Сейлханов т. М


Иондық-координациялық полимерлену



бет12/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
ЖМҚХ

Иондық-координациялық полимерлену реакциясы Циглер-Наттың комплестік катализаторларымен иницирленеді. Циглер-Наттың гетерогенді катализаторлары І-ІІІ топтардың металлорганикалық қосылыстарынан және IV – VI топтар элементтерінің галогенидтерінен тұрады. Координациялық катализаторлар екі функция орындайды. Біріншіден олар полимерленуді иницирлейтін бөлшектердің көзі болып табылады. Екіншіден, Катализатор ыдырағанда күшті координациялаушы қабілеттілікке ие фрагмент түзеді. Катализатордың көрсетілген фрагментінің координациясы кезінде тізбектің өсуші соңы мен қайта мономердің мономермен қосылуы стереоспецификалық қосылу болатындай етіп бағытталады. Мұндай комплексте металлалкилді байланыстар күшті полюстенген. Тізбектің өсуі мономерді металл-көміртегі байланысына ендіру арқылы жүреді. Бұл жағдайда мономер молекуласы нақты кеңістіктік орынға ие болып, тізбектің өсу процесінде сақталады. Бұл механизмге комплексті практикалық бағалы қасиеттерге ие стереореттелген полимерлерді өндірістік синтездеу негізделген.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 6 – 9.
Қосымша әдебиеттер: 1-3.

ДӘРІС8
Тақырыбы Маңызды полимеризациялық полимерлер


ПОЛИЭТИЛЕН (- СН2 – СН2 -)п.
Полиэтилен (ПЭ) – қысым астында этиленді радикалды полимерлеу арқылы және төмен немесе орташа қысымда иондық полимерлеу арқылы алады ( Циглер және Филлипс әдістері).
Полимерлену әрекетіне байланысты полиэтилен құрамы аса өзгеше болып өзгереді. Полиэтиленді жоғары қысымда алса, қайнау температурасы және қысымы төмен, Циглер немесе Филлипс әдісімен алған ПЭ –ге қарағанда. Асқын тотықты инициатор болғанда ғана процесс орындалады. Жоғарғы қысымда алынған ПЭ –нің орташа молекулалық массасы 80000-500000 және кристалдану дәрежесі 50-60% болады.
Полимерлену процесі еріткіш ортада жүреді. Инициатор ретінде Циглер-Натта катализаторы алынады.
Өндірісте ПЭ –ді төменгі қысымда жартылай үздіксіз және үздіксіз жүйе бойынша алады.
Полиэтилен тығыздығы 910-790 кг/м3 және жұмсару температурасы 110-1300С болатын термопластикалық полимер болып табылады. Барлық полиэтилендер тозуға бейім. Сондықтанда термо тотығу процестерімен атмосфералық әсерлерге тұрақтылығын жоғарылату үшін полимерлерге түрлі тұрақтандырғыштарды кіріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет