Семинар -коучинг Дарынды балалармен жұмыс мақсаты



бет11/11
Дата25.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#62848
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
коучинг

IV тур: Қорытынды.
 Топтар «4 сөйлем» тәсілі арқылы қорытынды жасайды.

  1. 1 пікір 1 сөйлемнен тұрады

  2. 2 дәлел. Пікірді сөйлеммен дәлелдеу. Көзқарасын логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу

  3. 3 мысал. Өмірден алыну керек.Информация көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасау.

  4. Қорытынды.Өзіндік пікірді тағы да бір пысықтап, қорытынды шешімді 1 сөзбен келтіру

Пікір, дәлел, мысал, шешім


Қорытынды
«Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылыстарына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырады»
Плутарх 
Міне, осындай келеңсіздікке жол бермеу керек. ҚР « Білім туралы заңында» мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер еңгізіліп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.


Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан, Ыбырай, Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің, жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруда дарынды балалардың атқарары мол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет