Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


-параграф. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау



бет7/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21

7-параграф. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау



  1. Сертификат берілген өнім Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасына және ұлттық стандарттарға сәйкес сәйкестік белгісімен таңбаланады.

  2. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу тізілімінде тіркелген сертификат негізінде дайындаушы (Орындаушы), сатушы жүзеге асырады.

  3. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес дайындаушы (Орындаушы), сатушы жүзеге асырады.

4- тарау. Өнімнің сәйкестігін декларациялау


1-параграф. Өтінімді беру және қарау



  1. Сәйкестік туралы Декларация және сәйкестік туралы декларацияға қосымша осы Ереженің 6-тарауында және 6-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді қамтуға тиіс.

  2. Тіркеуге жіберілетін декларацияға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қоса беріледі:

  1. тіркеу туралы өтінім;

  2. осы Қағидалардың 84-тармағында санамаланған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

  3. өнім өндірудің тұрақтылығын растайтын құжаттар;

  4. дайындаушы кәсіпорынның (Орындаушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттар (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама өзге де құжаттар мен мәліметтер) немесе аккредиттелген зертханалармен өнімді дайындаудың технологиялық процесінде және техникалық регламенттерде, осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге арналған шарттар.

  1. СРО 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және тексереді:

1) Осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың, сондай-ақ осы Қағидалардың 84-тармағында санамаланған құжаттардың толық және дұрыс көрсетілуі;
2) декларацияны толтырудың дұрыстығы тексеріледі.

  1. Сәйкестік туралы Декларация өнімді дайындаушы (Орындаушы) кәсіпорын белгілеген мерзімге, осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзімін негізге ала отырып, бірақ 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет