Евсей Домардың экономикалық өсу үлгісі - уақыт талабына сай жиынтық сұраныстың ұлғаюындағы және жиынтық ұсыныстың өндірістік қуатын арттырудағы инвестицияның екі-жақты рөлін зерттейтін және ұзақ мерзімде толық жұмысбастылыққа жетуді қарастыратын қарапайым неокейнстік үлгі.
Харрод үлгісі экономикадағы функционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерден құралады және кәсіпкерлердің психологиялық мінез-құлықтарын талдауға негізделеді. Мұнда акселератор ұстанымы ескеріледі. Бұл модель 1939 жылы жасалып, экономикалық өсудің жалпы теориялық негіздерін қалыптастыруға негіделген.
Үлгіде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады және ол мынадай алғышарттарға негізделеді:
- модельде инвестиция эндогендік функция ретінде қарастырылады;
- капитал сиымдылығы шамасы (К/Ү) тұрақты;
- кәсіпкерлердің мінез-құлқы тауарлар мен қызметтерге деген сұранысқа байланысты күтімдеріне негізделеді.Инвестицияға сұраныс көлемі акселератор принципі арқылы анықталады:
Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс инвестициялық сұраныс негізінде және мультипликатор әсерімен анықталады:
=
Егер статикалық тепе-теңдікке қол жеткізілсе:
,
онда кәсіпкерлер болашақта да осы тепе-теңдік қарқынын ұстап түрады деген болжам айтылады.
Харрод «кепілдендірілген» экономикалық өсу түсінігін енгізді. Яғни, үлгідегі «кепілдендірілген» өсу қарқыны мына фор-муламен анықталады:
∆Y/ =/a-
Достарыңызбен бөлісу: |