Семей 2018 жыл Жоспар: Кіріспе Сөз мағынасы



бет7/10
Дата30.01.2023
өлшемі42,27 Kb.
#63836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Терминдік мағына - ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласындағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады. Мысалы: күмбез (терминдік мағына) – «биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы». Ал лексикалық мағынасы «үлкен құрылыстың әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі, мұнара» Екі мағынаның арасындағы семалық белгілердің ұқсастықтары (сыртқы форма ұқсастығы) негізінде бір лексема екі түрлі ұғымды иемденіп тұр.
Сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағыналарына көркем әдебиеттегі поэтикалық мағына ұштасып жатады. Халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану көркем әдебиетте жиі кездеседі. Содан барып поэтикалық мағына қалыптасады. Поэтикалық мағына – троп, фигуралардың түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрықша көтеріңкі айтылуынан туатын мағынасы: ине шаншар жер болмау, аспанды алақандай, жерді тебіңгідей ету, қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып т.б.
Лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектері. Сөз мағынасының ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші бөлігін сема деп атаймыз. Егер бір сөзде бірнеше мағына болса, оның өзі бірнеше семалық бөлшектерден тұрады. Мысалы, таңқурай және құлпынай сөздерін алайық. Таңқурай - «Раушан гүлділер тұқымдасына жататын, жеуге жарамды жидегі бар, көп жылдық жартылай бұта (өсімдік). Бұл сөздің мағынасы мынадай семалық белгілерден құралғандығы көрінеді: 1) раушан гүлділер тұқымдасына жататындығы; 2) жеуге жарамды жидегінің болатындығы; 3) көп жылдық өсімдік; 4) жартылай бұталы өсімдік. Бұған қоса қосымша семалық белгілері ретінде қызыл немесе қызыл күрең түсті, тәтті жидекті қосуға болады.
Құлпынай – жұпар иісті, қызыл түсті тәтті жемісі бар көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл сөзде де 4-5 сема бар: 1) жұпар иісті; 2) қызыл түсті жеміс; 3) тәтті жеміс; 4) көп жылдық өсімдік; 5) шөптесін өсімдік. Бұдан шығатын қорытынды, сөз мағынасы бірнеше семадан тұрады. Сөз мағыналарының семалары әр түрлі болып келеді де, олар ірілі-уақтылы топтарға топтарға жіктелінеді. Жоғарыда әр сөздің бес семасы көрсетілген. Олардағы жалпылаушы семалар - жидек, қызыл түсті және көп жылдық өсімдік болса, қалған семалары даралаушы семалар болып табылады. Сөздерді өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексика-семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын семаны жалпылаушы сема, кейде архисема деп те атай береді. Ал бір сөзді екінші бір сөзден ажыратып тұратын семаны айырушы (дифференциалды) сема деп атайды. Сөздің лексикалық мағынасында негізі семалармен қатар қосалқы семалар да болады. Оларды жеке сөздердің бойында ұшырасуына орай потенциалды (ықтималды, салыстырмалы), тіркескен жағдайда пайда болуына қарап коннотатты семалар деп атайды. Мәселен, эмоционалды-экспрессивті сөздерде «баға», «эмоция», «экспрессия» коннотатты семалары кездеседі. Қай сөздің мағынасында семалардың саны көбірек болса, сол сөздің семантикасы жайылыңқы, абстарктілі, бірнеше мағыналы болады. Бұл сипат, әсіресе, етістіктерге тән. Мысалы, сөйлеу етістіктерінің басын құрайтын архисема – белгілі бір хабарды екінші біреулерге жеткізу. Бұл етістіктер әрі қарай жіктеліп, кіші семантикалық топтар жасайды. Олар: 1) хабарлау етістіктері (айт, жеткіз, дерек бер); 2) сөйлеу етістіктері (сөйлесу, әңгімелесу, әзілдесу, айтысу); 3) сұрақ-жауап етістіктері (сұра, жауап бер, жауап қайтар); 4) эмоциялы сөйлеу етістіктері (мыңқылда, көкі, отта, мылжыңда, танты). Кел, кет, алыста, айнал, өт етістіктерінің барлығына ортақ архисема – қозғалған заттың бір орнынан екінші бір орынға өтуі, орын ауыстыруы. Кіші семантикалық топтарға енген әрбір етістік сөздердің өздеріне тән дифференциалды семасы бар екені анық.
Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды. Бұл процесс өз кезегінде сөз мағынасының дамуына әсер етеді. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарылып отырады. Мағынаның нақтылықтан дерексіздікке, жалқылықтан жалпылыққа ауысуы сөз мағынасының кеңеюі деп аталады Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Сыртқы себептерге қоғамның, өндірістің, мәдениеттің дамуына, өзгеруіне байланысты пайда болатын өзгерістерді айтамыз. Осындай өзгерістер тілімізге соны тіркестер, жаңа сөздер қосып отырады. Мәселен, бай деген сөз Кеңес үкіметіне дейін «ірі жер мен мал иесі» деген, ал кедей сөзі «қара күшін сатып, күнін көретін жұмысшы» мағынасында түсініліп келді де, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бай – «халықтың еңбегін пайдалану арқылы байыған үстем тап өкілі, қанаушы» деген, кедей «үстем тапқа қарсы тұрып, оларға төңкеріс жасаушы, халықты социализмге жеткізуші негізгі күш» деген ұғымдарда қалыптасты (2, 66). Ал ішкі себептерге тіліміздің ішкі заңдылықтары негізінде, яғни сөздердің тіркесу қабілеті мен қолданылу қызметіне сай тұлғалық, мағыналық өзгерістерді жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет