i=sf (k)
Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестікпен I=S байланыстырылады, яғни ұлттық экономика шеңберіндегі инвестициялар жинақтауға тең. Үлгідегі S әрпі нақты іске асырылған инвестициялар немесе жинақтар деп түсіндіріледі. Жинақ қисығының кемімелі көлбеулі болуы және оның өндіріс көлемі у қисығынан төмен орналасуы жинақтау көлемінің ұлттық табыстың тек бір бөлігі ғана екендігімен сипатталады.
Бұдан кейін үлгіге сырттан үш фактор енгізіледі:
1) халық санының өсуі (п),
2) капиталдың тозуы немесе істен шыгуы (δ),
3) технологиялық прогресс (g).
Айталық, халық саны n қарқынмен өседі. Онда бір жұмысшыға келетін инвестиция шамасы nk-ны құрайды. k шамасы тұрақты болып қалу үшін халық санының өсуіне капитал шамасының өсу қарқыны сәйкес келуі тиіс. Алайда, біз екінші фактор капиталдың тозуын S-ны естен шығармауымыз керек. Егер құрал-жабдық түріндегі капитал 25 жыл қызмет етсе, онда оның жыл сайынғы тозуы 1/25-тең яғни капитал құнының 0,04 бөлігі немесе 4%. Олай болса, осы 0,04 саны δ шамасына тең. Енді халық санының өсуі мен капиталдың тозуын есепке алатын, бір жұмысшыға шаққандағы инвестиция мөлшері былай жазылады:
Достарыңызбен бөлісу: |