Сейтимбетова Айгерим Байдуллаевна Кауымбек Индира Сейтбеккызы Оразбекова Раушан Асансеитовна «Математикалық есептерді шешуге арналған программалық құралдар» пәні бойынша Дәрістер курсы білім беру бағдарламасы



бет10/14
Дата11.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#137437
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тақырып 5. Анимация құру құралдары. Flash– технологиясы. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web- кескіндерді өңдеу

FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы



29


кезде FLASH технологиясы негізінде жасалынған Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.

Графикалық обьектілермен жұмыс. Векторлық графика FLASH бағдарламасымен танысуды әдетте бірнеше кезеңге бөледі және оның алғашқысы графикалық редакциялау және салу модулінің мүмкіндіктерімен танысу болып табылады. FLASH бағдарламасы растрлық емес векторлық кескіндермен іс - әрекет жасайды.


Растрлық кескіндер


Барлық кескіндер компьютерде екі түрлі тәсілдермен ұсыныла


алады. Әрбір нүктенің кескіні үшін дәл түсі көрсетіледі. Бұл жағдайда барлық кескіндер тізім түрінде сақталады. Оның әрбір пункті бұл кескіннің бір нүктесінің түсін анықтайды.


Мұндай тәсіл фотосурет сияқты кескіндерді нақты бейнелеуге мүмкіндік береді, егер кескіндерден тұратын нүктелердің өлшемі біршама кішкентай болса. Мысалы, егер компьютерге сканер арқылы нақты фотосуретті енгізсе, онда алынған кескіннің сапасы сол кескіннің қанша нүктеге бөлінетіндігіне тура байланысты болады. Бұл параметр «шешу» деп аталады және бір дюймге сәйкес келетін нүктелердің санымен өлшенеді. Жоғарыда айтылған кескін растрлық кескін деп аталынады. Оның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Растрлық кескін файлының өлшемі нүктелердегі кескіннің биіктігі мен еніне байланысты. Демек, толық экранды суреттердің файлдарының өлшемдері соншалықты үлкен, оларды Интернеттен жүктеу тіпті қолайсыз. Егер дайын растрлық кескіндер болса, бізде оның өлшемдерін масштабтау жолымен ұлғайтуға мүмкіндігіміз жоқ, себебі әрбір жеке нүктенің ұлғаю эффектісіне байланысты пішіннің көзге көрінетін бұрмалануы пайда болады.


Вектролық кескіндер


Мына және басқада себептерге байланысты кескіндерді


векторлық көрсетуімен пайдаланған жиі орынды болып табылады. Бұл жағдайда әрбір нүктенің түстерін жүйелі атап шығудың



30


орнына, файлда суретте қандай обьектілер орналасқаны туралы ақпарат болады.

Әрине, кескін неғұрлым қарапайым болса, оның векторлық ұсынылуы соғұрлым тұтас бола алады. Аталмыш жағдайда біздің бейнелеуіміз тым тұтас болды. Себебі барлық кескіндер бір графикалық қарапайымдылықта тұрған. Әдетте біз едәуір күрделі кескіндермен де жұмыс жасаймыз. Оларды графикалық қарапайымдылықтар жиынтығы түрінде елестету онша қиын емес. Бұл түзүлер, Безье қисықтары, шеңбер доғалары, әртүрлі фигуралар және тағы басқа болуы мүмкін. Осы аталғандардың


барлығы графикалық қарапайымдылықтардан құралған кескіндердің контурларын жасайды.


Бірақ мұндай контурлар тек қана кескіннің “қаңқасы”. Кескін толық болу үшін векторлық графикада әрбір контурдың ішін бір түспен толтырады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: векторлық формат толық түсті фотографиялықтардан гөрі салынған кескіндердің суретін дәл беру үшін келеді. Бірақ, фотографияларды векторлық форматта көрсетуге болмайды деп айтуға болмайды. Фотографияда түстер көп болса, векторлық көрсетілуі сапалы болса, файлдың өлшемі әрі түсі бояулар және ұсақ контурлардың көптігінен өте үлкен болып кетеді. Сонымен растрлық кескіндерге қарағанда векторлық форматта ұсынылған кескіндердің өз артықшылықтары және кемшіліктері бар. Бірақ, векторлық графиканың редакциялаудың қарапайымдылығы, кескіннің масштабына байланысты емес файлдың үлкен емес өлшемдері және тағы басқа сол сияқты қасиеттері көп жағдайда оны керекті етеді. Интернетте векторлық кескіндердің көпшілік мақұлдаған стандарты әлі жасалған жоқ.


FLASH стандартын де – фактостандарты деп есептеуге болады. Бұған қосымша FLASH бағдарламасы анимациялар және интерактивті композициялармен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.


FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.



31


FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді.


Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.


FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).


FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады.


Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен



32


бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ.

Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.


Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.


FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.


Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.


FLASH бағдарламасының құралдар панелі


FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін, роликпен жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге болады.


Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт бөлімнен тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool) және “лупа” (Zoom tool) арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе кішрейтуге болады (кішрейту үшін жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал роликтің кескінін ғана басқарады, ал оның мазмұнына әсер етпейді. Ары қарайда



33


құралдар панеліне түс таңдайтын Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл арқылы контурдың және бояудың түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options (параметрлер) құрылады.

Қолданылған әдебиеттер:





  1. Бірлесова Қ.Н.Қазіргі заманғы математика сабағы: ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану // Педагог. - 2015. - №5. - С. 11-13 б.




  1. Жубаев К. Геометрия пәнін оқыту әдістемесі - Алматы : Респ.баспа каб., 2007. - 185 б. б.




  1. Гусев, В., Бекбоев И., Қайдасов Ж, Абдиев А. Геометрия : жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. - Алматы : Мектеп , 2010. - 103 б.




  1. Смирнов В. А., Тұяқов Е. А. Геометрия [Электронный ресурс]: жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық / - Электрон. текстовые дан.(12,8Мб). - Алматы : Мектеп, 2017. - 144 б.




  1. Нурмаханов Б.Н., Абилдабекова Д.Д., Карымсаков У.Т.Компьютерлік графика. Алматы, 2011ж.




  1. Шыныбеков Ә. Н. Геометрия: жалпы білім беретін мектеп. 8-сыныбына арн. оқулық. - 3-ші басылым. - Алматы : Атамұра, 2012. - 127 б. ,

  2. «Ақпараттық технологиялар». Изд.:Мұғалім.KZ




  1. АКТ бойынша электрондық лекциялар (мамандықтар бойынша). Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет