Семинар Экономикалық өсу: мақсаттары, түрлері, факторлары мен қарқыны. Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу



бет12/23
Дата31.12.2021
өлшемі118,18 Kb.
#21174
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
1. Ұсыныс факторлары - адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі.

2.Сұраныс факторлары - бағалар деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі.

3.Бөлу факторлары - экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың тиімділігі, ресурстардың өндіріс үрдісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуы.

Дегенмен, экономикалық өсуде маңызды рөлді ұсыныс факторлары ойнайды. Осының ішінде, еңбек және еңбек өнімділігін ерекше атап өтуге болады, яғни еңбек экономикалық өсудің факторы ретінде еңбек өнімділігі көрсеткішімен анықталады.Еңбек өнімділігі - бұл бір жұмысшыға келетін өндірістің жалпы көлемі және ол мына қатынаспен анықталады: Ү/L, мұнда Ү - шығарылым көлемі, L - экономикадағы жүмыспен қамтылғандар саны немесе еңбектің істелген адам-сағат саны. Әртүрлі елдердің келтірген есептеулерінде еңбек өнімділігінің деңгейі неғүрлым жоғары болса, жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі де соғұрлым жоғары болады деп саналады.

Жоғарыда аталып өткендей, экстенсивті экономикалық өсу кезінде белгілі бір уақытта, еңбек өнімділігінің шамасы өзгермейді, яғни, Ү/Lшамасы тұрақты болып қалады. Ал интенсивті экономикалық өсу кезінде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жұмыспен қамтылғандар санының өсу қарқынына қарағанда тезірек болады, яғни еңбек өнімділігі артады.

Еңбек өнімділігінің артуына технологиялық прогресе факторы аса маңызды түрде әсер етеді. Технологиялық прогресс -бұл өндірістік үрдісті ұйымдастырудың және басқарудың жаңа әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар, өндірістік үрдісте қолданылатын ғылымның әртүрлі салаларындағы ашылымдармен жаңалықтар және басқа да заманауи жетістіктер. Сонымен қатар, білім және адам капиталы сияқты ерекше факторға және оның экономикалық өсуге қосатын үлесіне де маңызды түрде көңіл бөлген жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет