Сейлханов т. М



бет17/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
ЖМҚХ

Полимерлі гельдер.
Гельдер деп серпімді қасиетке ие ақпайтын немесе аз ағатын полимерлердің ерітінділерін атайды. Бірінші типке кеңістіктік қаңқасы химиялық байланыстардың әсерінен түзілген тігілген полимерлердің ісінуінде пайда болатын гельдер жатады. Тігілген полимер ісінгенде торлар арасындағы тізбек бөліктері жазылады. Бұл эффект тепе-теңдік ісінуде максимальды мәнге жетеді. Бұл типті гельдердің түзілу мысалына резенкенің ісінуі жатады.
Екінші типке кеңістікітік қаңқасы, Ван-дер-Ваальс күштерінің немесе сутекті байланыстардың әсеріне негізделген, әлсіз молекулааралық байланыстардан түзілген гельдер жатады. Бұл типті гельдер температуарны өзгерткенде немесе тұндырғышты қосу нәтижесінде ерітіндінің екі фазаға бөлінуінен түзіледі. Басым концентрленген фаза аз концентрленген фазаның микротамшылары болатын қаңқа түзеді. Бұл жағдайда концентрленген фазаның тұтқырлығы аз концентрленген фазаның тамшылары жабыспау үшін және жүйе қабатқа бөлінбеуі үшін жоғары болуы керек. Біртіндеп криталлданатын полимер ерітіндісінде, мысалы поливинилспиртінің, макромолекуланың тігілу түйіндері болып криталлдық түзілу табылады.
Гельдердің физико-химиялық қасиеттері олардың табиғатымен анықталады. Мысалы, бірінші типті гельдерде қайтымды деформация бірнеше жүз процентке жетеді және энтропиялық табиғатқа ие, яғни тізбек бөліктерінің конформациясының өзгерісімен байланысты. Екінші типті гельдер үшін қайтымды деформация аз шамада жетеді (50 -100%) және энергетикалық табиғатқа ие, бұл сыртқы күш салғанда қаңқа элементтерінің серпімді иілуімен байланысты. Үлкен күш салғанда және ұзақ уақыт бойы әсер етекенде екі типті гельде де қалдық қайтымсыз деформация туады, яғни ағады. Бірініші типті гельдердің қайтымсыз деформациясы химиялық байланыстардың үзілуімен және бөлшектердің рекоминациялануынан жаңа байланыстардың түзілуімен жүреді.Бұл процесс химиялық ағу деп аталады.
Температураға қатысты барлық гельдер қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді. Бірінші типті гельдер қайтымсыз. Екінші типті гельдер қайтымды, олардың балқу температурасы жүйенің фазалық бөліну температурасына жақын және осыған сәйкес күй диаграммасымен сипатталуы мүмкін.
Екі типті гельдердің оптикалық қасиеттері бір бірінен өзгеше. Бірінші типті гельдер мөлдір, екінші типті гельдер – бұлдыр немесе үлкен жарық шашумен ерекшелінеді.
Гельдердің ескіруі екі процестің дамуымен байланысты – полимердің кристаллдануы және синерезис. Синерезис құбылысы температураны өзгерткенде немесе бірінші типті гельдердің торлану тығыздығын арттырғанда байқалады. Екінші типті гельдер үшін синерезис өз бетінше туатын құбылыс, ол сұйытылған фазаның бөлшектерінің жабысуынан туады.
Гельдер табиғатта және адамның өндірістік іс әрекетінде үлкен роль атқарады. Тірі ағзада, сонымен бірге әртүрлі технологиялық процестерде, мысалы, тағам өнімдерін дайындауда, форма түзілу гель түзілу жолымен өтеді. Оның рольі полимерлерді өңдеуде зор, мысалы, ерітінділерден талшықтарды, жабындарды, жартылай өткізгіш мембраналарды формалауда кең қолданылады.
Негізгі әдебиеттер: 1-4, 8-9.
Қосымша әдебиеттер: 1-3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет