Тақырыбы:ЖМҚ-дың полидисперстілігі, молекулалық массасы. Молекулалық массаны анықтау әдістері. Полимерлердің көпшілік қызықты да ерекше қасиеттері олардың өте жоғары молекулалық массасына байланысты. Мысалы, полимерлерге тән маңызды механикалық беріктік қасиет, оның молекулалық массасы белгілі бір шамадан артқанда ғана байқалады. Әдетте, полимердің қажетті қасиеттері молекулалық массаның белгілі бір аралығында сақталады. Ол аралық полимердің табиғатына, құрылымына, алу жолдарына тікелей байланысты. Практикалық маңызы бар полимерлер дайындағанда мұнын бәрін ескеріп, синтезді алдын ала қажетті жолмен өткізе білген жөн.
Полимер мен төмен молекулалық қосылыс үшін молекулалық масса деген ұғым бірдей емес. Кез келген таза төмен молекулалық қосылыстың құрамына сәйкес нақты молекулалық массасы болады, ол алу жолына байланысты емес. Ал полимер ұзындығы әр түрлі макромолекулалардан тұрады. Алу жағдайына қарай макромолекула тізбегіндегі буындар саны, яғни оның молекулалық массасы әр түрлі болады. Сондықтан, полимер полидисперсті келеді, оның молекулақ массасы біркелкі болмайды.
Орташалау әдісіне байланысты молекулалық масса орташасандық, орташамассалық және орташатұтқырлық болып бөлінеді.
Орташамолекулалық массаны табу үшін полимердегі молекулалар санын және әр молекуланың массасын М білу қажет. Мысалы, молекулалық массасы М1, N1 молекула, молекулалық массасы М2, N2 молекула, молекулалық массасы М3, N3 молекула және т.б. қарастырылады.
Орташасандық молекулалық масса - n барлық молекулалардың массаларының қосындысының, яғни полимердің жалпы массасының, барлық молекула санына қатынасы. Сонда n есептеу үшін әрбәр молекулақ массаның мәнін осындай молекулалық массасы бар молекула санына көбейтіп, алынған көбейтінділерді қосады да, юарлық молекулалардың санына бөледі.
Орташамассалық молекулалық массаны әр молекуланың массасын Мiосындай молекулалық массаның барлық молекулалық массадағы үлесіне Хi көбейтіп, нәтижелерін бір-біріне қосу арқылы табады.
Полимерлердің молекулалық массасын орташатұтқырлық молекулалық массамен де сипаттауға болады.
Әдетте орташасандық молекулалық масса орташамассалық массаға тең бола бермейді. Көпшілік тура тізбекті полимерлер үшін мәні мәні -ға жақын. Молекулалық массасы біркелкі монодисперсті полимерлер үшін = = n, ал полидисперсті полимерлер үшін > > n. Орташасандық молекулалық массаn полимер ерітіндісінің қату температурасының төмендеуі (криоскопия), қайнау температурасының өсуі (эбулиоскопия), осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға, не молекула санына тәуелді қасиеттерді өлщеу арқылы анықталады.
Орташамассалық молекулалық масса жарық шашырауының таралуын өлшеу арқылы, ультрацентрифугалау және диффузия әдістерімен анықталады.
Орташатұтқырлық молекулалық массамен анықтауға вискозиметриялық әдіс қолданылады.