Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


-параграф. Сәйкестік сертификатын беру, беруден бас тарту



бет5/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
5-параграф. Сәйкестік сертификатын беру, беруден бас тарту



  1. Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде көрсеткіштердің (сипаттамалардың) ең болмағанда біреуі бойынша Объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, СРО сынақтарды жүргізуді жалғастыруды өтініш берушінің келісімі бойынша жүргізеді.

  2. Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде СРО бас тарту себептерін көрсете отырып және сынақтар хаттамасымен сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы шешім жібереді.

  3. Сертификат беруден бас тарту туралы шешім өтініш берушіге және уәкілетті органға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жіберіледі.

  4. Құжаттарды, оның ішінде олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімдерін, конструкцияға (құрамға), материалдарға, технологияға, СРО-ға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін сарапшы-аудитордың қорытындысы негізінде сертификат беру немесе сынақтар көлемін қысқарту немесе жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдайды, бұл тиісті құжаттарда көрсетіледі.

Ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда, өтініш беруші осы бұзушылықтарды жояды және анықталған бұзушылықтар бөлігінде ғана СРО-ның қайта қарауына ұсынады.

  1. СРО сынау хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдау кезінде өнімнің техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. Бұл бағалаудың нәтижелері сарапшы-аудитордың қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытынды негізінде СРО сәйкестік сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  2. Сертификат беру туралы шешім қабылданған жағдайда СРО техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат қалыптастырады және ол Техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.

Сертификат тіркелген күнінен бастап және тіркеу нөмірі болған кезде жарамды.
Сертификатқа Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі.

  1. Сертификат және сертификат қосымшасы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген мәліметтерді қамтиды.

  2. Сертификаттың қолданылу мерзімін таңдап алынған растау схемасын, өнімнің ерекшелігін, оны өндіруді, стандарттау жөніндегі құжаттардың қолданылу мерзімін және техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл растау схемасында көзделсе), бірақ 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге немесе өнімнің жарамдылық мерзімін ескере отырып, СРО белгілейді.

  3. Сериялы шығарылатын өнімге (сериялық шығарылымға) сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде дайындаушы өткізетін өнім үшін сертификат стандарттау жөніндегі құжатта белгіленген өнімнің жарамдылық (қызмет ету) мерзімі ішінде өнімді жеткізу, сату кезінде жарамды болады.

  4. Өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде сертификаттың қолданылу мерзімін сертификатты берген СРО ұзартады. Бұл ретте сертификаттың қолданылу мерзімі сертификат берілген күннен бастап 3 (үш) жылдан аспайды. СРО өнімді сәйкестендіру актісін жасайды, ол үшін сертификат ұзартылады және өнімнің номенклатурасы мен санын (қалдығын) міндетті түрде көрсете отырып, оның бұрын сертификатталған өнімге тиесілігін белгілейді.

  5. Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту өнімнің санын (қалдығын) және атауын көрсете отырып, ұзартылатын сертификаттың тіркеу нөмірін сақтай отырып, "_ _ _ _ _ _ дейін ұзартылды" сертификатына жазба енгізу арқылы орындалады.

  6. Егер сериялы өндіріс өніміне берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталса, ал оның қолданылу кезеңінде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда сертификатты берген ӨҚҚ тарапынан инспекциялық бақылау жүргізілген жағдайда сертификаттың қолданылуы өнімнің сақталу шарттары сақталған кезде оның бүкіл жарамдылық немесе сақтау мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Бұл ретте мерзімді бағалау (инспекциялық бақылау) мынадай жұмыс түрлерін қамтуға тиіс:
сертификатталған өнім, процесс туралы келіп түсетін ақпаратты талдау;
өнімді сақтау шарттарының сақталуын тексеру.

  1. Өнімнің конструкциясына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге әсер ететін өзгерістер енгізілген кезде сәйкестік сертификатының иесі бұл туралы сертификатты берген СРО-ға дереу хабарлайды. СРО алынған ақпаратты талдайды және өзгерістердің өнімнің сәйкестігіне әсер ету дәрежесін анықтайды. СРО талдау нәтижелері бойынша өзгерістердің өнімнің сәйкестігіне әсер ету дәрежесіне қарай не сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру және кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу туралы, не егер Енгізілген өзгерістер өнімнің сәйкестігіне әсер етпесе, сертификаттың қолданылуын жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

  2. Сәйкестік сертификатының иесі өнімнің оған енгізілген өзгерістермен сәйкестігін СРО куәландырғанға дейін оған енгізілген өзгерістермен өнімді өткізуге құқығы жоқ.

  3. Егер осы Техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестігін растаудан өткен өнімге арналған техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптар неғұрлым қатаң болып өзгертілсе немесе өнімге арналған техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда өнімге арналған қосымша талаптар қосылса, оларға сәйкестік сынақтар жүргізілгеннен кейін ғана тексеріледі, сертификаттың қолданылуы көрсетілген талаптарға өтпелі кезең өткеннен кейін тоқтатылады.

  4. Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық, пайдалану құжаттамасында (техникалық паспорт, пайдалану жөніндегі Нұсқаулық, өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын құжаттар), сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттамада сертификаттың нөмірі мен оның қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, жүргізілген Сертификаттау туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін.

  5. Сәйкестік сертификаты стандарттау жөніндегі құжатқа сәйкес белгіленген үлгідегі электрондық түрде қалыптастырылады, сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Сертификаттау жөніндегі материалдар және берілген сәйкестік сертификаттарының саны туралы ақпарат оның негізінде берілген құжаттармен бірге техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде кемінде 3 жыл сақталады.

  1. СРО өтініш берушіні, тұтынушыларды, уәкілетті органды және басқа да мүдделі тұлғаларды сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы хабардар етеді.

  2. Егер сәйкессіздіктер СРО белгілеген мерзімде жойылса, сертификаттың қолданылуы қайта басталады.

  3. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет