Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет16/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

БІР БАЛАНЫҢ ТІЛЕК БАТАСЫ
Оқыт бізді, əкетай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, құдай-ай!
Көңіл менен көзді ашып,
Уанта көр, құдай-ай!
Надандардың пітінесін,
Суалта көр, құдай-ай!
Надандықта қор қылма,
Миллетке бізді сор қылма,
Микробтарды зор қылма,
Рақым ойлап, құдай-ай!
1912


ҚАНДАЙ БАСШЫ?
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мəн бар?
Өзі үшін бір қалаға барып келсе,
Керек-жарақ нəрсесін алып келсе.
Одан артық басшыны қазақ таппас,
Шығынын он есе ғып салып келсе.
Газет-журнал басшыны мадақтаса,
Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,
Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,
Аңшының итіндей боп алақтаса.
1913


КӨҢІЛІМ, НЕГЕ ЖАСИСЫҢ?
Көңілім, неге жасисың?
Миым, неге ашисың?
Ой түбіне жете алмай,
Жүректі тырнап қасисың.
Көзім, неге таласың?
Үмітсіз қарап барасың?
Түтінің жоқ, отың жоқ,
Тұншығып кеудем жанасың.
Иығым неге басыңқы?
Түсім неге қашыңқы?
Өзімнен-өзім салбырап,
Етек-жеңім шашыңқы.
Жау талаған ойыңды,
Көтермейсің бойыңды.
Тұрмыстың ұзын құрығы
Бұрды ма түсіп мойынды.
Бейхабар жатыр ата-анам,
Көре алмай көзім қала ма?
Барғаның сəлем дегейсің,
Қаралы болған анама.


Он тоғызда жасыма,
Қасірет түсті басыма.
Көре алмай қалсаң арманда,
Уайымдап бізді жасыма.
1913


ДОСТЫМА ХАТ
Уай, дүние, қайда біздің өткен күндер,
Қызықты сауық-сайран еткен күндер?
Сарғая сағынып хатың көргеннен соң,
Түсті ғой еске келіп кеткен күндер.
Бірге өстік кішкентайдан асық ойнап,
Жарысып, қозы қуып, салып ойнақ, -
Солардың бəрі көрген түс секілді,
Бажайлап осы күнде тұрсам ойлап.
Ұйықтамай түн бойынша бірге жүріп,
Жан бірге, дүние бөлек дəурен сүріп.
Алдыңғы тіршіліктің қамдары үшін,
Салды енді заман шіркін бізге бүлік.
Бірге оқып ең əуелі "əліп-биді",
Қосылып əнге салып "жұм" мен "сиды",
Керсек те ащы-тұщы, жаман-жақсы,
Сол кезде екеумізге бірдей тиді.
Ойға кіріп шықты ма зиян-пайда
Дариға, сол күндегі көңіл қайда?
Жауыз дүние тұрмысы түрткеннен соң,
Ал енді, айрылмасқа бар ма айла?


Досыңды осы күнде қапа бұған,
Бұл қапа ащы маған ішкен удан.
Көз жайнап, ішім қайнап, дəрменім жоқ,
Ол мұнша сорлы болып неге туған?
Надан бол: жаным тыныш болсын десең.
Доңыздай етім семіз толсын десең.
Болмаса талаптанып, оқу оқы!
Қайғыда ақыл ойым солсын десең.
Бөлініп ақылым алты, ойым онға,
Қол сермеп, құп жүгіріп əрбір жолға.
Надандықта қалсын деп жаным тыныш,
Редакция қызметін алдым қолға.
Жан достым, қатты сағынам анда-санда:
Жүзіңді көргендеймін бармасам да.
Елегізіп, өз-өзімнен қобалжимын,
Егерде хат кешігіп, салмасаң да.
Жан достым, хат жазып тұр ауық-ауық,
Менде жоқ рақат қызық, ойын сауық.
Бұл өзі қандай рақат, қандай қайғы:
Шешуін ал да түсін өзің тауып.
1913




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет