Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


КЕШЕГІ КҮНДЕЙ ТҮСТІ БҰЛТ БАСҚАН



Pdf көрінісі
бет23/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

КЕШЕГІ КҮНДЕЙ ТҮСТІ БҰЛТ БАСҚАН
Кешегі күндей түсті бұлт басқан
Еңсесі төмен түсіп əлі қашқан.
Булығып тамағына ызалы ойлар,
Көздері көрінбейді толған жастан.
Не ғажап: кеше толған, бүгін солған,
Басына ауыр дəулет қайғы қонған.
Тұрған жас көзде толып, саулап кетті,
"Ал, қош!" деп айырғанда қолды қолдан.
Елжіреп, еріп, жанып жүрек, өкпе,
Ауыздан бұрқыратар түтін көкке.
Ол жердің қылмыстарын, тұрмыстарын,
Мың жылда келтіре алман сөйлеп епке.
Мен сонда жүріп кеттім аяқ санап,
Артымнан ол мұңайып қалды қарап.
Ілгері басқан аяқ кейін тартып,
Бұ күнде менің көңлім əлеп-жалап.
1914


КӨШУ
Елжіреп қардың көңілі өкпек желге,
Жер жібіп жəне тойып аққан селге.
Күн сайын күн күркіреп, көк дүркіреп,
"Көш" дейді қыстай сасып жатқан елге.
Ел сонда жемек болды көштің қамын,
Керек деп келесі жыл жəне шабын;
Дөңгелекті ескі арыспен қора бөлген,
Қима быт-быт қарасам арба жағын.
Нашарлар көлік үшін жүріп қойған,
Кемітіп ақысына бір-бір қойдан.
Қазірде жұрттың бəрі аласапыран.
Шықса да ұлан қыстай көшу ойдан.
Қоймасын тастай салды көңмен жауып,
Жүк жеңіл болуының ебін тауып.
Бел жіп, үзік, ашамай салқам-салқам,
Су құяр арбасына ауық-ауық.
Қыстайғы малдың боғы қора сасық,
Қалпында тазартылмай қалды сасып.
Ілдебаймен "көш жүре түзелер", - деп,
Қорадан көшті қазақ жабырласып.


Күн ыстық, барлық сиыр арба салған,
Адасып бұзаулары кейін қалған.
Арбаның біріменен бірін соғып,
Сиырдың сəйгел екен алдын алғын.
Сиыр қайтіп соқпасын: сəйгел күшті,
Қисайған қыңыр қима аспанға ұшты.
.........................................................
..........................................................
Жас төлдер енесінің соңына ерген,
Түбінде тобылғының қала берген.
Кейбірін көш жөнекей байы сабап,
Шаңқылдап қатындар да əрбір жерден.
Ат, түйе кетті жылжып жайыменен,
Жүгіртіп балалар жүр тайыменен.
Үстінде арбалы аттың кейбір жаяу,
Жалғасқан кедейлер жүр байыменен.
Болғанда түйдек-түйдек жолдың шаңы,
Сарсытар құлағыңды арба маңы.
Ит ұлып, сиыр мөңіреп, бота боздап,
Қонғанда арба шиқ-шиқ айқай даңы.
1914




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет