Кристаллдық полимерлердің әр морфологиялық формаларының біріншілік элементі кристаллографиялық ұяшық болып табылады.
Ішкімолекулалық реакциялар - бір макромолекулаға тән функционал топтарының немесе негізгі тізбек атомдарының химиялық реакцияларын ішкімолекулалық реакциялар деп атайды.
Макромолекуладеп ЖМҚ молекуласын атайды, ал ЖМҚ химиясын макромолекулалар химиясы немесе макромолекулалық химия дейді.
Массада полимерлеу әдiсi тек қана инициатор мен мономердiң қатысуымен жүредi.
Молекулааралық реакциялар деп бірнеше макромолекулалардың бір-бірімен әрекеттесу реакцияларын айтады.
Орташасандық молекулалық масса - n барлық молекулалардың массаларының қосындысының, яғни полимердің жалпы массасының, барлық молекула санына қатынасы.
Орташамассалық молекулалық массаны әр молекуланың массасын Мiосындай молекулалық массаның барлық молекулалық массадағы үлесіне Хi көбейтіп, нәтижелерін бір-біріне қосу арқылы табады.
Пластмассалар – синтез нәтижесінде немесе табиғи өнімдердің ауысуларының нәтижесінде түзілетін ЖМҚ-лар болып табылады.
Полимердің асқынмолекулалық құрылымы деп, буын өлшемі мен көлемінен өлшемі мен көлемі бірнеше қатар жоғары, макромолекула қаптамасының кеңістіктегі элементтерге (агрегаттарға) бөліну қабілетін атайды.
Полимерлену дәрежесін Р макромолекуладағы элементарлы буындар саны береді. Полимерлену дәрежесі полимердің молекулалық массасымен қарапайым қатынаста байланысты:
, мұндағы m – элементарлы буынның молекулалық массасы.
Полидисперстілік деп барлық полимерлер молекулалық массасы әртүрлі макромолекулаларға ие қасиетің айтады.
Полимергомологтардеп химиялық құрамы бірдей, бірақ молекулалық массасы әртүрлі макромолекулалар аталады.
Поликонденсациялану деп көп функционалды қосылыстардың функционалды топтарының әрекеттесуінен жоғары молекулалық қосылыстар түзілу реакцияларын айтады. Поликонденсациялану кезінде көп жағдайда төмен молекулалық қосалқы заттар бөлінеді.