АНАУ-МЫНАУ
Анау қырда татар тұр.
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр.
Ұйқысы көп, ояу аз,
Бұл не деген ғажап тұр?
Бұл ұйқысын ашпаса,
Игілікке баспаса
Надандықтан қашпаса,
Хахолдарға мазақ тұр.
Мынау жерде хадим
9
тұр,
Қарқарада жаны тұр.
Ілініп-салынып əлі тұр.
Бірер күндік халі тұр.
Анау жерде жадиттер
10
,
Одан біздер үміткер,
Олардан тəлім алмасаң,
Көрген күнің болар тар.
Мынау төрде ишандар,
Аузы-басы қисаңдар.
Ат-тоныңмен жұтады,
Аузына егер сыйсаңдар.
Миллет қайда, дін қайда?
Селкілдесең тым пайда
Тоқты-торым жисаңдар.
Орталықта молдалар,
Алдыңа түсіп жорғалар.
Нашарларға жарып сап,
Бай алдында қорғалар.
Анау қырда жастар тұр,
Алға қарай бастап тұр.
Оян-дағы тез жүр деп,
Дамыл таппай қақсап тұр.
Аңдыған оны қастар тұр,
Көңілі соқыр мастар тұр.
Атайын деп толтырған,
Қойындарында тастар тұр.
Мұңайып солып қыздар тұр,
Арқаларында ызғар тұр.
Қызыл көзді қақпас шал,
Үсті-үстіне беріп мал,
Жүзі сары соғылған,
Сорлы қызға ызбар тұр.
Жасты шіріткен шалы тұр,
Бір борандық малы тұр,
Аузын ашып əкел деп,
Болыс, билер тағы тұр.
Тор алдында мырзалар
Кеп мақтаса ырзалар.
Миллет десе түксиіп,
Сайлау десе қызбалар.
Босағада нашарлар
Одан əркім қашарлар.
Көзін сатып телміріп,
Кəсіп қылмай жасарлар.
Бай несие берді деп,
Мені жақсы көрді деп,
Обь пен Нілдей тасарлар.
Бір екі-үш ай өтпестен,
Борыш басын басарлар.
Ая, талип, шəкірттер,
Дəрменсіз дертті кəріптер,
Міне, қалай миллетің,
Тырысып өнер алып қал.
Ұйқысын аш, көңілін аш,
Алға қарай барып қал!
1912
АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН
Ұйықтапты бір арыстан ай далада,
Тыныштық алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып.
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Жалынды сонда тышқан: "Өлтірме! - деп
Ағатай, маған зиян келтірме, - деп.
Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме", — деп.
Арыстан күліп айтты: "Сорлы тышқан!
Не жақсылық қайтады сен байғұстан?
Дүниеде саған қалған күнім құрсын,
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді,
Күлдірдің бол масты айтып мендей ерді.
Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін,
Азат қылдым", - деді де, қоя берді.
Бір күні арыстаным торға түсті,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті.
Оралып шырматылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Күн қайда құтылатын торды бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Даусын танып баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп.
1912
ҚАНДАЙ
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай,
Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай?
Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып,
Білмей жатып таспенен атқан қандай?
Тағы да жүрген қандай, тұрған қандай,
Көңілді заманаға бұрған қандай?
"Сақта" деп қозғалмастан жата беріп,
Шалшықтай күнге қызып құрыған қандай?
Ұмтылып ілгері аяқ басқан қандай,
Пəн оқып, тараққиға
11
асқан қандай?
Басқалар жанын салып ұмтылғанда,
Басымыз шоршып түсіп, қашқан қандай?
Өнерге іші-тысы толған қандай,
Ішінде жаһалаттың**
12
солған қандай?
Жиырма жыл медреседе дауам етіп,
Қапшығы садақаның болған қандай?
Сəлдені оқшырайта киген қандай,
Сүзіліп басты төмен иген қандай?
Алатын тоқты-торым кеми ме деп,
"Батыл"***
13
деп ақиқатқа тиген қандай?
Пітнені үсті-үстіне үйген қандай,
Миллеттен он тиынды сүйген қандай?
Қан қайнап бұл халдердің баршасына,
Дəрменсіз дертті болып күйген қандай?
1912
АРАБШАДАН
Түзелсін көңілі əуліккен адам қайдан:
Əуесі судай толқыр аққан сайдан.
Қадір-құрмет, дəреже оңдылықта,
Ойлайды: "соңғы мен", - деп бір құдайдан.
Нəпсіңді шұғылдандыр, жатпа босқа,
Ашуды қой, серік бол ақыл - досқа.
Егер де бетіменен қоя берсең,
Сенің ол еркіңді алып қылар шошқа.
1912
МАҒЫНАСЫЗ МЕШІТ
Мешіт көзге көркем, өзі биік
Тұрады жұмасына жұрт жиылып.
Ғибраттанып
14
борышымды өтейін деп,
Мен бардым шаттықпенен көңілім сүйіп.
Қасіретті қара толқын қайғы керіп,
Қан қайнап əзер шықтым, ішім күйіп.
Білмеймін ол не нəрсе тұрған зарлап,
Қулардай құрт жинайтын халықты алдап.
Жұрт отыр ұйықтайын деп қалғып-шұлғып,
Түсінбей дауысты естіп айтқан сарнап.
Сарнады, маңырады, даңғырады,
Кейуақыт уата-уата саңғырады.
Анда-санда тартады қатты-қатты,
Көңілім сезбей, бастарым қаңғырады.
Жұрт отыр жуан созған дауысты аңдып,
Бір сөзді де ұға алмай текке қаңғып.
Қарға ма қарқылдаған, яки бұлбұл,
Біле алмай мен отырдым бұған таң ғып.
Айттым деп ол ойлайды құдай сөзін,
Айтты ма, алдады ма жұрттың көзін.
Түсіндірмей, сырнайша құр əндет деп,
Құдай қашан сайлапты оның өзін?
Ішімнен мен ойладым: "Құдай, - дедім,
Міне миллет рухы былай, - дедім.
Сарнауға қанша уақыт ысырап болып.
Өмір бекер, өттің бе жылай", - дедім.
Бұл өмір һəмма ислам жерлерінде.
Бегіректе сахрадағы елдерінде.
Мəденимін деп жаңарған шаһарлардың,
Қалған жоқ асулы жүр белдерінде.
1912
|