Қимақ
Ойын мазмұны. Бұл ойында жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан заттар байлап қояды. Мынадай заттар: қалам, өшіргіш, конфет, кітап т.б. әр түрлі ойыншықтар және ойын көңілді болу үшін бос қағазды да қомақтап орап қояды.
Ойынның шарты: бір адамның көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, «Осылардың ішінен қалағаныңды қиып ал», -дейді. Ол қиған затын алады. Егер бірінші рет қия алмаса, екінші мәрте әрекеттенуге болмайды.
Методикалық нұсқау. Ережені мүлтіксіз орындай үшін балалардың арасынан төрешілер сайлау керек. Жіп пен ойыншының ара қашықтығы 2-3 м –ден аспауы керек.
Ойынның педагогикалық маңызы. Балалар сезімталдық, болжағыштық қасиеттерін дамыту.
Әріп таңдау
Ойын мазмұны. Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріп таңдап алады.
Ойын басқарушы:
-Сен қандай әріп таңдадың?
-А
-Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай тез айту шарт.
-Сенің атың кім?
-Асан
-Қайдан келдің?
-Ақтөбеден
-Қайда барасың?
-Алматыға
-Онда не өседі?
-Алма т.б. осындай әртүрлі сұрақтар қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, өнерін көрсетеді. Ойын келесі ойыншымен жалғаса береді
Ойынның шарты:
А) әріп таңдау
Ә) сұрақтарға мүдірмей тез жауап беру
Достарыңызбен бөлісу: |