екен деп мазасызданыпты. Сҿйтсе, 
Қазақстан  Президентінің  оған  ренжімек  тҧрмақ,  осы  қолайсыз  саналған 
жайттың ҿзін елінің пайдасына бҧрып жібергенін кҿргенде, риза болыпты. 
Мен  бҥгін  оқырман  назарына  кҿпшіліктің  алдында  сҿз  сҿйлегенде, 
жҧртшылықпен  кездесулер  ҿткізіп,  іссапарларда  болған  кезде  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлының аузынан шыққан осындай ҽңгімелер мен ҽзіл-қалжыңдардың, 
тосын  ойлардың  бірпарасын  ғана  ҧсынып  отырмын.  Амандық  болса, 
алдағы уақытта қалғандары да хатқа тҥсе жатар. 

 
27 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет