Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


ЕКІ ТЫШҚАН (Ғ. Тоқайдан)



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ЕКІ ТЫШҚАН
(Ғ. Тоқайдан)
Далада екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай,
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.
Білдірді бұлар барып маймылға өзін,
Айтысты арадағы жанжал сөзін.
"Қош келдің, таразым бар, өлшейін", -
Жоғалтуға ойлапты майдың көзін.
Өлшепті бір жағына майды салып,
Анжағы көтерілді босқа қалып.
Бос жағы мен май жағын теңгіреуге,
Маймыл тықты аузына майдан алып.
Ақырын жеп бітіріп майлы басын,
Безбеннің тегістепті екі басын.
Безбеннің бірдейлігін көзбен көріп,
Тышқан кетті ағызып көздің жасын.
Сорлының жанжалдасқан майы қайда:
Бермейді ешбір уақыт жанжал пайда.
Өз ара қосылмаса ынтымағың,


Жем болдың көрінгенге əрбір жайда.
Ендігəрі бірліктен айрылмасқа,
Тышқандар ант етіпті бір кең сайда.
1912


КӨК ӨГІЗ
Көк өгіз көзге толық, денесі мол,
Басқадан өзін-өзі көріпті зор.
Табын тастап қосылды жылқыларға,
Сиырмен бірге жүрсем болам деп қор.
Дос болып өгіз, жылқы көп күн өтті,
Бұларға бір ордалы қасқыр кепті.
Жанынан жылқы күдер үзген кезде,
Көк өгіз қасындағы келіп жетті.
Күжілдеп аузын ашып мүйіз шайқап,
Жылқыға жолатпады бəрін жайқап.
Жымып тұрған жылқылар үркіп қашты,
Қасқырмен айналғанын оның байқап.
Жылқы кетті, бəлеге өгіз қалды.
Өкіртіп тамам қасқыр ортаға алды.
Даладан бір топ мөшке даусын естіп,
Дүркіреп олар тағы келіп қалды.
Əрбірі сүзді, қуды қасқырларды,
Əйтеуір, көк өгізді айрып алды.
Əпендім, ой жіберсең бұл бір ақыл,
Бұрынғы кəриелерден қалған нақыл.


Жынысы басқа жылқылар тастап кетіп,
Бəледен өз жынысы құтқарды ақыр.
Көкке жетсе, өз жынысын қорламасқа,
Бек нықтап тəубе қылған өгіз батыр.
1912


АРМАНЫМ
Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені –
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.
Кедей, жалшы, қарттың да
Бірдей болса арасы –
Шын əділет таптың да,
Теңеліп қолдың саласы.
Əлемдегі ғаламат,
Игілікке арналса.
Өнері ортақ азамат,
Еңбекте ғана арланса.
Оқу-білім өркеймек,
Елге егіп пайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын.
Əлемдегі терең сыр,
Ғылыммен ғана ашылмақ,
Асау, тағы, ой мен қыр
Керекке жарап бас ұрмақ.


Сондай елді көре алмай,
Ақын Абай зарыққан.
Соңынан елі ере алмай,
Қайғыда жүдеп қамыққан.
Біз көрерміз, үміт бар,
Тией бер осы халыққа.
Озбырлық күш, ғұрыптар,
Жасай бермес тарихта.
1912


ҰЛТ
"Кəпір" бар, "мұсылман" бар - барлығы адам,
Оларды алалайтын қандай надан?!
Өнер, білім, əділет кім қолдаса,
Қай ұлт болсын - бəрі бір бауыр маған.
1912


АЛҒЫС
Жанымды жарқыратқан, ағаларым!
Көп тиді біз - ініңе паналарың.
Талпынып, таянды ғой төбем көкке,
Жоқ еді қозғаларлық шамаларым.
Бақ пен тақ, жақсылықтан нұр құйылып,
Өмірлі болсын бала-шағаларың!
Жаным, тəнім, тілегім - бəрі сізде,
Онан басқа еш нəрсе жоқ қой бізде.
Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
Жақсылық нұр жауғызсын, жұртым, сізге.
1912




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет