Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет9/15
Дата06.10.2023
өлшемі58,37 Kb.
#113147
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Қ тарих универ

Семинар №9.
Тақырыбы: Қазақстанда кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің іске асырылуы (1925-1945 жж.)
1. Ф.И. Голощекиннің Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясы, социалистік индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы туралы білім қалыптастыру;
2. Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары туралы түсінік қалыптастыру;
3. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы мен ауыр зардаптарын қарастырып, тағылым алу;
4. ХХ ғ. 20-30 жж. білім, ғылым және мәдениет саласындағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтарын, қазақ халқының ұлттық және рухани қайнарларының бұзылуын талдау;
5. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанды, қазақ жеріне халықтарды күштеп қоныс аударылуын бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Ф.И. Голощекиннің Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы. Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі күші мен ықпалының күшеюі. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
2. Жаппай ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары. Жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. Қазақтардың шетелге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры. Сталиндік және Голощекиндік геноцид. Қазақтардың аштықтан қырылуы. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты – ащы шындықтың ақиқаты. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
3. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы мен ауыр зардаптары. Сталиндік жаппай саяси қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. ГУЛАГ жүйесі. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау. Олардың қасіретті тағдыры – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
4. ХХ ғ. 20-30 жж. білім, ғылым және мәдениет саласындағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары. Қазақ халқының ұлттық және рухани қайнарларының бұзылуы. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының құрылуы.
Қазақстанның мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы, сонымен қатар, ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принциптердің ұлыдержавалық негіздері мен салдары – Қазақ халқын мәңгүрттендірудың қам қарекеті. Бұл үдеріске қарсы әрекет. Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың құрылуы, қалыптасуы және даму тарихы. ҚазТМИ-дің құрылуы және қалыптасуы. ҚазТМИ ғалымдары мен ұстаздарының Қазақ КСР-інің халық шаруашылығын құру мен нығайтудағы қосқан үлесі. Қ.И.Сәтбаевтың ҚазТМИ-ге көрсеткен қамқорлығы.
Инженер техникалық мамандарды даярлаудағы ҚазПТИ-дің рөлі. ҚазҰТУ – Қазақстан Республикасындағы техникалық білім берудің көшбасшысы. ҚазҰТУ-ға Қ.И.Сәтбаев есімінің берілуі. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың халықаралық аренаға шығуы. Болон конвенциясына қосылуы. ҚазҰТУ-дың ҚазҰТЗУ-ға айналуы. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың қабырғасында мамандарды үш деңгейлі дайындау.
5. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. Қазақ жеріне халықтарды күштеп қоныс аудару. Екінші Дүниежүзілік соғыстың себептері мен сипаты. Қарама-қайшылықтың түп-тамыры – Версаль-Вашингтон жүйесі. Англо-американдық империализмның фашистік әскери машинаны өсіруі. Мюнхень келісімі және «Рибентроп-Молотов» пактісі. Гитлерлік коалицияның елдері. Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және фашизмнің бүкіл Еуропаны жаулап алуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың екінші кезеңі – фашистік Германияның саттелит елдердің қолдауымен КСРО-ға шабуыл жасауы. «Барбаросса», «Гросс Түркістан» жоспарлары. Екінші майданның ашылуы. Империалистік Жапониямен соғыс және Қиыр Шығыстағы арандатушылықтар.
Қатысушы елдердің саны. Гитлерлік және антигитлерлік коалиция елдерінің саны. Майдандағы құрбандар саны және бейбіт тұрғындардың шығыны. Нюрнберг процесі.
Ұлы Отан соғысының басталуы және негізгі кезеңдері. Фашистік «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Соғыстың бірінші күнінен бастап Кеңес солдаттарының батырлығы мен ерлігі.
Қазақстанға майдан шебіне жақын аудандардан халықты, кәсіпорындар мен мәдениет нысандарын көшіру. Қазақстанға көшірілген халықтың саны және көшірілген өнеркәсіп орындарының (соның ішінде ірілерінің) саны. Жаудың бетін қайтарудағы партия, комсомол және кәсіподақ ұйымдарының рөлі. Ғылым мен өнер майданға.
Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. Қазақстандықтардың Мәскеуді, Ленинградты, Сталинградты қорғау, Курс иініндегі, Еуропаны азат ету, Берлин үшін, Рейхстагты алу шайқастарына қатысуы. Майданға аттанған және оралған қазақстандықтардың саны. Кеңес Одағының Батыры және 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар. Қазақстандықтардың алыс шетелдерде, Украинада, Белоруссияда, РКФСР-де партизандық қозғалыстарға қатысуы.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерен ерлігі. Ауыл шаруашылығындағы, кәсіпорындардағы көлік және құрылыстағы үздіктердің жаппай қозғалысы. КСРО Ғылым Академиясы мен оның Қазақстандағы филиалының қызметі. Ғалымдардың жеңісті жақындатқан ғылыми жаңалықтары. «Қазақстан комсомолы» танк колоннасының, әуе эскадрильясының және т.с.с құрылысына қаржы жинақтау, майдангерлерге сыйлықтар жіберу.
Қираған аудандарды қалпына келтіруге қазақстандықтардың берген көмегі. Ленинградты, Курскні, Брянскіні және т.б қамқорлыққа алу. Еңбек армиясының қалыптасуы мен қызметі. Елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы лагерьлік экономиканың рөлі.
Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры – қазақстандықтардың қасіреті. Тұтқындағы адам шығыны. Тұтқыннан оралғандарға елдегі қарым-қатынас. «Түркістан легионы» жоспары мен мақсатының күйреуі.
Ерлігі еленбеген қазақстандықтар (Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов, Тілеуғали Әбдібеков, Хиуаз Доспанова және т.б.) – Кеңестік билік әділетсіздігінің айқын көрінісі.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқытушылар, студенттер, түлектер: майдан мен тылдағы ерліктері. Политехшілер – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері. Ш.Есенов, О.Байқоңыров, Ә.Бүркітбаев және т.б. Республиканың өндірістік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет