Осмометриялық әдіс. Осмометриялық әдіс Вант-Гофф заңына негізделген. Бұл заң бойынша осмос қысымы Р, көлем V, абсолютті температура Т және сұйытылған ерітіндідегі еріген заттың г/моль саны n арасындағы байланыс идеал газдар теңдеуіне ұқсас теңдеумен өрнектеледі. Вант-Гофф теңдеуі идеал ерітінділерге арналған.
Теңдеу бойынша идеал ерітінділер үшін р/с шамасы концентрацияға тәуелсіз. Бірақ полимер ерітінділері үшін бұл заңдылық сақталмайды. өте сұйытылған полимер ерітіннділерінде де р/с шамасы концентрацияға байланысты өзгеріп тұрады. Идеал ерітінді заңдылығынан мұндай ауытқу макромолекулалардың ерекше қасиеттерінен туады. Макромолекулалар әр түрлі әсерлесу реакцияларына бейім келеді. Молекулалық массаны анықтау үшін белгілі бір еріткіште полимердің концентрациясы әр түрлі үш-төрт ерітіндісінің осмос қысымын өлшейді де, келтірілген осмос қысымының р/с концентрацияға тәуелділігінің графигін тұрғызады. Алынған түзуді шексіз аз концентрацияға С=0 экстрополяциялап,
n = RТ/(р/с)с=0 теңдеуі бойынша полимердің молекулалық массасын табады.
Осмос қысымы осмометр деген аспапта анықталады. Осмометриялық әдіспен 3·103 – 2·105 аралығындағы молекулалық масса анықталады. Одан төмен болса полимер молекулаларының жарғақтан өтіп кету қаупі туады, ал молекулалық массасы аса үлкен болса бағана биіктігі өте аз болады да, өлшеу дәлдігі кемиді. Жетілдірген осмометрлерде 1,2·106 дейінгі молекулалық массаны өлшеуге болады.
Молекулалық массаны вискозиметрлік әдіспен анықтау абсолюттік емес, өйткені әр полимер-еріткіш жүйесі үшін осмометрлиялық және жарық шашырату әдістерімен алынған мәліметтермен салыстыру керек. Егер де полимер-еріткіш жүйесіне тұтқырлық пен молекулалық массаның тәуелділік тұрса, онда вискозиметрлік әдіс ең жай және жылдам молекулалық массаны анықтайтын әдіс болып келеді.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 5-10, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 4.