Семинар Cеминар сабағының тақырыбы: Қабылдау жөніндегі психологиялық зерттеулер Сабақтың жоспары: Қабылдау жөнінде жалпы ұғым Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері Қабылдау иллюзиялары



бет2/5
Дата18.10.2022
өлшемі68 Kb.
#43964
түріСеминар
1   2   3   4   5
Еріксіз қабылдауалдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады. Өзінің айқындығымен, әсемдігімен, әуенімен, қозғалғыштығымен, контрастылығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар еріксіз қабылданады.
Ерікті қабылдау –алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады.
Мәселен, біз көркем картинаны көреміз, баяндама көреміз, дәптерді тексере отырып, оның қатесін белгілейміз, операны тыңдай отырып, арияларды орындауды қабылдаймыз, көшедегі көп адамдардың ішінен өзімізге қажет адамды аламыз.
Белгілі бір саладағы заттарды жүйелі және ұзақ ерікті қабылдауды бақылау деп атайды. Мысылы, бізге біраз уақыттың ішінде алма ағаштарының гүлдеуі қалай іске асатындығын бақылайтын болсақ, баланың тілінің дамуын бірнеше жыл бойы бақылауға болады.
Адамның бір жүйелі, ұзақ жоспарлы қабылдауларға қабілеттілігін бақылағыштық деп атайды. Бақылағыштық жеке тұлғаның негізгі құнды сапаларының бірі болып табылады. Белгілі орыс физиологы И.П. Павлов өзінің зертханасының маңдайшасына Бақылағыштық, бақылағыштық және бақылағыштық, -деп жазып қойыпты.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
- Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарды анализдеу.
-Тақырыптың теориялық негізін практика жүзінде дәлелдеу.
1-тапсырма: Н. В. Гогольдің "Өлі жандар" романында қалаға жаңадан келген Чичиков туралы жұрт әр саққа жүгіртіп, түрліше пікір айтқан. Мәселен, өз шаруашылығындағы құстың мамығын, еті мен майын өткізуді ылғи да ойлап жүретін Коробочка Чичиковты нәрселерді сатып алуға келген саудагер деп жорыса, дәрігерлік басқарманың инспекторы өлген адамдарды тексере келген тергеуші шығар деп ойлайды. Ұсақ-түйек бос әңгімеге үйір адамдар оны губернатордың қызына үйленуге келген адам десе, енді біреулер, бұл Чичиков емес, киімін өзгертіп киіп, жасырынып жүрген Наполеон болар дейді. Осы үзінді қабылдаудың қандай заңдылығына жақсы мысал бола алатындарын дәлелді етіп, түсіндіріп беріңдер.
- Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;
-«Қабылдау» тақырыбына кроссворд шешу;
-« Қабылдауды тәрбиелеудің қандай негізгі әдістері бар?» тақырыпта реферат қорғау;
-Қорытынды жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет