Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет21/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ИТАРШЫҒА
Көрсетсін қара шекпен еккен ісін,
Қиналып жан аямай жеккен күшін.
Шекпенге жұрт айтқаны қандай алғыс,
Көрсетіп көз алдыма ашсын түсін.
Сонан соң маймыл тұрсын кім десе де,
Ықтияр, итаршының өзі білсін.
1913


БІР БАЛУАНҒА ҚАРАП
Жықсаң, бəйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық шаппай бəйге бер деп сұрау,
Озсаң, бəйге кім бермес жарысқанда.
Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,
Тəуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығыңды кім біледі,
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен!
Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бəйге ал деп айтар?
Жықпасаң да, күресіп талаптансаң,
"Еті тірі, жаужүрек жан" деп айтар.
Жүрген көп "жығылам" деп үйде бұғып,
Жел болмай, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, оңдырмаған жасқаншақтық, -
Жасқанба, қылыш шапса, найза сұғып!
1913


МІНЕ, АЛАҚАЙ!
Қараңғы тұман түнде еді,
Қара қазақ баласы.
Ай мен күн һəм жұлдыз жоқ,
Жым-жырт сахара даласы.
Дау мен жанжал, партия,
Болған еді арасы.
Жасытып еді бұларды
Қараңғы түннің қарасы.
Жиырманшы ғасыр басында,
Міне Алланың панасы:
Бір жағынан ай туып,
Бір жағынан күн туып,
Жарық көрді алашы!
Шолпаннан үміт тағы да:
Біріксе елдің данасы;
Бұл үшеуі тізілсе,
Бейне қолдың саласы.
Көңіл менен көзді ашып,
Алға сүйреп барасы;
Бұл жарықтар барында,


Кім адасып қаласы?
1913


ЕНДІГІ БЕТАЛЫС
Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы,
Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры:
"Адам - құл өзін жеңіп ұстамаған"
Деген бір Сократтың бар нақылы.
Тұрмысты үмітім көп жеңем деген,
Жігермен жеңуіме сенем деген.
Ырқыма менің жүрер қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем?
Əрине, шыдар-ақпын өлуге мен,
Баспасын жаман жолға көнуге мен.
Ақтармын оқып-жетіп адам атын,
Басқаға жоқ ықылас бөлуге мен.
Менде жоқ қашу деген, aшy деген,
Тарығып болымсызға жасу деген.
Ісіне құрт-құмырсқа ілтипатсыз,
Ойымда тек сол белден асу деген.
Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ, бір табармын деп, көңілім сонда.


1914




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет