Семинар -коучинг Дарынды балалармен жұмыс мақсаты



бет7/11
Дата25.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#62848
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ағаш, тал, орман: Сенімділік, күш-қуат белгісі. Жапырағы жоқ ағашты өзіне сенімсіз, маңызды шешім қабылдауда өзгенің пікірін, жақын адамдарының қолдауын қажет ететін адам, ал жапырақты ағашты өз-өзіне сенімді адам салады. Ағаш діңінің жуандығы – мол қуатты білдіреді. Егер салған суретте ағаштың тамыры жоқ болса, онда қорғаныңыздың, қалқан болар сенімді адамыңыздың жоқ болғаны. 
Күн: Жақын адамдардың мейірім, ықылас, жылылығының жеткіліксіздігінің белгісі. 
Бұлт, ай: Асқақ арман, бай қиял, көңіл тазалығы, мінез жұмсақтығы. 
Тау: Қарапайымдылық, биіктік, парасат, ақылдылық, білімділік, рухани байлық белгісі.
Гүл, өсімдік: Өсу, көбею, ұрпақ өрбіту және нәзіктік белгісі.
 Өзен: егер ол солдан оңға қарай ағып жатса, келешекке ұмтылыс, ал оңнан солға қарай ағып жатса, аяқталмай қалған көп іс. Өзен арнасы түзу болса, мақсаттың нақтылығы, оған жете алуда сенімділік. Ал, иректеліп ағып жатса, шешім қабылдауда қиналыс, мәселені анық көре алмау.
Жүрек, қос жүрек: Ғашықтық, құлай сүйе білу, сүйікті болғысы келу. Жүрек іші боялса, онда сүйіктіңізге сенімсіздік белгісі. 
Автомобиль, самолет, кеме: саяхат 
Қолтаңба, өз есімі: Өзінің ішкі «мен»-імен арпалыс. Сондай-ақ, көпшіліктің назарында болуды қалау.
Жұлдыз, бесбұрыш: Оптимизмнің белгісі. Нендей жағдай туса да еңсесін жылдам тіктеп алатын адам. 
Әріптер мен сөздер: Армандау, аңсау, көксеу. Белгілі бір сөзді қоршап қойса, ол өзінің пікіріне сенімді, оны бәріне дәлелдегісі келеді. Сөздің астын бір немесе екі тік сызықпен сызса, ол бір істі бастауға бел буып отыр. Сөз асты ирек сызықпен сызылса, шешім қабылдай алмай қиналыста. 
Аң-құс, үй жануарлары: Қай жануардың суретін жиі саласыз? Бұл сіздің сол сәттегі мінезіңізді көрсетеді. Мысалы, қоян мен тиін – бұл мәселеде шешім қабылдауда қорқақтық, қасқыр мен жолбарыс – агрессия. Әлдебір қулықты ойлап отырған адам түлкіні бейнелейді. Жылқы – қызық думанды жақсы көреді, достары ол үшін бірінші орында. Жылан – томаға-тұйықтық және даналық белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет