Семинар -коучинг Дарынды балалармен жұмыс мақсаты



бет6/11
Дата25.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#62848
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
коучинг

II тур: Топпен ақылдасу, талқылау, белсенді әдіс-тәсілдер арқылы қорғау
Музыкалық үзіліс.


«Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді»
Пабло Пикассо


Салған суретіңіз сіз туралы көп нәрсе «айтып» бере алады!
Көбіне қандай суретті жиі саласыз? Психологтардың айтуынша, бұл сурет қандай адам екеніңізді дөп басып, ішкі сырыңыз бен көңіл күйіңізді дәл айтып бере алады екен.
 Телефондағы ұзақ әңгіме кезінде, ұзақ-сонар жиналыстарға қатысқанда, қызықсыз лекцияда ойға шомып отырып алдыңыздағы қағазды шимайлап суретке, түрлі сызбаға толтырып тастайтын әдетіңіз бар ма?
 
 Психолог мамандарының айтуынша, бұл барлық адамға тән және еріксіз жүзеге асады. Мысалы, АҚШ президенті болған Джон Кеннеди әлдебіреумен сөйлесіп отырғанда қойын дәптеріне желкенді қайықты салғанды ұнатқан екен. Ал, А.С.Пушкин мұндай сәтте адамдардың суретін, Борис Ельцин қол астындағылармен жиын барысында тік сызықтарды сызған. 
Сіз ше? Парақ бетін немен толтырып тастайсыз?
Психологтар еріксіз салынған бұндай сурет пен сызбалар адамның мінезінен, сол сәттегі көңіл күйінен, өмірге деген көзқарасынан ақпарат береді дейді.
Үй, үй жиһаздары: Отбасы, сүйіспеншілік, тыныштық белгісі. Егер бұндай суреттерді бойдақ адам салса, жалғыздықтан жабырқаулы, бас құрауды армандап жүр. Ал, отбасылы адам салса, онда оның шаңырағында жылулық, махаббат, мейірімділік, жан тыныштығы жеткіліксіз. 
Адам, бет-әлпет: Көңіл күй белгісі. Жалпы, салынған адам суретіне қарап, оның авторының көңіл күйін білуге болады. Жасқаншақ, ынжық адам бет-әлпетке кекіл салуға құмар келеді. Сүйкімді адамның түрі айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынасты, ал қорқынышты адам бейнесі – әлдебіреуге деген реніштің, өкпе-наздың бар екенінен хабар береді. Жұрттың сөзін елемейтін, «айта берсін» деп өз дегенімен жүретіндер адамды құлақсыз салады. 
Көз: Қырағылық, байқампаздық, назар аудару белгісі. Айналасындағылардың өмірінде орын алып жатқан жайттарды, жаңалықтарды білуге құмар, ешнәрсені назардан тыс қалдырмайтын адамдар көздің суретін көп салады. Жұмулы немесе төмен қарап тұрған көз – біреуді, не әлдеңені көргісі келмеген кезде ғана емес, өзінің ішкі әлеміне, өз мәселелеріне үңілуді қаламағанда да салынады. Кірпіктері ұзын көз – жұрттың назарын өзіне аударғысы келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет