Үй үстіндегі кім?
Ойын мазмұны. Бұл ойынға қатысушылардың бірі жұдырығын түйеді де, столдың үстіне қояды. Оның үстіне басқалар да жұдырықтарын қоя бастайды. Бірінің үстіне бірі қойылған қолдар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойнаушы аз болса, әр ойыншы қос жұдырығын қоюға болады. Ең үстіңгі қолдың астындағы жұдырықтың иесі бастап, қалғандары қоштап мынадай сөздерді айтып шығады:
-Үй үстіндегі кім?
-Исамын
-Неғып жүрсің?
-Ұшамын
-Тезірек ұш
-Қорқамын
-Кейінірек ұш!
-Асығамын
-Секіріп түс
-Жығыламын
-Астыңдағы не?
-Келі
-Ішіндегі не?
-Тары
-Жүзің неге сары
-Жас шіркін кәрі
Осы сөздерді айтып болғаннан кейін ойнаушылар түгелдей:
Ат та, жымпи,
Көжені іште тымпи!- деп қолдарын алады да, тым-тырыс бола қалады. Кім бұрын күліп қойса, сол айып тартады.
Айгөлек
Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны мен жас шамасна қарай екі тапқа бөлінеді де, арасы 1-20 адымдай жерде қол ұстасып, қарама-қарсы тізбек құрады. Бала көп болса, ойында соншалықты қызықты өтеді. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады.
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар,
Ақ терек пен көк терек
Бізден саған кім керек?
Екінші топтың ойыншылары жауап береді:
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар,
Ақ терек пен көк терек
Шолпан атты /шақыратын баланың не қыздың атын айтады/ қыз керек, - дейді.
Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егерде ол үзе алмаса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе, онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына ала келеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол топ ұтқан болып есептелінеді.
Сақина жасыру
Бұл ойын жасөспірімдердің арасында ойналып жүр.
Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына қолын кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолдың әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен «сақина кімде?» - деп сұрайды. Осы кезде барлық ойыншы тыныштаады. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапсы, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, ол өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетед де, өз қызметін қайтадан атқарады. Егер кезекші үшке дейін таба алмаса, ол басқа кезекшімен орын ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |