Сейлханов т. М



бет19/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
ЖМҚХ

Эбулиоскопиялық әдіс. Эбулиоскопиялық әдіс сұйытылған полимер ерітіндісінің қайнау температурасының таза еріткішпен салыстырғанда артуына негізделген.
Әдетте ерітінді ұшқыш компоненттерден тұрса, оның үстіндегі қаныққан бу қысымы компоненттердің парциалдық бу қысымдарының қосындысына тең. Жоғары молекулалық қосылыстар буланбайды. Сондықтан ерітінді үстіндегі оның парциалдық бу қысымы нөлге тең. Полимер ерітіндісінің үстіндегі қысым (Р) тек қана таза еріткіштің қаныққан буі қысымынан тұрады, ал ол таза еріикіштің үстіндегі қысымынан Р0 төмен. Рауль заңы бойынша ерітіндінің үстіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы кемуі (Р0-Р)/Р еріген заттың мольдік үлесіне тең.
Ерітінді қайнау үшін оның үстіндегі бу қысымы сыртқы қысымға теңелу керек, яғни оны қосымша қыздыру керек. Еріген заттың концентрациясы артқан сайын температура өзгерісі артады, себебі ерітіндідегі еріткіштің үлесі азаяды да, оның үстіндегі бу қысымы кемиді.
Криоскопиялық әдіс. Молекулалық массаны анықтаудың криоскопиялық әдісі де, эбулиоскопиялық әдіс сияқты, Рауль заңына сүйенеді. Рауль зөаңына сәйкес полимердің орташа массалық молекулалық массасы nмен сұйытылған ерітіндінің қату температурасының төмендеуінің қат арасындағы қатынас былай өрнектеледі: lim( қат/С)С→0=T20бал·(1/ n), мұндағы С - полимердің концентрациясы, R - универсалды газ тұрақтысы, Т - абсолютті температура, λбалбалқу жылуы, ал RT20бал= Кккриоскопиялық константа деп аталады. Криоскопиялық әдіспен қат анықтау дәлдігіне байланысты 5·104 – 2-2,5·105 дейінгі молекулалық массаны анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет