Семинар №13 Тақырыбы: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері



бет2/3
Дата10.12.2022
өлшемі31,13 Kb.
#56258
түріСеминар
1   2   3
Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен
айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана
айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді.Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əдебиетте ондай сөйлемдиологта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райарқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу əуені оларды қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек магыналарында жұмсалса, олар бəсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады.Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз болады да, оның орнына қаратпа сөқолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді. Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен тақ –тақ айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай жəне сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың мазмұны əр түрлі болады. Баяндауыштары еиістіктің бұйрық райының екінші жағында айтылған сөйлемдерді көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мəнді болады: Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көріңбей! –деп Ысқақ кимелеп кетті. Баяндауыштары бұйрық райының үшінші жағында айтылған сөйлемдер көбінесе талап, тілек мəнді болады: Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған –шы-ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады. Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауыл шаруашылық, мамандары!

Әдебиеттер:





  • Майлин Б. Шығармалар жинағы. – М., 1938. – 175 б.

  • Сейфуллин С. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2004. – 155 б.

  • Әуезов М. Қараш-Қараш повесті. – Алматы, 1960. – 143 б.

  • Әбдіков Т. Оң қол жинағы. – Алматы, 1964. – 130 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет