Айдапсал
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табу керек. Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына отырады. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар оның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т.б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.
Монданақ
Оқушылар ойын басқарушының айтуымен сәл тізелерін көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады /тізелерінің астынан орамал өтетіндей болу керек/. Содан олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отыратындай бос орын қалады. Осы орынға ойын басқарушы отырады. Осы кезде қасында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартып қалып, тез дізесінің астына тыға қойып: «әне ктті монданақ, міне кетті монданақ» деп өлеңдетеді. Бұл дауысқа барлық ойыншылар қосылады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің шеңбер бойымен біріне-бірі беріп жылжытып, ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын басқарушының мақсаты-осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орын ауыстырады, сөйтіп, ойынды жалғастыра береді. Ойыншылар болса орамалды ттізелерінің астына жүгірте отырып, қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |